Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 10. Англияның феодалды мемлекетi мен құқығы




Ү ғасырда Британиядағы кельт тайпалары римдіктермен жаулап алынады. Рим әскерлері 407 жылы аралдан кеткен соң, көп ұзамай Британияға германдық, англ, сакс және ют тайпалары қоныс аударады. Жергілікті тайпалармен тынымсыз соғыстардың нәтижесінде, ҮІІ ғасырда англосакстар Британияның негізгі бөлігін жаулап алып, кельттар солтүстік-батысқа, Шотландия мен Уэльске ығыстырылады. Кейіннен, олардың 1 бөлігі ассимиляцияланды.

ҮІІ-ҮІІІ ғасырларда англосакстар жаулап алған территорияда 6 корольдік құрылады. Осы корольдіктерде ру-тайпалық қатынастар ыдырай бастайды. Корольдар өз жақындарына "боклэнд" деп аталған жерлерді сыйға тарта бастады. Оны ұстаған адамдар корольге салық төлеуге міндетті болған және бұл жерді өз мұрагерлеріне қалдыра алған. Осы жер иеленушілер "глафорд", кейіннен лорд деп атала бастады. Жер салыға "фирма" деп аталды. Феодалдық қатынастардың орнығуына англосакстардың арасында христиан дінінің таралуы әсер етеді. Христиан діні ҮІІ ғасырдың соңында толығымен орнығады. ҮІІІ ғасырдың ІІ жартысында Скандинавияда феодалдық қатынастардың пайда бола бастауына байланысты, оның халқы басқа елдерге шабуыл жасай бастады. Бұл кезең тарихта "викингтер кезеңі" деп аталады. Олар Англияға да шабуыл жасап, қоныстана бастады. Осыған байланысты Англияны біріктіру керек болады. ІХ ғасырда Уэссекс корольдігі Англияны біріктіріп, астана болып Лондон жарияланады. Осы кезеңнен бастап ХІ ғасырға дейінгі уақыт ертефеодалдық кезең деп аталады. 1966 жылы Нормандия герцогы Вильгельм Англияны жаулап алып, ел сеньориалдық монархия кезеңіне өтеді.

Жергілікті билікті "элдормендер" /король өкілдері/ және жергілікті феодалдардан корольмен тағайындалатын "шерифтер" жүзеге асырған. Элдормендер мен шерифтер графтіктегі билікті бөлісіп жүзеге асырған. Элдормендерде сот, әскери және қаржы функциялары болған. Шерифтердің билігі шектеулі болған және уақыт өткен сайын азайып отырған. Графтіктердің құрамына жүздіктер кірген. Оларды жергілікті ақсүйектердің арасынан тағайындалатын "тэндар" басқарған. Ең ұсақ әкімшілік бірлік сход деп аталған және оны староста басқарған. Сот функцияларын элдормендер бірлесе отырып графтік және жүздік жиналыстары жүзеге асырған.

Патша соттарының рөлі жоғары болған. Тәуелді шаруалардың істерін манориалды курия қарастырған. Діни сотпен азаматтық сот І Вильгельм кезінде ажыратылады. ІІ Генрих сот жүйесін реформалайды. Сот бажы, жылжымалы соттар енгізіледі, шерифтер үшін күзет орнатылады. 1176 ж. Англия 6 округқа бөлініп, әрқайсысына жылжымалы соттар тағайындалады.

Ағылшын құқығының қайнар көздері - әдет-ғұрыптар болып табылады. Әдет-ғұрып құқығының жазбаша қайнар көздері мыналар: Эттльберттің шындығы /600 жыл/; Инэнің шындығы /690 жыл/; Альфредтің шындығы /871-901 жж/; Кнут заңы /1017 жыл/.

І Вильгельмнің тұсында әдет-ғұрып нормалары 1 жүйеге жинақталып, "жалпы құқық" деп атала бастады. Жалпы құқықтың негізіне әсер тигізген қайнар көздерге англосакстардың әдеттері, нормандардың әдет-ғұрыптары, король соттарының ең маңызды шешімдері, халықаралық сауда, жол жобалары, көпес соттарында қолданылатын әдеттер мен шіркеудің нормалары жатады. Жеке меншік құқында ең бірінші орында жердің жеке меншігі тұратын. Жеке меншіктің мынадай түрлері болды: шарттар, мұрагерлік, сыйлық, иеліктің ескелігі. Міндеттемелердің 2 түрі болды: шарттан туындайтын және зиян келтіруден туындайтын міндеттемелер.

Қылмыстардың жіктелуі: мемлекетке опасыздық, ауыр қылмыстар /фелония/ және уақ қылмыстар /миедиминор/.

Некелік қарым-қатынастарды шіркеу бекітетін. Бірақ, жұбайлардың мүліктік қатынастарын жалпы құқық бекітетін.

Процессуалдық құқықта 2 жақта тең болатын. Талапкер істі қозғайтын, өзі айыптаушы болып, айыпкердің кінәсін өзі дәлелдейтін. Сот талас түрінде өтетін.

Сот процесінің мынадай кезеңдерге бөлінгенін айта кеткеніміз жөн: алдымен қылмыс туралы білетін адамның тарапынан айыптау басталады, кейін ол айтқан фактілер тексеріледі, қылмыскер бұзған норма мәлімделеді, содан кейін барып жаза кесіледі. Осы процесс өркениетті елдің талаптарына сай оның әрбір кезеңі бөлек және түрлі адамдар арқылы орындалады. Сол үшін де қоғам дайындығы мол адамдарды әрбір кезеңге бөліп пайдаланса, процесс өте сапалы, демократияға лайық, өркениетті стандарттарға сәйкес келеді. Бірақ, бұлай болу үшін көп уақыт керек.

Қылмыстық соттар. Қылмыстық істер графтіктерде қаралатын. Жылына 3 рет көшпелі сот келіп, ант берушілердің көмегімен қылмсытық істерді қарайды, түрмеден қылмыскерді босатады. Қылмыскерлер жауапкершіліктен бас тарту үшін, қылмыс істеген графтіктерден басқа графтіктерге қашып, жазадан жалтаратын. Қылмыстардың бәрі таққа қарсы істелді деп талқыланады, сондықтан қылмыстық қарым-қатынастардың 2 жағында король мен қылмыскер болатын. Қылмыстарға ескілік қолданбайтын. Айыпталған адам өзіне-өзі қарсы дәлелдей алмайды.

Азаматтық сот. Бұл сот жеке адамдардың арасындағы таластарды қарайды. Бұл істерді алдын-ала тергеу жүргізілмесе де, қарауға болады. Екі жақ бір-бірімен келісіп, бейбіт әдіспен істі шешетін жағдай туса, сот оған қарсылық білдірмейді. Талапкер мен жауапкер адамдар сотқа бірдей жауап бере алады. Сот салығын жеңілген жақ төлейді.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 833 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2443 - | 2197 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.