Философияда ұлы жүйелерді жасаушылар.
Платон мен Аристотель
Б.з.д. IV ғ. Антикалық қоғамда бүкіл мәдениет, соның ішінде философия да өзінің ең биік сатысына көтеріледі.
Қоғамды әлеуметтік-экономикалық, саяси жағынан алып қарағанда, бұл уақыт қала-полистердің мүмкіншіліктері таусылып, дағдарысқа үшыраған кезі болғанымен, рухани өмір, керісінше, үлкен шабытта болып, ен ұлы туындылар пайда болды. Мұның өзі рухани және материалдық өмір дамуының бір-бірінен тәуелсіз екендігін дәлелдегендей, әрине, салыстырмалы түрде ғана.
Ал философияның өзінің ішкі даму заңдылықтарына келер болсақ, натурфилософиялық кезең және софистика ұлы жүйелерді жасауға жақсы мүмкіншіліктерді тудырды. Сол антикалық философияда үлкен төңкеріс жасаған ұлы ойшылдар Платон мен Аристотель болды.
Платон (б.з.д. 427-347 ж.) өзінің осы атын кең иықтылығының арқасында Сократтан алыпты-мыс деген аңыз бар. Оның шын аты Аристокл. Платонның әкесі атақты рудан шыққан, ол жас кезінде жақсы білім алады, өлең шығарумен әуестенеді. 20 жасында Сократпен, танысьп өзінің өмірінде үлкен бетбұрыс жасайды, сөйтіп ол өзінің өмірін толығынан философияға арнайды.
Платонның еңбектерінің ерекшелігі - ол оның бәрін сұхбат ретінде жазады. Ол әдісті, шамасы, Платон 8 жыл бойы Сократпен бірге болған кезде игерген. Екінші ерекшелігі - сұхбаттың негізгі кейіпкері - Сократ. Сонымен Платон өзінің ойларын осы Сократ кейпі арқылы жеткізеді.
Платонның негізгі еңбектері «Сократты жақтау», «Критон», «Мемлекет», «Федон», «Парменид», «Софист», «Заңдар» т.с.с.
Платонньң көзқарасының қалыптасуына зор әсер еткен -Гераклит. Ол оның негізгі тұжырымы «Бәрі де ағым», «бітпейтін өзгерісті» толық қабылдайды, бірақ тек ол біз өмір сүріп жатқан Дүниеге тән.
Екіншіден, оған Элея мектебінің негізгі қағидалары да зор әсерін тигізді. Ол - қозғалмайтын, мәңгі, бір Болмыс идеясы.
Үшіншіден, Сократтың моральдық философиясы, оның негізгі ұғым-кұндылықтары - Ақиқат, Ізгілік, Әсемдік.
Төртіншіден, Пифагордың сандық философиясынан шығатын өлшемдік ұғьмы.
Платонның философия саласында жасаған төңкерісі - оның «Эйдос» (идея) әлемін ашқаны. Платонды сезімдік таным қанағаттандырмайды, өйткені Дүние - ағым, заттар өне бойы өзгерісте, тұрақсыз. Ал біз өзіміздің білімімізде тұрактылыққа, жалпыға ортақ, өзгермейтін ұғьмдар жасауға, яғни Дүниені түсінуге тырысамыз. Ал ондай білімді біз бұл сезімдік әлемнен таба алмаймыз. Олай болса, оның кайнар көзі «Шынайы болмыста» Эйдос әлемінде, «қол астындағы болмыстан» біз оны таба алмаймыз.
Біз Платонның бұл жаңалығының негіздемелерін оның әртүрлі диалогтарындағы Әсемдік, Ізгілік, Әділеттілік, Батылдық т.с.с. ұғымдарды Сократтың атынан талдағанда көреміз.
«Үлкен Гиппий» деген диалогында Сократ мынандай сұрақ қояды: «Расында да, ізгіліктен барлық ізгі істер, әділіттіліктен барлык әділеттік, әсемдіктен барлық әсем заттар тумай ма?»
- Әрине, - деп жауап береді Гиппий. - Әсемдік ол - әсем қыз, мысалы.
Оған Сократ: «Неге әсем би, ия әсем кұмыра емес?» - деген сұрақ қояды. Әрбір зат бір жағынан әсем, екінші жағынан, басқа заттармен салыстырсақ, түрсіз болуы мүмкін. Ал бізге барлық заттарға ортақ жалпы әсемдік керек қой.
Гиппий оны алтыннан, басқа заттардан, неше түрлі моральдық құндылықтардан іздейді, бірақ таба алмайды.
Платонның көзқарасы бойынша, заттардың әсемдігі әсемдік идеясында жатыр. Оның қайнар көзі «Эйдос әлемінде». Сонымен сезімдік әлемнен басқа тұрақты, мәңгілік қозғалмайтын, кемеліне келген басқа әлем - идеялар әлемі бар екен. Егер бұл әлемдегі затгар сезім арқылы танылса, онда ақыл-оймен танылатын ұғымдарға идея әлемі сәйкес келуі керек. Олай болса, идеялар - ой емес, ойдың зерттейтін пәні, ол - шынайы болмыс. Идея заттардың терең мәнін құрайды, оның бітімін қалыптастырады, сол себептен оны Дүниеге әкеледі, онын «парадигмасын» кұрайды (раrаdіgmа -грек сөзі, үлгі).
Өзінің идеялар әлемі түсінікті болуы үшін Платон «Үңгір жөніндегі аңызды» пайдаланады. Сонында бұл аңыз метафизика, гносеология және диалектиканың символына айналды.
Көзімізге үңгірде, я болмаса зынданда, аяқ-қолы байланған адамдарды елестетейік. Үңгірдің аузы күншығысқа қараған, сондықтан оның сәулелері сондағы адамдар қарап отырған жаққа түсіп тұр. Жер бетінде керуен кетіп бара жатыр, адамдар әртүрлі заттарды көтеріп, бір-бірімен сөйлесіп келеді.
Үңгірде қамалған адамдарға солардың қозғалып бара жатқан көлеңкелері көрінеді, түсініксіз күңгірт дыбыстар естіледі. Олар бірақ жер бетінде шын өмір барын білмейді, сол көлеңкенің өзін шын өмір екен ғой деп есептейді. Бірақ сол қамалған адамдардың біреуі ойланып-толғанып, ақырында өзінің көлеңке әлемінде тұрып жатқанын түсінуі мумкін. Ал екіншісі аяқ-қолын калайда шешіп, үңгірдің сыртына шығып, күн көзінің сәулесіне көздері үйренгеннен кейін, шынайы өмірдегі адамдарды, заттарды, соңында жарқырап тұрған күннің өзін көреді.
Үңгір аңызынан қандай философиялық тұжырымдар жасауға болады?
Біріншіден, болмыстың әртүрлі деңгейлігі жөнінде - сезімдік болмыс пен құдіретті болмыстың бар екендігі; үңгірдің ішіндегі көлеңкелер - сезімдік әлем, ал жер бетіндегі адамдар мен заттар -нағыз болмысты, қүдіретті әлемді көрсетеді, ал күн - ол ізгілікті көрсететін идея.
Екіншіден, танымның деңгейлерін байқауға болады - ол сезімдік таным, ақыл-оймен тану, интуитивтік жолмен соңғы себептерге жету.
Үшіншіден, бұл аңыздың моральдык, аксиологиялык жағын да байқауға болады. Өмірде тек қана сезім толқынының шеңберінде болу - ол үңгірдегі өмір. Рухани өмір сатысьша көтерілу - ол нағыз болмыс әлеміне көтерілумен тең. Ал күннің өзін көріп-тамашалау -ол құдіретті күшті көрумен тең.
Ал идеялар әлемі бар болса, ол қай жерде екен деген сұрақ заңды түрде пайда болады. Оның орнын Платон «Гиперуранияда -ол аспаннан да жоғары орналасқан», - дейді. Олай болса, ол материалдык әлемнен басқа, оны тек ақыл-оймен ғана түсінуге болады.
Платон идеялар әлемін белгілі бір жүйе ретінде қарайды. Олай болса, оның төменгі және жоғары дәрежеде орналасқан құрамдас бөліктері бар. Жүйенің ең шыңында ізгілік идеясы орналасқан. Ол - Бірліктің көрінісі. Оған қарсы тұрған екінші бастау ол Диада шексіз көптіктің бастауы, үлкен мен кішкентайдың, шексіз үлкен мен шексіз азды камтиды.
Осы екі бастаудың қосылысы идея әлемін құрайды. Әрбір идея бір жағынан шексіз, екінші жағынан шектелген.
Бірақ әңгіменің ең қиындығы - идея әлемі материалдық Дүниені қалай тудырады? Материалдық емес нәрсе - материалдык сезімдік өзгеріп жатқан әлемді қалайша дүниеге әкеледі?
Платонның ойынша, материя – мәңгілік өзімен-өзі өмір сүріп жатқан енжар нәрсе. Оны хаостық жағдайдан (сһаоs - тұңғиық, белгісіз, бітімсіз, еш тәртіпсіз деген мағына береді) космосқа, тәртіпке келтірілген Дүниеге әкелген - Демиург. Ол идеалды әлемді үлгі ретінде алып, материяға бітім беріп, бұл Дүниені тудырды.
Идея әлемі - парадигма - ол мәнгі, алғашқы, Демиург та Құдай ретінде мәңгі, бірақ сезімдік әлем, түпнұсқа емес, жасалған, көшірмелі болғаннан кейін - өтпелі, жалған, көлеңке.
Әрине, бүгінгі таңдағы білім тұрғысынан біз Платонның идея әлемін қатты сынға ала аламыз. Әрбір Дүниедегі жеке заттың тек өзіне ғана тэн жақтарымен бірге басқа заттарға оны жақындататын жалпы жақтары бар. Адам таным процесінде заттардың жалпы қасиеттерін зерттеп, оны белгілейтін ұғымдарды туғызады. Оны адам тіл аркылы береді. Олай болса, әрбір сөз Дүниені жалпылайды, әсіресе, ғылыми ұғымдар. Мысалы, адам ұғымы жер бетінде өмір сүріп жатқан 6,3 млрд адамзатты қамтиды. Нақтылы жеке адам Дүниеге келіп, кетуі мүмкін, ал адам ұғымы кала береді. Бірақ осы нақтылы тірі өмір сүріп жатқан адамдар болмаса, онда адам ұғымы да болмас еді.
Мәселе Платонның идеалдық әлемінде емес, әңгіме сол идеялар әлемін тудыратын ұғымдарда. Платоннан кейін ұғымдарды зерттеу, олардың табиғатын ашу, бір-бірімен байланысын көрсету -философияның негізгі мәселелерінің біріне айналды.
Енді Платонға қайта оралып, оның таным теориясына (гносеология) келетін болсақ, онда оның негізінде анамнез жатыр. Адамның жан дүниесі мәңгілік, оның шыққан тегі - идеялар әлемі. Сондықтан дүниетану жолында біздің жанымыз өзінің идеалды әлемінде болған шағын еске түсіре отырып қана ұғымдарды тудырады.
Ал сезімдік танымға келетін болсақ, ондағы білім көбінесе жалған, өйткені бұл өмірдің өзі өтпелі, тұрақсыз. Сондықтан сезімдік жолмен танылған пікірді Платон докса дейді. Егер пікірді біз соған сәйкес ұғыммен негіздесек, онда ол ғылымға айналады.
Платонның ойынша, бұл өмірде бізді идеялар әлемін жалғастыратын жалғыз ғылым, жан дүние ғана емес, сонымен бірге Эрос және сүйіспеншілік. Олар бізді қүдіретті әлеммен байланыстыратын көпірге ұқсайды. Эрос бізге қанат-күш беріп, әсемдіктің әртүрлі сатыларынан өткізіп, соған ақырында жеткізеді.
Ал сүйіспеншілікке келетін болсақ, ол - сұлулық пен ізгілікке құмарту. Олай болса, ол - философия, даналықты сүю, өйткені даналықтың өзі сұлулық пен ізгілікті сүюмен тең.
Сүюдің бірінші баспалдағы - ол жыныстық сүю, әсем денеге деген құмарту және соның ішінде басқа өмірді келтіру; онда да өлместікке деген құштарлык бар: ұрықтандыру жолында жаңа өмір Дүниеге келеді - ол өлместіктің кепілі.
Екінші сатыда сүюдін басқа бітімі Дүниеге келеді: біз денеге емес, басқа адамның жан дүниесімен тіл табысып, оны сүйеміз: онда шашылатын тұқым рухты жандандырып, байытады, өнерге, білімге, әділеттілікке, ізгілікке деген құштарлық пайда болады.
Үшінші сатыда Сүйіспеншілік бізді идея әлеміндегі әсемдіктің өзімен ұштастырады.
Платон метафизикалық, гносеологиялык, этикалык мәселелерді әлеуметтік саяси мәселелермен байланыстыра білген. Ол оның «Саясаткер», «Мемлекет», «Заңдар» деген еңбектерінде көрсетілген.
Ойшыл қоғамның пайда болуын терең қараған. Егер жануарлар өзіне керектінің бәрін тағы табиғатта дайын күйінде тауып алса, адамдар жеке-жеке өзіне керек қажеттіктерді өтей алмайды, екіншіден, ол кажеттіктердің көбі еңбек процесінде жасалады, даяр түрінде табиғатта жоқ. Сондықтан адамдар қоғам болып бірігіп өмір сүреді. Біреуі жер жыртады, екіншісі - бала оқытады, үшіншісі үй салады т.с.с.
Жалпы алғанда, Платон қоғамдағы адамдарды бірнеше әлеуметтік топтарға бөледі. Төменгі топ шаруалар, қолөнершілер, саудагерлер т.с.с. тұрады. Олар қоғамның материалдық қажеттіктерін қамтамасыз етеді.
Адамды ішкі және сыртқы жаулардан қорғау керек, ол үшін полиске жауынгерлер керек.
Мемлекетті басқару өнері өте қиын. Оны эділіттіліктің, ізгі-ліктің негізінде жүргізу керек. Ал оған даналық керек. Оны жүргізе алатын - философтар. Біз, философтар, осы уақытқа дейін Платонға өзіміздің алғысымызды айтамыз. Бірақ философтар елді басқара алмайды: ол үшін олар көп моральдық адамгершілік қасиеттерінен арылуы керек, өйткені саясатта ашық шындық талаптарының оқтын-оқтын моральдық нормалар беретін талаптар кеңістігінен шығып кетуіне әкеледі.
Бүл үш әлеуметтік топтың қажеттігін Платон психологиялық тұрғыдан да толықтырады. Адамның жан дүниесінде ақыл-ой, ерік, іңкәрлік қалай бір-бірімен үйлесімді болса, қоғамда да әлеуметтік топтар соған байланысты өмір сүруі керек.
Үкіметті басқаратын адамның жан дүниесінде ақыл-ой, даналық басымырақ болуы керек; жауынгерлердің жүрегінде қызбалык, құштарлық басым болуы керек. Ал көпшілік халықтың жан дүниесінде — өмірге, байлыкқа деген іңкәрлік басым болуы керек.
Жекеменшік өлшемді түрде, негізінен алғанда, халықтың қолында болуы қажет, ал жекеменшік бар жерде отбасы, бала-шаға, мұрагерлік деген бар.
Ал жоғарыдағы екі топта жекеменшік болмауы қажет. Мемлекет басқарып отырған адамдарда байлыққа деген ынта болса, онда олар заңдарды өздерінің мүдделеріне сай етіп бұрмалауы мүмкін, ол халықты әрі қарай кедейлетіп, байларды әрі қарай байытады. Ол үшін олардың отбасылары болмауы керек, сонда ғана ол байлыққа қызықпай, елді әділ жолмен басқарады.
Жауынгерлерге келер болсақ, жекеменшік олардың негізгі қызметіне - елді қорғауға, тәртіпті қадағалауға үстірт қарауларына, қолындағы қару-жарақты өз жеке мүддесіне пайдалануы мүмкін.
Мемлекет жоғарғы топтардағы еркектер мен әйелдердің қарым-қатынасын арнаулы ұйымдар арқылы ретке келтіріп отырады; олардан туған балаларды арнаулы мекемелерге жіберіп, мемлекет тәрбиелейді: олар өздерінің әке-шешелерінің кім екенін, ал әке-шешелері балаларын танымаулары керек.
Оқырманның байқағанындай, Платон мемлекетінің кейбір жақтары екі мыңжылдан артық уақыттан кейін XX ғасырда пайда болған тоталитарлық тәртіптерден көрінді. Бұрынғы кеңес қоғамындағы мемлекеттің рөлі Платонның мемлекетінен кем болған жоқ шығар. Мемлекет жекеменшікті жойып, барлық ұлттық байлықты өз қарамағына алған болатын, тек отбасыларды жойып, әйелдерді ортақ қылмағаны болмаса. Германиядағы фашистер соғыс кезінде соғыстың алдыңғы шегіндегі офицерлерді санаторийлерге кезекпен демалуға шақырып, оларды сұлу, денсаулығы жақсы неміс әйелдерімен уақытша қосып отырған. Ондағы мақсаттары - арий тұқымын жақсарту, болашақ қоғамның әлитасын құратын ұрпақты жасау. Алайда ол әйелдер көбінесе мүгедек сәбилерді дүниеге әкелген, өйткені жаңа өмір махаббаттың туындысы емес пе? Сонымен фашистер Платонның ойын іске асырып, одан дұрыс нәтиже ала алмады.
Шынында да, тарихта айтылған бірде-бір философиялық ой жай қалмайды, ол белгілі бір жағдайда шын өмірде іске асады. Ал оның өзі нәтижелі бола ма, оны үлы мәртебелі тарих көрсетеді.
Аристотель және оның философиялық жүйесі
Аристотель (384-322 б.з.д.) - көне заманның ең үлы философы, заманының ең дарынды, жан-жақты білімі бар тұлға болған. Аристотель сонымен бірге өз заманының ұлы қолбасшысы, үлкен Империя жасаушы Александр Македонскийдін оқытушысы ретінде
де тарихта аты қалған.
Аристотельдің тағы да жасаған бір үлкен жұмысы - ол Афина қаласында даңқы бүкіл Дүниеге әйгілі мектеп - Ликейді ашады (қазіргі лицейлердің аты содан шыққан). Мектептің жанында үлкен бақ болған, онда адамдар серуендейтін үсті жабық жолдар болған, оларды грекше «перипатос» дейді. Тарихта Аристотельдің философиясын қолдап, әрі карай жалғастырған мектепті перипатетиктер дейді.
Аристотель жан-жақты терең білімді тұлға болғаннан кейін, оның мұрасын ғалымдар бірнеше топқа бөледі.
Логикалық еңбектері (негізгі кітап «Органон», «Категориялар» т.с.с.
Табиғат философиясьша арналған еңбектері: «Физика» 8 кі тап, «Аспан жайлы» 4 кітап, «Аспандағы құбылыстар жайлы» т.с.с.).
Жан дұниесі философиясына арналған: «Жан дүниесі жөнінде», «Өмір мен өлім туралы», «Тыныс алу туралы» т.с.с.
Тіршілік философиясына арналған: «Жануарлардың дене мүшелері жайлы», «Жануарлардың дүниеге келуі жайлы».
Бірінші физика 14 кітаптан тұратын. Соңынан «Метафизика» деген атаққа ие болды.
Моральдық философияға арналған: «Никомахтың этикасы», «Үлкен этика».
Саясат пен экономикаға арналған: «Саясат», «Экономика», «Афинаның саяси өмірі».
Көркем сөйлеу мен көркем сөзге арналған: «Риторика өнері», «Өлең сөз жөнінде».
Логика мәселелері
Логика ғылымының іргетасын қалаушы Аристотель. XVII ғ. немістің ұлы философы Канттың: «Аристотельден кейін осы уақытқа дейін логикаға еш жаңалық енгізілген жоқ», — деген сөзінің езі кеп нәрсені көрсеткендей.
«Категориялар» деген еңбегінде Аристотель алғаш рет егжей-тегжейлі талдау арқылы он негізгі ұғымдарды ұсынады. Олар: мән, сапа, сан, қатынас, орын, уақыт, орналасу, иелену, әрекеттену, зардаптану. Олар мынандай сұрақтарға жауап береді: «Не бар», «қандай», «қанша».
Аристотельдің категориялары, бір жағынан алып қарағанда, болмыстың мінездемелері, екінші жағынан, ойдың бітімдері ретінде қаралады.
Бұл категориялардың ішіндегі негізгісі -- мән. Аристотель бірінші мән ретінде нақтылы өмір сүріп жаткан жеке заттарды жатқызады. Ал оларға тән жалпылықты ол — «тек», «түр» ретінде екінші мән дейді. Сонымен бұл арада Аристотель Платонның көзқарасымен қайшы келеді: жеке заттардан бөлек жалпылық өмір сүре алмайды. Жүре келе ойшыл «тек», «түрді» морфе (mоrрһе), яғни бітім деген ұғымға ауыстырып, заттың терең мәні сонда деген пікір айтады.
Аристотельдің «Органон» деген еңбегінде жеке категориялар емес, әртүрлі тұжырымдар талданады, олардың құрылысының негізінде жатқан ойлау заңдылықтары көрсетілді. Олар:
Тепе-теңдік заңы (А = А), яғни белгілі бір ұғым әрқашанда бір мағынада ғана қолданылуы керек.
Қайшылықты жоққа шығару заңы (А = В). Үшіншіні жоққа шығару заңы (А=А, ия болмаса А= В, яғни екеуінің біреуі дүрыс (үшіншіге жол жоқ).
Бұл логиканың үш заңы ұғымдарды тек бір мағынада пайдаланып, олардан шығатын тұжырымдардың бір-біріне қайшы келмеуін талап етеді. Осы талаптың негізінде силлогизмдер құрылады. Мысалы: Барлық адамдар өлмек; Сократ - адам; Олай болса, Сократ өлмек.
Аристотельдің логикасында адамдардың ой-тұжырымдырында кездесетін қателіктер талданады. Олар көбінесе сөздердің көп мағыналығынан шығуы мүмкін (омономия). Мысалы, шаш — бір жағынан шашу, лақтыру, екінші жағынан адамның басындағы шашы ретінде қолданылады.
Қателіктер белгілі ойларды бір-бірімен дұрыс қоспай, ия болмаса дұрыс белмеуден шығуы мүмкін, ия болмаса мәннің орнына кездейсоқтық қасиет қолданылуы мүмкін т.с.с.