Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтанулық білімдердің құрылымы мен қызметтері




Әлеуметтанудың қоғамның құбылыстары мен процестерін зерттеу деңгейлері әртүрлі болғандықтан, құрылымы да күрделі болып келеді.

Социология ғылымының құрылымы жалпы қоғам дамуын, ондағы әлеуметтік институттар мен қауымдастықтардың ықпалдасуын, жеке индивидтердің өзара қарым-қатынастарын зерттеуге байланысты мынандай бөліктерден тұрады:

а) макросоциология – социумның өмір сүруі мен даму заңдылықтарын анықтауға негізделген;

ә) орта деңгейдегі социология – арнайы әлеуметтік теориялармен бірге салалық социологияларды (әлеуметтік топтар, қала, ауыл, білім, саясат, құқық, насихат, отбасы, мәдениет, еңбек социологиясы т.б.) қамтитын, әлеуметтік жүйенің жекелеген бөліктерінің әрекеттері мен өзара ықпалдасу заңдылықтарын, орта дәрежедегі қауымдастықтарды зерттеуге бағытталған;

б) микросоциология - әлеуметтік құбылыстар мен процестерді жеке адамдардың іс-әрекеті, өзара ықпалдастығы, тәртібі, мінез-құлқы тұрғысынан зерттеуге негізделеді.

Социология ғылым ретінде теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің органикалық бірлігіне, өзара әсеріне негізделеді. Теориялық және эмпириялық зерттеу әдістерінің арақатынасы проблемасының ғылыми танымда функционалдық және генетикалық жақтары бар.

- функционалдық - ғылымның теориялық аппараты мен эмпириялық негіз арасындағы арақатынасқа қатысты;

- генетикалық - теориялық аппараттың, оның ішінде ғылыми теорияның қалыптасуына, эмпириялық кезеңнен теориялық кезеңге өтуге байланысты.

Әлеуметтік теорияларды бағытына қарай іргелі және қолданбалы деп екіге бөлуге болады.

- іргелі теориялар – ғылыми проблемаларды шешуге, әлеуметтік ілімнің, социологияның тұжырымдамалық аппаратының қалыптасуына, әлеуметтік зерттеу әдістерін айқындауға бағытталған.

- қолданбалы теориялар – қоғамның алға қойған практикалық мақсаттарына қол жеткізу құралдарын іздеуге көмектеседі.

Социологияның негізгі қызметтеріне гносеологиялық, болжамдық, праксеологиялық, идеологиялық міндеттер жатады.

Гносеологиялық қызмет ғылымның танымдық құралдары жүйесінде жүзеге асады. Бұнда тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар қолданылады.

Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру жатады.

Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау арқылы жүзеге асады.

Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланыста жүзеге асады. Бұл ұсыныстар басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласа түседі.

Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеуді қарастырады.

Социологияның қызметін теориялық және қолданбалы деп бөлуге болады. Теориялық (іргелі) социология басқа да ғылымдармен бірге әлеуметтік зерттеулердің методологиялық негізі болатын көзқарастық қызмет атқарады. Теориялық социология осы ғылымның пәнін зерттеуге қажетті ұғымдар мен түсініктер аппатарын жасайды, әлеуметтік заңдар мен заңдылықтарды ашып зерттейді, әлеуметтік дамудың теориясы мен тұжырымдамасын негіздейді.

Қолданбалы социология теорияға сүйене отырып, түрлі тарихи жағдайлардағы әлеуметтік заңдардың өмір сүру формалары мен әрекет ету механизмдерін іс жүзінде тікелей зерттейді.

Сонымен, қазіргі заманғы социология – бір-бірімен тығыз байланысты және бәрі қосылып біртұтас ғылым құрайтын теориялар мен білім түрлерінің көп деңгейлі жиынтығы.

Қоғамдық сана мен индивидтердің іс-әрекеттерін, олардың экономикалық, әлеуметтік, саяси және рухани қарым-қатынастар жағдайындағы өзгеру тенденцияларын талдау қазіргі заманғы социология ғылымының негізгі зерттеу міндеттерінің бірі болып саналады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 937 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2392 - | 2261 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.