1. Декларация табыс ету міндетті болып табылган кезде декларацияны табыс етпеу не салық салынатын басқа да объектілерді және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен декларацияга табыстар және (немесе) шыгыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу арқылы уйымдарга салынатын салықты және (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтару, егер бұл іс-әрекет ірі мөлшердегі салықты және (немесе) басқа да міндетті төлемдерді төлемеуге әкеп соқса -
2. Мынадай:
1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;
Адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дәл сол іс-әрекет -белгілі бір лауазымдарды атқару немесе белгілі бір қызметпен айналысу құқығынан
3. Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалган іс-әрекеттер -
Декларация табыс ету міндетті болып табылса да, декларацияны табыс етпеу не декларацияға кірістер жэне (немесе) шығыстар туралы көрінеу бұрмаланған деректерді енгізу жолымен, салық салынатын басқа да объектілерді жэне (немесе) басқа да міндетті төлемдерді жасыру жолымен ұйымдарға салынатын салықты жэне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуден жалтыру, егер бұл эрекет салық немесе өзге де міндетті төлемдерді ірі мөлшерде төлемеуге әкеп соқса, Қылмыстық кодекстің 245-бабының 1-тармағы бойынша жауаптылық туындайды.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың тікелей объектісі Қылмыстық кодекстің 244-бабындағы қылмыстық құқык бұзушылық объектісімен бірдей.
Қылмыстық құқық бұзушылықтың заты — табыс туралы декларация, бухгалтерлік құжат немесе салық салынатын басқа объектілер.
Қылмыстық құқық бұзушылық объективтік жағынан эрекет немесе эрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Әрекетсіздік - декларация беру міндетті жағдайында жылдық табыс туралы декларацияны бермеу, сөйтіп салынатын салықты төлеуден жал-тару арқылы көрініс табады.
Әрекет — декларацияға немесе бухгалтерлік құжаттарға бұрмаланған деректерді енгі-з ' арқылы, не салық салынатын басқа объектілерді жасыру жолымен ұйымдарға салы-натын салықтарды немесе өзге де төлемдерді төлеуден жалтару арқылы іске асырылады.
Қылмыстық куқық бұзушылық құрамының диспозициясы - бланкеттік. Сондықтан ұйымдарға салынатын салық түрлері Салық кодексімен жэне арнаулы зандармен ретте-леді.
Қылмыстық құқық бұзушылық құрылысы жағынан материалдық құрамға жатады. Қылмыстық құқық бұзушылық салық немесе өзге де төлемдерді ірі жэне аса ірі мөлшерде төлемеген жағдайда аяқталған деп танылады. Осыған орай салықты төлеуден жалтару іс-эрекеттері мен одан туындаған зардаптың арасын байланыстыратын себепті байланыс та бар.
Егер ұйымнан салық жэне (немесе) бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлемеуі, егер төленбеген салық жэне (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы жиырма мың айлық есептік көрсеткіштен аса ірі мөлшерде жасалған деп жэне егер төленбеген салық жэне (немесе) басқа да міндетті төлемдер сомасы елу мың айлық есептік көрсеткіштен асса, асаірі мөлшерде жасалған деп танылады (ҚК-тің 3-бабының 3 жэне 38-тармақтары).
Субъективтік жағынан қылмыстык құқық бұзушылық — тікелей қасақаналықпен істеледі. Кінэлі адам міндетті жағдайларда жылдық жиынтық табыс туралы деклараци-ялар берудің не декларацияға, бухгал-терлік құжаттарға эр түрлі бүрмалаулар енгізіп, салық төленетін объектілерді жасырып, салықтар мен төлемдерді міндетті төлеуден жалтарғанының қоғамға кауіпті екенін үғады, одан туатын зардаптарды болжайды жэне оның болуын тілеп істейді.
Қылмыстық құқық бүзушылық субъектісі арнаулы - үйым жетекшісі немесе басқадай басқару қызметін атқаратын адам.
Қылмыстық құқық бұзушылықтық кодекстің 245-бабының 2-тармағында осы қылмыстың ауырлататын белгісі — 1) іс жүзінде жұмыстар орындалмай, қызметтер көрсетілмей, тауарлар тиеп-жөнелтілмей шот-фактура пайдаланыла отырып;
2) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен жасалған дэл сол іс-эрекет, ал осы баптың 3-бөлігінде:
Осы баптың бірінші немесе екінші бөліктерінде көзделген, қылмыстық топ жасаған не аса ірі мөлшерде жасалған іс-эрекеттер үшін ер үшін жауаптылық белгіленген.