Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лемдік экономикадағы дамыған елдер тобына қысқаша шолу жасап, олардың әлеуметтік-экономикалық үлгісіне сипаттама беріңіз.




Дамыған елдерді әлемдік шаруашылықтың ядросы деп атауға болады. Олар әлем бойынша ЖІӨ-ң жартысынан көбін алады, әлемнің басқа елдеріне ориентир болып табылатын әлеуметтік-экономикалық дамудың жоғары деңгейіне жеткен. Дамыған елдер тобы 30-дан астам елдер мен территориялдарды қамтиды. Дамыған елдердің негізгі белгілері: 1) жан басына шаққандағы ЖІӨ жоғарғаы көлемі; 2) экономикасының көп салалық құрылымы; ғылымды көп қажет ететін салалар, қызмет көрсету саласы басты орын алған; 3) қоғамның әлеуметтік құрылымы бойынша өте бай және өте кедей халықтар арасындағы алшақтықтың үлкен еместігі (кедей халық-20%, бай халық-20%); 4) орта класс орны өте көп. ЖІӨ көлемі бойынша нарықтық экономикалы дамыған елдер тобына жататын 7 елге: Германия, Италия, Канада, Ұлыбритания, АҚШ, Франция, Жапония жатады және басқа да Батыс Еуропа елдері, сонымен қатар Еуропалық қауымдастық, Солтүстік Америка және Жапония жатады. Дамыған елдер тобы әлемнің индустриалды дамыған елдерінің ішінде маңызды орынға ие, әлемдік ЖҰӨ 47%-ын және халықаралық сауданың 51%-ын қамтамасыз етеді. Дамыған елдер тобының ішінен 3 орталықты атап өтуге болады, оларды триада деп атайды: ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері, бастысы Жапония. Бұл триаданы бөліп көрсететін себебі, онда әлемнің ЖІӨ-ң жартысы өндіріледі, сонымен қатар ЕО, НАФТА мен Азияның дамыған елдері заманауи капитализмнің түрлі әлеуметтік-экономикалық моделдерін ұсынады. Еуропалық континентте әлемнің ірі 7 индустриалды елдерінің 4-уі орналасқан, ондағы маңызды бірлестіктердің бірі ЕО елдері, олар әлемдік ЖІӨ-нің 21%-ын, экспорттың 41%-ын, ЕО елдерінің ЖІӨ-ң 73%-ын және экспортының 64%-ын алады. Триаданың әрбір мүшесінің өз перифериясы бар, ол эконмикалық тығыз байланыстағы елдерден тұрады. НАФТАда ол Латын Америкасы, ЕО – орт-шығыс Еуропа, таяу және орта Шығыс (жерортатеңіз елдері), Африка. Азия- Шығыс, оңт-шығыс Азия мен Австралия. Аталған 3 топ бір-бірімен халықаралық экономикалық қатынастың барлық формаларымен бәсекелесуде. Дамыған елдер әлемдік саудада басымдылыққа ие, бірақ та соңғы он жылдарда олардың үлесі төмендеп барады. Әлемдік экономикадығы АҚШ рөлі. АҚШ әлемдік экономикалық жүйенің жетекші державасы болып табылады және ол келесідей басымдықтарға байланысты негізделген: 1. ірі шаруашылық әлеуеті – табиғи-шикізаттық,.демографиялық, өндірістік, ғылыми-техникалық; 2. Ішкі нарықтың үлкен сыйымдылығы; 3. Өндіріс пен капитал орталықтандырудың ірі масштабы; 4. Ірімасштабты ғылыми зерттеулер мен дайындықтар жүргізуі; 5. Өндіріс пен қызмет сферасының жаңа салаларының дамуы, заманауи экономикалық (постиндустриалды) құрылым; 6. Дамудың тұрақты жоғарғы қарқыны; 7. елдің экономикалық саясатының негізін анықтайтын қағидаттардың жиынтығы мен басымдылығы – экономикалық қызметтің еркіндігін қолдау, еркін бәсекелестікті қорғау, кәсіпкерлік белсенділіктің кеңеюі, монополияны шектеу. АҚШ өзінің экономикалық және қаржы әлеуетін ұстай отырып,еңбектің өнімділігі, ЖІӨ-ң қарқыны бойынша, ғылми-техникалық үдерісте және сыртқыэкономикалық байланыстардың даму деңгейі бойынша бәсекелестерінің алдында. АҚШ ғылыми-техникалық әлеуеті бойынша әлемде бірінші орынды алады. Батыс Еуропаның әлемдік экономикадағы рөлі. Еуропалық экономиканың жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін салаларға: 1. Дәстүрлі: автокөлікқұрылысы –Германия, Франция. Авициялық өндіріс – Ұлыбритания, Германия, Франция. Текстиль өнеркәсібі – Италия, Франция. 2. Жаңа: бағдарламалық қамсыздандыру – Германия, Бельгия, Нидерланды. Цифрлық телекөрініс – Франция, Германия. Мобилді байланыс – Швеция, Ұлыбритания, Финляндия.

38. Дамыған елдер экономикасындағы негізгі даму бағыттарына сипаттама берініз. Дамыған елдердің негізгі бағыттарының бірі болып экономиканың ашықтығы болып табылады. Барлық дамыған мемлекеттер интенсивті түрде сыртқы экономикалық қатынастарға қатысады және ХЕБ артықшылығын пайдаланады. Ашық экономика - әлемдік нарықпен және халықаралық еңбек бөлінісімен тығыз байланысты елдің экономикасы. Авторитарлық жабық жүйелердің антиподы. Экономиканың қаншалықты ашық екендігін көрсететін көрсеткіштерге:

экспорт пен импорттың ЖҰӨ қатынасы;

шетелге және шетелден келетін капитал қозғалысы;

валюта қайтарымдылығы;

дүниежүзілік экономикалық ұйымдарға қатынасу деңгейі.

Қазіргі жағдайда ашық экономика ұлттық экономиканың дамуының басты факторына айналып отыр сонымен қатар әлемдік экономикалық стандарттарға қол жеткізудің ориентирі болып табылады.

Екінші жағдай ол халықаралық саудаға елдің араласуы. Сыртқа сауда саясатының негізгі мақсаттары:

осы елдің халықаралық еңбек бөлінісіне кіруінің дәрежесі мен әдісін өзгерту;

экспорт пен импорт көледерін өзгерту;

елді қажетті ресурстармен қамтамасыз ету(шикізат, энергия және т.б);

экспорт пен импорт бағаларының өзгерту. Сыртқы сауда саясатының негізгі екі бағыты бар:

еркін сауда саясаты;

протекционизм.

Еркін сауда саясаты таза күйінде мемлекеттің сыртқы саудаға тікелей араласудан бас тартып, рынокқа негізгі реттеуші рөлін жүктеуін білдіреді. Бірақ бұл мемлекеттің осы шаруашылық іс-әрекетінің бағытына әсер етуден толық шеттелуін білдірмейді. Мемлекет өз шаруашылық субъектілеріне максималды еркіндік беру үшін басқа елдермен келісім-шарттарға отырады.

Еркін сауда оң саяси салдарға әкеледі. өйткені елдердің өзара байланыстылығы күшейіп бір біріне дұшпандық әрекетінің мүмкіндігін төмендетеді.

Еркін сауда саясатының жүргізілуі экономикасы дамыған елдерге халықаралық айырбастан неғұрлым көп пайда алуға мүмкіндік береді. Іс жүзінде еркін сауда саясаты таза күйінде ешқашан және еш жерде қолданылған жоқ.

Протекционизм – отандық экономиканы шетелдік бәсекелестерден қорғауға бағытталған саясат. Еркін сауда саясатымен салыстырғанда протекционизмдегі рыноктық күштердің еркін іс әрекеті жоққа шығарылады. өйткені әлемдік рыноктағы жекелеген елдердің экономикалық потенциалы мен бәсекеге жармдылығы әр түрлі осыған байланысты дамуы жағынан артта қалған елдер үшін күштердің еркін іс әрекеті падасыз болуы мүмкін. Күшті шетелдік мемлекеттер жағынан шектелмеген бәсеке экономикалық дамуы төменірек елдерде экономиканың тоқырауына және осы елде тиімсіз экономикалық құрылымның қалыптасуына ікелуі мүмкін.

39. Дамыған елдердің әлеуметтік экономикалық мәселелрінің негізгі негізгі қайшылықтарын көрсетіңіз. Қазіргі кездегі дамыған елдердің көбісінің негізгі әлеуметтік экономикалық мәселерінің бірі халықтың қартайуы болып табылады. Өмір сүру сапасының жоғары болуынан зейнеткерлердің саны жұмыс істейтін халықтың санынан асып түседі. Сәйкесінше бұл зейнетке шығу жасы мен салықтардың өсуіне алып келеді, бұл орта таптың наразылығын тудырады.

Екінші дамыған елдердің әлеуметтік экономикалық мәселелерінің бірі бұл еңбек миграциясы. Бұның арқасында көп мемлекеттерарзан еңбек күші ретінде пайдаланады. Елдің өзінің халқы аз еңбек ақыға жұмыс жасағысы келмейді, сол себепті еңбек нарығын қажетті еңбек күшімен қамтамасыз етуге болады. Бір жағынан елдің жәрдемақылары жоғары болғандықтан мигранттар жұмыссыз ретінде жәрдемақы алып,еңбек етпейді. Және де бұл еңбек миграциясы ұлтық бұзақы групировкасын тудырады, бұл мемлекеттің қауіпсіздігіне қауіпті. Тағы да маңызды мәселелердің бірі таптар арасындағы табыс бойынша алшақтық болып табылады. Елдердегі инфляция деңгейі еңбек ақысы аз халықтың жағдайын одан гөрі нашарлатып жібереді. Елде бірінші қажеттіліктер қымбаттайды. Сонымен бірге дағдарыстың себебінен елдерде жұмыссыздық проблемасы туындады.

 

40. Дамыған елдердің әлемдік экономикадағы орны мен рөлін сипаттап, олардың жаһандану жағдайындағы қайшылықтарын көрсетңіз. Дамыған елдер — индустриалды және ғылыми-техникалық төңкеріс кезеңін басынан өткерген, экономикада, мәдениетте және саяси-әлеуметтік құрылымда едәуір жоғары деңгейге көтерілген елдер.

Ресей географтары дүниежүзі елдерін экономикалық даму деңгейіне, әлемдік экономикадағы орнына қарай экономикасы дамыған елдер, өтпелі экономика тән елдер және дамушы елдер деп үлкен үш топқа бөледі. Дамыған елдер тобына нарықтық экономика тән, Экономнкалық ынтымақтастық пен даму ұйымына ("Париж клубы") мүше елдер енеді. Бұл елдерге жиынтық ішкі өнімнің және энергияны тұтынудың жан басына шаққандағы көрсеткішінің жоғары болуы, адамның өмір жасының ұзақтығы, қызмет көрсету саласының басымдылығы, экономикасының "ашықтығы", ауыл шаруашылығы үлесінің төмендігі тән. Аталған елдер экономикалық дамудың постиндустриялық кезеңіне аяқ басқан; олардың үлесіне дүниежүзілік жиынтық өнімнің жартысынан астамы тиесілі. Постиндустриялық елдердің экономикасының ашық сипатта болуына "көрінбейтін экспорт" (көлік және қаржы қызметі, туризм, байланыс, ақпараттық қызмет көрсету) әсерін тигізеді. Бұл елдерде байланыс жүйелерінің күшті дамуы ірі фирмалардың қызметкерлерінің үйінде жұмыс істеуіне (АҚШ-та олардың саны 4 млн адамға, ал Ұлыбританияда 1,3 млн адамға жетті), жеке филиалдардың жұмысын үйлестіру мақсатында бейнеконференциялар ұйымдастыруына мүмкіндік береді. Кейбір ғалымдар постиндустриялық елдер тобына халықаралық мамандану ерекшелігіне байланысты экономикасында қызмет көрсету саласы басым болатын дамушы елдерді (Панама, Либерия, Джибути және т.б.) де енгізеді. Дегенмен бұл елдердің жалпы әлеуметгік-экономикалық даму деңгейі дамыған елдерден әлдеқайда төмен екендігі ескерілуі қажет.
Экономикасы дамыған елдер тобын: жоғары дамыған елдер Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері және "қоныс аударған капитализм" елдері деп жіктейді. Жоғары дамыған АҚШ, Жапония, ГФР, Франция, Италия, Ұлыбритания және Канада әлемдік экономиканың басты үш орталығын (еуропалық, америкалық және азиялық) қалыптастырады. Бұл елдер арасында соңғы жылдары, әсіресе Жапонияның даму қарқыны айрықша көзге түседі, ол қазіргі кезде аса ірі халықаралық қаржы және өнеркәсіп орталығына айналған. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері экономикасының даму деңгейінің ғана емес, халықтың әл-ауқатының да жоғары болуымен және саяси жағдайдың тұрақтылығымен ерекшеленеді. Әлемдік экономикада өзіндік орны бар бұл елдердің ЖІӨ құрылымында банк қызметі мен туризмнің үлесі едәуір жоғары.
Бұрын Ұлыбританияның отары болған Аустралия Одағы, Израиль, Жаңа Зеландия және Оңтүстік Африка Республикасы "қоныс аударған капитализм" елдері болып табылады. Экономикасының даму ерекшелігіне байланысты бұл топқа жоғары дамыған елдер қатарына енетін Канаданы да жатқызуға болады. Аталған елдердің экономикасында әлемдік деңгейдегі экономика алпауыттары жетекші рөл атқарады. Басқа дамыған елдерге қарағанда бұл елдерде тау-кен өнеркәсібінің үлесі жоғары, экспортында шикізат пен ауылшаруашылық өнімдері басым.

Халықаралық валюта қорының Дамыған елдер тізіміне кірген елдер:

Австралия, Австрия, Бельгия, Канада, Кипр, Чехия, Дания, Финляндия,Франция, Германия, Грекия, Гонконг, Исландия, Ирландия, Израиль,Италия, Жапония, Оңтүстік Корея, Люксембург, Мальта, Нидерланд,Жаңа Зеландия, Норвегия, Португалия, Сингапур, Словакия, Испания,Швеция, Швейцария, Тайвань, Ұлыбритания, АҚШ, Андорра, Бермуд аралдары, Фарер аралдары, Ватикан, Лихтенштейн, Монако және Сан-Марино.

41. Дамушы елдердің дамыған елдерден артта қалуының себептерін анықтап, дамушы елдердің негізгі әлеуметтік-экономикалық мәселелерін талдаңыз.

Дамушы елдер— империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы. Дамушы елдерге, әдетте, өндіргіш күштердің дамуының салыстырмалы төмен деңгейі, көп жосықты (укладты) экономика, ондапатриархаттық және ұсақ тауарлық шаруашылық жөн-жосықтың жоғары үлесі, әлеуметтік-экономикалық өзгерістердің аяқталмауы тән. " Дамушы елдер" терминін халықаралық қолданысқа 1960-шы жылдары аргентиналық экономист Р. Пербиш енгізді

Дамушы елдердің сипаттамасы:

· Экономикалық және әлеуметтік дамудың төмен қарқыны;

· Әлсіз ұлттық жеке капитал;

· Экономикадағы мемлекттік сектор рөлінің жоғарылығы;

· Өндірістік дамыған елдерден ғылыми-техникалық тәуелділік;

Қатты әлеуметтік қарама-қайшылықтар

Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері жатады.

Олардың дамуы соңғы жылдары ғана яғни ХІХ ғасырдың аяғыннан басталады. Бұл елдердің барлығы дерлік бұрын отардағы мемлекеттер болған, яғни АҚШ, Япония, Ұлыбритания, Испания және Канаданың қол астында болған. Өз тәуелсіздіктерін біртіндеп алғаннан кейін ғана экономикасы даму бастары. Көбінің экономикасы өзтертипориясындағы табиғи эксурстарды шикізат ретінде дамыған елуірге сату, шетелден инвестиция тарту, ауылшаруашылық өнімдерін экспартқа шығару арқылы ғана жүзеге асырылады. Жалпы ішкі өнімі бойынша, яғни табысты әр жан басына шаққанда әл-ауқаты әлі де төмен, яғни көбісі дамыған елдерге бағынышты күінде алып отыр
Экономикасын жақсарту үшін түрлі халқаралық ұйымдарға мүше болады. ХХғ Ғылыми Теқникалық прогресс басталғалы бері оларды электрондық құалдар жасап қарқынмен дамуда.

Дамушы елдердің арасында ең тез қарқынмен дамып келе жатқан Қытай мен Үндістан.

Қазіргі кезде дамушы елдер біршама экономикалық және әлеуметтік прогреске жеткенімен де, олардың экономикасы дамыған елдерге тәуелді болып отыр. Ғасырлық артта қалушылықты жою және экономикалық тәуелсіздікке жету үшін дамушы елдер өздеріне маңызды деген әлеуметтік-экономикалық мәселелерді мемлекеттік тұрғыдан реттеп келеді. Бұл ретте дамушы елдердің экономикалық артта қалушылығын жоюдың ең маңызды тәсілі – елді индустрияландыру болып табылады.

Дамушы елдер экономикасын жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін бәсекелестікке түсікен. Яғни даму бағыттары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзілік әйгілі фирмалармен серіктестіктерқұнын жұмыс істе. Дамушы елдердің әртүрлі саясатының арқасында ЖІӨ соңғы жылдары 2% өсті, бұл дүние халықтарының жағдайының жақсара бастағаның бір белгісі.

42. Әлемдегі дамушы елдер тобына анықтама беріп, оларды бір топқа жатқызудың себептерін түсіндіріңіз.

Дамушы елдер — империалистік мемлекеттердің ұзаққа созылған отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы. Дамушы елдер» терминін ғылыми ұғым ретінде 1960 жылдың басында аргентиналық экономист Р.Пребиш енгізген.

Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері (150-ге жуық) жатады. Олар ұзақ уақыт бойы империалистік мемлекеттердің отаршылдық және жартылай отаршылдық езгісінде болып келді.

Дамушы елдер ұқсастықтары:

• Маңызды табиғи ресурстар

• Бұрынғы отар елдер

• Экономикасының көпжақтылығы

• Халықы санының тез өсуі

• Еңбек ресурстарының көптіліг

• Жастар үлесінің көп болуы

• Ауылдық халықтың басымдығы

• Урбанизацияның аз болуы

• Урбанизацияның жылдам қарқыны

• Жалған урбанизация

• Күрделі этникалық құрам

Дамушы елдер құрамы: Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді:Жетекші дамушы елдер,Жаңа индустриялық елдер,Плантациялық шаруашылық елдері,Мұнай экспорттаушы елдер,Жалға пәтер беруші" елдер, Даму деңгейі төмен елдер

Дамушы елдердің негізгі экономикалық бағыты:экономикасын жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін бәсекелестікке түсу. Яғни даму бағыттары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзілік әйгілі фирмалармен серіктестіктер құнын жұмыс істеу.

Дамушы елдер ерекшеліктері:

Халқының саны бойынша (Индия, Гренада)

• Минералды ресурстармен қамтамасыз етуі бойынша (Сауд Арабия, Демократиялық Конго Республикасы,Парагвай, Судан)

• ЖІӨ бойынша жан басындағы шаққандағы (Катар, Кувейт, Непал, Чад)

Дамушы елдердің әлемдік экономкадағы орны артып келеді. Мұны олардың халықаралық еңбек бөлінісдегі және әлемдік ЖҰӨ дегі дамушы елдер үлесінің артып, әлемдік саудадағы үлесінің артуымен түсіндіруімізге болады.

43. Дамушы елдердің әлемдегі ірі аймақтық топтарының ерекшеліктеріне қысқаша сипаттама беріңіз. отарлық және жартылай отарлық қанауы салдарынан өздерінің әлеуметтік-экономикалық дамуы жағынан артта қалған Азиядағы, Африкадағы, Латын Америкасындағы тәуелсіз елдердің тобы. Дамушы елдер» терминін ғылыми ұғым ретінде 1960 жылдың басында аргентиналық экономист Р.Пребиш енгізген.

Дамушы елдерге Азияның барлық мемлекеттері (Япония, Өңтүстік Қорея және Израиль жатпайды), Латын Америкасы елдері және Африка (ОАР жатпайды) елдері (150-ге жуық) жатады. Олар ұзақ уақыт бойы империалистік мемлекеттердің отаршылдық және жартылай отаршылдық езгісінде болып келді.

Дамушы елдер ұқсастықтары:

• Маңызды табиғи ресурстар

• Бұрынғы отар елдер

• Экономикасының көпжақтылығы

• Халықы санының тез өсуі

• Еңбек ресурстарының көптіліг

• Жастар үлесінің көп болуы

• Ауылдық халықтың басымдығы

• Урбанизацияның аз болуы

• Урбанизацияның жылдам қарқыны

• Жалған урбанизация

• Күрделі этникалық құрам

Дамушы елдер құрамы: Дамушы елдерді экономикасының ауқымына, халықаралық еңбек бөлінісіндегі орнына, әлеуметтік-экономикалық даму деңгейіне байланысты алты топшаға жіктейді:Жетекші дамушы елдер,Жаңа индустриялық елдер,Плантациялық шаруашылық елдері,Мұнай экспорттаушы елдер,Жалға пәтер беруші" елдер, Даму деңгейі төмен елдер

Дамушы елдердің негізгі экономикалық бағыты:экономикасын жақсарту және дамыған мемлекеттер қатарына қосылу үшін бәсекелестікке түсу. Яғни даму бағыттары қолда бар ресурстарды тиімді пайдаланып, дүниежүзілік әйгілі фирмалармен серіктестіктер құнын жұмыс істеу.

Дамушы елдер ерекшеліктері:

Халқының саны бойынша (Индия, Гренада)

• Минералды ресурстармен қамтамасыз етуі бойынша (Сауд Арабия, Демократиялық Конго Республикасы,Парагвай, Судан)

• ЖІӨ бойынша жан басындағы шаққандағы (Катар, Кувейт, Непал, Чад)





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 3866 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2313 - | 2020 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.