Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Менеджер қызметінің жүйесі. Басқарушы үлгілері




Басқарудың тиімділігі мен менеджерлердің іс-әрекетін экеномикалық табыстар мен нәтижелер арқылы бағалауға болады.

Менеджер ұғымы ағылшын тілінен аударғанда бір нәрсені реттеу, тенестіру, басшылық ету дегенді білдіреді. Менеджердің міндетін ұйымдағы бірауыздылықты және ұйым мұқтажын өтеуді қамтамасыз ету болып табылады.

Қазіргі кездегі менеджерлерге төмендегідей талаптар қойылады:

- өзіне деген сенімділік

- жеке басының бағалы қасиеттері, мен өзін үнемі жетілдіру.

- бастамаларды іздестіру

- қызметкерлерді баулу және байланыс орнатуға қабілеттілік.

- баскару әдіс-тәсілдерін білу

- тиімді шешім қабылдауға дағдылану.

Менеджер басқару саласындағы нақтылы бір міндеттерді орындайтын жоғарғы қабілетті кәсіби маман.

Басқару әрекетін жүргізу басшылықтын білім денгейі, басқару тәжірибесіне байланысты. Осыған орай басқару теориясы мен практикасында қолданылатын басқарушылар үлгісін қарастырайық. (схема).

Басқарушылар үлгісі дегеніміз - қажетті іс-қимылды жүргізуде басшылар бойындағы арнаулы білімі, мінез-құлық белгілері.

Мақсатқа жету ережелері, адамдармен қарым-қатнас жасау әдісі, билік пен басқару шеберлігіне байланыста жіктелінеді. Басқару теориясы мен тәжірибесінде төрт үлгі орын алады:

1. Басқарушы – жетекші (лидер) шешім қабылдауда және оны жүзеге асыруда, қызметкерлермен тығыз қарым-қатынас жасауы, әркімнің мүмкіндігін толық ұғына және бағалай білуі арқылы маңызды орын алады.

2. Басқарушы - әкім ұйымның табысқа жетуі қатаң бақылау және жарлық ету арқылы ұйымдастырудағы міндеттер мен жауапкершіліктің тығыз арақатынасын орнатады.

3. Басқарушы - жоспарлаушы. ол нақтылы жағдайды зерттей отырып ұйымдағы ресурстар мен мүмкіндіктерді мақсатты орындауға бағыштайды.

Жоспарлаушы қабылдаған шешімдер көлемді деректерге шешімдер көлемді деректерге және ұйым болашағын дамытуға сүйене отырып орнықтырылады.

4. Басқарушы кәсіпкер - ол ұйым болашағын жаңа бағытта белгілейді. Басқарушы кәсіпкер - өнім өндірушілерді қолдау мен қызықтыруда, бәсекелестік пен қызметкерлерді тиімді жетілдіруде, стратегиялық жоспарлауды қамтамасыз етуде маңызды орын алады.

Тақырып. Ұйымның ішкі және сыртқы ортасы

  1. Ұйымның ішкі ортасы
  2. Ұйымның сыртқы ортасы

 

Йымның ішкі ортасы

Ұйым көптеген өзара байланысты бөліктерден құралған ашық жүйе болып табылады. Ұйымның бұл бөліктерін ішкі айналымдар деп атайды. Ішкі айналымдар бұл ұйым ішіндегі ситуациялық факторлар: мақсат – бұл ұйымның соңғы нәтижесі немесе бір топ адамдардың бірігіп жетуге ұмтылатын көрсеткіш. Ұйымның мақсаты көп түрлі болуы мүмкін. Коммерциялық емес ұйымдардың мақсаттары бір-бірімен айтарлықтай ерекшеленеді.

Өндірістік кәсіпорын, мысалы: пайда алу үшін нарық үлесі жаңа өнімді жасау, қызмет сапасы, жұмысшы қызметкерлерді даярлау және таңдау т.с.с. аймақтарда өз мақсатын тұжырымдап алуы қажет. Бөлімшелердің мақсаттарына қайшы келмеуі керек.

Ұйым құрылымы. Ұйымның әрбір бөлімшесі белгіленген қызмет түрін орындап отырғандықтан оларды функционалдық бөлімдер деп аталады. Ұйым құрылымы – бұл басқару деңгейлері мен функционалдық бөлімдердің ұйым мақсатына барынша тиімді жолмен жетуге мүмкіндік беретін формада құрылған логикалық қарым-қатынастары. Функционалды бөлімдер мен сәйкес бөлімшелердің пайда болуы бұл көлденең еңбек бөлінісінің нәтижесі болып табылады. Функционалы облыстардың саны ұйымның негізге құрылымын анықтайды. Басқару деңгейлерінің иерархиясын қалыптастыратын еңбектің тік бөлінісі де ұйымда үлкен маңызға ие. Бұл иерархияның негізгі белгісіне әрбір деңгейдегі қызметкерлердің ресми бағыныштылығын жатқызуға болады.

Бір басшыға бағынатын қызметкер саны бағынатын болса, онда бұл басқарудың жатық құрылымының қалыптасуына алып келетін басқарудың кең сферасы болып келеді. Жұмыс нақты тігінен және көлденең бөлініп отырса, координациялау қажеттілігі туындайды. Координациялау механизмінің біріне жалпы ұйым мен оның әрбір бөлімшесіне, оның мақсатын тұжырымдап хабарлау жатады.

Ұйымдағы еңбекті бөлудің тағы бір бағыты міндеттерді қалыптастыру болып табылады. Міндет – бұл белгіленген мерзім арасында бекітілген тәсілмен орындалуы қажет жұмыс сериясы немесе жұмыстың бір бөлігі. Техникалық көзқарас тұрғысынан міндеттер жұмыскер емес, оның қызметіне жіктеледі. Әрбір лауазым ұйым мақсатына жетуге мүмкіндік беретін бірқатар міндеттерден құрылады. Ұйым міндеттерді әдеттегідей 3 категорияға бөлінеді. Бұл адамдармен, заттармен, ақпараттармен жұмыс істеу. Міндеттердің келесі 2 белгісі бар: бұл олардың орындалуына қажет уақыт.

Технология. Бұл бастапқы қажетті өнім қызметтерге айналдыру құралдары. Міндеттре мен технология өзара тығыз байланысты. Міндетті орындау материалдарды дайын өнімге өзгерту құралдары ретінде нақты технологияны пайдалануды ұйғарды. Технологиядағы ірі толқулар, өнеркәсіп төңкерістері, стандартизация және механизация, конвейерлі құрастыру машиналарын қолдану басқаруға үлкен әсер етеді. Өндірістік фирмалардың барлық технологияларын 3 категорияға бөлуге болады:

1. Бірлік, ұсақ немесе жеке дара өндіріс. Мұнда бірдей бұйымдардың жеке немесе ұсақ сериясы бір мезгілде өндіріледі.

2. Жаппай немесе ірі сериялы өндіріс. Мұнда біркелкі бұйымдардың үлкен мөлшері дайындалады. Мұнда технология механизациямен стандартты бөлшектермен құрастырудың конвейерлі тәсілін пайдаланумен сипатталады.

3. Үзіліссіз өндіріс. Мұнда бірдей өнімді ірі көлемде өндіруді тәулік бойы жұмыс істейтін автоматты құрал-жабдықтар қолданылады.

Адамдар. Адамдар кез-келген басқару моделдерінің негізгі факторлары болып табылады. Өйткені нақ адамдар арқылы басшылық ұйым мақсатына жетеді. Қоғамдағы және қызмет бабындағы адамдардың іс-әрекет тәртібі тұлғаның жеке қасиеттерінен сыртқы орта факторлармен анықталады. Адамдардың келесі қасиеттері белгілі:

- қабілеттілік, яғни адамдарға тән қасиеттер. Оларға интелектуалдылық және бірқатар физикалық қабілеттілік жатады. Бұл қабілеттіктердің барлығы негізінен тәжірибе арқылы жинақталады. Басқаларға қарағанда белгілі бір жқмыстың жақсырақ орындауға қабілетті адамды жұмысқа қабылдау маманданудың тиімділігін арттырады.

- Бейімделгіштігі, бұл белгілі бір нақты жұмысқа қатысты адамның бар мүмкіншілігі. Табиғи және тәжірибе арқылы жинақталған қасиеттердің нәтижесі бола отырып бейімделгіш қасиеті нақты қызметті тиімді орындау қабілеттілігінде болуды жеңілдетеді.

- Қажеттілік, Адамға бір нәрсе жетіспейтіндігінің психологиялық және

физиологиялық ішкі жағдайы. Егер олар қанағаттандырылмаса, адам оларды барынша қанағаттандыруға тырысады.

- Күтімдер. Бұрынғы тәжірибеде және ағымдағы жағдайларды бақылауға негізделе отырып, адамдар өз күтімдерін іс-әрекет нәтижесіне қалыптастырады. Егер адамдардың іс-әрекеті жеке қажеттілігінқанағаттандырмай, ұйым мақсатына жетуге алып келмейтіні күтілетін болса, олар тиімді қызмет атқармауы мүмкін.

- Сезіну. Сезіну деп аталатын стимулдардың интелектуалды немесе саналы сезінуі. Ол нақты индивидум үшін шындықты анықтайды. Нақты болып отырған процестерді сезіну деңгейіне ғана адам өз іс-әрекетін өзгертеді.

- Көзқарас. Көзқарасты сыртқы ортаға объективті емес сезімдерді

қалыптастырып, «мынау ұнайды», «не ұнамайды» адам іс-әрекеттеріне өзгеріс енгізеді.

- Құндылықтар. Бұл өмірде не жақсы, не жаман екенін анықтайтын жалпы көзқарастары. Игіліктердің маңыздылығы, сапалалығы бойынша жіктелуі арқылы құндылық анықталады.

Ішкі айналымдар өзара байланысты болып келеді. Олардың жиынтығы әлеуметтік жүйені құрайды. Өйткені, олар: әлеуметтік (адамдар) және технологиялық (басқа ішкі айналымдар) деген компоненттерден құралады. Бір ішкі айналымның өзгерісі белгілі бір дәрежеде басқаларына әсер етеді. Белгілі бір айналымды жетілдіру (технологияны) міндетті түрде өнімділіктің артуына алып келмейді. Өйткені кей жағдайда бұл өзгерістер басқа айналымдарға кері ықпал тигізуі мүмкін.

 

Технология

 
 

 


Адамдар Мақсаттар Құрылым

           
     
 


Тапсырмалар





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-18; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1713 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Победа - это еще не все, все - это постоянное желание побеждать. © Винс Ломбарди
==> читать все изречения...

2213 - | 2048 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.