Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Мемлекеті және құқығы




Факультет_ ұлттық құқық жоғары мектебі

Оқытушы Спанов А.Қ. ____________Академиялық жыл___2013-2014________

Курс ___1______________________Семестр__1_______

Дәрістің мақсаты: XIX-XX ғасырлардағы Германия мемлекетінің құрылымы мен құқықтық жүйесіндегі ерекшеліктермен танысу. Олардың арасындағы құрылымдық және құқықтық қатынастармен танысу

Жоспары:

 

1.Еңбек және әлеуметтік заң

2. Қазіргі және жаңа кезеңдегі

3.Германия мемлекетінің құрылымы мен құқықтық жүйесіндегі ерекшеліктермен

4.Қылмыстық құқық және қылмыс

5.Ұжымдық шарт туралы заң.

Дәрістің қысқаша мазмұны:

 

Тақырып 19. Жаңа кезеңдегі және қазіргі кездегі Германияның мемлекет және құқығы

 

Соғыстағы сәтсіздік және Ресей революциясы Германияда революциялық ахуал тудырды. 1918 жылы қарашада Килде әскери теңізшілер көтеріліс жасады. Германияның ірі қалалары – Гамбург, Лейпциг, Мюнхен, Бремен көтерілісшілерге қосылды. Билікге жұмысшылар Кеңесі және солдат депуттары ие болды. 1918 жылы 9 қарашада Берлинде Революция жеңді.

Император Кайзер Вильгельм Голландияға зытты, Германия империясы құлады.

1919 жылғы Конституция (Веймар) Германия мемлекетін Президент басқаруындағы буржуйлық демократиялық республикаға айналдырды.

Парламент екі палатадан тұрады: рейхстаг (төменгі палата) және рейсрат (империялық кеңес). Германия Президент билігі монархиялық сипатта.

1929 жылы әлемдік экономикалық дағдарыс етек жаяды, бұл Германияның ішкі саяси жағдайын шиеленістіре түсті. 1930 жылғы сайлауда Коммунистк партия 4,5 млн. дауысқа ие болды. Жаңа жұмыскер революциясынан қорыққан ірі өндіріс иелері және қаражат мамандары Адольф Гитлердің фашистік партиясынан үміт күте бастады.

1932 жылы шілдеде ұлтшылдар 13 млн. дауыс, ал қарашада 11 млн. дауыс жинады. 1933 жылы Гитлер сол кездегі канцлер Ф. фон Папенмен ортақ келісімге келе отырып, 1933 жылы 30 қарашада оны рейхканцлер (империялық канцлер) лауазымына шақырды.

Германияда фашистік диктатура құруға себеп болған жағдайлар:

1. ірі өндіріс иегерлері мен қаражат мамандары дағдарыстан шығудың бірден-бір жолы диктатура деп санады;

2. уақ буржуйлар мен шаруалар ұлтшылдардың жарық болашағы туралы уәдесіне сенім артты;

3. Германия еңбекшілер класы бытыранқы, әлсіреген болды, коммунистер фашизммен жеке күресе алмады;

4. елде өте күшті экономикалық дағдарыс етек жайғандықтан одан шығудың жолында қатаң жетекші басқарма қажет болды.

Фашистер өз басқаруын буржулық-демократиялық бостандықты жоюдан бастады. 1933 жылы ақпанда сөз, баспа, шеру бостандығына тыйым салған «Герман халқы мен мемлекетті қорғау» декреті қабылданды. Осы айда полицияға шексіз өкілеттілік берген «Герман халқын қорғау» декреті қабылданды. 1933 жылы 23 наурызда рейхстагтағы коммунист-депутаттар мандаттарынан айрылды және тұтқындалды. Компартия және оның бұқаралық құралдары жабылды және тыйым салынды. Басқа да партиялар қызметін тоқтатты. Кәсіподақтар таратылды, бірақ мәжбүрлеу арқылы мүшелікке енгізетін кәсіподақ ашылды.

Мемлекетте бір партиялық әскери саяси жүйе орнықты. Үкімет партия бақылауында болды. Партияның штурмалық отряды (СА), қорғау отряды (СС) және фашист Германияның қарулы күшін құрайтын әскери ұйымдар (вермахт) болған.

1933 жылы 24 наурызда қабылданған заң парламенттен тыс империя үкіметі актілер қабылдауға мүмкіндік берді. 1934 жылы тамызда президент лауазымы қысқарды. Үкімет басшысы фюрерғұмырлық тағайындалады.

«Жаңа үшінші Рейх»-ты құру үшін ұлтшылдар тек жаулап алу керек еді. 1939 жылы 1 қыркүйекте Германия Польшаға шабуыл жасады, осылай екінші дүниежүзілік соғыс басталды. 1945 жылы КСРО және одақтас елдер АҚШ, Ұлыбритания фашистік Германияны күйретті.

 

№1 СӨЖ: Жаңа және Қазіргі кездегі Германиядағы құқық

 

№2 СӨЖ: Глоссарий

Бұл жұмысты орындау үшін оқу курсының басынан бастап, ұсынылған тақырыптармен жұмыс істеп, терминдер сөздігін жасау қажет. Яғни, сіз үшін таныс емес, жаңа сөздердің (терминдердің) барлығын жазып алып, оларға анықтама бересіз.

СӨЖ тапсырмасын бағалау критерийлері

Мәтінді заңда негізделген нысан бойынша толтыру

Казустарды тақырыпқа сай ұйымдастыру

1. Рәсімдеу сапасы

2. Сауатты талқылау

 

СОӨЖ тапсырмасы: Жаңа және Қазіргі кездегі Германиядағы құқық

Тақырып бойынша туындайтын сұрақтарды оқып келіп оқытушымен пікір алмасу.

 

Үй тапсырмасы:

Дәрістің қарастырылатын сұрақтарына байланысты кесте сызасыз.

 

Тақырып бойынша әдебиеттер тізімі:

1. Мұхтарова А.К. Шетелдердің мемлекет және құқық тарихы. Алматы, 1999.

2. Булгакова Д.А., Истаев А.Ж., Всеобщая история государства и права. Алматы, 1999.

3. Галанза П.Н. История государства и права зарубежных стран (рабовладельческое и феодальное государства и право) Москва,1980.

4. Батыр К.И. Всеобщая история государства и права. Москва, 1994

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 635 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2489 - | 2332 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.