Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Леуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.




ДӘРІСТІК САБАҚ ТЕЗИСТЕРІ

Дәріс тақырыбы: Әлеуметтану ғылым ретінде

Дәрістің мақсаты: Әлеуметтану ғылым ретінде қалыптасуы туралы толық мәлімет беру.

1. әлеуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

2. әлеуметтанулық білімдердің құрылымы мен қызметтері

3. әлеуметтанудың басқа әлеуметтік ғылымдармен байланысы

Әлеуметтану– қоғамның тұтас әлеуметтік жүйе ретінде даму және қалыптасу заңдылықтарын, қоғамдағы әлеуметтік құбылыстар мен процестерді, адамдардың әлеуметтік әрекеттері мен қарым-қатынастарын оқытатын ғылым.

Гносеологиялық қызмет тұтас қоғам, оның жекелеген бөліктерінің өмір сүру, даму заңдарын ашатын жалпы және арнаулы теориялар.

Таным құралдарына эмпириялық деректер жинаудың жолдары мен тәсілдері, мәліметтерді өңдеу, логикалық және математикалық фактілерді сипаттау және түсіндіру, яғни жаңа әлеуметтік білімдерді қалыптастыру.

Болжамдық қызмет әлеуметтік жүйенің болашақтағы мүмкін боларлық келбетін сипаттау, қоғамның немесе оның жеке буындарының әлеуметтік дамуын ғылыми тұрғыдан болжау.

Праксеологиялық қызмет әртүрлі басқару құрамдарына қатысты социологтар ұсынатын практикалық ұсыныстар ретінде қолданбалы социологиямен тығыз байланысты басқару шешімдерін қабылдауға негіз болып, социология қоғамдық өмірге белсене араласады.

Идеологиялық қызмет қоғамдағы әртүрлі топтардың әлеуметтік мүдделерін білдіре отырып, ғылыми зерттеулердегі әлеуметтік себептердің зерттеу авторларының саяси бағыттарының принциптеріне байланыстылығын, саяси идеяларды теориялық жағынан негіздеу.

Дәріс тезистері:

леуметтік білім жүйесіндегі әлеуметтанудың орны. Әлеуметтанудың объектісі мен пәні.

Әлеуметтану қоғамды, оның ішкі әлемін және халықтың іс-әрекетін тұтастай зерттейтін бірден-бір ғылым. Әлеуметтану ғылымының тарихын 3-ке бөліп қарастыруға болады:

1) ежелгі дәуірдегі әлеуметтік көзқарастар;

2) орта ғасыр және жаңа дәуір әлеуметтануы

3) қазіргі заманғы әлеуметтану

Ежелгі дәуірдегі әлеуметтік көзқарастар грек философтары Платон және Аристотельдің есімдерімен байланысты. Бұл ойшылдар әдет-ғұрып, салт-дәстүр, адамдардың өзара қарым-қатынастарын зерттеп, оларды қорытып, қоғамды одан әрі жетілдіруге бағытталған практикалық ұсыныстары бар бағдарламалар түзді.

Орта ғасырларда Аврелий Августин мен Фома Аквинскийдің еңбектері ерекше мәнге ие болды. Олар құдайға сүйіспеншілік идеясын өз тұжырымдарының өзегі етіп алып, саясат пен қоғамдық прогреске түгелдей теологиялық тұрғыдан түсінік берген.

Қайта өрлеу кезеңінде гуманизмнің пайда болуына байланысты қоғамға қатысты жаңа идеялар туды. Данте Алигьери, Франческо Петрарка, Никколо Макиавелли, Жан Боден сияқты ғалымдар теоцентризмнен арылу үшін антропоцентризм мәселесін көтерді. Олардың адам туралы жаңа көзқарастары бірсыпыра әлеуметтік-саяси мәселелерді дұрыс шешуге ықпал етті.

Ал Томас Гоббс, Джон Локк, Шарл Луй Монтескье сияқты ғалымдар әлеуметтік саяси ілімдердің дамуында үлкен қадам жасады.

Әлеуметтану ғылымының негізін салушы француз ғалымы Огюст Конттың есімімен байланысты. Ол әлеуметтануды қоғамдық жүйенің өмір сүру шарттары мен заңдарын зерттейтін әлеуметтік статика және қоғамдық жүйенің даму және өзгеру заңдарын зерттейтін әлеуметтік динамика деп екіге бөлді.

Ағылшын позитивизмінің негізін қалаушы Герберт Спенсер эволюциялық даму теориясын жасады. Қоғамдық құрылысты ерекше организм ретінде қарау және оның дамуын эволюция идеясы тұрғысынан сипаттауы Спенсерді социологиядағы организмшілдік пен эволюцияшылдық бағыттарының негізін салушы деп санауға толық дәлел бола алады.

Эмиль Дюркгейм әлеуметтануды қоғам туралы басқа ғылым салаларынан ажыратып, жеке ғылым етіп негіздеуге, қоғамдық өмірдің барлық құбылыстарын тек әлеуметтану тұрғысынан түсіндіруге ұмтылды. Ол әлеуметтану пәнін әлеуметтік фактілер деп атады.

Макс Вебердің теориясындағы өзекті мәселе: адамдардың өзара күрделі қарым-қатынастары жүйесінің салдары болып табылатын әлеуметтік әрекеттерді қоғамдағы индивидтер мінез-құлқының қарапайым түрлерінен бөліп қарастыру болды. Оның ілімі бойынша, қоғам әрқайсысы өздерінің мақсаттарына жету үшін әрекеттенуші индивидтердің жиынтығынан тұрады.

Питирим Сорокин әлеуметтік әрекеттілік пен әлеуметтік стратификацияны эмпириялық тұрғыдан зерттеп, оларды ауқымды әлеуметтік құрылымға теңеп, қоғамдық құбылыстарды оның өмір сүруімен тығыз байланыстыра қарады. Ол әлеуметтік институттардың қоғамның икемділігіне қалай әсер ететіндігіне назар аударды.

Сонымен қатар, Сорокин қоғамдағы өзгерістерді түсіндіруге көмектесетін теориялық тұжырымдамалардың авторы ретінде де белгілі болды.

Әлеуметтанудың зерттеу нысаны – қоғам және оның өмір сүру, даму заңдылықтары, индивидтердің қауымдастығы, олардың өзара қарым-қатынастарының ортасы.

Әлеуметтанудың зерттеу пәніне әлеуметтік өмірдің бір бөлшегі жатады. Проблемалық жағдай зерттеу пәнін құрайды, ал әлеуметтік өмір құбылыстарындағы проблемалық жағдайды шектеу - зерттеу нысанын бөліп алуға онтологиялық негіз болады.

Әлеуметтік зерттеулердің пәні эмпириялық шындықтың елеулі қасиеттері мен өзара байланыстарын теориялық анықтамалар мен ұғымдар түрінде түсіндіреді.

Яғни, әлеуметтанудың зерттеу пәні қоғамның тұтас әлеуметтік организм ретінде дамуының негізі болып табылады.

Әлеуметтану – тарихи қалыптасқан әлеуметтік жүйелердің дамуының, өмір сүруінің өзіндік заңдары мен заңдылықтары, жекелеген адамдардың, әлеуметтік топтардың, таптардың, халықтардың өміріндегі осы заңдардың әрекет ету механизмдері мен көріну формалары туралы ғылым.

Әлеуметтану қоғамдағы жеке адам, әлеуметтік топтар, жіктер мен қауымдастықтар, институттар мен процестер тіршілігі мен қызметінің барлық проблемаларын түгел қамтиды.

Қазіргі заманғы әлеуметтану ғылымының зерттеу нысаны мен пәні бұл ғылымның ұзақ тарихи дамуының нәтижесі, ғалымдардың зерделеген ізденістерінің жемісі.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-07; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1798 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Два самых важных дня в твоей жизни: день, когда ты появился на свет, и день, когда понял, зачем. © Марк Твен
==> читать все изречения...

2253 - | 2076 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.