Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Лемдегі «жаңа индустриалды елдер» түсінігін анықтап, олардың негізгі экономикалық саясаттарын сипаттаңыз.




Жаңа индустриалды елдер - соңғы онжылдықтарда бір-қатар өндіріс салалары, соның ішінде өндеу саласы пайда болған, осының нәтижесінде өндіріс өнімін әлемдік нарыққа жеткізуді кеңейтіп отырған дамушы елдер тобы.

Оңтүстік Корея экономикасының негізгі бағыттары мемлекеттің алпыс жылдық тарихында қатты өзгерді. Дамыған елдердегідей 90-шы жылдар басында ел экономикасының негізгі тірегі қызмет көрсету саласы бола бастады. Бүгінде аталған сала ЖІӨ-нің үштен екісін құрап отыр.

Қазіргі таңда ел экономикасы алдымен электроника, тоқыма, автокөліктер секілді халықтық тұтыну тауарларына, сондай-ақ, болат өндірісі мен кеме жасау секілді ауыр өнеркәсіп секторына арқа сүйейді. Бұл салалардың өнімі экспорттың негізгі бөлігін құрайды.

Бүгінде Оңтүстік Корея ІЖӨ деңгейі (710 млрд.$) бойынша әлемде 11-ші орынды иеленеді. Елдің экономикасы кешегі 80-90 жылдары шапшаң қарқынмен дамып, жылына 8-12 пайызды құ­рады.

Бүгінде Оңтүстік Корея экономикасын алға сүйреп отырған локомотивтердің бірі — бұл тұтынушылық электроника тауарлары өндірісі.

Сингапур Республикасы 40 жылдың ішінде халықаралық саясат, экономикасының қарқынды дамуымен бүкіл әлем мойындаған Оңтүстік-ШығысАзиядағы алып шаһарға айналды.Сингапур да 90-шы жыл­дар­дың орта тұсында Оңтүстік-Шы­ғыс Азиядағы өндірісі жедел қар­қынмен (жылына 14 %) дамыған елдердің қатарына қосылды. Бү­гінде бұл елдің өнеркәсібінде роботтар кеңінен пайдаланылады. Жапония мен Гонконг ірі инвес­торлар саналады. Сингапур мұ­най өңдеу жөнінен дүние жү­зіндегі алдыңғы орындардың бі­рінде. Мұнда жылына 20 млн. тоннадан астам мұнай өңделеді. Жоғары технологиялар саласында ғылым­ның жетістігі табысты қолда­ны­лады. Сондықтан да Сингапур ком­пьютерлер шығару мен роботтарды өндіріске енгізу бойынша Азияда Жапониядан кейінгі екін­ші орында. Жыл сайын Син­га­пурға 5 млн. турист келіп қай­та­ды. Олар Сингапурды «сүй­кім­ді Азия» немесе «экватордағы Еуропа» деп атайды.

Гонконг (Сянган) экономикасы ер­кін нарықтық қатынасқа негіздел­ген, салық мөлшері төмен, мемлекет экономикаға араласпайды. Мұнда ауыл шаруашылығына жарамды жер де аз, табиғи ресурс­тарға аса бай емес. Сондықтан да азық-түлік пен шикізаттың көп бөлігі, тіпті ауыз суға дейін шеттен тасымалданады. ІЖӨ-нің 90 пайызы қызмет көрсету салала­ры­ның үлесіне тиеді. Бүгінде Гонконг тектен-тек дүниежүзілік ірі қаржы орталықтарының бірі атанып отырған жоқ. Бұл жөнінен ол Азияда бірінші, ал әлемде алғаш­қы үштікке кіреді. Жуырда Гонконг пен Қазақстан арасында Бейнеу-Шымкент магистралды газ құбырын салуға он бес жылдық мерзімге 1,8 млрд. доллар несие бе­ру жөнінде келісімге қол қойылды.

Тайвань да Қытайдың провинциясы саналғанымен шын мәнін­де тәуелсіз мемлекет. Ол әлемдегі капиталды ең ірі сыртқа, әсіресе, Оңтүстік Шығыс Азияға шыға­рушылардың бірі. Соңғы бес жыл­­­­да оның көлемі 36 млрд. дол­ларға жетті. Бұл елде де электр қуаты негізінен жалпы әлеуеті 4,9 млн. КВт-тық алты АЭС-те өн­діріледі. Оған қажетті уран ши­кі­заты Шығыс Азияның басқа ел­дері секілді Африкадан әкелі­не­ді. Осы заманғы озық техно­ло­гияға қол жеткізген Тайвань электронды тауарлардан ОЕМ-құрыл­ғысы мен оған дисплейлер шы­ғаруға маманданған. Кеме жасау ісіне де маманданып, әсіресе, спорт­тық яхталарды көбірек шы­ғарады. Сондай-ақ, бұл ел шыға­ратын сапалы спорттық киімдер мен аяқ киімдер, құрал-жабдық­тар, теннис ракеткалары мен түр­лі доптар әлемдік рынокта үлкен сұранысқа ие. Туризм саласы да елдің экономикасында елеулі рөл атқарады. Мұнда демалыс пен қонақ үй­лерде шығысқа тән дастарқан мол­шылығы мен батыс­тық үл­гідегі жанға жайлы қызмет көр­сету жағдайлары жасалған­дық­тан әлемнің әр түкпірінен туристер ағылып келіп жатады. Дегенмен, Тайвань экономикасы шет­тен тасымалданатын отын мен шикі­заттарға тәуелді. Ал, экс­портқа осы заманғы өнеркәсіп тауарлары шығарылады. АҚШ, Жапония, Германия және Гонконг елдері сауда-саттықтағы ең басты әріп­тестері.

Малайзия – қарқынды дамушы индустриалды-аграрлық мемлекет. Халықтың Адам басына бұл көрсеткіш 15 300 долл. құрайды (2008 ж.) және аймақтағы ең жоғарғы көрсеткіш болып табылады. ІЖӨ құрылымы келесі түрде бөлінген: ауыл шаруашылығы - 9,7%, өнеркәсіп - 44,6%, қызмет көрсету саласы - 45,7% (2008 ж.). Соңғы жеті жылда елдің алтын валюталық қоры үнемі ұлғайып келді.Еңбекке жарамды халықтың саны - 11,2 млн.адам (2008 жылғы мәліметтер бойынша), олардың 13%-ы ауыл шаруашылық саласында, өнеркәсіп саласында - 36%, қызмет көрсету саласында - 51%. ІЖӨ ең улкен үлесі қызмет көрсету саласына тиесілі, оның басым бөлігі үстеме және бөлшектем сату сауда, сондай-ақ қаржы қызметі; сақтандыру және жылжымайтын мүлік алу. Жұмыссыздық деңгейі 3,2% пайызды құрайды

45. «Өтпелі экономика» түсінігінің мәні мен қандай жүйеден қандай жүйеге көшу керектігін бейнелеңіз. ХХ ғ 90 жж әлемдік социалистік жүйе құлағаннан кейін өтпелі экономикалы елдер пайда бола бастады. Бұл топқа Орта және Шығыс Еуропаның 12 елі, 15 ел - бұрынғы советтік мемлекеттері және Монғолия, Қытай мен Вьетнам (бірақ ресми түрде соңғы екі ел социалистік болып саналады). Бұрынғы әкімшілік – әміршіл экономика жүйесінде тек Солт. Корея мен Куба қалды.

Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.

Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.

Практикада 2 экономикалық реформалардың баламасы бар:

1. Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті

2. Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.

Өтпелі экономикалы елдер мен дамушы елдердің мақсаттары ортақ. Ол – заманауи нарықтық экономиканы құру. Бұл қатардағы елдерге дамыған елдерді қуып жетудің ең басты амалы. Сондықтан оларды кейде «қуып жету дамуы» («догоняющего развития») немесе постсоциалистік елдер деп атайды. Бұл қатардағы кейбір елдер дамушы нарығы бар елдер қатарына қосылған (Россия, Казахстан, Украина, Латвия, Литва, Эстония, Чехия, Венгрия, Польша, Хорватия, Вьетнам)

Өтпелі экономикалы елдер әлемдік экономикада аралық (промежуточное) орын алады. Бір жағынан қарағанда көптеген экономикалық және әлеуметтік көрсеткіштер бойынша (жан басына шаққандағы ЖІӨ, өмір сүрудің орташа ұзақтығы, балалар өлімі, сатып алу қабілеті «өмір сүру сапасы» және т.б.) дамушы елдер арасында орындар алады. Оларда салыстырмалы түрде индустриалды дамыған немесе индустриалды – аграрлы экономикасы дамыған және ғылыми-техникалық пен адами әлеуеті айтарлықтай көп.

Өтпелі экономикалы елдер әлемдік ЖІӨ-нің 17%-н өндіреді, соның ішінде орталық және шығыс Еуропа - 3 дан артық, ТМД елдері - 4%-ға жуық, Қытай – шамамен 10%.

Өтпелі экономикалы елдер түрлері:

1. Қазіргі ТМД-ға біріккен, бұрынғы совет елдері. Олардың кейбір елдерінде нарықтық реформалар табысты өтуде және экономикалық өсуі көрініп келеді. Ал басқа елдерде (Беларусь, Узбекистан, Туркменистан) нарықтық реформалар өте әлсіз жүруде. Кейбірінде өмір сүру деңгейі күрт төмендеп, олар кедей елдер қатарына қосылуда.

2. Орталық және Шығыс Еуропа елдері(ОШЕ), Балтық елдерімен бірге. Бұл елдер салыстырмалы түрде даму деңгейң жоғары және олардың 12 – сі ЕО – қа мүше. ОШЕ елдеріндегі кейбірі көшбасшылардан әлдеқайда артта олар: Албании, Болгарии, Румынии және бұрынғы Югославияның елдері (Македония,Сербия, Черногория, Босния и Герцеговина.

3. Келесі топқа Қытай мен Вьетнамды жатқызуға болады.

 

Жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиясына сипаттама беріңіз, олардың басты ерекшеліктерін анықтаңыз.

Өтпелі экономика – ескі экономикалық жүйенің құлдырап жаңа жүйенің қалыптасуын айтады. Өтпелі экономиканың сипаттары ол тұрақсыздық, өтудің «соңғы» пунктерінің нұсқаларының көптігі, экономикалық емес факторлардың басым болуы.

Тарихи шағын уақыт аралығында мыналар өзгереді: ресурстарды бөлу тәсілдері, ұдайы өндіріс түрлері, экономикалық дамудың мақсаты мен құралдары, мотивация модельдері, құқықтық институттар.

Тәжірибеде жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтудің негізгі екі стратегиялық реформалардың баламасы бар:

1. Радикалды (тез) реформалар – «шоковая терапия(талықсықпалы ем)», бұдан Ресей, Польша өтті;

2. Эволюциялы біртіндеп өту (постепенного эволюционного перехода) – Қытай және Венгрия өтті.

Радикалды реформалар стратегиясы - нарықтың қалыптасуының және инфляцияға қарсы саясаттың құралдарын - бағалар либерализациясы, мемлекеттік шығындардың қысқарауы, дефицитсіз бюджетке қол жеткізу деп санайтын экономикалық концепция. Нарықтық экономикаға өтудің радикалды реформалар стратегиясы нарықтың өзін - өзі реттеу идеясына негізделеді. Сол үшін негізгі мақсат - экономикадағы мемлекеттің ролін азайту болып табылады. Бұл стратегияны ХВҚ және Халықаралық қайта құру және даму банкінің мамандары құрастырған. Бұл стратегия нарықтық экономикаға өтуді 10 - 15 жыл аралығында қамтамас етеді және келесі шараларды қамтиды:

§ Негізгі тауарлар мен қызметтер көлеміне бағалар либерализациясы;

§ Мемлекет ролін қайта қарастыру;

§ Әлеуметтік - экономикалық қатынастарды нарықтық қатынастар қамтиды;

§ Мемлекеттік мүліктің жедел жекешелендірілуі;

§ Сыртқыт экономикалық қызметін либерализациясы.

Эволюциялы біртіндеп өту стратегиясы - біртіндеп эволюциялық даму, жүйелі, баяу реформаларды жүргізідің және нарықты қалыптаструдағы негізгі роль мемлекетке жүктейтін экономикалық концепция. Эволюциялық біртіндеп өту стратегиясының ерекшелігі - мемлекет жоспарлы экономика жүйесінің механизмдерін біртіндеп нарықтық қатынастарға ауыстырады.

Бұл стратегияның жалпы сипаттамалары:

§ Нарықтық қатынастар бастапқыда тауарлар өндірісін қамтиды, кейін инвестициялық салаларға таралады.

§ Бағалар иберализациясы мемлекет бақылауында өтеді;\

§ Жоғары инфляцияны болдырмау мақсатын ұстанатын қатал қаржылық саясат;

§ Нарықтық инфраструктураның қалыптасуы.

Эволюциялы біртіндеп өту стратегиясын жақтаушылар жедел бағалар либерализациясына және тез жекешелендіруге қарсы.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1782 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Слабые люди всю жизнь стараются быть не хуже других. Сильным во что бы то ни стало нужно стать лучше всех. © Борис Акунин
==> читать все изречения...

2211 - | 2136 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.