Жаңа және жаңашыл уақыт кезеңінде Қытай мемлекеттілігінің пайда болуы ерекше болды. 1911-1912 жылдары Қытайда шығыс деспотияның дағдарысы орын алды. Қытай территориясындағы буржуазиялық республикалар әсерін бермей қоймады. Қытай Халық Республикасы құрылды. Сот жүйесінде өзгерістер 17-20 ғасырларда тынымсыз болды. Құқық деректері 1954 жылы ҚХР, 1975 жылы, 1978 жылы және 1982 жылдары Конституциялар қабылданды. Құқық кодификацияланды.
4. Пәнді игеру үшін ұсынылатын әдістемелік нұсқаулықтар
(СОӨЖ және СӨЖ тапсырмаларын орындау үшін әдістемелік нұсқау)
Егер бақылау нысаны реферат болса онда төменде көрсетілген әдістемелік нұсқауға жүгініңіз.
Реферат жазу және оны қорғау студенттің оқу материалын жақсы меңгергенін, нормативтік актілер мен әдеби қайнар көздерімен жұмыс істеу дағдысын, зерттеудің методологиясын игергенін, мәселенің тарихнамасымен таныс екендігін, зерттеліп отырған объект бойынша субъективтік көзқарасын жеке дәлелді түрде көрсете алатынын және қорытындылай білу қабілетін көрсетуі қажет.
Реферат - заңтану саласындағы өзекті тақырыптардың бірін теориялық немесе экспериментальды зерттеуден тұрады. Жұмыста студент кәсіби міндеттерді жеке шешуге мүмкіндік беретін қажетті теориялық білімдер мен тәжірибелік дағдыларды меңгеру деңгейін көрсетуі қажет.
Реферат – студенттің күрделі әлеуметтік болмыстарды ғылыми талдау әдістерін меңгеру деңгейін, теориялық және тәжірибелік қорытындылар беру қабілетін, зерттеліп отырған саладағы қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеуді жетілдіру бойынша негізгі ұсыныстар бере білу қабілетін көрсетуі тиіс.
Реферат жазудың мақсаты мен міндеттері
Реферат жазуда келесі мақсаттар көзделеді:
Теориялық және тәжірибелік білімді жүйеге келтіру, бекіту және кеңейту, нақты ғылыми және өндірістік мәселелерді шешу кезінде осы білімді пайдалану;
Жеке жұмыс істеу қабілетін дамыту және өңделетін мәселелер мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеу және тәжірибелеу әдісін меңгеру жұмыста қарастырылған проблемалар мен сұрақтарды шешу кезінде зерттеудің әдістемесін үйренуі тиіс.
Рефераттың жоспары мен құрылымы
Егер студент тақырып бойынша жұмысқа бірінші рет кіріссе, жоспарды бірден құрастыруға болмайды, ең алдымен рефератта қарастырылуы тиіс сұрақтар мен мәселелердің өрісін анықтап алу қажет. Ол үшін тақырыпты толығыырақ ашатын бірнеше негізгі жұмыстарды зертеу қажет, ал гере мәселе теория жүзінде жеткілікті өңделмесе юрисдикциялық органдарын құқық қолдану қызметінің тәжірибесін зерттеуі тиіс. Тек содан кейін ғана жоспарды құруға кірісуге болады.
Жоспар рефераттың бөлімдері мен параграфтардың аттарынан ғана емес, сонымен қатар әр бөлімде ашып көрсетілетін негізгі сұрақтардың тізімінен құрылуы тиіс. Сұрақтардың кезектілігіне үлкен назар аудару қажет, әрбір тараудың алдыңғы тараумен байланысы болуы керек.
Жасалған жоспарды оқытушымен талқылау керек, оқытушы жоспарда ескерілмеген мәселелерді көрсетуі мүмкін және мазмұнының тереңдігі мен жүйелігін толық қамтамасыз ету үшін сұрақты дұрыс тұжырымдауға көмектеседі.
Әдебиеттерді зерттеп, қажетті материалдарды жинаған соң ғана рефератты жазуды бастау керек.
Реферат жұмыстың құрылымы келесі элементтерден тұрады:
- титулдық бет
- мазмұны
- кіріспе
- негізгі бөлім
- қорытынды
- пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Рефераттың бірінші беті – титулдық бет. Титулдық бетке реттік сан нөмірі қойылмайды. Келесі беттер нөмірленеді.
Рефераттың кіріспесінде жұмыстың жалпы сипаттамасы беріледі, тақырыптың өзектілігі дәлелденеді. Мәселені ғылыми зерттеудің деңгейі қарастырылады. Жұмыстың жаңалығы, мақсаты, міндеттері зерттеудің объектісі мен пәні көрсетіледі, теориялық құндылығы немесе тәжірибелік мәні, зерттеу әдістері, жұмыстың эмприкалық негізі мен реферат құрылымының қысқаша сипаттамасы көрсініс табады.
Рефераттың негізгі бөлімі бірнеше бөлімдерден тұрады. Жұмыстың негізгі бөлімінде студент жоспарлы мақсатқа жету үшін, кіріспеде анықталған міндеттерді шешеді.
Қортындыда тақырыптың сипатына және рефераттың зерттелу тереңдігіне байланысты студент өз көзқарасын, қорытындысы мен ұсыныстарын тұжырымдайды. Олар заңдық нормаларды қолданудың теориялық мәселелерін, қарастырылатын салалардағы заңдаманы жетілдіру жолдарын, сұрақтарды қарастыруы мүмкін.
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі. Қорытындыдан кейін қолданылған қайнар көздердің библиографиялық тізімі беріледі. Библиографиялық тізім – қолданылған қайнар көздердің библиографиялық сипаттауын құрайтын библиографиялық аппараттың элементі. Мұндай тізім жұмыстың негізгі бөліктерінің бірі болып табылады. Өйткені автордың жеке шығармашылық жұмысын көрсететін және жүргізілген зерттеудің дәрежесінің деңгейі туралы қорытынды жасауға қолданылған қайнар көздердің тізімінің ықпалы жоғары.
Рефератты рәсімдеу
Рәсімдеуге қойылатын талаптар. Реферат таңдалған тақырып бойынша жүргізілген зерттеудің нәтижелері бар қолжазба. Ол міндетті түрде компьютерде терілуі тиіс.
Жұмыс көлемі – «А4» форматындағы қағазда 5-7 парақ түсіндірме хат, компьютерде – парақтың бір жағында, бір интервал аралығында, кегль – 14, шрифт—Times New Roman немесе KZ Times New Roman.. Беттер барлық қосымшаларымен бірге бірыңғай номерленуі тиіс.
Рефераттың бірінші парағы (парақта номер қойылмайды) титулдық парақ болып табылады. Келесі парақ - мазмұны. Материалдарды орналастырудың кезектілігі мазмұнға сәйкес болуы керек. Жұмыстың әрбір құрылымдық элементін жаңа парақтан бастау қажет. Бөлімшелердің атауын орналастырғанда бұл ережені орындау қажеттілігі жоқ. Әдебиеттер тізімі жұмыс мәтінінде сілтемесі бар және рефераттың мазмұны қолданылған әдебиеттерден тұрады.