Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Интеграциялық бірлестіктің мәні мен типтер




1.Экономикалық бірігу – бұл мемлекетаралық келісімдер формасын алатын шаруашылық механизмдерді жақындатуға әкелетін елдердің өзара ықпал ету процесі.

Қазіргі экономикалық сөздік анықтамасы бойынша, интеграция (латын тілінен «integer» — толық) – экономикалық тұлғалардың бірігуі,олардың өзара әрекеттесуінің тереңдеуі, өзара байланыстардың дамуы. Экономикалық интеграция жеке елдердің ұлттық шаруашылығы деңгейінде және де кәсіпорындар, фирмалар, корпорациялар, компаниялар арасында да жүреді. Экономикалық интеграция өндірістік–технологиялық байланыстарын кеңейту мен тереңдетуді, ресурстарды бірлесе пайдалану, капиталдар бірігуі, сол сияқты, бір-біріне қолайлы жағдай жасау арқылы экономикалық іс-әрекеттерге өзара «кедергілерді» жою бағыттарында айқын көрінеді.

Тарихи интеграция эволюциялық дамитын бірнеше негізгі сатылардан тұрады және оның әрқайсысы интеграцияның жетілу дәрежесінің көрсеткіші болып есептеледі.

Бірінші деңгейде мемлекеттер өзара жақындасудың алғашқы қадамы ретінде преференциалдық сауда келісімдерін жасайды. Бұл келісім жеке мемлекеттер арасында екі жақтылық негізінде немесе қалыптасқан интеграциялық топ пен мемлекет не мемлекеттер тобының арасында жасалуы мүмкін.

Келісімге сәйкес мемлекеттер бір-біріне үшінші мемлекеттерге қарағанда қолайлырақ режим ұсынады. Бұл интеграцялық процестіңдайындық кезеңі немесе преференциалдық режим.

Интеграцияның екінші деңгейінде мемлекеттер екі жақты саудада кедендік тарифтерді жай ғана қысқартуды емес, оны мүлдем алып тастауды көздейтін еркін сауда аймағын (ЕСА) құруға көшеді, бірақ үшінші елдермен қатынаста ұлттық кедендік тарифтер өзгертілмейді. Басым көпшілік жағдайда еркін сауда аумағының шарттары ауыл шаруашылық өнімдерінен басқа барлық тауарларға қолднылады.

Интеграцияның үшінші деңгейі кедендік одақ (КО) құруға негізделген. Бұл ұлттық кедендік тарифтер тобын келісімді түрде алып тастап, үшінші мемлекеттерге қатысты сауданы реттеуде ортақ кедендік тарифті енгізу және біріңғай тарифтік емес жүйесін қолдану болып табылады.

Әдетте кедендік одақ үйлестірілген сыртқы сауда саясатын қалыптастыратын мемлекетаралық органдардың дамыған жүйесін құруды талап етеді.

Интеграциялық процестің төртінші деңгейі –ортақ нарыққа жеткенде интеграцияланатын мемлекеттер тек тауарлар мен қызметтердің ғана емес, өндіріс факторларының – капитал және жұмыс күші – қозғалысының еркіндігі туралы келісім жасайды. Бұл экономикалық саясатты үйлестіру кезеңі.

Ең жоғарғы бесінші деңгейде интеграция ортақ кедендік тариф және тауарлар мен өндіріс факторлар қозғалысының еркіндігімен қатар, макроэкономикалық саясатты, валюта, бюджет, ақша сияқты негізгі салаларда үйлестіруді, заң шығарушылықты үйлестіруді көздейтін экономикалық одаққа айналады. Үкіметтер келісілген түрде өз қызметтерінің біршама бөлігінен бас тартады, яғни мемлекттік суверенитеттің бір бөлігін мемлекеттер үстіндегі органдар пайдасына береді. Бұндай қызметтерге ие болған мемлекеттер үстіндегі органдар бірлестікке қатысты мәселелерді мүше-мемлекеттер үкіметтерінің келісімінсіз шешуге құқы бар. Мысалы, ЕО – ғы (Еуропа одағы) шеңберінде – бұл ЕО комиссиясы.

Интеграцияның алтыншы деңгейінің де болуы мүмкін – бұл Саяси одақ (СО). Ол ұлттық үкіметтердің үшінші елдермен қатынасын қамтитын қызметтерінің басым көпшілігін мемлекеттер үстіндегі органдарға беруді көздейді. Іс жүзінде бұл жеке мемлекеттердің егемендігін жоғалтып, халықаралық конфедерация құруды талап етеді.

Бірақ интеграциялық топтардың бірде-біреуі дамудың бұл деңгейіне жеткен жоқ, тіпті өз алдына бұндай мақсаттар қойған жоқ.

 

34.Әлемдік экономикадағы ірі интеграцияның бірліктерін атап, олардың ерекшеліктерн көрсетіңіз.

Әлемдік экономикадағы ірі интеграциялық бірлестіктерге Еуропалық Одақ, САЕСА (NAFTA), АSEAN, MERCOSUR, АТЭҚ (АТЭС).

Еуропа одағы — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық, валюталық бірлестік.Соңғы жылдары ЕО-ғы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия,Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді.таңда ЕО-тың әлемдік экономикада маңызы зор. Себебі, әлемдік сауданың 1/3 және ЖІӨ нің 1/5 бөлігі ЕО-қа тиеселі. Сонымен қатар, ЕО-тың ортақ валютасы әлемдік экономикада сауда қатынастарын реттеуде маңызды.

Солтүстік Американдық Еркін Сауда жөніндегі Келісім (НАФТА, NAFTA, North American Free Trade Agreement) − Канада, АҚШ және Мексика арасындағы Еуропалық Одақ модельдеріне негізделген еркін сауда жөніндегі келісім. НАФТА келісімі 1994 жылдың 1 қаңтарында күшіне енеді.

НАФТА әлемде 368 млн. адамнан және сатып алу қабілетінен тұратын көлемі бойынша екінші нарық болып табылады, оның сатып алу қабілеті Еуропалық экономикалық кеңістікпен (ЕВР) тең келді. АҚШ экономика көлемі бойынша НАФТА зонасының ІЖӨ-ң 88,4 құрайды.

Латын Америкасындағы ең үлкен әрі ең интеграциялық одақ – оңтүстік конустағы ортақ нарық елдері, оларға: Аргентина, Бразилия, Парагвай және Уругвай немесе МЕРКОСУР.МЕРКОСУР – Оңтүстік Америка құрлығы елдерінің ортақ нарығы. Құрлықтың ІЖӨ-нің 75 пайызын құрайтын ұйым аумағында 250 млн адам өмір сүруде. МЕРКОСУР-ді Кедендік одақ деп те атайды. Бірақ бұл ұйымды еркін сауда аймағы деп атаған дұрыс.

Меркосур мақсаты – аймақтың экономикаларының халықаралық бәсекелестігінің артуы, қарқынды әрі өзара сауда мен инвестицияны тиімді қолдану арқылы қатысушы елдердің экономикалық өсуін қастамасыз ететін бірлестік құру.

Ұйым мына мәселелерді шешу үшін әрекет етеді: АҚШ-тың айтарлықтай ықпалы; көлік инфрақұрылымының дамымауы; Аргентина мен Бразилия қатынастарының қарама-қайшылығы; МЕРКОСУР ішіндегі энергетикалық интеграцияның қарама-қайшылығы; энергоресурстармен қамтамасыз етудің тұрақсыздығы; энергоресурстарға ішкі бағаны тежеу саясатының тиімсіздігі; жетілмеген заңнамалар; әлеуметтік-экономикалық және саяси тұрақсыздық.

AСЕАН (ағылш. The A ssociation of S outheast A sian N ations — Оңтүстiк-шығыс Азия елдерiнің ассоциациясы) — Оңтүстiк-шығыс Азияның 10 елi кіретін өңірлік саяси, мәдени әрі экономикалық ұйым. 1967 ж. тамыздың 8 Индонезия, Малайзия, Филиппиндер, Сингапур және Таиланд негізін қалаған.Ұйым мақсаты — экономикалық өсуді, әлеуметтік, мәдени дамуды жаңғырту, аймақта бейбітшілікті қамтамасыз ету.

Ұйым аймақта экономикалық өсімді, әлеуметтік және мәдени дамуды жеделдету, аталған салаларда белсенді ынтымақтастық пен өзара көмек көрсету мақсатында ғылым мен технология, қоршаған орта, мәдениет пен ақпарат, әлеуметтік даму ынтымақтастығын үйлестіреді. 1995 жылы АСЕАН елдері Оңтүстік-Шығыс Азия аймағында ядролық қарусыз аумақ құру туралы шартқа қол қойды.

Азия-Тынық мұхит аймағы елдерінің әлеуметтік-экономикалық даму одағы (AТEC)— 1989 жылы Австралияның бастамасымен құрылған халықаралық ұйым. Мақсаты: Азия-Тынық мұхит аймағы (АТА) халықтарының мүддесіне сәйкес экономикалық дамуды қамтамасыз ету; дүниежүзілік экономиканың дамуға жәрдемдесу; аймақтық өзара экономикалық тәуелділік жағдайында көпжақты еркін сауда жүйесін қамтамасыз ету; Азия-Тынық мұхит аймағындағы ашық сауда мен инвестициялық саясаттағы кедергілерді жою; аймақтық ынтымақтастықта еркін сауда принциптерін жүзеге асыру. Негізгі принциптері: өзара құрмет, жауапкершілік және серіктестік; дамушы мемлекеттердің мүддесіне сәйкес өзара тиімділік; ашық диалог арқылы консенсус қажету

 

 

Еуропа Одағының интеграциялану тәжірибесіне қысқаша шолу жасап, ол одақтың басқа топтарға көрсететін үлгісінің оң және теріс жақтарын сипаттаңыз.

Еуропа одағы — Еуропаның Еуропалық Одақ туралы келiсiм шартына қол қойған 27 мемлекеттің экономикалық және саяси бірлестігі. Еуропа одағы (ЕО) — халықаралық саяси және экономикалық бірлестік. Жалпы саны 373 млн адамнан асатын халқы бар Еуропа территориясында орналасқан Германия, Франция, Италия, Бельгия, Нидерланд, Люксембург, Ұлыбритания,Дания, Ирландия, Грекия, Испания, Португалия, Австрия, Финляндия, Швеция сияқты елдердің (1993) қатысуымен құрылған. Еуропа одағы еуропалық қауымдастықтың, атап айтқанда, Еуропалық көмір мен болат қорыту бірлестігінің (1951, осы ұйым Еуропа одағының құрылуына негіз қалады), Еуропалық экономикалық қауымдастықтың (1957 жылы Рим келісімшарты бойынша құрылған бұл ұйым “Ортақ рынок” деп те аталады), сондай-ақ, Атом энергиясы жөніндегі еуропалық қауымдастықтың (1957 жылы құрылған) қарым-қатынастары негізінде жұмыс істейді. Кейіннен бұл Одаққа – Польша, Венгрия, Чехия, Словакия,Словения, Хорватия, Эстония, Латвия, Литва елдері мүше болды. ЕО-ғы аясындағы интеграциялық ынтымақтастықтың басты мақсаттары Бірегей еуропалық актіде (1987), Маастрихт келісімшартында (1992) және Амстердам келісімінде(1997) көрсетіліп айқындалған. Соңғы жылдары ЕО-ғы мынадай бағыттарда: ортақ рыноктан экономикалық және валюталық одаққа өту; кең өрістілік стратегиясын жүзеге асыру; бірегей сыртқы саясат пен қауіпсіздік саласында тұтастық ахуалын қалыптастыру; Жерорта теңізі жағалауындағы, Азия,Латын Америкасы, Африка құрлығындағы аймақтық саясатты жандандыру; әлеуметтік саладағы үйлесімділікті одан әрі арттырып, құқық қорғау және ішкі тәртіпті сақтау ісіне әріптестік байланыстарды өрістету мұратына қызмет етіп келеді. 1999 жылдың бірінші қаңтарынан бастап (алғашқы кезекте он бір мемлекет: Австрия, Бельгия, Германия, Ирландия, Испани, Италия, Люксембург, Нидерланд, Португалия, Финляндия, Франция) есеп айырысу операциялары үшін тепе-теңдік қасиеті бекіндірілген бірегей еуро (1996 жылға дейін ЭКЮ) валютасын енгізді. 2002 жылдан бастап қолма-қол төлемдерге арналған тиындар мен банкноттар айналымға қосылмақшы. Еуропа одағының жалпы органдары қатарына Еуропалық комиссия, Еуропалық парламент, ЕО-тың Кеңесі, Еуропалық сот, Аудиторлар палатасы, т.б. жатады. ЕО әлемдегі ең ірі сауда қауымдастығы болып табылады. 1995 жылдың қаңтарында ЕО комиссиясының штаб-пәтері орналасқан Брюссель қаласында Қазақстан Республикасы мен ЕО және оның мүше мемлекеттерінің арасында серіктестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды. Жаңа тәуелсіз мемлекеттерге, оның ішінде Қазақстанға ЕО ТАСИС бағдарламасы шеңберінде үлкен көмек көрсетіп отыр. Бұл бағдарлама 1991 жылдан бастап орындалуда.

Әрине қазіргі таңда ЕО-тың әлемдік экономикада маңызы зор. Себебі, әлемдік сауданың 1/3 және ЖІӨ нің 1/5 бөлігі ЕО-қа тиеселі. Сонымен қатар, ЕО-тың ортақ валютасы әлемдік экономикада сауда қатынастарын реттеуде маңызды.

Еуропалық қауымдастықтың және Одақтың дамуының бүгінгі күнге дейінгі дамуының басты үрдісі болып отыр:

• ЕО-ың ішкі бірыңғай нарығы қалыптасқан жалпы нарықты құру, яғни, "осы Келісім ережелеріне сәйкес тауар, қызмет және капитал айналымы еркін жүргізілетін ішкі шекарасыз кеңістік" орнату (Еуропалық Қауымдастық құру жөніндегі Келісімнің 4-бабы);

• Экономикалық және валюталық одақ орнату. Оның негізі ЕО бірыңғай ақша бірлігінің - еуроның (бұл процеске әзірше өз үлттық валюталарын айналымда қолданатын ¥лыбритания, Дания және Швеция, сондай-ақ ЕО-ның 10 жаңа мүше-мемлекеті қосылған жоқ) енгізілуі;

• Шенген кеңістігін құру және осы Шенген келісімінің негізінде шетелдіктерге бірыңғай визаны енгізу;

• ЕО институттарының әртүрлі салаларда ортақ саясат жүргізуі: ЕО-ның ортақ аграрлық саясатын, бәсекелестік саясатын, көші-қон, көлік, экологиялық және т.б. саясаттарын жүргізу;

• ЕО қүқын - мүше- мемлекеттердің, заңды түлғалардың және қарапайым азаматтардың қатысуымен қоғамдық қатынастардың маңызды салаларын реттейтін өзіндік қүқық жүйесін қалыптастыру;

• Tұрақты, құқықтық байланысы ретінде Одақтың азаматтық институтын құру;

• Одақ азаматтарының негізгі қүқықтық ережелері бекітілген жаңа кешенді дерек көзі - 2000 жылы қабылданған ЕО-тың негізгі қүқықтар жөніндегі Хартиясы.

XXI ғасырдын басында ЕО қайта қүрулардың жаңа кезеңіне өтті, оның мақсаты - үйымды тиімді қызмет ету жолын қалыптастыру және демократияландыра түсу болды.

Еуропалық одақ әлемдегі ең дамыған интеграциялық бірлестік болып табылады, оның интеграциялық деңгейіне әлі ешбір бірлестік жеткен жоқ. Оның құрамдас мүшелерінің экономикалық, саяси, әлеуметтік қоғамдық мүдделерінің үйлесімділігі интеграциялануды одан ары терең дамытуға мүмкіндік береді. Оның дамуы барлық ұйым мен одақтарға үлгі болуі тиіс. Алайда оның теріс жақтары да бар. Еуроодақта ең күрделі мәселелердің бірі- жұмыссыздық болып табылады. Одақтың неғұрлым дамыған мемлекеттерінде бұл үдеріс қатты байқалады, себебі еңбек күшінің еркін қозғалу заңына байланысты Одақтың кедей мемлекеттерінен арзан жұмыс күші келеді, сол себепті жанжалдар туып жатады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 2892 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Большинство людей упускают появившуюся возможность, потому что она бывает одета в комбинезон и с виду напоминает работу © Томас Эдисон
==> читать все изречения...

2532 - | 2190 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.