Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тарих философиясы. Еріктік мәселесі




Қоғам дамуының ерекшелігін Шеллинг «екінші табиғатты» жасаудан көреді: өз-өзін анықтаған субъект енді айнала қоршаған заттарды игеріп, оларды қайта жарастырып, құрып, өз еркіне көндіреді, яғни адамның шығармашылык іс-әрекетінің негізінде объективтік пен субъективтік бір-біріне өтіп, қайта косылады. Бұл кісі Қайта өрлеу заманынан бері келе жатқан «іс-әрекет арқылы тану», «жасадың - таныдың» деген нақыл сөздерді колдайды.

Бірақ, Шеллингтің ойынша, Дүниені ең терең түрде тану басқаша жолмен беріледі. Ол - эзотерикалық (esoterikos - грек сөзі, ішкі, кұпия деген мағына береді) жол, ол тек қана интеллектуалдык интуиция арқылы ғана болуы мүмкін. Ал оның өзі барлық адамдардын қолынан келе бермейді. Оған тек таңдаулы, аса дарынды адамдар ғана жетпек.

Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы - мақсатқа лайыкты дамып жатқан Абсолюттің дамуының ең құнды сатысы. Ол өзі тудырған адамзаттың шығармашылык іс-әрекеті арқылы іске асып жатады. Бірақ осы жолда адамдар каншалықты талпынғанымен, Абсолютке жете алмайды. Ол мақсат тек қана адамзаттың шексіз идеалдық қоғам орнату жолымен жылжуында ғана іске асады. Сондықтан тарихта адамдар өз заманының мұқтаждықтарынан шығатын, шешуге келетін, шынайы мақсаттарды ғана қойып, соларға жетуге тырысуы қажет. Бұл идеяны қазіргі замандағы мәселелермен ұштастырсақ, онда «коммунизм коғамы» сияқты идеалды, барлық қайшылықтар жойылған қоғамға ешқашанда жетуге болмайды, оған тек шексіз жақындай беруге болатын сияқты.

Шеллингтің ойынша, адамзат тарихы үш сатыдан өтуі қажет. Бірінші - трагикалық саты, мұнда тағдырдың ессіз күштері көне замандағы ұлы мемлекеттерді келмеске жібереді. Екінші сатыда халықтар мен әртүрлі мемлекеттер табиғи заңдылықтарға сай біріге бастайды, үшінші — әлі тарихқа келмеген болашақта — тағдыр мен табиғаттың күштері бір-бірімен ұласып, Дүниеге Мессия (Құтқарушы) келеді. Әрине, мұндай көзкарастан біз Шеллингтің бірте-бірте теософиялық ағымға өтіп бара жатқанын байқаймыз.

Шеллинг еріктік мәселесіне, Фихте сияқты, көп көңіл бөледі. Бірақ ол бұл категорияны қажеттікпен тығыз ұштастырады.

Еріктік дегеніміз - ол тарихи қажеттікті танып-білу, ал оның кілті - жеке адамдарда емес, тек қана адамзаттың қолында, өйткені әр адам ез өмірінің шеңберінде өзінің жеке мақсаттарын койып, соған жетуге тырысады. Бірак барлық адамдардың косыла жеткен тарихтағы нәтижелері баскаша болып шығады.

Осы тұрғыдан өз заманының тудырған талаптарын талдай келе, Шеллинг алдағы тұрған негізгі мақсат - құктық мемлекетті орнату деген ойға келеді, өйткені абсолюттік еріктік мүмкін емес, толығынан еріктікке ұмтылған адамдарды шектеу қажет, ал оның өзі құқтық мемлекеттің шеңберінде заңдық жолмен жасалуы ғана мүмкін. Сонда ғана нақтылы тарихи негізделген еріктік мөлшеріне жетуге болады.

Шеллингтің бұл ғажап идеясы бүгінгі Қазақстан қоғамындағы болып жатқан процестерді сараптауға жол ашады, өйткені тоталитарлык теңдіктен либерализм (еріктік) жолына өту бүгінгі таңда өте үлкен қиындықтарды туғызып отыр. Егер біреулер осы уакытка шейін өзінің ерікті тұлға екенін жете түсіне алмай отырса, екіншілер еріктікті «ойыма не келсе, соны істеймін» дегенге теңеп, моральдык және құктық нормалардың шеңберінен шығып, асқан арсыздықтың жолында басқалардың несібесін тартып жеуде. Осы аталған және де басқа кемшіліктерді жоюдың негізгі жолдары - ол саясаттың адамгершілік жолдан таймауында, сонымен қатар қоғамның заңдық негіздерін жетілдіруде болса керек.

Нер философиясы

Шеллингтің жасаған философиялық жүйесінде өнер ерекше орын алады. Егер И.Кант пен И.Фихтенің философиясында адамның моральдық жетілуі тарихтағы негізгі нәрсе ретінде көрсетілсе, Шеллинг оны өнерден, эстетикалық санадан көреді. Соңынан орыстың ұлы жазушы-ойшылы Ф.Достоевский осы ойға сай «Әсемдік әлемді құтқарады» деген нақыл сөзді айтқан болатын.

Шеллингтің ойынша, әлемді тек кана әсемдік арқылы ғана жете түсініп-сезінуге болады, өйткені «универсумның (әлемнің) өзі абсолютті өнердің туындысы», табиғаттың өзі «рухтың бейсаналық поэзиясы». Күннің шығуы мен батуы, аралардың ұясы, неше түрлі гүлдердің түрлері мен иістері, құстардың неше түрлі безенуі, жануарлардың дене кұрылыстарының әсемдігі т.с.с. – бәрі де бізді таңғалдырады, өйткені Дүниедегі әр затқа шексіз ақыл-ойдың тудырған идеалды ұғымы сәйкес келеді.

Ғылым мен өнерді салыстыра келе, Шеллинг бірінші орынға өнерді, эстетикалық сананы қояды. «Ғылым әрқашанда өнер саласында алғашқы ашылған, сезінілгеннен кейін жүреді». Шеллингтің бұл ойын растайтын бір мысалды келтірейік. 1970-ші жылдардан бастап, бұрынғы кеңес қоғамының құлдырай бастағанын, оның алдағы болашақта тарихи тұйықтыққа келіп тірелетінін алғаш сезінген өнер қайраткерлері болатын. Ал ғалымдарға келер болсақ, олар тек сол қоғам келмеске кеткен уақыттан бастап қана оны сараптай бастады.

Өнер саласының құндылығын Шеллинг генийлердің (genius -лат. сөзі, аса дарынды деген мағына береді) іс-әрекетімен тығыз байланыстырады. Өйткені олар - Абсолюттің құралы, бірақ оны олар сезінбейді. Генийдің өмірі - ерікті де, зардап пен шаттыққа, шығармашылық іс-әрекетке толы. Ол өнер саласында белгілі бір мақсат қойып, оны ертелі-кеш орындайды, дүниеге аскан әсем туынды келеді. Ал бірақ оған ол қандай жолмен, қандай заңдылықтардың нәтижесінде жетті - оны ол көбіне түсіне бермейді. Өйткені өнер кайраткерінің туындысын Дүниеге әкелетін ең терең себеп - ол Абсолюттің өзі.

Алайда гений өз шығармасын тудырып, оның кемеліне келген әсемдігін сезініп, шексіз шаттанып, одан ғажап ләззат алады. Өйткені оның рухы өзінің жасаған өнер туындысы арқылы заттанды (объективтелінді), ал заттанған өнер шығармасынан идеалды өмірдің нышаны байқалады (субъективтелінді). Сонымен өнерде объективтік пен субъективтік бір-бірімен косылып, алғашқы бейсаналық теңдіктің дамыған финалы, соңы ретінде байкалады.

Шеллинг өнер саласын, негізінен, екіге бөледі. Біріншісі -реалдық өнерлер. Оған ол музыканы, сурет, архитектура мен скульптураны жатқызады. Екіншісі - лирика, эпос және драма. Егер біріншіге жататын өнер салалары көбіне дене әсемдігіне көңіл бөлсе, екіншілер, одан да жоғары - рухани әсемдікті көрсетеді. Әрине, бұл классификацияға күмәндануға әбден болатын сияқты. Музыка арқылы сөзбен жеткізе алмайтын нәзік сезім толқындарын тудыруға болатынын бәріміз де білеміз, олай болса оны екінші топқа жатқызуға, әрине, болар еді.

Шеллингтің ойынша, ең биік өнер - ол поэзия. Ол арқылы Абсолют өзін-өзі ең терең түрде сезіне алады. Соңынан, XX ғасырда өмір сүрген ұлы неміс философы М.Хайдеггер бұл пікірді толығынан қолдап, поэзияда философиялық ой-өрістің шеңберінде ашылмаған болмыстың сырлары ашылады деген болатын.

Сонымен тек өнерде ғана адам өлшенбейтін, бұл өмірде жок ғажапқа іштей беріліп, жан тыныштығына иеленеді. Ал ол — өлшемі Жоқ ғажап, ол - Құдай. Абсолют ұғымы - оның тек қана сөзбен берілген аты ғана. Соңынан Шеллинг өнердің Құдай идеяларына қатыстығы бар екенін көрсетіп, өнерді сүйіп-түсінудің өзі Құдайдың адамға жауған нұры деген пікір айтты.

Көріп отырғанымыздай, өмірінің соңына қарай, Шеллинг бірте-бірте діни философияға қарай ауытқып, «аян философиясьның» жолына түсті. Шеллингтің замандастарыньвд көбі оның бұл ауытқуын теріс қабылдап, жас кезінде даңққа, сыйға бөленген философ қартайған шағында жалғыздықтың, ұмыт қалудың да қасіретін басынан өткізді.

Қалай айтқанда да, ұлы философтың идеялары философия тарихында әрі қарай өз өмірін сүріп кете барды. Ол өзінен кейінгі көп ұлы философтардың ой-өрісінің қалыптасуына зор әсерін тигізді. Біз оны болашақтағы тақырыптардан көретін боламыз. Шеллингтің философия тарихында өз орны бар және ол адамзат есінде мәңгі қалады да деген ойдамыз.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1079 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2753 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.