1. Мүліиті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, орналасқан жері ту-ралы мәліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігі-не беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік және (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де құжаттарды жа-сыру, жою, бұрмалау, егер Бұл әрекеттерді қурылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, заңды тулганың органдары, дара кәсіпкер, сол сияқты борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адаи оңалту немесе банкроттық кезінде немесе банкроттықты күнілгері біле отырып, жасаса және олар ірі залал келтірсе -
2. Өзінің шынмәнінде дәрменсіздігін (банкроттығын) білетін қүрылтайшы (ңатысушы), лауазымды адам, заңды тулганың органдары, дара кәсіпкер, сол сияқты дәрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам банкроттық рәсімі немесе оңалту рәсімі кезінде басқа кредиторларга көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын қуқыққа сыйымсыз ңанагаттандыруы, егер бұл іс-әрекет ірі залал келтірсе -
Кэсіпкерлік немесе басқа да экономикалық қызмет кэсіпкердің өзіне немесе несие берушілерге залал келтіру тэуекелімен тікелей байланысты өзі кэсіпкерлік қызмеггі жүзеге асыруға байланысты несие берушілердің талаптарын қанағаттандыра алмайтын жеке кәсіпкер сот шешімі бойынша банкрот деп танылуы мүмкін (ҚР АК-нің 27-бабы). Заңды ұйымдарда осындай негіздермен банкрот деп танылады (ҚР АК-нің 52-57-бапта-ры). Қазақстан Республикасының 1997 жылы қаңтардың 21-індегі «Банкроттық туралы» Заңы.
Жеке кэсіпкердің немесе занды түлғалардың соттың банкрот деп тануының негізі жэне тэртібі немесе олардың өзін ерікті түрде банкрот деп жария етуі, сондай-ақ банкрот болған заңды түлғалардың қызметін тоқтату мэселелері Қазақстан Республикасының «Банкроттық туралы» арнаулы Заңы арқылы реттеледі.
Жеке кэсіпкерді немесе занды үйымды сот шешімімен банкрот деп жариялау жэне оларды жабу, тарату процесінде кейбір адамдар эр түрлі қиянаттар мен заңсыз іс-эрекеттер жасап, азаматқа, ұйымға, мемлекетке ірі зиян келтіруі мүмкін. Мұндай ретте олардың іс-әрекеті қылмыстық қүқық бұзушылық деп танылуы мүмкін. Осыған орай Қылмыстық кодекстің 237-бабында: Мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, орналасқан жері туралы мэліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру, мүлікті өзгенің иелігіне беру, мүлікті иеліктен шығару немесе жою, сол сияқты бухгалтерлік жэне (немесе) есептік құжаттаманы не экономикалық қызметін көрсететін өзге де қүжаттарды жасыру, жою, бүрмалау, егер Бұл эрекеттерді қүрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, завды тұлғаның органдары, дара кэсіпкер, сол сияқты борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам оңалту немесе банкроттық кезінде немесе банкроттықты күнілгері біле отырып, жасаса жэне олар ірі залал келтірсе, банкроттық жағдайындағы заңсыз іс-эрекеттер деп танылады деп белгіленген.
Қылмыстық қүқық бұзушылықтың тікелей объектісі — банкроттық жағдайдағы несие берушілердің талаптарын қанағаттандыруды реттейтін қоғамдық қатынастар.
Объективтік жағынан қылмыстық құдық бұзушылық мынадай іс-эрекеттер нысанын істеу арқылы жүзеге асырылады; 1) мүлікті немесе мүліктік міндеттемелерді, мүлік, оның мөлшері, түрған жері туралы мэлімет-терді, не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасыру; 2) мүлікті өзгенің иелігіне беру; 3) мүлікті иеліктен шығару; 4) мүлікті жою; 5) экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік жэне өзге де есеп құжаттарын жасыру, жою, бүрмалау.
Қылмыстың нақты жасалу нысандарына қарап қылмыстық кұқық бүзушылықтың заты — мүлік, мүліктік міндеттеме, мүлік туралы мэліметтер, бухгалтерлік жэне өзге де есеп құжаттары болуы мүмкін. Іс-эрекет белсенді эрекет күйінде (беру, иеліктен шығару, жою, бүрмалау) немесе әрекетсіздік нысанда (мүліктік міндеттемелерді немесе мүлік жөніндегі өзге де ақпаратты жасыру) арқылы жасалады.
Қүрылысы жағынан бү_л қылмыстық құқық бұзушылық материалдық қүрамға жата-ды. Осыған орай қылмыстың зардабы - ірі зиян келтіру орын алуы шарт жэне де себепті байланысты анықтау қажет.
Осы қылмыстық құқық бүзушылық қүрамының объективтік жағының міндетгі бел-гісі — қылмыстық құқық бү-зушылықтың істелу жағдайы болып табылады. Бұл несие берушілердің талабын қанағаттандыра алмайтын банкроттық немесе банкроттықты күн ілгері білу жағдайында істелген әрекет. Қылмыстық қү_қық бұзушылық ірі зиян кел-тірілген уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Бұ_л зиян азаматтарға, ұйымдарға, мемлекетке келтірілуі мүмкін. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 21 жэне 51 -баптарында несие берушілердің талаптарын қанағаттандыру тэртібі белгіленген, оларға: 1) кэсіпкер немесе занды ұйымның азаматгардың өміріне жэне денсаулығына кел-тірілген зиян үшін, сондай-ақ алимент өндіріп алу жөніндегі талаптарын қанағаттандыру жөніндегі жауапкершілігі; 2) еңбек шарты бойынша жұмыс істейтін адамдардың еңбегіне ақы төлеу жэне авторлык шарттар бойынша сыйақы төлеу; 3) бюджетке немесе бюджет-тен тыс қорларға міндетті төлемдер жөніндегі мемлекетке берешек; 4) несие берушілер жатады.
Зиян осы жоғарыда көрсетілген кез келген адамға, сондай-ақ міндетті төлемдерді алмаған жағдайда немесе несие беруші болып табылған ретте мемлекетке де келтірілуі мүмкін.
Субъективтік жағынан қылмыстық құқық бұзушылық қасақаналықтың екі түрімен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Кінэлі адам мүлікті немесе мүліктік міндет-темелерді, мүлік, оның мөлшері, тұрған жері туралы мэліметтерді не мүлік туралы өзге де ақпаратты жасырғанын, мүлікті өзгенің иелігіне беретінін, оны иеліктен шығаратынын немесе жоятыны, сондай-ақ экономикалық қызмет көрініс табатын бухгалтерлік жэне өзге де есеп қүжаттарын жасырғанын, жойғанын, бұрмалағанын сезеді, одан ірі зиян ке-летінін күні бүрын біледі жэне оның болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе оған саналы түрде жол береді не оған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналық).
Қылмыстық қүдық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы, ол ұйымның басшысы неме-се меншік иесі, не жеке кэсіпкер.
Қылмыстық кодекстің 237-бабының 2-тармағында осы қылмыс қү_рамының ауырла-татын түрі көрсетілген. Ол өзінің шын мәнінде дэрменсіздігін (банкроттығын) білетін құрылтайшы (қатысушы), лауазымды адам, заңды түлғаның органдары, дара кэсіпкер, сол сияқты дэрменсіз борышкердің мүлкі мен істерін басқару жөніндегі өкілеттіктер берілген адам банкроттық рәсімі немесе оңалту рэсімі кезінде басқа кредиторларға көрінеу залал келтіре отырып, жекелеген кредиторлардың мүліктік талаптарын құқыққа сыйымсыз қанағаттандыруы, егер Бұл іс-эрекет ірі залал келтірсе - келтіре отырып қанағаттандыруы болып табылады. Бү_л жерде кінэлі адам Азаматтық кодекстің арнайы баптарының талап-тарын бұзу арқылы несие берушілердің талабын қанағаттандырудың заңды белгіленген кезегін өрескел бұзады, сөйтіп жекелеген несие берушілерге артықшылық жасай оты-рып, басқа несие берушілерге ірі мөлшерде зиян келтіреді.
Қылмыстық құқық бүзушылық тікелей қасақаналықпен істеледі. Өйткені ү_йым бас-шысы немесе меншік иесі жекелеген несие берушілердің талабын заңсыз қанағаттандыра отырып, басқа несие берушілерге мүліктік залал келтіретінін сезеді жэне сол зардаптың болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе соған саналы түрде жол береді немесе бүған немқүрайды қарайды (жанама қасақаналық).
Қылмыстық қүқық бүзушылықтың субъектісі - үйым басшысы, не меншік иесі неме-се жеке кэсіпкер.
238-бап. Әдейі банкроттық
Әдейі банкроттық, ягни жеке мүдделері немесе өзге адамдардың мудделері үшін қурылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, заңды адам органдарының, сол сияқты дара кәсіпкердің әрекеттері (әрекетсіздігі) нәтижесінде жасалган, ірі залалға не- месе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқңан, төлем қабілетсіздігін ңасақана жасауы немесе үлғайтуы -
Қылмыстық кодекстің 238-бабында: Әдейі банкроттық, яғни жеке мүдделері немесе өзге адамдардың мүдделері үшін құрылтайшының (қатысушының), лауазымды адамның, коммерциялық немесе өзге де ұйымда басқару функцияларын орындайтын адамның, заңды адам органдарының, сол сияқты дара кэсіпкердің эрекеттері (эрекетсіздігі) нэтижесінде жасалған, ірі залалға немесе өзге де ауыр зардаптарға экеп соққан, төлем қабілетсіздігін қасақана жасауы немесе үлғайтуы — деп түсінік берілген.
Қылмыстың тікелей объектісі, ҚК-тің 237-бабында көрсетілген қьшмыстық құқық бұзушылық құрамының объектісімен бірдей.
Объективтік жағынан көрсетілген қылмыс қүрамы: 1) қылмысты эрекет күйінде; 2) ірі залал немесе өзге де ауыр зардаптар келтіру арқылы жэне 3) іс-эрекет пен зардаптың арасындағы себепті байланыс арқылы сипатталады. Қылмыстық құқық бұзушылық эрекет эдейі банкроттық жағдайында жасалады. Әдейі банкроттық дегеніміз қасақана төлем қабілетсіздігін жасау немесе үлғайту (зиянды мәмілелер жасау, бухгалтерлік есеп-ті шатыстыру, ақша қаражатын ұйым мүддесінен тысқары жағдайларға жұмсау) болып табылады.
Әдейі банкроттықтан келген ірі залалға - несие берушілердің, акциз иелерінің, басқа да контрагенттің экономикалық, қаржы жағдайын елеулі түрде күйзелту эрекеттері, ал өзге де ауыр зардаптарға эдейі банкроттықтың эсерінен көптеген қызметкерлердің жү_мыссыз қалуы, маңызды мемлекеттік немесе қоғамдық шаралардың іске аспай қалуы, несие берушінің ауыр күйзеліске, ауруға шалдығуы т.б. жатады.
Әдейі банкроттықтағы келтірілген зардап пен істелген іс-эрекеттің арасында се-бепті байланыс болуы шарт. Қылмыстық құқык бүзушылык құрамы - материалдық. Қылмыстық қүкьтк бұзушылық заңда көрсетілген ірі зиян немесе өзге де ауыр зардаптар орын алған жағдайда аяқталған деп табылады.
Қылмыстық қү_қық бұзушылық субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен жүзеге асырылады. Кінэлі адам эдейі төлем қабілетсіздігін жасағанын немесе үлғайтқанын біледі жэне одан ірі залал немесе өзге де ауыр зардаптар болатынын біледі жэне соның болуын тілейді (тікелей қасақаналық) немесе соған саналы түрде жол береді не бұған немқұрайды қарайды (жанама қасақаналык).
Осы қылмыстық құқык бұзушылық құрамының субъективтік жағының міндетті белгісі - қылмыстық құқык бұзушылық ниет болып табылады. Осы құрамның диспо-зициясында эдейі банк^оттық-коммерциялық ұйым басшысының, меншік иесінің, жеке кэсіпкердің жеке мүддесі немесе өзге адамдардың мүддесі үшін жүзеге асырылатындығы көрсетілген. Мұндай мүдделілік — мүліктік немесе мүліктік емес болуы мүмкін. Кінэлі адам жеке баю, басқадан кек алу немесе қоғамға жат мазмүлдағы ниеттерді басшылыққа алуы ықтимал.
Қылмыстық қү_қық бұзушылықтың субъектісі - арнаулы: коммерциялық ү_йым басшы-сы немесе меншік иесі, жеке кэсіпкер.