Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Және мемлекет мәселелері




Егер И.Канттың моральдық философиясы адамдардың күнбе-күнгі тәжірибесінен аулақ болатын болса, оның құктық көзқарастары, керісінше, нақтылы өмірмен тығыз байланысты. Адамдардың табиғи құқтарының негізгі қызметі - тұлғаның моральдық еркіндігін бекіту, парыздың орындалуына жағдай туғызу. Құқтың өмір сүруінін ерекшелігі - ол әртүрлі адамның қарым-қатынастарын әділеттіліктің негізінде ретке келтіреді.

И.Канттың ойынша, адамдардың негізгі табиғи кұқтарына жекеменшікке деген құқ жатады, тек ол баска адамдардың бостандығына зияндығын тигізбесе болды. Табиғи қүқтың негізгі қағидаларының бірі –jus talions (тен құндық, тіске-тіс, көзге-көз).

Ал мемлекет мәселесіне келер болсақ, ол адамдардың заңдардың негізіндегі бірігіп қауымдасуы, оның негізінде әділеттілік принципі жатуы қажет. И.Канттың ойынша, республикалық басқару жүйесі король билігіне қарағанда жақсы, өйткені король даналык пен әділеттілікті ұзақ уақыт бойы сақтай алмай қалады, ұзақ уақыт билікті ұстаған адам кажетті түрде зерденін ерікті тұжырымын бұрмалайды.

Мемлекет аясында қоғамнан ажыратуға болмайтын үш принцип бар. Олар - әр адамның еріктілігі, азаматтардың теңдігі және әрбір азаматтың дербестігі.

Тарих философиясы

И.Канттың ойынша, халықтардың дамып-жетілуі көп жағдайларда «сол елдердің туған жеріне, еңбек салаларына, әдет-ғұртыпына, қолөнері мен саудаға, халықтың тығыздығына байланысты».

Қоғам өмірінде гипотетикалық және категорикалық императивтер бір-бірімен қайшылыққа түседі. Адамдар өз табиғаты бойынша тойымсыз, сараң және өлшемсіз, билікке, үстемдікке деген құштарлықтарымен мінезделеді.

Сонымен қатар категорикалык императивтің талаптарына сәйкес, олар өздерінің жүріс-тұрысын моральдық тұрғыдан ақтағысы келеді. Бір жағынан адамдар бір-бірінен алшақтап, екінші жағынан бір-біріне жақындайды, өйткені олар неше түрлі өздерінің қажеттіктерін өтеу жолында бір-бірінен көмек іздеуге мәжбүр болады. «Адам сондай қисық ағаштан жасалғаннан кейін, оны қанша сүргілесең де, түптүзу қылу мүмкін емес», - дейді И.Кант. Бірақ, осыған карамастан, жеке адамдар арасындағы кайшылықтар бүкіл қоғамдық тұрғыдан алып карағанда, тарихты алға жылжытады. Қоғам әлеуметтік жағынан алға жылжыған сайын, қайшылықтар да өсе бастайды. Жетілген болашақ қоғамда «оның мүшелеріне орасан зор еріктік беріледі, олай болса, олардың арасындағы кайшылыктар да өмір сүреді», — деп қорытады И.Кант.

И.Канттың ойынша, адамзат тарихы бүкіладамзаттың құктық. азаматтык ахуалына карай дамып келеді, бірақ оған толығынан бұл дүниеде жету мүмкін емес. «Жалпы алғанда, адамзаттың сыртқы мәдениеті оның моральдық жетілуіне қарағанда анағұрлым тез дамып келеді. Бұл адамзат алдында тұрған үлкен үрей», - деп есептейді ұлы ойшыл. Әрине, И.Канттың заманынан кейінгі уақыт бүл кісінің ойының негізсіз емес екенін ашык көрсетті: тек өткен XX ғ. өзінде-ақ екі дуниежүзілік соғыста миллиондаған адамдар сонын құрбаны болған жоқ па?!!

Сондықтан И.Кант мемлекеттер арасындағы қайшылықтарды, халықтар арасындағы алауыздыкты қалайша жою керек, адамзат өмірінде «мәңгілік бейбітшілікті» қалай орнату керек деген сиякты көкейтесті сұрақтарға жауап беруге тырысты.

«Бүгінгі таңда халыкаралык катынастарда үстемдік жасайтын кұқ емес, тек қана зорлық-зомбылық», - деп корытады ұлы ойшыл. Соғыс - адамның өз-өзіне мақсат еткенін аяққа басады, сондықтан, «ол болмауы кажет».

Соғыс болмауы үшін мемлекеттер арасында тек кару-жарак болып, олар өздерін өзара коркытып ұстауы қажет, я болмаса болашакта бүкіл адамзатты бір ғана дүниежүзілік мемлекеттің аясында біріктіру кажет деген кең тараған пікірлерге И.Кант үзілді-кесілді карсы шығады. Оның ойынша, мемлекет арасындағы қару-жарақ, күш теңдігі ертелі-кеш әрқашанда бұзылады, ал бүкіл дүниежүзілік мемлекет халықтардың бостандығын аяққа басар еді.

И.Канттың ойынша, тек қана бүкіл жер бетіндегі мемлекеттердің ерікті федерациясы ғана халықтардың бостандығы мен саяси дербестігін сақтап қалуға мүмкіншілік береді. «Ол халықтар одағы болар еді, бірақ ол ешқашанда халықтардың мемлекеті болмауы керек», - деп ойлайды И.Кант. Сонымен ол ұлттық мемлекеттің өмір сүру кұқын осылайша қорғайды.

Бүкіл адамзаттық-азаматтық ахуалды жақындату үшін, халықаралық келісімдер қатаң сақталып, мемлекеттің ішкі істеріне баскалар араласпай, халықтар арасында сауда-саттык, мәдени байланыстарды дамыту қажет. Байқағанымыздай, И.Канттың бұл саладағы негізгі идеялары өз заманын озып, бүгінгі уакытта да өзектілігімен байқалады.

И.Канттың философиясы дүниежүзілік философия тарихында өзінің өшпес ізін қалдырды. Көп ғалымдардың айтуына карағанда, И.Кант XIX ғ. неміс философиясының негізін ғана қалап қоймай, XX ғ. көп философиялық толғауларға өзінің әсерін тигізді.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 672 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент всегда отчаянный романтик! Хоть может сдать на двойку романтизм. © Эдуард А. Асадов
==> читать все изречения...

2394 - | 2151 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.