Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Аллергиялық рекациялар мен жұқпалы аурулар кезіндегі шұғыл жағдайлар




*2*51*1*

 

#398

*!Анафилактикалық шок кезінде қолданылатын дәрілік заттардың қайсысын қолданған ЕҢ тиімді?

 

*коргликон, супрастин, лазикс

*коргликон, пипольфен, эпинефрин

*димедрол, эпинефрин, кордиамин

*+ эпинефрин, преднизолон, супрастин

*димедрол, норэпинефрин, реополиглюкин

 

#399

*!Науқас 36 жаста екінші рет пенициллинді бұлшық етке алғаннан кейін 10 мин соң барлық денесінде уртикарлы бөртпелер, кеуде тұсында ауыру сезім, жүрек айнуы, ентігу пайда болған. Қарап тексергенде: есі тежелген, тері түсі бозарған, ЖСЖ 120 рет мин, АҚҚ 60/0 мм с.б.

Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысына ЕҢ сәйкес келеді?

 

*миокард инфаркты

*+анафилактикалық шок

*анафилактоидты реакция

*жайылған есекжем

*жедел ми қан айналымы бұзылысы

 

#400

*!Науқас М. 42 жаста. Шағымдары: терінің қышуы, әлсіздік, жүрек айнуы, жүрек соғуы жиілеуі. Анамнезінде: поливалентті дәрілік аллергиямен ауырады. Жарты сағат бұрын жоғарғы ерінінен ара шаққан. Обьективті: жағдайы өте ауыр, есенгіреген. Тері жабындысы қызарған, жабысқақа тер басқан. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс. 19 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖСЖ 140 рет/мин. АҚҚ 40/0 мм с.б. Төменде берілген болжама диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсы?

 

*инфекционды-токсикалық шок

*инсекті аллергия. Квинке ісінуі.

*инсекті аллергия. Есекжем.

*дәрілік аллергия. Лайелла синдромы

*+инсекті аллергия. Анафилактикалық шок

 

#401

*!Науқас М. 24 жаста. Шағымдары: терінің қышынуы, басының ауыруы, ауа жетпеуі. Жағдайының нашарлауы тималин екпесінен кейін пайда болған. Жағдайы өте ауыр, қозған. Тері жабындысы ылғалды, бозарған, барлық денесінде эритаматозды-папулезді біріккен бөртпелер бар. Тынысы шулы, ТЖ 34 рет мин. Өкпеде везикульярлы тыныс, барлық бөлігінде ысқырықты құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс, 120 рет мин, АҚҚ 60/0 мм.с.б.

Төменде берілген болжама диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсы?

 

*гипогликемиялық кома

* дәрілік аллергия, есекжем

*дәрілік аллергия, Лайелла синдромы

*бронх демікпесі, ұстамалы кезең.ТЖII

*+дәрілік аллергия, анафилактикалық шок

 

#402

*!Науқас А., 25 жаста. Шағымдары: көктамырға енгізген абакталдан кейінгі пайда болған инспираторлы ентігу, тұншығу, құрғақ жөтел. Жағдайы ауыр. Қорқу және шошу сезімдері бар, қозған. Тері жабындысы ылғалды, бозарған. Өкпеде везикулярлы тыныс. Жүрек тондары тұйықталған. ЖСЖ 54 рет мин, пульс толымдылығы әлсіз, АҚҚ 80/60 мм.с.б.

Төменде берілген болжама диагноздардың ЕҢ дұрысы қайсы?

 

*демікпелік статус

*+анафилактикалық шок

*артериялық гипотония

*бронх демікпе ұстамасы

*инфекциялық-токсикалық шок

 

#403

*!Әлсіздік, артериальды қан қысымының төмендеуі, тыныс алудың қиындауы, жіп тәрізді пульс, есінен тану ЕДӘУІР сәйкес келеді:

 

*поллинозға

*есекжемге

*Квинке ісінуіне

*+анафилактикалық шокқа

*бронх демікпесі ұстамасына

 

#404

*!Анафилактикалық шокты басу үшін 0,1% эпинефрин ерітіндісін қандай дозада көктамыр ішіне енгізу ЕҢ орынды болып табылады?

 

*0,5 мл

*1,0 мл

*2,0 мл

* 0,5 мл 10 мл физ. ерітіндімен жедел

*+0,5 мл 10 мл физ. ерітіндісімен баяу

 

#405

*!Анафилактикалық шокты басу үшін 0,1 % эпинефрин ерітіндісін қандай дозада бұлшықетке енгізу ЕҢ орынды болып табылады?

 

*+0,5 мл

*1,0 мл

*2,0 мл

*0,5 мл 10 мл физ. ерітіндімен баяу

* 0,5 мл 10 мл физ. ерітіндімен жедел

 

#406

*!Науқас М. 32 жаста. Шағымдары: терінің қышуы, әлсіздік, бастың айналуы, жүрек соғуының жиілеуі. Жарты сағат бұрын үстінгі ернін ара шаққан. Объективті: Жағдайы өте ауыр, есеңгіреген. Тері жабындысы қызарған, жабысқақ тер басқан. Аускультацияда өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 19 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖСЖ 140 рет мин. АҚҚ 40/0 мм.с.б.

Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*инфекциялық- токсикалық шок

*инсектті аллергия. Квинке ісінуі

*инсектті аллергия. Есекжем

*инсектті аллергия. Лайелл синдромы

*+инсектті аллергия. Анафилактикалық шок

 

#407

*!Тіс дәрігері кабинетінде науқасқа лидокаин енгізгеннен кейін еріннің існуі, ентігу, әлсіздік, тері жабындыларының бозаруы пайда болған. АҚҚ 80/60 мм.с.б

Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*инфекциялық- токсикалық шок

*инсектті аллергия. Квинке ісінуі

* инсектті аллергия. Есекжем

*медикаментозды аллергия. Лайелл синдромы

*+медикаментозды аллергия. Анафилактикалық шок

 

#408

*!Науқас Б. 39 жаста. Шағымдары айқын көрінетін жалпы әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуының жиілеуі, терінің қышуы. Ұзақ жылдардан бері аллергиялық дерматитпен ауырады. Жарты сағат бұрын оң жақ иығын ара шаққан. Объективті: Жағдайы аса ауыр, есі меңзең. Айқын қозғалысты мазасыздану. Тері жабындысы қызарған, жабысқақ тер басқан. Шаққан жері ісінген, қызарған, ауыру сезім. Өкпе аускультациясында өкпеде везикулярлы тыныс. ТАЖ 23 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖСЖ 136 рет/мин. АҚҚ 40/0 мм.с.б.

Төмендегі болжамалы диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*инсектті аллергия. Есекжем

*инфекциялық - токсикалық шок

*инсектті аллергия. Квинке ісінуі

*инсектті аллергия. Лайелла синдромы

*+инсектті аллергия. Анафилактикалық шок

 

#409

*!Науқас С. 59 жаста. Шағымдары әлсіздік, бас айналу, жүрек соғуының жиілеуі, терінің қышуы. Жоғарыда көрсетілген симптомдар метронидазолды көктамыр ішіне тамшылатып енгізгеннен кейін пайда болды. Объективті: Жағдайы ауыр, есі меңзең. Айқын қозғалмалы мазасыздану. Тері жабындысы бозарған, жабысқақ. Қабағы, ерні ісінген. Аускультацияда өкпе үстінде қатқыл тыныс. ТАЖ 25 рет/мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖСЖ 120 рет мин. АҚҚ 70/50 мм.с.б.

ЕҢ сәйкес келетін болжамалы диагноз?

 

*гипогликемиялық кома

*инфекциялық- токсикалық шок

*медикаментозды аллергия, есекжем

*медикаментозды аллергия, Лайелл синдромы

*+медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок

 

#410

*!Науқас Д. 41 жаста. Шағымдары ауа жетіспеу сезімі, құрғақ жөтел. Анемнезінде: Ұзақ жылдардан бері аллергиялық ринитпен ауырады. Аскорбин қышқылы таблеткасын қабылдағаннан кейін жағдайы күрт нашарлаған. Объективті: Жағдайы ауыр. Науқас қозғыш. Тері жабындысы бозарған. Тынысы шулы. Өкпеде қатаң тыныс, өкпенің барлық алаңында құрғақ ысқырықты сырылдар. ТАЖ 37 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмі дұрыс. ЖСЖ 127 рет/мин. АҚҚ 130/80 мм.с.б.

ЕҢ сәйкес келетін болжама диагноз кандай?

 

*гипогликемиялық кома

*медикаментозды аллергия, есекжем

*+медикаментозды аллергия, бронхоспазм

*бронх демікпесі, ұстама кезі

*медикаментозды аллергия, анафилактикалық шок

 

#411

*!Науқас Н., 18 жаста. Терісінің барлық бөлігіндегі бөртпелерге, қышынуға, мұрнының бітелуіне шағымданады. Жағдайының нашарлауын саябақтағы жұмысымен байланыстырады, бөртпе алдымен жоғарғы қол бөліктерде пайда болып, ары қарай мойын терісіне, іштің алдыңғы қабырғасына жайылған, дене температурасы 37,5С қа жоғарылаған. Жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Бет терісінде, жоғарғы аймақтарда, іш аймақтарында бірігуге бейім уртикарлы бөртпелер, қышыну. Тері жабындысы ұстап көргенде ыстық. Өкпеде везикулярлы тыныс, сырыл жоқ. Жүрек тондары ритмді ЖСЖ 90 рет минутына, АҚ 120/80 мм.сб. Төменде берілген болжама диагноздың ЕҢ дұрысы қайсы?

 

*қызылша

*Квинке ісінуі

*+есекжем

*Лайелл синдромы

*анафилактикалық шок

 

#412

*!Жас адамды ара шаққаннан соң беті мен ерінінде ісіну пайда болды. Объективті қарағанда: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 15 рет мин.. Жүрек тондары анық, ритмді. ЖСЖ 90 рет минутына, АҚ 120/80 мм.сб. Төменде берілген болжама диагноздың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*инсекті аллергия. Есекжем

*+инсекті аллергия. Квинке ісінуі

*инсекті аллергия. Бронхоспазм

*инсекті аллергия. Лайелл синдромы

*инсекті аллергия. Анафилактикалық шок

 

#413

*!Балада апельсинді жегеннен кейін терісінде бөртпе, қышыну пайда болған. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет терісінде, жоғарғы бөліктерде қышынумен жүретін бірігуге бейім дақты-папулезді бөртпе пайда болған. Төменде берілген болжама диагноздың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*қызамық

*+есекжем

*Квинке ісінуі

*атопиялық дерматит

*комплемент жүйесінің тума ақауы

 

#414

*!Балада қармен контакт болған жерінде, салқын суда шомылған кезде уртикарлы бөртпелер пайда болғаны байқалды. Төменде берілген болжама диагноздың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*күн есекжемі

*+суықтық есекжем

*аллергиялық есекжем

*идиопатиялық есекжем

*холиноэргиялық есекжем

#415

*!!Науқас М., 16 жаста. Бөртпенің болуына, тері қышынуына, мұрынның бітелуіне шағымданады. Күннің бірінші жартысында жедел ауырған, жоғарыда көрсетілген симптомдарды құлпынай жегенімен байланыстырады. Жағдайы орташа ауырлықта. Бет терісінде, мойнында, денесінде дақты-папулезді-везикулезді сипаттағы бөртпелер, қасыну іздерімен. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 17 рет мин. Жүрек тондары анық, ритмді ЖСЖ 80 рет минутына, АҚ 110/80 мм.сб. Төменде берілген болжама диагноздың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*стрептодермия

*жіті дерматит

* тағамдық токсикоинфекция

* жүйелі қызыл жегі

*+есекжем түріндегі тағамдық аллергия

 

#416

*!Бетінде локализацияланған Квинке ісінуі бар науқастың жағдайы аяқ астынан нашарлады. Жөтел, дауысының қарлығуы, тұншығу, стридорлы тыныс пайда болды. Берілген жағдайға ЕҢ сәйкес келетін асқыну:

 

*бронхоспазм

*+көмей ісінуі

*өкпе ісінуі

*Лайелл синдромы

*анафилактикалық шок

 

#417

*!Науқас Р., 43 жаста. Басының ауруына, қалтырау, денесінің барлық бөлігіндегі бөртпелерге шағымданады. Анамнезінен: ЖРВИ-мен ауырады, бүгін 2 таблетка аспирин қабылдаған. Біраз уақыттан кейін қалтыраған, теріде ірі дақтар пайда болған. Жедел жәрдем шақырған. Тексеру кезінде: науқастың жалпы жағдайы ауыр. Денесінің барлық бөлігінде ірі эритематозды дақтар, ортасында везикулезді-пустулезді түзілістердің дамуымен. Өкпеде везикулярлы тыныс, ТАЖ 19 рет мин. Жүрек тондары тұйықталған, ритмді ЖСЖ 96 рет минутына, АҚ 130/80 мм.сб. Іші жұмсақ, ауырсынусыз. Төменде берілген болжама диагноздың қайсысы ЕҢ дұрысы?

 

*Квинке ісінуі

*Лайелл синдромы

*жергілікті есекжем

*анафилактикалық шок

*+Стивен Джонс синдромы

 

#418

*!Жас адамда ара шаққаннан кейін беті мен еріні ісініп кетотифенің 1 таблеткасын қабылдаған. Біраз уақыттан кейін ауа жетіспеу сезімі, жөтел, дауысының қарлығуы байқалды. Объективті қараған кезде: жағдайы орташа ауырлықта. Өкпеде құрғақ сырылдар, ТЖ 23 рет мин. Жүрек тондары анық, ырғақты, ЖСЖ 95 рет мин, АҚ 120/80 мм.сын.бағ. Өмірге АСА қауіп төндіретін қандай асқыну дамыды:

 

*өкпе ісінуі

*+көмей ісінуі

*Лайелл синдромы

*астматикалық статус

* анафилактикалық шок

 

#419

*!Бойжеткен қызда шоколадты конфет жегеннен кейін терісінде уртикарлы бөртпе, қышу пайда болды. Жағдайы орташа ауырлақта. Бет терісінде, қолдарында қышынумен болатын бөртпелер бар. Есекжемге ЕҢ тән терідегі элементтер:

 

*жара

*фурункул

*+күлдіреуік

*геморрагия

*көпіршіктер

#420

*! Жедел пайда болатын, ауыру сезімінсіз, терінің терең қабаттары мен тері асты қабатының ісінуі КӨБІНЕ мынаған тән:

 

*есекжемге

*+Квинке ісігіне

*Лайелл синдромына

*анафилактикалық шокқа

*Стивенс –Джонс синдромына

 

 

#421

*!Цитрусты жемістерге аллергиясы бар науқаста мандарин жегеннен кейін ішінде толғақ тәрізді ауыру сезімі, шұрқырау, қайталамалы іш өту, терідегі қатты қышу сезімі пайда болды. Қарап тексергенде: науқастың жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Тері жабындысында қасыған іздері бар. Өкпесінде везикулярлы тыныс, ТЖ 19 рет мин. Жүрек тоны тұйықталған, ырғақты ЖСЖ 96 рет мин, АҚ 130/80мм.сын.бағ. Іші жұмсақ, эпигастрий аймағында ауыру сезімі мазалайды. Щеткин-Блюмберг симптомы теріс. Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*жедел гастрит

*жедел панкреатит

*жедел холецистит

*тағамдық токсикоинфекция

*+асқазан ішек жолдарының Квинке ісінуі

 

#422

*!Науқас 46 жаста. Терісі күлдіреп, қышымалы бөртпелердің пайда болуына шағымданды. Анамнезінде: жеміс-жидектер (апельсин, анар) жегенін айтты. Жеті жыл бұрын Квинке ісінуіне ұқсас аллергиялық реакция болған. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Есі анық. Бет әлпетінде, қол-аяқтарында, іш аймақтарында қызарған, күлдіреген, қышымалы бөртпелер бар. Өкпеде везикулярлы дыбыс, шулар жоқ. Жүрек тоны ритмді. ЖСЖ 92 мин, АҚ 110/70 мм.с.б. Төмендегі болжама диагноздардың қайсысы НЕҒҰРЛЫМ сәйкес келеді?

 

*+есекжем

* Квинке ісінуі

* Лайелл синдромы

* анафилактикалық шок

* Стивенс-Джонс синдромы

 

#423

*!2 жасар бала. Дене қызуы 39 С ге қызуына, құрғақ жөтелге, әлсіздікке, ұйқышылдыққа шағымдануда. Бақылау кезінде: жалпы жағдайы біршама қанағаттанарлық. Дене қызуы 39,5 С. Сырт терісі гиперемирленген. Өкпесінде ысқырықты тыныс.

«Қызыл» гипертермияға ЕҢ сәйкес келетіні?

 

*қызуды басу терапиясының әсері жеткіліксіз

*+ жылу өндіргіштік жылу бергіштікке сәйкес

*қанайналымның орталықтану белгілері айқын

*жылу өндіргіштік төмен, жылу бергіштігі жоғары

* жылу өндіргіштік жылу бергіштікке сәйкес емес

 

#424

*!16 жасар науқас. Дене қызуы 39,5 С ге дейін қызуына, қалтырауға, бас ауыруына, төстің артындағы жыбырлы құрғақ жөтелге, бұлшықеттердің ауыруына, буындардың ауыруына шағымдануда. Бақылау кезінде: жалпы жағдайы орташа деңгейлі ауыр. Дене қызуы 39,5 С. Сырт терісі бозарған. Өкпесінде тынысы қатаң, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек үні тұйықталған, ырғақты, АҚ 100/60 мм сб.

«Қатерлі» қызбаға ЕҢ тән келетін жағдай?

 

*дене қызуы жоғары емес

*дене қызуы жылу бергіштікке сәйкес

*сырт терісі орташа гиперемирленген

*дене қызуын басу терапиясының әсері жақсы

*+қанайналуының орталықтану белгісі айқын

 

#425

*!36 жасар науқас. Дене қызуы 39,5 С ге дейін қызуына, қалтырауға, бас ауруына, төстің артындағы жыбырлы құрғақ жөтелге, бұлшықеттердің ауруына, буындардың ауруына шағымдануда. Бақылау кезінде: жалпы жағдайы орташа деңгейлі ауыр. Дене қызуы 40,0 С. Сырт терісі бозарған. Өкпесінде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары тұйықталған, ырғақты, АҚ 100/60 мм с.б.

«Қатерлі» қызба кезіндегі ЕҢ дұрыс шұғыл көмек:

 

*антибиотиктер

*гипотензивті дәрі-дәрмектер

*індетке қарсы дәрі-дәрмектер

*тамыр тарылтқыш дәрі-дәрмектер

*+тамыр кеңейтетін дәрі-дәрмектер

 

#426

*!43 жасар науқас. Көп реттік құсу, іш аймағындағы і толғақ тәрізді ауыру сезім, іштің өтуі, дене қызуы 40,0 С жоғарлауы, бас ауыруына, әлсіздікке, шаршағыштыққа шағымданады. Аурудың анамнезінен: 2 сағат бұрын жұмыс орындағы асқанада тамақтанғаннан кейін ауырған. Өмір анамнезінен: ЖРВИ-мен, аденовирусты инфекциямен 2 апта бұрын ауырған. Объективті: жалпы жағдайы ауыр, есі шатасқан. Тері түсі бозарған, тері тургоры төмендеген. Жүрек тондары бәсеңдеген, АҚҚ 90/60 мм с.б..

Тағамдық токсикоинфекция кезіндегі жұқпалы-токсикалық шоктың ЕҢ жетекші симптомы:

 

*басішілік гипертензия

*аяқ-қол бұлшықеттерінің тырысуы

*ішектен қан ағу

*+гипотония

*тахикардия

 

#427

*!28 жасар науқас. Дене қызуы 39,5 С ге дейін көтерілуіне, қалтырауға, бас ауыруға, төстің артындағы жыбырлы құрғақ жөтелге, бұлшықеттердің ауруына, буындардың ауруына шағымдануда. Объективті: жалпы жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 40,0 С. Тері түсі бозарған. Өкпеде қатаң тыныс, құрғақ сырылдар естіледі. Жүрек тондары түйықталған, ырғақты, АҚҚ 100/60 мм с.б..

Қатерлі гипертермия негізінде ЕҢ мүмкін болатын өзгерістер:

 

*жылу өндіру мен жылу шығарудың жоғарылауы

* жылу өндіру мен жылу шығарудың төмендеуі

*жылу шығару жоғарылайды және жылу өндіру өзгермейді

* жылу өндірудің көтерілуі және жылу шығару өзгермейді

*+ жылу өндірудің көтерілуі және жылу шығарудың төмендеуі

 

 

#428

*!29 жастағы әйел кенет қалтырауға, азапты бас ауыруға, құсуға шағымдануда. Ауыруы бірінші күн. Дене қызымы 40°С. Есі шатасқан. Тері түсі цианоз, жамбас және сан аймақтарында 3-4 см көлемге дейін қанқұйылулармен жүретін майда нүкте тәрізді петехиялды геморрагиялық бөртпелер анықталады. Іш, арқа және қол терілерінде бірең-сараң розеолалы және розеола-папулезді элементтер бар. Пульсі минутына 120 рет, әлсіз толымдылықта, жүрек тондары бәсеңдеген, АҚҚ 85/55 мм с.б. Тыныс жиілігі 28 рет минутына.

Жұқпалы-токсикалық шоктың 2 дәрежесіндегі Альговера шок индексі тең:

 

*0,5-,07

*0,7-1,0

*+1,0-1,4

*1,5 маңында

*1,5 артық

 

#429

*!3 жасар бала. Дене қызуы 38,0 С ге дейін көтерілуіне, құрғақ жөтелге шағымдануда. Анамнезінде: фебрилді тырысулар.

Дене қызуын төмендетуге ЕҢ ыңғайлы температура:

 

* 39°С

*40°С

*37,5°С

*38,5°С

*+38,0°С

 

#430

*!12 айлық бала, тырысуға шағымданады. Ауырғанына 1күн болған, ЖРВИ-мен ауыратын науқаспен байланыста болған. Ауыруы дене қызуының 38,5 С ден басталды. Парацетамол қабылдағаннан кейін дене қызуы 40 С ге дейін көтерілді. Клоникалық тырысу байқалады. Қарап тексергенде: жалпы жағдайы өте ауыр, кенет тежелген. Тері түсі бозғылт, мраморлы, тырнақтарында цианоз, ақ дақ симптомы оң. Аңқа және жұтқыншақтың артқы қабырғасы гиперемирленген, құрғақ. Менингеалды белгілері жоқ. Дем алысы минутына 70- ке дейін жиіленген. Жүрек тондары қалыпты,ырғақты. ЖСЖ 190 рет минутына, АҚҚ 50/0 мм.сб.

Ең мүмкін болатын диагноз?

 

*тұмау

*іріңді менингит

*ЖРВИ, фебрильді тырыспа

*+тұмау, 2-і дәрежелі инфекциялы-токсикалық шок

*іріңді менингит, инфекциялы -токсикалық шок

 

#431

*!12 айлық балада дене қызуы 39,5 С-ге жоғарлауына, тырысуға шағымданады. Анамнезінде: Бүгін таңертеннен бастап ауырған, дене қызуы 39 С-ге дейін көтеріліп, мұрынжұтқыншақ аймағында жеңіл катаральді көрініс пайда болған. Ауыру басталғаннан 6 сағат өткеннен кейін денесінің барлық бөлігінде жұлдызша бөртпелер пайда болып, айқын мазасыздану тежелуге ауысқан, дене қызуы 39,5С және тонико-клоникалық тырысу дамыған. Объективті:жалпы жағдайы аса ауыр, ес-түссіз. Менингеалды белгілері жоқ. Тері түсі цианозды, дененің барлық бөлігінде гемморагиялық жұлдызша бөртпелер анықталады. ТЖ 50 рет минутына. Пульсі жіп тәрізді, 200 рет минутына. Жүрек тондары әлсізденген.

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*септицемия

*ЖРВИ, фебрильді тырыспа

*тромбоцитопениялық пурпура

*Шенлейн-Генох ауруы (геморрагиялық васкулит)

*+менингококцемия, 3 дәрежелі инфекциялық-токсикалық шок

 

#432

*!32 жасар науқас кенет қалтырауға, азапты бас ауыруға, құсуға шағымдануда. Аруырғанына бірінші күн. Дене қызуы 40°С. Есі шатасқан. Тері түсі цианоз, жамбас және сан аймақтарында 3-4 см көлемге дейін қанқұйылулармен жүретін майда нүкте тәрізді петехиялды геморрагиялық бөртпелер анықталады. Іш, арқа және қол терілерінде бірең-сараң розеолалы және розеола-папулезді элементтер бар. Пульсі минутына 120 рет, әлсіз толымдылықта, жүрек тондары бәсеңдеген, АҚҚ 85/55 мм с.б. Тыныс жиілігі 28 рет минутына.

Инфекциялы-токсикалық шокты басу үшін қолданатын допаминнің ЕҢ тиімді көктамырлық доза мөлшері:

 

*+200мг

*400мг

*300мг

*250мг

*500мг

 

#433

*!29 жастағы әйел кенет қалтырауға, азапты бас ауыруға, құсуға шағымдануда. Ауырғанына бірінші күн. Дене қызымы 40°С. Есі шатасқан. Тері түсі цианоз, жамбас және сан аймақтарында 3-4 см көлемге дейін қанқұйылулармен жүретін майда нүкте тәрізді петехиялды геморрагиялық бөртпелер анықталады. Іш, арқа және қол терілерінде бірең-сараң розеолалы және розеола-папулезді элементтер бар. Пульсі минутына 120 рет, әлсіз толымдылықта, жүрек тондары бәсеңдеген, АҚҚ 85/55 мм с.б. Тыныс жиілігі 28 рет минутына.

Қандай дәрілік препараттарды тағайындаған ЕҢ неғұрлым дұрыс?

 

*+допамин, преднизолон, альбумин

*эпинефрин, гепарин, преднизолон

*рефортан, гепарин, преднизолон

*допамин, эпинефрин, альбумин

*гепарин, эпинефрин, рефортан

#434

*!19 жасар науқас, жедел медициналық көмегіне ауыр хал жағдайында хабарласты. Кенет қалтырау, бас ауыру, құсу және дене қызуы 39 °С дейін көтерілуімен басталды. 4 сағаттан кейін теріде көп мөлшерде геморрагиялық бөртпелер пайда болды. Науқасты қарау кезінде: дене қызуы 36,5°С, ентігу, цианоз, қозғалыстық қозулар, құрысулар, жіп тәрізді пульс анықталады. АҚҚ 60/40 мм с.б..

ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+менингококты инфекция. 2 дәрежелі инфекциялы-токсикалық шок

*тромбоцитопениялық пурпура

*тифо-паратифозды инфекция

*геморрагиялық қызба

*бөртпе сүзек

 

#435

*!Ауыру басталғаннан 2 сағат өткеннен кейін баланың денесінде геморрагиялық бөртпелер, еріндерінің көгеруі, ентігу пайда болған. АҚҚ қалыпты, тахикардия, дене қызуы – 40С, гиперестезия, қозушылық байқалған. Диурез сақталған. ЕҢ мүмкін болатын диагноз?

 

*+менингококтық инфекция, менингококцемия, күрт дамыған түрі, ЖТШ 1

*менингококтық инфекция, менингококцемия, күрт дамыған түрі, ЖТШ 2

*менингококтық инфекция, менингококцемия, күрт дамыған түрі, ЖТШ 3

*тұмау, гипертоксикалық түрі

*геморрагиялық васкулит

#436

*!Науқас 53 жаста, малшы, жедел медициналық жәрдемге ауырудың төртінші күні, беті ісінуіне шағымданып жүгінген. Оң жақ бетінде безеу пайда болып, оның размері үлкейіп, бетінде ісік пайда болған. Ауыру сезім болмаған. Бетінің сол жағында, төменгі жақтың бұрышында пустула, ішінде геморрагиялық қосылысы бар қан аралас көпіршіктермен қоршалған. Ісіну бет, мойын және бұғанаға дейін жайылған. Аймақтық лимфа түйіндері тығыз, ауыру сезімсіз.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* +сібір жарасы

* солжақтық тамақ бездерінің абсцессі

* мойын бұлшық еттерінің флегмонасы

* көмейдің дифтериясы, токсикалық түрі

* біріншілік беттің тілме қабынуы, эритематозды-буллезды түрі

 

#437

*!Науқас үндістаннаң келді. Ауыру жіті бірнеше рет көп мөлшерде кұсумен және іш өтуімен басталды. Дене қызуы 35,10С. Тері құрғақ, тығыздығы төмен. Көзге көрінетің шырышты қабаттар құрғақ. Бет келбеттері шүңірейген. АҚҚ 70/40 мм с. б. ЖСЖ 115 мин. Жүрек тондары бәсеңдеген. Дауыс қарлығып қалды. Кіші дәреті жоқ.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* амебиаз

* +тырысқақ

* эшерихиоз

* сальмонеллез

* жіті дизентерия

 

#438

*!Науқас ауыруының бірінші күні жедел медициналық жәрдеміне жүгінді. Ауыру жедел қонақтан келгеннен соң, 6 сағат өткеннен кейін басталған. Қарап тексергенде: эпигастрияда ауыру сезім, жүрек айну, бірнеше рет кұсу, жиі іш өту. Дене қызуы 370 С, терісі бозғылт, энофтальм. Нәжістері көп мөлшерде, сұйық, жасыл түсті.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* дизентерия

* +сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

 

#439

*!Науқаста балмұздақ жеген соң, екі сағат өткеннен кейін эпигастрияда кесу тәрізді ауыру сезімі, және жүрек айну, бірнеше рет кұсу, әлсіздік, бас айналу пайда болды.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* дизентерия

* сальмонеллез

* +тағамдық токсикоинфекция

 

#440

*!Науқас жуылмалған алмаларды жеген соң, екінші күні жедел медициналық жәрдемге жүгінді. Жағдайы орташа ауырлықта. Дене қызуы 38,7оС. Сол жақ мықын аймағында толғақ тәрізді ауыру сезім. Сигма түйілген, спаздалған пальпацияда ауыру сезімді. Нәжістері аз мөлшерде, 6-7 рет тәулігіне.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* +дизентерия

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

 

#441

*!Науқас түнде консервленген саңырау құлақтар жегеннен кейін, 14 сағаттаң соң басталды. Эпигастрияда ауру сезім, жүрек айну және құсу, біраз уақыттан соң, көру өткірлігі төмендеп, жұтуы қиындауы, бұлшық еттердің әлсіздігі қосылды. Келесі күні - диплопия, афония, афагия. Дене қызуы 36,6оС, екі жақтық птоз, мидриаз, анизокория, жұмсақ таңдайдың парезі. Қарап тексергеннен соң, 30 минут өткеннен кейін мазасыздық, еріндердің және мұрың ұшы цианозы пайда болды. АҚҚ – 140/90 мм с.б. Пульс – 132 рет мин. Жүрек тондары бәсендеген. Тынысы әлсіз, беткей. Тыныс алу жиілігі 38 рет мин.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* +ботулизм

* бас-ми жарақаты

* саңырау құлақтармен улану

* тағамдық токсикоинфекция

* жіті ми қан айналым бұзылысы

 

#442

*!Науқас С., 30 жаста, іші өту, көп мөлшерде құсу, әлсіздікке, бас айналуға шағымдаңады. Түнде ауырды. Объективті: жағдайы ауыр, диффузды цианоз, шырышты қабаттары құрғақ, энофтальм, бет келбеттері шүңірейген, тері тығыздығы өте аз, “кір жуушы әйелдің қолдары”, тері қатпары баяу жазылады. Аяқ-қолдары суық, дене қызыуы 35,8°С, жіп тәрізді пульс, ЖСЖ 130 рет мин, АҚҚ 60/30 мм с.б. Іші ауыру сезімсіз. Есі анық, менингиалды белгілер жоқ. Нәжістері сұйық, сулы, “күріш шайындысы” тәрізді, зәр жоқ.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* +тырысқақ

* дизентерия

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция


#443

*!Науқас С., 30 жаста, әлсіздік, дене қызуы 39,4°С-қа дейін көтерілуіне, іштін төменгі бөлігінде ұстамалы ауыру сезіміне шағымданады. Түнде үлкен дәреті 15 рет болды, нәжістеріңде шырыш және қан. Ауырғанына 1 тәуліктей болды. Дене қызыуы 38,9°С. Пульс 96 рет/мин., ырғақты, АҚҚ 115/70 мм с.б. Тілі құрғақ, ақ үлпек басқан. Іші жұмсақ, сол жақ мықың аймағыңда ауру сезімді. Сигма ішегінде түйілу сезімі. Нәжістерін қарап тексергенде "шырышты шалшық", қаң аралас. Эпиданамнезінде: азық түлік дүкенінде сатушы болып істейді.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* +дизентерия

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

 

#444

*!Науқас 13 жаста, әкесімен аңшылық жасауға барған, ағынды арықтан су ішкен. Ауыру жедел басталған, төрт тәуліктен кейін тамақ ауыруы, дене қызуы 38,9°С дейін көтерілген, қалтырау, мойынының он жақ аймағында ауру сезім. Қарап тексергенде: жағдайы орташа ауырлықта. Тамағында көмекей аймағы, таңдай, жұтқыншақтың артқы бөліктері қызарған. Оң жақ бадамша бездері екі есеге дейін үлкейген, сұр түсті, тығыз баспа басқан, шпательмен нашар алынады. Мойын бездері сол жақта 0,5 см дейін, оң жақта 3 см көлемінде, ауыру сезімді, қозғалады.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* +туляремия

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

 

#445

*!Науқас Б., 13 ж., Жіті ауырғаң, таңертең бірнеше рет құсу, дене қызуы 400 С. дейін көтерілген, кешке қарай көп мөлшерде, жағымсыз иіспен, сұйық үлкен дәреті болды. Жақын арада қонақта болған, сілікпе, үйде тұздалып жасаған саңырауқұлақ жеген. Қарап тексергенде терісі бозғылт, ылғалды, суық. Дене қызуы қалыпты. Пальпация іш аймағында ауыру сезім, кеппеген, шұрылдау аннықталады.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* оба

* тырысқақ

* туляремия

* сальмонеллез

* +тағамдық токсикоинфекция

 

#446

*!Науқас бала 14 жаста, ауырғанына 4 тәулік. Жіті дене қызуы 400С дейін көтерілген, әлсіздік, есі тежелуі, сандырақ, қайталап келген құсу пайда болған. Көп кешікпей оң жақ саныңда, алдыңғы бетінде қызыл доңғалақ пішінді дақ, кейін папула, везикула пайда болған. Оң жақ шап бездері үлкейген, ауыру сезімді. Бұдан төрт күн бұрын бала жазық далада сартышқаңды тауып алған, оңы үйге алып келген.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* +оба

* тырысқақ

* туляремия

* сальмонеллез

* тағамдық токсикоинфекция

 

#447

*!Науқас А., 14 ж. Жедел ауырған басында көп мөлшерде сулы, патологиялық қоспаларсыз нәжістері, қайталап келетің фонтан тәрізді құсу болған. Дене қызуы 35,40С, жағдайы өте ауыр, әлсіз, адинамия, есі тежелген, сұйықтық ішуден бас тартады. Терілері сұр түсті, құрғақ, тері қатпарлары жазылмайды. Тіндердің тығыздығы өте төмен. Шырышты қабаттары құрғақ. Пульс және АҚҚ анықталмайды. ТАЖ 28 рет мин., ЖСЖ 120 рет мин., Жүрек тондары бәсендеген, ырғақты,

Өкпесінде тыныс везикулярлы, сырылдар жоқ. Іші тартылған, пальпацияда ауыру сезімсіз, ішек бойымен шұрылдау байқалады. Бауыр мен көк бауыр үлкеймеген. Анурия.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* туляремия

* тырысқақ. Эксикоз II дәрежеде.

* сальмонеллез. Эксикоз II дәрежеде.

* тағамдық токсикоинфекция. Эксикоз I дәрежеде.

* +жіті ішек инфекциясы. Жіті гастроэнтерит. Эксикоз III дәр. Гиповолемиялық шок

 

#448

*!50 жастағы науқас, екі сағат бұрын, үйде жасалған, консервленген етті жегеннен кейін қалтырау пайда болған, бас айналу, эпигастрияда кесу тәрізді ауыру сезім, қайталанған көп мөлшерде құсу, ал тағыда екі сағаттаң кейін жиі, сұйық, жағымсыз иісті нәжістері пайда болды. Осыған ұқсас көрініс, бірақ жеңіл түрде, әйелінде болған, ол да консервіленген ет жеген.

ЕҢ ықтимал болжам диагноз?

 

* тырысқақ

* туляремия

* дизентерия

* сальмонеллез

* +тағамдық токсикоинфекция

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-12-03; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 866 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Человек, которым вам суждено стать – это только тот человек, которым вы сами решите стать. © Ральф Уолдо Эмерсон
==> читать все изречения...

2258 - | 2104 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.