Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лем елдерінің әлеуметтік-экономикалық модельдеріне шолу жасап, олардың ерекшеліктерін қысқаша сипаттаңыз.




Либералдық модель. Бұл әлеуметтік –экономикалық модель мысалына АҚШ, Канада, Ұлыбритания экономикалалық жүйелері жатады. Оған жеке сектордың мемлекеттік сектордан артық болуы, өндіріс, инвестициялау, тауар өткізу, жұмыс күшін пайдалану салаларында жеке шешімдердің басым болуы тән. Мемлекеттің экономикаға араласуы шектеулі, тек стратегиялық маңызы бар салаларда (қорғаныс, мемлекеттік білім беру ж»не денсаулық сақтау т.б) ғана мемлекет өз талаптарын қоя алады. Бәсекелестік пен акционерлік капитал басшылықты неғұрлым көп табыс алуға итермелейді. Мемлекет кейбір жағдайларда макро және микроэкономикалық процесстерге белсенді қатысады. Ұлттық және жергілікті билік органдары бәсекелестікті қолдау, нарықтың құлдырауын жұмсарту, және белгілі бір топтарды қорғау үшін жеке секторды заңнама және әкімшілік шаралар арқылы реттейді. Шаруашылық механизмінің мұндай моделі,сонымен қатар, дарвинистік немес ағылшын-саксондық деп те аталады.

Либералды-реформистік модель.Ол либералдық модельге жақын. Бұл модельге реттелетін нарықтық шаруашылық пен жеткілікті дамыған әлеуметтік қамсыздандырудың мемлекеттік жүйесі тән. Үкімет, кәсіпкерлер ұйымдары, кәсіподақтар мүдделердің үйлесімдігі үшін келіссөздер жүргізеді. Бұл модельді солтүстік-батыс Еуропа елдері ұстанады оны рейндік модель деп атайды. Бұл елдерде жалақының тұрақты деңгейі байқалады.

Корпоративтік модель. Бұл модель реттелетін нарық жүйесін сипаттайды және мұнда мемлекеттік араласудың интенсивті формалары байқалады. Оның екі түрі бар: демократиялық және иерархиялық. Демократиялық корпоративизм билік басында көп уақыт социал-демократтар болған елдерде басым, мемлекеттік кәсіпкерлік деңгейі өте жоғары(Швеция, Солтүстік Еуропа елдері, Австрия). Бұл жүйеде қоғамдық және жеке мүдделердің үйлесімділігі арқылы экономикалық өсу мен жалпы әлеуметтік әл-ауқатының жоғарылауына ықпалдастық жүзеге асырылады; тараптар арасында капитал, материалдық ресурстар, жұмыс күшіне қатысты мәселелер келісім арқылы шешіледі.

Иерархиялық корпоративизм Жапония, Оңтүстік Корея елдеріне тән. Мемлекет іскерлік белсенділікті қамтамасыз етуге белсенді ат салысады, алайда оның кәсіпкерлік сектордағы үлесі аз. Үкімет, банктер мен ірі корпорациялар арасында тығыз байланыс бар.

Әлеуметтік-нарықтық модель. Бұл модель ГФР-ге тән. Ол әлеуметтік осал топтарға, нарықтық экономикаға төтеп бере алмайтын құрылымдарды(фермерлер, ұсақ шаруашылықтар т.б) қолдауға бағытталған модель болып табылады. Әлеуметтік бағытталған шаруашылықта мемлекеттің әл-ауқатты қамсыздандырудағы экономикалық белсенділігі байқалады. Банктер, компаниялар, үкіметтің байланысы өте тығыз.

13. Әлем елдерінің экономикалық даму деңгейі мен өсу қарқынының әр түрлі болуына тарихи шолу жасап, себептерін түсіндіріңіздер. Әлем әлеуметтік-экономикалық табиғаты жағынан біржақты емес. Әр түрлі елдердегі эконмикалық даму көрсеткіштерінің алуан түрлі болғандықтан экономикалық даму деңгейін бір көзқараста қарауға болмайды. Ұлттық экономика мен әлемдік шаруашылықтың даму кезеңі негізгі көрсеткіштерге өзгерістер енгізеді. Ең қарапайым түрі –ол жан басына шаққандағы табыс деңгейіне байланысты бөлу. Әлем елдерінің ЖІӨ жиынтық көлемі 2012 ж бойынша сатып алу қабілеті паритеті бойынша алғашқы ондық: Катар, Лихтенштен, Люксембург, Сингапур, Норвегия, Бруней, АҚШ, ОАЭ, Швейцария, Канада, Австралия. Сатып алу паритететі қабілеті бойынша жан басына шаққандағы ЖІӨ көрсеткіштері бойынша қамтамасыз етілген елдер мен территорияларға: Люксембург, Катар, Норвегия, Бруней, Кувейт, США, Сингапур.әлемнің ең кедей елдері Африкада орналасқан, оларға Бурунди, Центрально-Африканская Республика, Демократическая республика Конго, Эфиопия, Гамбия, Гвинея-Биссау, Либерия, Малави, Нигер, Зимбабве, Мозамбик. Аталған елдердегі жан басына шаққандағы ЖІӨ көлемі 250-ден 750 долл./адам. құрайды. Бұл көрсеткіш бойынша Ресей 48 орында, Қазақстан 60 орында. ТМД ең кедей елі Тәджікістан болып табылады -155 орында. Әлемнің дамушы елдері арасында соңғы онжылдықтарда Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Азия (ОША) елдерінің жетекшілігі айқындалды. Соңғы екі онжылдықта ОША елдері арасында экономикалық өсімнің жоғарғы қарқынын Қытай көрсете алды. Болашақта әлемнің экономикалық орталығы Шығыс Азия және ОША (Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея, тұтастай ОША-ның ЖИЕ-рі) болуы мүмкін, олар қазір әлемдік ЖІӨ 30%-ды құрайды. Осы аймақтың позициясының күшеюі сондай-ақ оның потенциалды жоғарғы қарқынмен даму үстіндегі көрші елдерді – Оңтүстік Азия, Солтүстік Америка, Латын Америкасы, Австралия мен Океанияны өзіне тарту орталығы болып құрылуынан көрінеді. Бұл әлемнің макроаймағы – Азиялық-Тынық мұхиттық аймақ (АТА) деп аталады. Экономиканың даму деңгейінің басқа да көрсеткіштеріне еңбектің өнімділігі, жан басына шаққандағы электроэнергияның жылдық шығарылымы, өнеркәсіптік өндірістегі және экспорттағы ғылымды қажет ететін өнімдер, әлемдік нарықтағы тауарлар мен қызметтердің бәсекегеқабілеттілігі, экономика жағдайы (ЖІӨ өсім қарқыны), ЖІӨ және жұмысбастылық құрылымы. Аталған әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштер бойынша елдерді 3 топқа бөлуге болады: нарықтық экономикадағы өнеркәсібі дамыған елдер, олар әлемдік шаруашылықтың тірегі десе де болады; Азия, Африка, Латын Америка мен Океанияның дамушы елдері немесе үшінші әлем елдері десе де болады; өтпелі экономикалы елдер, шаруашылықты дамытудың жаңа формалары жолында тұрған Шығыс Еуропа мен Ресей елдері болып табылады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 881 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2395 - | 2263 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.