Лекции.Орг


Поиск:




СУ ШАРУАШЫЛЫҒЫН ҚАРЖЫЛАНДЫРУ




 

1 Су құрылыстары мен жүйелерін пайдалану ұйымдарын қаржыландыру

2 Су шаруашылығы шараларын қаржыландыру көздері

3 Су шаруашылыгы мекемелерінің қазіргі инвестициялық жағдайы

4 Су пайдалану және табиғатқа үйлестіру объектілеріне жобалауға, салуға, пайдалануға кететін шығындар (қаржылар)

Су жүйелерін пайдалану барысында, су құрылыстарын салу кезінде және ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру үшін көптеген түрлі негізгі және айналмалы қорлар пайдаланылады. Олар осы жұмыс процесторының орындау кезінде тозады. Көбісі істен шығуы мүмкін. Осы негізгі және айналмалы қорларды үнемі қалпына келтіру және кеңейту, жаңарту керек. Оларды қалпына келтіру және кеңейту үшін күрделі қаржылар қажет. Су және ауылшаруашылығындағы күрделі қаржылар деп осы салалардағы мекемелердің жаңа объектілерді салуға не болмаса жұмыс істеп тұрған кәсіпорындарды қайта құруға, кеңейтуге жұмсалған ақшаларды айтамыз. Күрделі қаржылар бірнеше жылда бір ақ рет болады. Олар әдеті негізгі қорларды іске қосуға жұмсалады. Ал күнделікті өндірісті жүргізуге жұмсалған қаржыларды жылдық шығындар дейміз.

Күрделі қаржылар өндірістік және өндірістік емес болып екіге бөлінеді. Өндірістік күрделі қаржылар су шаруашылығы, мал шаруашылығы, электр жүйесінің объектілерін салу, көп жылдық ағаштарды егуге (жеміс жидек т.б.), түрлі ауыл шаруашылық техникаларын сатып алуға т.б. жұмсалады. Өндірістік емес күрделі қаржылар тұрғын үйлерді, коммуналдық тұрмыс қажеттерді өтейтін кәсіпорындарды, денсаулық сақтау және оқу, ағарту, мәдениет орындарын салуға жұмсалады. Күлделі қаржылардың көлемі және сапасын анықтайтын көрсеткіш олардың құрылымы болады.

Күрделі қаржылар негізінен үш бағытта жұмсалады: салалық құрылымы, негізгі қорларды қалпына келтіру құрылымы және де технологиялық құрылым. Әр шаруашылық өзінің негізгі жұмысына қарай күрделі қаржыларды өз мұқтаждарына жұмсайды.

Нарықтық экономика жағдайында барлық шаруашылықтардың формалары өзін өзі басқару және өзін өзі қаржыландыру жүйесінде жұмыс істейді. Сондықтан бұл шаруашылықтарда күрделі қаржылардың негізгі көздері болып қорлардың тозу жарналарынан түскен ақшалар, пайда табыстан бөлінген қаржылар б.б. Тозу жарналары негізгі қорларды жай қалпына келтіруге ғана жетеді. Ал өндірісті кеңнйту үшін қосымша қаржылар қажет. Олар тек кәсіпорындардың пайда табысынан және де банктен несие алу арқылы жүргізіледі.

Ауыл шаруашылық өндірістік кооперативтерде, акционерлік кәсіпорындарда, қоғамда күрделі қаржылардың көздеріне жоғарыда аталғандардан басқа осы мекемелерді құрушылардың берген жарналары, құнды қағаздардан түскен табыстар, қайырымдылық қорларынан бөлінгенжарнамалар, түрлі мекемелер және жеке адамдар берген қаржылар жатады. Шаруа қожалықтары негізгі қорларды жәй және кеңейтілген түрде қалпына келтіру жұмыстарын өз қаржыларының есебінен жүргізеді. Олар банктерден қысқа және ұзақ мерзімде несие алуларына болады.

Ауыл шаруашылығына арналған күрделі қаржылардың тағы бір көздері ол шетел кәсіпкерлерінің қатысуымен ұйымдастырылған өндірістер. Олардың осы жұмыстарды атқарудағы құқығы біз кәсіпорындармен бірдей (өнім өндіруде, оларды сатуда, түскен табысты пайдалануда б.б.).

Келешекте ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіруде негізгі кәсіпорындар болып шаруа қожалықтары және өндірістік кооперативтер болады. Сондықтан оларды құру барысында үкімет тарапынан көп қолдауды талап етеді(күрделі қаржыландыру, жерді бөліп беру, несиелерді бөлу, материалдар және техникалармен жабықтау б.б.). Алайда осы ауыл шаруашылық кәсіпорындары ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде қазіргі кезде елеулі орын ала алмай отыр. Олардың материалдық жабдықталу жағдайы өте төмен.

Болашақта шаруа қожалықтары мен өндірістік кооперативтер ауыл шаруашылық өнімдерін өндіруде негізгі кәсіпорындар болуы керек. Сондықтан, олар жемісті жұмыс істеуі үшін үкімет тарапынан мынадай мәселерді шешу қажет: шаруашылықтарға қысқа және ұзақ мерзімді несиелерді беру тәртібі, өндіріс және әлеумет саласын дамытуға, жаңа технологияны өндіруге жеңілдетілген түрдегі несие беру шарттары үкімет тарапынан сатып алынатын өнімдерді сату үшін жаратылған шығындарды өтеу т.б.

Ауыл шаруашылығын реттеу және қаржыландыру саясатын өнімдерге баға қоюды реттеу, салық жүйесін жетілдіру және де қосымша жәрдем қаржы беру арқылы жүргізеді. Көпшілік шет мемлекет елдерде ауыл шаруашылығындағы экономикалық және әлеуметтік даланы реттеу үкімет бюджетінің есебінен жүргізіледі. Мысалы Еуропа экономикалық қоғамында (ЕЭС). Бұл қоғамның қаржылары әрбір мемлекеттің қызметтерінің жұмыстарының нәтижесінде түскен қаражаттардан тұрады. Олар негізінен мынамен бағытта жұмсалып отырады: Бірінші бағыт: таулы және ауа райы қолайсыз жақтардағы шаруашылықтарға жылағы беретін тұрақты қаржылар. Бұл қаражат бөлудің негізгі мақсаты осы аймақта тұратын халықтарды сол жерде ұстау және оларға жұмыс істеуге жағдай жасау саясаты сол аймақтар жалпы жердің 43%-ын құрайды. Екінші бағыт: орта және ірі шаруашылықтардың өндірістерін жетілдіру және кеңейтуге арналған сирек болатын шараларға бөлінетін күрделі қаржылар. Олар негізінен шаруашылықтардың алған несиелерін өтеу үшін пайдаланылады. Үшінші бағыттағы қаржылар жерді орналастыру, мелиорация және сумен жабдықтар, су құрылымтарын салу, түрлі инфроқұрылымдарды іске асыруға арналған қаржылар. Атап өту керек ауыл шаруашылығын үкімет тарапынан қолдау біздің республикада да біршама өсіп келеді. Әсіресе мал шаруашылығы өндіретін өндіруде товар өндірушілерді үкімет ақшалай тағы басқа материалдық ресурстармен қамтамасыз ету, жеңілдетілген несиелер беру арқылы қолдап отыр.

Соңғы жылдары шаруашылықтарға ұзақ мерзімді несиелер беру күрт азайып олардың орнына қысқа мерзімді несиелер беру көбейді. Бұның себебі материалдық ресурстардың бағаларының өзгеруі болса екінші жағынан банк мекемелері ұзақ мерзімді несиелердің қайтпау қауіпі бар деп шаруашылықтарға сенімсіздік білдіруден деп тауып отыр.

Келешекте банктер қаржы-несие жүйесін жетілдіру арқылы кәсіпорындарға несие алуға мүмкіндік жасау керек. Алайда кәсіпорындар мына жағдайларды қатаң сақтау қажет: қаржының жеткіліктілігін. Олардың белгілі жұмысқа бағытталуы, тез қажеттілігі, уақытылы қайтарылуы және несие үшін ақы төленуі т.б. Әрбір кәсіпорны несиелердің тиімді пайдалануына жауапкершілігін күшейту керек. Төлем тәртібін үнемі бұзатын кәсіпорындарды алған несиелерді төлей алмайтын мекеме деп жариялау кекрек және де оларды материалдар мен басқа жабдықтармен қамтамасыз ететін орындарға және де жоғарғы органдарға хабарлау керек. Қазіргі нарықтық экономикаға өтпелі кезеңде күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін арттыру проблемелар өте күрделі мәселе болып отыр. Әсіресе жұмсалатын қаржылардың әлеуметтік құрылымының өзгеруіне байланысты олардың экономикалық тиімділігін арттыру мәселесі үлекн поблемаға айналып отыр.

Мелиорацияға жұмсалған күрделі қаржылардың тиімділігін соның нәтижесінде алынған пайда қаржыларды салыстыру арқылы анықталады. Мелиорацияға күрделі қаржыларды жұмсаудың мақсаты жердің өнімділігін арттыру және ауыл шаруашылық өнімдерін көбейту болып табылады. Сондықтан осы қаржылардың экономикалық тиімділігі мелиорацияланған жерлердегі ауыл шаруашылық өндірісінің тиімділігі, жалпы өнімдердің өсу мөлшері, таза өнім және таза табыс арқылы табылады. Жерді мелиорациялануға жұмсалған күрделі қаржылардың халық шаруашылығы бойынша тиімділігі ұлттық табыстың бір жылғы өсімінің сол өсімді өедірген күрделі қаржылардың қатынасына тең. Ал жеке кәсіпорындар, шаруашылықтар үшін таза пайданың күрделі қаржыға қатынасына тең. Мелиорацияға жұмсалған күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін анықтағанда ол жұмысардың жүзеге асырылу уақытымен ол жерлерден жоспарланған тиімділікті алуға кеткен уақытты ескеару керек. Ол уақыт екі бөлімнен тұрады құрылыс салу уақыты және мелиорацияланған жерлерді игеру уақыты. Құрылыс салу уақыты (лаг строительство) – бұл барлық мелиорация жұмыстарын орындауға кеткен уақыт. Жерді игеруге кеткен уақыт (лаг освоение) – бұл мелиорацияланған жерлерден жоспарланған тиімділіктің деңгейіне жету үшін кеткен уақыт. Ол осы үшін жүргізілетін жұмыстардың уақытылы жоғарғы деңгейде орындалуын және олардың ұйымдастыру қарқынына байланысты. Сондықтан, мелиорация жұмыстарының тиімділігін арттыру үшін тек қана құрылыс жұмыстарын уақытылы орындау жеткіліксіз. Олармен бірге жерді игеру жұмыстарын да сапалы, дер кезінде жүргізу керек.

Лас суларды пайдаланатын су жүйелерін салуғға жұмсалған күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін анықтағанда мынадай жағдайларды ескеру керек.

Біріншіден – қоршаған ортаны қорғайды.Себебі ылас сулардың құрамындағы қалдықтар суармалы жерлердегі топырақтар арқылы тазартылады. Екіншіден бұл жерлерде егілген дақылдардың өнімділігі артады. Себебі лас сулардың құрамында түрлі тыңайтқыштар бар.

Жерді мелиорациялауға жұмсалған күрделі қаржылардың тиімділігін анықтағанға осы жұмыстардың әлеуметтік жағдайын және де қоршаған ортаға тигізетін әсерін, зияндылығын да ескеру шарт.

Мелиорацияға жұмсалған күрделі қаржылардың жалпы (абсолюттік) экономикалық тиімділігі осы шараларды барлық жоспарлау, орналастыру және де осы жоспарлардың орындалуын талдайтын кезеңдерде анықталады. Осы экономикалық тиімділікті анықтаудағы алынған көрсеткіштер нормативті көрсеткіштермен және озат шаруашылықтардағы мәліметтермен салыстыру керек. Егер жұмсалған күрделі қаржылардың экономикалық тиімділік көрсеикіштері нормативте көрсетілген көрсеткіштерден жоғары немесе тең болса онда мелиорация жұмыстары тиімді деп есептейміз. Бұрын халық шаруашылығының қой саласында болсын күрделі қаржылардың күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін анықтау үшін 1981-жылғы бекітілген типті методика қолданылады. Бұл әдістер жинағы барлық халық шаруашылық салаларында міндетті түрде қолданылады. Бұл методика бойынша күрделі қаржылардың экономикалық тиімділігін анықтайтын негізгі көрсеткіштер ретінде мына екі көрсеткіш келтірілген. Олар:

- Экономикалық тиімділік коэфициенті – Е

- Күрделі қаржылардың орнын толтырудың нормативтік мерзімі – Т

Экономикалық тиімділік коэфициенті (Е) осы күрделі қаржыларды жұмсау арқылы алынған пайда табыстың (П) сол күрделі қаржылардың (КҚ)қатынасы:

Е= (13)

Ал күрделі қаржының орнын толтыру мерзімі керсінше осы коэфициенттің қарама-қарсы мөлшері:

T= (14)

Осы көрсеткіштердің есептеп шығару әдісі халық шаруашылығының барлық салаларында бір-біріне ұқсас, тек есептің негізіне алатын шаруашылық тиімділігінің көрсеткіші шығарылатын есептің деңгейіне, күрделілігіне байланысты өзгеріп отырады.

Бірнеше өндіріс саласын немесе бүкіл Республика аймағының болашағын қамтитын ірі халық шаруашылық мәселелердің тиімділігін анықтағанда алынатын тиімділік көрсеткіші ретінде бір бағамен есептелген жылдық ұлттық табыстың осімі (ҰТӨ) алынады. Одан кішірек көлемдегі шаралардың тиімділігін анықтау үшін көрсеткіш ретінде таза өнімдердің өсімі (ТӨӨ), ал халық шаруашылығы саласының ішіндегі және бірлестікер мен кәсіпорындар деңгейіндегі шаралардың тиімділігін анықтау үшін жылдық пайда табыс (П) және пайданың өсімі (ПӨ) сияқты көрсеткіштер қолданылады. Осы айтылған қағидаларды еске ала отырып әр деңгейдегі есепті экономикалық тиімділік коэфициенті шығарылады.

Сонымен, егер болашақ істелетін шаралардың мемлекеттік маңызы болса, бір немесе бірнеше халық шаруашылығының саласын қамтитын болса онда есепті экономикалық тиімділік коэфициенті мына формуламен шығарылады:

 

= және =





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-05; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 685 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Велико ли, мало ли дело, его надо делать. © Неизвестно
==> читать все изречения...

816 - | 604 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.