Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Азақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерлікті қолдайтын Заңдар




- «Жеке кәсіпкерлікті қорғау мен қолдау туралы» (1992 ж.),

- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау және даму белсенділігін арттыруды күшейту жөніндегі шаралар туралы» (1997 ж.),

- «Шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдау туралы»,

- «Жеке кәсіпкерлік туралы».

 

 

Бұл заңдарда:

- шағын кәсіпкерлік субъектілерінің заңдық анықтамасы берілген;

- шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың негізгі бағыттары анықталған;

- өнімді тіркеудің, лицензиялау және сертификаттаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген;

- өндірілетін өнімге мемлекеттік сатып алуды орналастырған кезде преференцияларды ұсыну тәртібі көрсетілген;

- заңды тұлға құрмайтын азаматтардың қызмет түрлері көрсетілген;

- қатысу сипатында болып, тіркейтін органда есепке қойылатын, мемлекеттік тіркеуден өтуді талап етпейтін қызмет түрлері көрсетілген;

- жеңілдетілген салық салу тәртібі көрсетілген;

Р заңмен тыйым салынбаған кез-келген қызмет түрімен айналысуға рұқсат берілгені көрсетілген.

 

4-тақырып. Экономиканы ұйымдастырудың негізгі түрлері

Экономиканы ұйымдастырудың ең қарапайым түрі табиғи шаруашылық болып табылады. Табиғи өндіріс – бұл адамдар өнімді тек өз қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін шығаратын өндіріс түрі.

                       
   
Табиғи өндіріс сипаттамалары
 
 
Тұйық шаруашылық
 
Әмбебап еңбек
 
Тікелей шаруашылық байланыстары
       
 

 

 


Табиғи шаруашылық ерекшеліктері:

- тұйықтығы;

- әр шаруашылық бірлік өз өндіріс ресурстарына сүйенеді;

- өзін өзі өмір сүруге қажетті заттардың барлығымен қамтиды;

- бұл шаруашылықта шикізатты табудан бастап оны тұтынуға дайындауға дейінгі барлық жұмыс түрлері орындалады.

 

 

 
 
Табиғи шаруашылықтағы экономикалық байлықтың айналымы

 


- өндіру – бөлу – тұтыну – өндіру.

Табиғи өндіріске тән қасиеттер

 
 


- әмбебап қол еңбегі,

- еңбек бөлінбеуі,

- еңбектің ең қарапайым құралдарын пайдалану (күрек, тырма, кетпен және т.б.).

- еңбек аз өнімді, 2-3 адамды ғана тамақтандыра алады,

- өндіру мен тұтынудың арасындағы тікелей экономикалық байланыстар;

- өнім шаруашылыққа қатысушылар арасында бөлініп, ауыстырылмай, жеке және өндірістік

тұтынуға жіберіледі;

- басым тұрақтылықпен сипатталады;

- тарихи түрде өндірісті экономикалық ұйымдастырудың бастапқы түрі болып табылады;

- таза түрінде ол қоғамдық еңбек бөлінуі болмағанда, алғашқы қауымдағы халықтарда болған.

- біздің елімізде ол жеке қосалқы шаруашылықта дамыған.

 

Тауар шаруашылығы табиғи шаруашылыққа қарағанда дамыған және күрделірекболып табылады. Ол техника мен өндірісті ұйымдастырудың жоғарғы деңгейлерін көздейді. Оған тән ұйымдастырушылық-экономикалық қатынастар шаруашылық жүргізудің жеке және заттық факторларының шапшаң дамуын ынталандырады.

Тауар өндірісібұл пайдалы өнімдерді нарықта сату үшін шығаратын шаруашылықты ұйымдастырудың түрі. Осыған байланысты экономикалық ұйымдастырудың басты мәселелері табиғи шаруашылыққа қарағанда басқаша шешіледі. Не шығару керек, ол үшін табиғи ресурстарды қалай пайдалану керек және еңбек өнімдері кімге арналады. Осы мәселелердің барлығы нарық талаптарына сәйкес шешіледі.

Тауар өндірісі алғашқы қауымдық сап күйреуі кезеңінде туындады (осыдан 7-8 мың жыл бұрын). Сол уақыттан осы кезге дейін ол әр түрлі әлеуметтік-экономикалық құрылғыларына қызмет көрсетуде.

 

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 492 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

4418 - | 4272 -


© 2015-2026 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.