Маркстік философиямен, жалпы алғанда, жан-жақты философиялық, әлеуметтік-экономикалық, саяси ілім ретіндегі марксизммен ТМД елдері халықтарының XX ғасырдағы өмірі мен тағдыры өте тығыз байланысты. Дүниежүзілік тарихта алғашқы рет Кеңес Одағында марксизмнің негізінде коммунистік қоғам орнатуға бағытталған орасан зор әлеуметтік батыл да кайғылы эксперимент 70 жылдан артық уақытқа созылды. Сол «жаңа қоғамды» орнату жолында миллиондаған адамдар осы әлеуметтік эксперименттің құрбаны болды. Енді міне, бүгінгі өтпелі дәуірде өмір сүріп жатқан адамдар сол заманға әртүрлі баға беруде. Біреулер Кеңес Одағын қаһарлы тоталитаризмнің дүниеге келуімен теңеп, ол қоғамды «қайыршылықтың теңдігі» орнаған қауым деп есептесе, екіншілер өткен тарихқа өкіне қарап, ондағы адамдық қатынастардың тазалығына, білім беру, денсаулық сақтаудың ақысыз болғанына, жасөспірім балалар мен әлсіз қалған кәрілерге деген мемлекеттің көмегіне жылы шыраймен қарайды. Жалпы алғанда, бұрынғы Кеңес Одағынан тарихи алшақтаған сайын, оған қайта баға беріліп, сол қоғамның көп жақсы жақтарын қайта жаңартып, өмірге енгізуіміз керек деген пікірлер бүгінгі таңда аз емес.
Ал енді тікелей өзіміз оқып отырған философия пәніне келер болсақ, жақын тарихымызда «маркстік философия — дүниежүзілік 2,5 мың жылғы тарихы бар философияның ең биік шыңы» деген пікірде болғанбыз. Содан кейін, өтпелі коғамның шеңберінде, оған қарама-қарсы, маркстік философияның жетістіктерін жоққа шығаруға бағытталған «уақыттың талабына сай» өзгеріп отыратын адамдардың пікірлері де көптеп пайда болды.
Әңгіменін шынына келсек, маркстік философия - адамзаттың рухани ізденісінің көп шыңдарының біреуі, оны асыра да, кеміте де бағалауға болмайды, әсіресе оның гуманистік, рухани жақтары осы уақытқа дейін миллиондаған адамдардың жүрегінде ұялаған. Сондықтан, жас дос, сіз бұл ілімнің негізгі қағидаларын зерттеп, оны басқа ілімдермен салыстырып және бүгінгі адамзаттың алдында тұрған көп мәселелермен байланыстыра отырып, өз бағаңызды берерсіз деген ойдамыз.
Маркстік философияның негізін қалаған екі неміс ойшылы Карл Маркс (1818-1883 жж.) пен Фридрих Энгельс (1820-1895ж.ж.) болды. Егер К.Маркстің әкесі - сол кездегі ірі заңгерлердің бірі болса, Ф.Энгельс өзінің жекеменшіктегі фабрикасы бар іскердің
отбасында дүниеге келеді. Сондықтан олардың екеуі де өз заманындағы үлкен жоғары оқу орындарда оқып, білім алады. Студенттік жас кездерінде олар «жас гегельшілердің» қатарында болғанымен, сол кездегі әлеуметтік-саяси ахуал оларды буржуазиялык либерализмнен гөрі, революциялық демократизм жолына қарай итермелейді. Олардың шынайы революциялық көзқарастарының қалыптасуына, әсіресе 1848 ж. Батыс Европа елдерінде өте шиеленген кайшылықтардың негізінде пайда болған революциялар өзінің зор әсерін тигізді. Дәл осы кезде олардың философиялық көзкарастары өзінің кемеліне келіп, айрықша жүйе ретінде қалыптасты. Оның негізгі езегі - дүниені түсініп қана қоймай, оны қайта кұру, өзгерту қажеттігі, ал философияға келер болсақ, ол осы мақсатты рухани тұрғыдан негіздеуі қажет. Әрине, мұндай мақсат билік басындағылардың үрейін туғызды. Осы айтылған себептердің негізінде К.Маркс қуғындауға ұшырап, қалған өмірін Лондон қаласында өткізуге мәжбүр болды. Ф.Энгельс жан жолдасын материалдық жағынан оның өмірінің аяғына дейін қолдағанмен, К.Маркс кедейліктің, аурудың, кейбір балаларының өлімін т.с.с. ауыртпалықтарды басынан өткізіп, соған қарамастан, өмірінің аяғына дейін өзінің ғылыми еңбектерін жазып, жұмысшылар қозғалысына белсенді катысып, өз ілімінің жарқын болашағына сенді.
Енді, әңгімені нақтылай келіп, маркстік философиядағы жаңалықтарға келер болсак, онда қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну қағидасына ең бірінші тоқтауға тура келеді. Мұның өзі материализм бағытындағы негізгі кемшілікті - табиғатты материалистік тұрғыдан түсінгенмен, қоғам өміріне келгенде идеалистік жолдан шыға алмауын - жойып, дүниеге деген толыққанды материалистік көзқарасты тудырды. Әнгіменің мәні мынада: қоғам өмірін талдауда ойшылдар қоғам өмірінің іргетасты ерекшелігінің шеңберінен шыға алмады, ол адам - ойының оның жасайтын іс-әрекетінің алдында әрқашанда жүріп отыруы. Яғни ең алдымен идеалдық жоспар жасалынады да, содан кейін ғана ол іске асады. Сондыктан ойшылдар тарихтың тағдыры корольдер мен ұлы колбасшылар, ғалымдар мен заңгерлердің т.с.с. ойлары мен еркінде деген пікірден шыға алмаған болатын. Олар тарихты қалай бұрғысы келсе, солай жасай алады. Олай болса, олардың жүргізіп отырған саясатына кім шешуші ықпал жасай алады? Әрине, сұлу бикештер, тарихтың мәселелері көбінесе мемлекет басшыларының көңіл-күйіне байланысты... Шамасы, осындай көзқарастардың негізінде француздардың «cherchez la femme» - әйелді іздеңдер деген нақыл сөздері пайда болса керек. Француз жазушылары Дюмалардың (әкесі мен баласы) «20 жылдан кейін», «10 жылдан кейін», «Виконт де Бражелон» т.с.с. романдарында француздардың тарихы осындай көзқарастардың негізінде көрсетілген. Сол заманда өмір сүрген философ Монтескьенің өзі де осындай көзқараста болған, оның ойынша, тарихтың дамуы көбінесе жақсы заңдардың шығарылуымен байланысты. Ал заңдарды жасайтын адамдардың өзі-ақ емес пе, олар заңгерлердің рухани шығармашылығының туындысы ғана.
Күні бүгінге дейін қарапайым сананың шеңберінде біз осындай көзқарастың әлде де болса өмір сүріп жатқанын байқаймыз. «Кеңес Одағы неге құрдымға кетті?» - деген сұрақты талдағанда, қарапайым адамдар оны Горбачевтің, ия болмаса Ельциннің, Кравчуктың т.с.с. сол кездегі өкімет басындағы адамдардың іс-әрекеттерімен байланыстырады. Тіпті кейбіреулер оның себебін Раиса Максимовнаның (Горбачевтың әйелі) мемлекеттік саясатқа ықпал еткенінен көреді. Ақырында, біз «әйелді іздеңдерге» тағы да келеміз. Ал әңгіменің шынына келсек, Кеңес Одағының өмірден кетуі - оның заман талабына сай жауап бере алмағанында, өндіргіш күштердің даму қарқыны төмендеп кетіп, соған байланысты орасан зор қайшылықтардың пайда болуында т.с.с.
Әрине, маркстік философия тарихтағы адамдардың сана туындыларының рөлін шетке шығармайды. Олардың ойынша, «адамдар өз драмаларының авторлары мен актерлері». Бірақ олар мәселені тереңдете карайды - сол белгілі бір уақытта өмір сүріп жатқан қоғамдағы өзекті идеялардың түп-тамыры кайда кетеді? Неге уақыт әткен сайын бір идеялардың орнына екінші идеялар келеді? Осы сұрақтарға жауап бере келіп, К.Маркс адамдардың сана-сезімінің өзі олардың өмір сүру жағдайларымен тығыз байланысты, соларға тәуелді екенін ашады. «Болмысты анықтайтын олардың санасы емес, керісінше, қоғамдық болмыс олардың санасын анықтайды», - деген тұжырымға келеді. Әрине, коғам өмірінде миллиондаған адамдар өмір сүреді, олардың әрбіреуі өзінің алдына өмірлік мақсаттар қойып, соларды іске асыруға тырысады. Көбінесе сол максат-мұраттар мен ұмтылыстар бір-біріне қайшы келіп, бір-бірін тежеп теңестіріп жатады. Сол күштердің параллелограмы тарихи процесті тудырады. Жалпы алғанда, Қоғамның дамуы - табиғи-тарихи процесс, ол өзінің белгілі бір қажетті сатыларынан аттап өте алмайды. Осы тұрғыдан алып қарағанда, Кеңес Одағының құруының тағы да бір себебі Лениннің әлі капиталистік сатыға толык жетпеген, соның шеңберінде дамып кемеліне келмеген қоғамға, сол сатыдан аттап өтіп, социалистік коғамды озбырлык жолмен таңуында болса керек. Нәтижесінде, нешетүрлі трагедиялардан өтіп, біз социализмнің дүниеге ерте уақытсыз келген әлсіз бұрмаланған түрін орнаттық. Оған жету жолында миллиондаған адамдардың өмірін кұрбан еттік. Енді, міне, «ұлы мәртебелі Тарих» біздін жағамыздан ұстап, сендер қайда кеттіңдер деп, бізді аттап өткен сатымызға кайта оралтып жатыр.
Бүгінгі таңдағы қиындыктардың түп-тамыры, міне, тарихтағы солшыл саясатқа барып тіреледі, оған Маркс кінәлі емес. Қоғам өміріндегі саяси, құқтық, моральдық, діни т.с.с. көзкарастардың рөлі каншалыкты үлкен болғанымен, олардың өзі белгілі бір сатыдағы ендіріс тәсілінің нәтижесі ретінде қаралуы керек.
Маркстік философияда гносеологиялық (танымдық) мәселелерге де жаңа сипат беріледі. Бұрынғы материализмге келер болсақ. олар танымды түйсіктер аркылы бейнеленетін аңдау ретінде түсінді: сырткы дүние біздің сезімдік мүшелерімізге өзінің ықпалын тигізіп, адамның дүниені қабылдауын туғызады, яғни адам - енжар келетін қабылдаушы ғана, ал белсенділік сыртқы дүниедегі заттар мен құбылыстардан шығады. Ал Маркстің ойлауына қарағанда, қайсыбір дүниетаным субъект (адам) пен объектінің (сыртқы дүниедегі танылатын зат) өзара байланысы мен іс-әрекетінен тұрады. Адамнын назарына, іс-әрекетіне түспеген таза объект - ол табиғаттың шикізаты ғана. Ф.Энгельстің айтуына қарағанда, «жаратылыстану мен философияда осы уақытқа дейін адамның ойлауына тигізетін іс-әрекеттің ықпалын зерттеуді есепке алмады. Олар, бір жағынан, табиғатты ғана, екінші жағынан, ойлауды ғана білді. Бірақ адамның ойлауының ең жакын да мәнді негізі тек сол жалғыз табиғаттың өзінде ғана емес, сол табиғатты адамның езгертуінде, тек сол өзгерістерге сәйкес адамның ақыл-ойы әрі карай дамиды». Тек адамның белсенділігі аркылы зат танылып, оның іс-әрекеті арқылы қайта құрылып, оның кажеттіктерін өтейді. Сонымен танымды ескіше аңдау ретінде түсіну, шынына келгенде, барлықта жоқ абстракция ғана. Шынайы өмірдегі таным - ол затты белсенді түрде субъектінің игеруімен тең.
Маркс танымның негізгі мәселелерінің бірі - ақиқат жөнінде де тың ойларды ұсынады. Өмірден, практикадан сырт калған акиқат женіндегі дау-дамайлар - бітпейтін схоластикалық мәселеге айналады. Ақиқат, яғни ойлаудың шындығы мен күші шынайы өмірде өзін көрсетуі керек. «...философтар тек кана әртүрлі жолдармен дүниені түсінуге тырысты, ал шынайы мақсат- оны өзгертудің керектігінде», - деп қорытады ұлы ойшыл.
Маркстік философияның келесі ерекшелігі - осындай толыкқанды материалистік көзқарасты диалектикамен ұштастыруында. Егер, Гегельдің ойынша, «ай астындағы дүниеде» тек бұрынғы өткен сатыларды қайталау ғана, шынайы даму тек қана рух саласында болса, ал оның өзі абсолюттік идеянын өзін-өзі тану жолындағы адамзатты кұрал ретінде пайдалануында болса, Маркс дамудың қайнар көзін сол материалдық дүниенің ішкі қайшылығынан көреді: заттың ішкі қайшылығы оны бүгінгі болмыс шеңберінен шығарып, басқа затқа айналуына әкеліп соғады. Олай болса, қоғам өмірінің де негізгі қайшылығы материалдық өндірістегі өндіргіш күштер мен өндіріс қатынастарының арасында жатыр.
Маркс пен Энгельс өз уақытындағы қоғам өміріндегі капиталистік қатынастардың аса қатыгездігін көрді. Энгельс «Англиядағы жұмысшы табының жағдайы» деген зерттеуінде қарапайым жұмысшылардың өмірінің асқан киыншылықтарын ашық та айқын көрсетіп, сол кездегі қоғамдық пікірге зор әсерін тигізді. Олардың ойынша, мұндай жағдай ішкі терең қайшылықтардың негізінде өзгеруге тиіс. Егер Гегель қоғамдағы диалектикалық өзгерістің бәрін ұлттық іс-қимылдан көрсе, Маркс оны әлеуметтік таптан көреді. XIX ғасырдағы көп ойшылдар сиякты, олар қоғамның прогрессивтік ерлеуіне кәміл сенеді, ал ол - жарқын болашаққа жеткізетін негізгі күш - пролетариат, жұмысшы табы. Өйткені олар қоғамға керек негізгі материалдық қажеттіктерді өндіреді, сандық жағынан алып қарағанда, әлеуметтік топтардың ең көлемдісі, сонымен қатар олар жекеменшіктің шырмауына байланбаған әлеуметтік әділеттілікті жақтайтын таза тап. Егер мыңдаған жылдар бойы созылған цивилизацияның қозғаушы күшін ойшылдар шығармашылық аз топ - ой еңбегімен айналысатын интеллигенциядан көрсе, Маркстің жоғарыда келтірілген пікірі өзінің кенеттігімен сол кездегі қоғамды дүр сілкіндірді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтар сияқты, көптеген жұмысшылар қозғалысы пайда бола бастады. Бірак осы кезде өмір сүрген революцияшыл орыс ойшылы М.А.Бакунин Маркстің идеяларына қарсы шығып, олар өмірге енсе, онда дүниеге қандыбалақ тоталитаризмнің келетінін болжаған болатын. Тарих соңғы болжамның растығын дәлелдеді.
Бұл оқулық құралда біз марксизмнің әлеуметтік-саяси көзқарастарына, социализм және коммунизм мәселелеріне толығынан тоқталып, талдамаймыз. Алайда айтып кететін бір нәрсе – ол қазіргі дамыған елдердін көбіндегі әлеуметтіліктін жыл өткен сайын алатын орнының өсуінде. Ал социализм ұғымының ең жалпы алғандағы мағынасы - әлеуметтілік. Дамыған елдерде жұмыссыздықты жоюға, ақысыз білім беруге, денсаулықты сактауға, мүгедектерге көмектесуге т.с.с. арнаулы әлеуметтік бағдарламалар жасалып, іске қосылуда. Ал бұлардың өзі Маркстің жасаған болжамын дәлелдегендей. Бірақ олар таптық күрес, революцияның, озбырлықтың, қантөгістің негізінде емес, сол коғамның іштей зволюциялық жолмен бірте-бірте өзгеруі арқылы іске асып отыр.
Ал коммунизм идеясына келер болсақ, онда оны сынға алуға тура келеді, өйткені ол жер бетінде жұмак орнатқанмен тең. Жалпы алғанда, бұл идеяны Батыс Еуропалык 2 мың жылға созылған ой толғауының логикалық түрдегі соңғы нүктесі деп айтуға әбден болады. Сонау көне Грек дәуірінен бастап, Протагордың айтқан «адам — барлык нәрсенің елшемі» деген идеясы ғасырлар бойы дамып, акырында коммунизм идеясын тудырған болатын. Маркс утопистердің көзқарастарын сынағанмен, өзінің ғылыми жұмыстарында одан толығынан арыла алмады. «әрбір адамнан - қабілетіне қарай, әрбір адамға - кажеттігіне қарай» деген принциптің өзінде утопиялык қиял жатқан жоқ па?! Егер барлык адамдардың қажеттіктері толығынан өтелсе, онда қоғам сол сәтте іріп-шіри бастар еді, өйткені тек толығынан өтелмеген қажеттіктер адамдардың соларды өтеуге бағытталған шығармашылық іс-әрекеттерін тудырады, ап өтелген қажеттіктер сол сәтте жаңа бұрынғыдан да биік қажеттіктерді тудырады...
Маркс Фейербахтың «адам - толығынан биологиялық-табиғи туынды» деген пікірін қатты сынға алғанмен, оған карама-қарсы біржақты «әлеуметтілік» тұжырымға өтіп кеткенін аңғара алмай қалған болатын. Сол себепті, Маркстің ойынша, болашак коммунистік коғамда жаңарған әлеуметтік ахуалға сай «жаңа адам» дүниеге келіп, қылмыстык, озбырлық, дүниеге кызығушылык т.с.с. адамдардың кемшіліктері толығынан жойылып, құктық мекемелер, тіпті мемлексттің өзі керек болмай қалады деген ойларын да қиялға жаткызуымызға әбден болады. Жаңада ғана дүниеден өткен Кеңес коғамында каншалықты «жаңа адамды» тудыруға бағытталған сан алуан тәрбие жұмыстары жүргізілсе де, біз бүгінгі таңда онын бәрінің сәтсіздікке ұшырағанын көріп отырмыз. Адам - биологиялык, я болмаса - әлеуметтік пенде емес, ол - биоәлеуметтік, тек осы жолда ғана оны терең түсінуге болады.
Әрине, Маркс пен Энгельс өз заманының тұлғалары. Маркстің өзі уақытында: «Ешқандай адами нәрсе маған жат емес», - деп айтқан болатын. Міне, осы тұрғыдан бағалап, біз олардың ғылыми жетістіктері мен адасуларын таразыға сала келе, оларды оз заманының ғажап ұлы тұлғаларына жатқызуымызға әбден болады. Маркстік философиямен Батыс Еуропа топырағында пайда болған акыл-ойға негізделген (рационалдык) философияға қанағаттанбаушылык, оның орнына неше түрлі бейклассикалық ой-пікірлерді дүниеге әкеледі. Енді соларды талдауға көшейік.
Өз бетінше дайындыққа арналған сұрақтар:
1. Маркстік философияның негізгі қағидасы қандай?
2. Қоғамды материалистік тұрғыдан түсіну дегеніміз не?
3. Марксизмдегі «қоғамдық болмыс» пен «қоғамдык сана» ұғымдарын салыстырыңыз.
4. Маркстік философия таным мәселесіне қандай жаңалыктар енгізді?
5. К.Маркс дамудың кайнар көзін неден іздейді?
6. Әлеуметтік мәселелерді таптық тұрғыдан қарау қандай салдарларға әкелуі мүмкін?
7. К.Маркстің қоғамды формациялық жолмен талдауы дұрыс па?
8. Марксизмдегі адам мәселесінің ерекшеліктері.
9. Маркстің коммунизм теориясын сынай аласыз ба?
10. Марксизмнің гуманистік-адамгершілік жақтарын көрсетіңіз.
Рефераттар тақырыптары:
1. Маркстік философиядағы материалистік көзқарастың ерекшеліктері.
2. Диалектика және коммунизм идеясы.
3. Ф.Энгельстің «Табиғат диалектикасы».
4. К.Маркстің қоғамдык-экономикалық формация теориясы.
5XX ғ. марксизмнің тағдыры