Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып 11. Германияның феодалды мемлекетi мен құқығы




 

Германия жеке феодалдық мемлекет ретінде Франк империясы ыдырағаннан кейін шығыс франктардың жерлерінде құрылды. Оның территориясы 4 герцогтіктен құралған болатын. Бұл герцогтіктер: Саксония, Франкония, Швабия және Бавария. Әр герцогтікте халықтың этникалық құрамы және феодализмнің даму деңгейі әртүрлі болатын. Кейіннен Германияның құрамына Франциядан тартып алынған Лотарингия герцогтігі кіреді. ІХ ғасырдың ІІ жартысы мен Х ғасырдың басы тайпалық сипатын әлі толық жоғалтпаған және бір-бірімен байланысы шамалы осы герцогтіктердің өзара күресі толық болды.

Германияның орталықтандырылуына мемлекетпен шіркеудің арасындағы ашық күрес әсерін тигізді.

Германия территориалдық батыраңқылық және княздік абсолютизм жолымен дамыды. ХІІІ ғасырдан бастап княздіктер император билігімен формальды түрде байланысқан ұсақ мемлекеттерге айнала бастады.

Герман феодалдық мемлекетінің тарихы 2 кезеңге бөлінеді:

1. Германиядағы ертефеодалдық, біршама орталықтандырылған мемлекеттің қалыптасу және даму кезеңі /Х-ХІІ ғғ/

2. Территориалдық батыраңқылық кезеңі /ХІІІ-ХҮІІІ ғғ/

ХІІІ-ХІҮ ғғ. жеке княздіктердің қалыптасуын, ірі князь-курфюсттардың олигархиясының орнатылуынан кейін Германия ХІХ ғ. басына дейін тұтас мемлекет болмады және сословиелік өкілдік монархияның элементтері бар сеньориалды монархия нысанын сақтап қалды. ХІҮ-ХҮІ ғғ. Германия княздіктерінде сословиелік-өкілдік, ХҮІІ-ХҮІІІ ғасырларда абсолюттік монархиялар орнатылады. 1806 ж. "Қасиетті Рим империясы" Наполеон шапқыншылығының нәтижесінде өмір сүруін тоқтатады.

Х-ХІІ ғғ. Германия біршама біріккен мемлекет болды. Феодализнің баяу дамуы, сыртқы қауіп және алғашқы герман корольдерінің белсенді орталықтандыру саясаты король билігінің күшеюіне және ертефеодалдық монархияның қалыптасуына оң әсерін тигізді.

Король сайланатын болғанымен, таққа олар белгілеген, король тұқымынан шыққан адамдар ғана отыра алатын. І Оттоның билік құрған кезінде /936-973 жж/ мемлекет шіркеудің көмегімен герцогтердің билігін шектейді. Бірақ, Отто реформаларының шіркеу магнаттарының тәуелсіздігінің күшеюі түріндегі теріс нәтижесі болды. Оттон 962 ж. Римді басып алып, император титулын алады. Рим папаларын енді герман императорлары тағайындайтын болды. ХІ ғ. соңын рим палалары императорлардың билігіне қарсы шыға бастады. ХІІ ғ. орталық билік папствомен күрестің және феодализнің одан әрі дамуының нәтижесінде әлсірейді.

Х-ХІІ ғғ. орталық аппарат биліктің сарайлық вотчиналық жүйесінің белгілерін сақтап қалды. Сарайдың жоғарғы сановниктері канцлер мен маршал болды. Осы лауазымдар кейіннен мұраға берілетін болды және оларды ірі феодалдар: саксония герцогы, майнц, трир архиепископтары және тағы да басқалар иеленді. ХІ ғ. бастап ірі феодалдар король кеңесі - гофтагқа қатысатын болды. Олар осы кеңесте императормен бірге маңызды істерді шешетін.

Жергілікті әкімшілік бірлік - округ /графтік/ деп аталды. Бұрыңғы король шенеуніктері мұрагерлікпен лендерді иеленетін ірі жер иеленушілерге айналады. Олар өздерінің билік аппаратын құрады. Осы лен иеленушілердің жерлері орталық биліктің араласуынан артықшылықтармен және иммунитеттермен қорғалатын.

1356 ж. император Карл ІҮ "Алтын булланы" қабылдайды. Осы заңға сәйкес Германияны басқару 7 курфюрсттың қолында шоғырланды. ХІҮ-ХҮ ғғ. Германияда 2 империялық орган - рейхстаг пен империялық сот қызмет етті. Рейхстаг жалпыимпериялық сословиелік-өкілдік орган болды. Рейхстагтың құрамында 3 коллегия: курфюрсттар коллегиясы, князьдер, графтар және еркін иелер коллегиясы, империялық қалалар өкілдерінің коллегиясы. Рейхстагта ұсақ дворяндар, бюргерлер /империялық емес қалалардың/ болған жоқ. Рейхстагтың өкілеттіктері толық реттелмеген еді.

1495 жылы Вормс рейхстагтағы империялық жоғарғы сотты құрады. Соттың 14 мүшесін курфюрсттар мен князьдар, 2 мүшесін қалалар, төрағасын император тағайындайтын. Империяны князьдар басқаратын 10 округке бөлу көзделді. Осы 10 князь сот шешімдерін жүзеге асыруға тиіс болатын. Бұл үшін князьдерге әскери контингенттер беру көзделді. Империяны басқару шығындарын өтеу үшін "жалпыимпериялық пфеннинг" салығы енгізіледі.

Германиядағы феодалдық құқықтың дамуының 3 негізгі кезеңі бар: 1/ әдет-ғұрыптық құқықтың басымдылығы кезеңі /Х-ХІҮ ғғ/; рим құқығы рецепциясы кезеңі /ХІҮ-ХҮІІ ғғ/ және князьдіктерде жекелеген құқық жүйелерінің қалыптасу кезеңі /ХҮІІ-ХҮІІІ ғғ/. Әдеттер және сот практикасы ХІІІ ғ. кеңінен жазылады. Ең белгілі жазбалар: Саксон айнасы және Шваб айнасы. Саксон айнасының авторы рыцарь Эйке фон Репков және оның нормалары солтүстік шығыс өңірлерде кеңінен қолданылады. Саксон әйнегі 2 бөіктен тұрады: 1-ші бөлік земстволық құқыққа, 2-ші бөлік лендік құқыққа арналған. Кейіннен Саксон әйнегі бүкіл Германияға таралады. Шваб әйнегінде де земстволық және лендік құқық нормалары көрініс табады, бірақ оған каноникалық құқық әсер етеді. Шваб әйнегінің Саксон әйнегінен ерекшелігі, папаның феодалдық әлемде билік ету идеясы үгіттеледі. Герман құқығының қалған қайнар көздері: заңдар, рим құқығының рецепциясы және 1532 ж. рейхстаг қабылдаған "Каролина" жинағы. Каролинада қылмыстық-процессуалдық нормалар бекітілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 899 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2358 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.