#231
*!32 жастағы пневмониясы бар науқас жағдайы нашарлап ентікпе күшейді, науқаста қозу, қатты тер, тері жамылғысының цианозы. Тыныс алу жиілігі 35-40, тыныс алуға қосымша бұлщық еттер қатысуда, ЖЖЖ минутына 120—140 рет, артериальді гипертензиясы өршуде.
Төменде аталған асқынулардың қайсысы болуы мүмкін?
* сепсис
* өкпе абсцессі, плевраның эмпиемасы
* инфекционді токсикалық шок
*+жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІ дәрежесі
* жедел тыныс жетіспеушілігінің ІІІ дәрежесі
#232
*!60 жастағы науқас. Мас күйінде табылды, жоғары қызба, жөтел бар. Қара-қоңыр тұтқыр сұйықтық бөлінділерімен табылды.
Шағымдары. Ентігуге, жалпы әлсіздікке, кеуде тұсында ауру сезіміне, қалтырауға шағымданады. Науқастың жағдайы ауыр. Өкпенің сол жақ оң жақ бөлігінде тыныс естілмейді, ылғалды ірі көпіршікті сырылдар, ТЖ 30, АҚ 140\70, ЖЖЖ 120 рет мин.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
* өкпе абсцессі.
* эксудатты плеврит.
* жедел респираторлық синдром.
* +оң жақтық крупозды пневмония, ТЖ I дәрежесі.
* ауыр ағымды аспирациялық пневмония ТЖ II дәрежесі.
#233
*!Науқас Н. 42 жаста, ауаның жетіспеуіне, ентікпеге, әлсіздікке, бас айналуға, жүрек соғысына шағымданады. Анамнезінен: 3 жылдан бері бронх демікпесімен ауырған. Өз уақытысында емделмеген. Жедел жәрдемді тұншығу ұстамасы болғанда шақырады. Науқас есі анық, мазасыз (эйфория). Тері қабаты бозарған, ылғалды, әлсіз акроцианоз байқалады. Өкпеде ысқырықты сырылдар. Тыныс алу жиілігі 25-30/мин, ЖЖЖ - 110 мин, АҚ 130/70 с.б.б.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
* созылмалы бронхит өршу сатысы
* ауруханадантыс пневмония, орта ауырлық дәрежесі, ТЖ І
* бронх демікпесі, орта персистирленген ағымды, ТЖ II
* + бронх демікпесі, ауыр персистирленген ағымды, ТЖ I
* өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ауыр ағымда
#234
*!Науқас 27 жаста. Шағымы: ентікпе, қозу,бас айналу. Анамнезінен: көршілері бос димедролдың ампулаларын тауып жедел жәрдем шақырған. Объективті: науқас қозған, көз қарашықтары кеңейген, тері қабаттары ылғалды, цианоз. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 25 \мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖЖЖ 140\мин. АҚ 130/80 с.б.б.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
* белгісіз умен жедел улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі
* жедел наркотикалық заттармен улану, ЖТЖ ІІ дәрежесі
*ауруханадан тыс пневмония, ауыр ағым ЖТЖ ІІ дәрежесі
*+ антигистаминді препараттармен жедел улану, ЖТЖ І дәрежесі
* жедел фосфорорганикалық байланстармен улану, ЖТЖ ІІІ дәрежесі
#235
Науқас 60 жаста. Анамнезінде: Ес түссіз саябақтан табылған, қасында ингалятор Бередуал жатыр. Обьективті: жағдайы өте ауыр, науқас комалық жағдайда. Дене бітімі астеникалық, кеуде торы эмфизематозды. Терісінде дақты цианоздар байқалады. Көз қарашығы кеңейген, тынысы беткей – ТАЖ минутына 40 -тан асады. Пульс аритмиялық жиі, қолға әлсіз сезіледі. АҚ 70\30 мм.сб.б. құрсақ қуысы жұмсақ, ауру сезімінсіз, бауыры ұлғаймаған.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
* бронх демікпесі, демікпелік статустың 1-дәрежесі, ТЖ III дәрежесі.
* ЖИА. инфарктан кейінгі кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісігі
* екі жақты ауруханадан тыс пневмония, орташа ауырлық дәрежелі ТЖ – 1-дәрәжесі
* ауру сезімінсіз екі жақты пневмония, ауыр дәрежесі, ЖТЖ 2-дәрежесі
* +өкпенің созылмалы обструктивті ауруы, ауыр ағымды, ЖТЖ 3-дәрежесі
#236
*Науқас Г. 54 жаста. Тыныс алу қиындағанына шағымданады. 9 жылдан бері бронх демікпесімен ауырады. Эуфиллин, беротектің ингаляциясын қабылдайды. Ұстамалары айына 2-3 рет қайталанады. Аталған жағдай нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған, беротектің ингаляциясы эффект бермеді. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Тері қабаттары цианозды. Тыныста қосалқы бұлшықет атсалысады. Өкпеде құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ – мин 24. ЖЖЖ мин 92. АҚ 130/90 с.б.б.
Төмендегі болжамды диагноздардың қайсысы дұрыс?
*өкпе артериясының тромбоэмболиясы
* бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәреже. ТЖ III.
* + бронх демікпесі. Орташа ауырлық дәрежелі ұстама.ТЖ I
* ЖИА. Постинфаркты кардиосклероз. Өкпенің интерстициальді ісінуі.
*ауруханадан тыс екіжақты пневмония. Орташа ауырлық дәрежесі ТЖ I
#237
Бала 1,5 жаста. Ойнап жатқанда дені сау балада кенеттен ұстамалы түрде қатты жөтел басталды, ентікпе пайда болды. Бұл шағымдар мазасызданғанда пайда болады да, ұйықтағанда жоғалады. Рентген суретте бір жақтық эмфизема анықталған.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
* жедел бронхит
* жалған круптық ұстама
* бронх демікпесі ұстамасы
* ауруханадан тыс пневмония
* +тыныс жолындағы бөгде зат
#238
13 жастағы науқаста қабырғаның көптеген сынықтарымен, жедел тыныс жетіспеушілігі. Кеңірдек интубациясынан кейін және ӨЖЖ жасаған соң цианоздың күшейгені анықталды, АҚҚ төмендеген.
Қайсысы ЖТЖ пайда болуына себепкер болып табылады?
* +кернелген пневмоторакс
* өкпенің ауыр зақымдануы
* кеуде қолқасының жыртылуы
* асқазан ішіндегі затпен болған аспирация
* кеңірдек интубациясының дұрыс жасалмауы
#239
*Науқас 29 жаста. Кеуде қуысындағы ауру сезімге, ауа жетіспеуіне, ентігуге, тахикардияға шағымданады. Анамнезінен: науқас кеуде қуысының жарақатын алған. Қарап тексергенде мойын көктамырларының созылуы, цианоз, артериальді гипотензия, кеңірдек девиациясы, біржағында тыныстың болмауы, кеңірдектің жарақат алған жақтан қарама қарсы жаққа ығысқаны байқалады. АҚҚ 100/80, ЖЖЖ – 106.
Төменде аталған болжамды диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрыс?
* кеңірдектің сынуы
* жүрек тампонадасы
* массивті гемоторакс
* +кернелген пневмоторакс
* тыныс жолдарының обструкциясы
#240
*Науқас 35 жаста. Шағымдары ентігу, жүрек соғысы, кеудеде ауыру сезімі. Оқиға болған жерде ауыр жағдайда жатқан адамды анықтадыңыз.Айқын цианоз, тахикардия байқалады. Перкуссияда оң жақта тимпанит, көкірекаралықтың солға ығысуы бар. Аускультативті оң жақтағы тыныстың бірден әлсіреуі анықталады.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы ЕҢ дұрыс?
*гидроторакс
*+пневмоторакс
*перикард тампонадасы
*диафрагманың жыртылуы
*көкірекаралық эмфиземасы
#241
*Бала 9 жаста мазасыз, ашуланшақ, жылай береді. Мұрнынан серозды бөлінділердің көп шығуы және жиі түшкіру болған. 22 сағатта құрғақ жөтел, қосалқы бұлшықеттердің қатысуымен дем шығаруы қиындаған шулы тыныс естілген. Қарап тексергенде терісі боз, ылғалды, акроцианоз байқалады. Балада қорқыныш сезім бар, төсекте аунай береді. Дене қызуы қалыпты.
Төменде көрсетілген болжамды диагноздардың кайсысы EҢ дұрысы?
* өкпе артериясы тармағының тромбоэмболиясы
* респираторлы дистресс-синдром
* анафилактикалық шок
* + бронх демікпесі
* пневмония
#242
*!63 жастағы науқаста бронх демікпесі ұстамасын жою кезінде сальбутамол ингаляциясы қолданылды. Нәтижесінде науқастың жағдайы біршама жақсарды, бірақ ентігу және ысқырықты сырыл сақталады.
Науқасқа қандай препаратты енгізген ЕҢ нәтижелі?
*интал
*алупент
*теофиллин
*тербуталин
*+преднизолон
#243
*!Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.
Қандай препаратты тағайындау ҚАЖЕТ:
*анаприлин
*дроперидол
*бромгексин
*+преднизолон
*транексам қышқылы
#244
*!Науқас Г. 54 жаста. Дем алудың қиындауына шағымданады. Ұстама жиілігі айына 2-3 рет. Қазіргі жағдайының нашарлауы 1 сағат бұрын пайда болған. Беротек ингаляциясын қолданған, бірақ нәтижесіз. Жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жамылғысы цианозды. Тыныс алуға көмекші бұлшықеттер қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырыл. ТЖ 24 рет минутына. Жүрек тондары тұйықталған, ырғағы дұрыс. ЖСЖ 92 рет. АҚҚ 130-90 мм.сын.бағ.
Мүмкін болатын БОЛЖАМ ДИАГНОЗ
*өкпе артериясыныңң тромбоэмболиясы
* екі жақты ауруханадан тыс пневмония. ТЖ I
* бронх демікпесі. Демікпелік статус I дәрежесі. ТЖ III.
*+ бронх демікпесі. Орташа ауырлықтағы ұстама. ТЖ I
*ЖИА. Инфарктан кейінгі кардиосклероз. Интерстициальды өкпе ісінуі.
#245
*!b2-адреномиметиктер ингаляциясын жиі қолданған бронх демікпесі бар науқаста қандай асқыну ЕҢ жиі дамиды?
*өкпе ісінуі
*кененттен өлім
*гипертензивті криз
*+демікпе статусы
*анафилактикалық шок
#246
*!45 жастағы науқас ауруханаға шұғыл түрде тұншығу ұстамасымен түсті. Объективті: науқас мазасыз, тері жамылғылары ылғалды, экспираторлы ентігу, өкпе аускультациясында өкпенің барлық аймағында ысқырықты сырылдар. ЖСЖ-100/мин.
Көрсетілген жағдайда қандай диагностикалық әдіс ЕҢ мәліметті?
*+пикфлоуметрия
*электрокардиография
*компьютерлік томография
*магнитті резонансты томография
*рентгенография органов грудной клетки
#247
*!50 жастағы науқас «Бронх демікпесі, ауыр сатысы» деген алдын ала қойылған болжам диагнозбен шұғыл түрде жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды.
ОФВ1 қандай көрсеткіші ЕҢ сәйкес келеді?
*50%
*80%
*50-80%
*+50% төмен
*80% жоғары
#248
*!Науқас М., тыныс алуының қиындауына, ауа жетіспеу, бас айналу сезімдеріне, әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде әкесінің бронх демікпесімен ауырғандығы белгілі.
Бронх демікпесіне төмендегі белгілердің қайсысы СӘЙКЕС?
*инспираторлы ентігу, жөтел
*жоғары лейкоцитоз, ЭТЖ жылдамдауы
*өкпе рентгенограммасында шектелген қараю түріндегі өзгеріс
*өкпе қызметінің рестриктивті тип бойынша бұзылысы, жиіленген пневмония
*+өкпе қызметінің обструктивті тип бойынша бұзылыстары, жанұялық анамнез
#249
*!Науқас Б., «Бронх демікпесі, орташа ауырлық сатысы» деген алдын ала қойылған болжам диагнозбен шұғыл түрде жедел көмек бригадасымен госпитализацияланды.
ЕҢ сәйкес келетін қақырықтың сипаты
*іріңді
*тот басқан
*көпіршікті
*қан аралас
*+шыны тәрізді
#250
*!Бронх-өкпелік сырқаты бар науқасқа диагностикалық мақсатта қақырық анализі тағайындалды. Қақырық: түссіз, шыны тәрізді, Куршман спиральдары +++.
Аталған аурулардың ішінен Куршман спиральдары қайсысына АСА тән?
*пневмония
*+бронх демікпесі
*өкпенің қатерлі ісігі
*созылмалы бронхит
*бронхоэктазды ауру
#251
*!40 жастағы науқасқа болжамалы түрде «Бронх демікпесі, жеңіл сатысы» диагнозы қойылған.
ОФВ1 қандай көрсеткіші ЕҢ сәйкес келеді?
*50%
*+80%
*50-80%
* 80% жоғары
* 50% -дан төмен
#252
*!12 жастағы науқас ауа жетіспеу, бас айналу сезімдеріне шағымданады. Анамнезінде анасының бронх демікпесімен ауырғандығы белгілі. Небулайзер арқылы бронхолитикалық препарат берілді.
СӘЙКЕС КЕЛЕТІН бір реттік мөлшері қандай?
*+5-20 тамшы
*20-40 тамшы
*40-60 тамшы
*60-80 тамшы
*80 және одан жоғары
#253
*!40 жастағы науқас тынысының қиындауына, ауа жетіспеуге шағымданады. Жағдайының нашарлауы 2 сағат бұрын, психоэмоциональды жүктемеден соң дамыған. Беродуал ингаляциясын қолданған, нәтижесіз. Жағдайы орташа ауырлықта. Науқас қозулы күйде. Тері жамылғысы көгерген. Көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады. Өкпе аускультациясында қатаң тыныс, құрғақ ысқырықты сырылдар. ТЖ 24 рет/ мин. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты. ЖСЖ92/мин.
Науқасты госпитализациялау үшін МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
*қосалқы ауруларының болуы
*бронх демікпесінің жеңіл ұстамасы
* бронх демікпесінің гормонға тәуелді формасы
* бронх демікпесінің орташа ауырлықтағы ұстамасы
*+бронхолитикалық терапияның 1-2 сағ.ішінде нәтиже бермеуі
#254
*!12 жастағы науқас тұншығу ұстамасымен,ұстама тәрізді жөтелмен жедел көмек бригадасымен ауруханаға жеткізілді. Объективті: ортопноэ, көмекші бұлшықеттер тыныс алуға қатысады, тері жамылғысының цианозы, бөшке тәрізді кеуде торы.
Ұстаманың МҮМКІН БОЛАТЫН себебін көрсетіңіз
*қан құю
*сан сүйегінің сынығы
*ионизирленген радиация
*+аллергенмен қайталанған контакт
*қалқанша безінің гиперфункциясы
#255
*!25 жастағы науқас соңғы 5 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады. Осы жылдың көктемінде қайта басталған ұстама кезінде b-адреномиметик қатарынан дәрілік заттар қолданылған, бірақ ұстама жойылмаған.
Науқаста қандай асқыну дамуы МҮМКІН?
*гиповолемия
*+демікпелік статус
*гипертоникалық криз
*гипогликемиялық кома
*жедел жүрек жеткіліксіздігі
#256
*!Науқас Б., 15 жыл көлемінде бронх демікпесімен ауырады.
Науқаста дамыған бронх демікпесіне СӘЙКЕС КЕЛЕТІН патогенез
*альвеола ішілік экссудация
*+бронхтардың гиперреактивтілігі
*өкпенің респираторлы бөлімінің зақымдалуы
*өкпелік гипертензия нәтижесінде өкпенің қабынуы
*бронх қабырғасының созылмалы диффузды қабынуы
#257
*! Науқас К., өзін кешеден бері аурумын деп санайды. Таңертеңнен қалтырау болған, кейін дене қызуы 39,8°С дейін көтерліген. Аурудың бірінші күнінің соңына қарай мұрны бітеліп, төс артының және тамақтың жыбырлауы, төс артында ауыру сезімімен құрғақ ауыр жөтел пайда болған. Аспирин қабылдағаннан соң хал-жағдайы жақсармаған.Мұрын жолдарынан бөлінділер жоқ. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдайдың, имектің, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасыныңгиперемиясы. Лимфа түйіндері пальпацияланбайды. Өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 102соқ/мин, ритмді, АҚ-110/60 мм.с.б.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* +тұмау
* көкжөтел
* парагрип
* микоплазмоз
* аденовирустық инфекция
#258
*! Науқас З., 20 жас, бас ауыруына, енжарлыққа, тұмауратуына, тамақтың жыбырлауы және құрғауына, жұтынғанда тамағының ауруына, даусының қарлығуына, құрғақ "үрген тәрiздi" жөтелге шағымданды. Ауырғанына 2 күн болған. Дене қызуы 37,5°С. Мұрыннан аздап серозды бөлiндi бар. Тамағын қарағанда жұмсақ таңдай, доға, бадамшалардың, жұтқыншақтың артқы қабырғасының жайылған, жарқын гиперемиясы, ұсақ дәндiлiгi бар. Бадамшалар ұлғаймаған. Өкпеде бірен-саран құрғақ сырылдар. Тыныс жиілігі - минутына 18. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. Пульс – 82соқ/мин, ритмді, АҚ-110/70 мм.с.б. Менингеальды көрiнiстер жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* тұмау
* көкжөтел
* +парагрип
* РС-инфекция
* аденовируснтық инфекция
#259
*!Дәрігерге 28 жастағы науқас басының маңдай,самай бөлігінің ауруына, әлсіздік, енжарлық, бүкіл денесінің сырқырауы, сирек құрғақ жөтелге, мұрынның бітелуіне,температурасының 38,1оС. жоғарылауына шағымданып келді
Обекьтивті: беті аздап ісінкі,геперимияланған.Айқын склерит, конъюнктивит. Ауыз-жұтқыншақ шырышы гиперемияланған, майда дәнді ісіну. Жүрекқызметіқалыпты. Өкпеде қатаң везикулярлы тыныс. Құрсақ қуысы ағзалары патологиясыз.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* тұмау
* көкжөтел
* РС-инфекция
* микоплазмоз
* +аденовирустық инфекция
#260
*! Науқас С., 16 жаста, ауруханаға ауруының 6-шы күні түсті. Кенеттен ауырған: бас ауыруы, көз алмасында ауру сезімі, көзінің жарыққа сезімталдығы, жас ағу, ауру қатты тұмауратудан басталған, тамағының ауыруы. Температурасы 37,5 - 38,0ºС. Қабағы ісіңкі, екі көздің конъюнктивалары айқын гиперемияланған, ісінген. Тілшіктің және доғалардың гиперемиясы. Мұрыннан көп мөлшерде шырышты-серозды бөлінділер. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, диаметрі 1 - 1,5см үлкейген. Кеуде клеткасы мен құрсақ қуысы ағзалары ауытқуларсыз.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсысы?
* тұмау
* көкжөтел
* РС-инфекция
* микоплазмоз
* +аденовирустық инфекция
* энтеровирустық инфекция
#261
*! Науқас А., 60 жаста, Ауруы біртіндеп басталған: бірнеше күн бойы әлсіздік, енжарлық, құрғақ жөтел, даусының қарлығуы, үрген жөтел, тәбетінің төмендеуі байқалған. Соңғы 2күн температурасытаңертең 37,0-37,50С. Жұқпалы науқастармен қатынаста болмаған.Профилактикалық екпелер алмаған. Қарау барысында жағдайы қанағаттанарлық. Терісі бозарған, құрғақ, бөрпелер жоқ, пульсі 80соқ./мин. Жүрек тондары ырғақты, тұйықталған. АД 110/70 мм.с.б, өкпеде қатаң тыныс, бірен-саран құрғақ сырылдар. Тілі құрғақ, түбі ақ жабындымен қапталған.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
*тұмау
*+парагрипп
* микоплазмоз
* аденовирустық инфекция
* риновирустық инфекция
#262
*! Бала, 2 жаста, кеше ауырған, дене қызуы 37,2 ºС дейін көтерілген және мұрнынан көп мөлшерде серозды бөлінділер бөліне бастаған. Объективті: мұрын айналасының терісінің мацерациясы, жұтқыншақтың шырышты қабығы гиперемияланған. Мойын, жақ асты лимфа түйіндері пальпацияланады, диаметрі 1 - 1,5 см үлкейген. Жүрек тондары ырғақты, үнді. Өкпе перкуссиясында – ашық өкпелік дыбыс, аускультацияда – везикулярлы тыныс. Іші жұмсақ, пальпацияда ауырсынусыз. Бауыр мен көкбауыр пальпацияланбайды. Үлкен және кіші дәреті қалыпты.
Төменде келтірілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* тұмау
* парагрипп
* микоплазмоз
* +аденовирустық инфекция
* менингококкты инфекция
#263
*! Науқас Р., 18 жаста. Шағымдары: маңдай және қабақ үсті аймағында басының қатты ауыруын, бүкіл денесінің сырқырауы, құрғақ қиын жөтел. Ауру басталған кезде қатты қалтырау болған, кейін температурасы 40º С дейін көтерілген. 6 сағат өткен соң мұрнынан көп қан кеткен, қысқа уақыттық естен тану болған. Түскен кездегі жағдайы ауыр, адинамиялық. Тері жамылғылары бозғылт, оң көз склерасына қан құйылу бар. Бөртпелер жоқ. Жұтқыншақтың шырышы ісінген, көптеген нүктелік қан құйылулардан көгерген.Өкпеде сырылдар естілмейді. ЖСЖ 130/мин. АД - 95\60 мм с.б. Менингеальды белгілер жоқ.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы EҢ дұрысы?
* + тұмау
* паратұмау
* микоплазмоз
* аденовирустық инфекция
* риновирустық инфекция
#264
*! Науқас Д., 17 жаста, кенеттен ауырған: дене қызуы 38,2ºС жоғарылап, басы ауырған, бұлшықеттері мен буындары сырқырап, жұтыну кезінде тамағы ауырған, мұрны бітеліп, көзінің шаншуы, жас ағу болған. 4 күн амбулаторлы емделген, әсері болмаған. Стационарға жолданған. Түскен кездегі жағдайы қанағаттанарлық. Жұтқыншақтың артқы қабырғасы шырышты-іріңді бөлінділермен қапталған. Оң көздің конъюнктивасы айқын гиперемияланған, ісіңкі, нәзік, ақшылдау, склераға өтетін қабықшамен жабылған. Жақ асты, мойынлимфа түйіндері диаметрі 1см дейін үлкейген. Кеудеқуысы ағзалары ауытқуларсыз.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы EҢ дұрысы?
*тұмау
*парагрипп
* микоплазмоз
*+аденовирустық инфекция
*риновирустық инфекция
#265
*! Науқас Ю., 15 жаста, жеделдеу ауырған. Дене қызуы субфебрильді көрсеткіштерге дейін жоғарылаған, басы ауырған, енжерлық, тұмаурату, мұрны бітеліп, тамағының жыбырлауы болған. Келесі күні интоксикация симптомдары біраз күшейген, даусының қарлығуы, құрғақ жөтел қосылған. Температурасы 37,6о С. Мұрын және жұтқыншақта айқын өзгерістер байқалады.Сөлеуі сыбырлы. Жиі, дөрекі жөтел. Ішкі ағзалары ауытқуларсыз.
Төменде көрсетілген болжам диагноздардың қайсысы ЕҢ дұрысы?
* тұмау
* +парагрипп