Қазақ зиялалары туралы сөзді ХIХ ғасырда өмір сүрген қазақ тың ағартушыларынан бастаған дұрыс. Өйткені, олар өздерінің шығармашылығын әлемдік деңгейдегі мәдениет көздерінен сусындай отырып өрбіткен іс-әрекеттерін әлеуметтік саяси дамудың принциптеріне,үрдістеріне сай екшеп отырған.Өз заманының керемет саясаткерлері, этногроф-ғалым ш.Уалиханов қазақ елінің саяси өміріндегі кейбір мәселелерінің шешімі ұлттық-этникалық жетілуде екенін пайымдаған. Ш.Уалиханов “Сот реформасы жайында хат” атты саяси тұрғыда жазылған еңбегінде қазақтың ел билеу тәжірибесінде маңыздылықтар қатарына мыналарды жатқызады: қазақтың әдет-ғұрып заңын; билеу институтын;халықтық сайлауды әділетті өткізу. Жетілмеген саяси жүйенің қозғаушы күші сол халықтың белсенділігін,білімділігін арттыруда екеніне де баса назар аударды. Бұл идеяны өзінің шығармашылығы арқылы дәлелдеуге тырысады.
Шоқан Азия мен Қазақстан жағдайында халықты аяусыз қанап соның нәтижесінде билеп-төстеушілердің орынсыз баюына жол ашатын нәрсе- олардың қолындағы шексіз билік деп ұқты.Сондықтан халықты қанаудан құтқару үшін байлардың билігін жою немесе тым болмаса олардың саяси үстемдігін шектеп,бұқара халықтың демократиялық құқығы мен бостандығын кеңейтпек болды.Жалпы ол билікті халықтың еркімен шектеуді дұрыс деп санады.
Ғалым сол кездегі қазақ еліндегі тәртіпті өзгертпек болып, қоғамдық құрылысты жаңартудың жолдарын іздеді. Бұл ретте ол революциялық емес, реформалық жолды қалады. Ал реформа жасау үшін халықтың талап-тілегін, мақсат -мүддесін, ұлттық мінез-құлқын жете зерттеу керек деп есептеді.
Ы.Алтынсарин көтерген бастама өз заманындағы ұлттық идеямен парапар болатын.Өйткені саяси күреске,тәуелсіздік алуға дайын емес халықты алдымен сауаттандыру керек екендігін түсінген іс-әрекет еді.Ол адамдарды ойындағы бос қиялдардан арылтып, дүниенің ақиқатына көздерін ашып,шын мәнәнде алға жылжитын,прогрестік жолға түсіруге тырысты.Ыбырай “Қазақ даласындағы жұт жөнінде” деген еңбегіндехалқының болашағы отырықшылыққа көшу және егін шаруашылығымен айналысуда деп атап көрсетті.Бірақ оны өз ықтиярымен біртіндеп істеуге тиіс. Сондықтан көшпелі қазақтарды күшпен отырықшылыққа айналдыруға болмайды деп оған қарсы шықты.
А. Құнанбаевтың “Қара сөздері” түркі халықтарының даналығының бір биігі болатын. Өз халқының әлеуметтік, саяси жағдайына жаны ашыған көрге ақын өз шығармашылығында көп мәселені шешуді мәдениеттен, руханилықтан бастауды тұжырымдайды.Еркіндіктің қайнар көзі халықтың дүниетанымында екеніне назар аударды.
А. Құнанбаев 41-қара сөзінде ұлттың ішкі бірлігін, тұтастығын нығайту үшін мықты үкімет халықты білімге, ғалымға, өнерге, еңбекке тартуға міндетті екенін айтады.Сонымен қатар, үкімет билік басындағы адамның материялдық жағдайының жақсы болғанын қалады.Өйткені, бұл тұжырым биліктегі адам күнделікті күйкі тірліктің мәселелері деңгейінде алаңдамауы қажет деген ойдан туындаса керек.
Сол кездегітарихи жағдайда өмір сүрген қазақ халқына бұдан әрі бұрынғыша тіршілік етуге болмайтынын ескерте келіп, заман талабына сай еңбек етіп,кәсіпті,сауданы меңгеруге кеңес берген- Абай.Демек, қазақ қауымына әлеуметтік реформаны да бірінші ұсынған -ұлы Абай. Яғни, данышпан ақынымыздың айтқан өсиеттері, ақыл-кеңестері осы күнге дейін өз мағынасын жойған жоқ.
3 .ХХғасырдағы Қазақ даласындағысаяси ойлар.
Ххғасырдың басындатарих сахнасына қазақтың ұлттық зиялыларының үлкен бір тобы келеді. Бұл топ кейін “Алаш” қозғалысын ұымдастырып, халықтың саяси мүддесін жаңа заман туғызған саяси құндылықтар ауқымында тұжырымдай бастады.Олардың арасынан ірі тұлғалар Ә.Бөкейхановты, А.Байтұрсыновты, М.Дулатовты, М.Тынышпаевты, М. Шоқайды және.б. Атап көрсетуге болады. Бұл ұлттың алдыңғы қатарлы өкілдерінің көзқарастары сол тарихи кезеңдегі саяси ахулға сәйкес қайшылықтардан бастау алды. Қазақ жерінде қалыптасқан саяси санада екі, бір-бірінен сапалы түрде айырмашылығы бар саяси бағдар қалыптасады. Біріншісі, ұлттық -діни құндылықтарға бет бұрып, мұсылмандық шарттарға арқа сүйеу арқылы дамуды көксесе, екіншісі ұлттық-либералдық құндылықтарды қолдайды,яғни батыстық бағдарды ұстанады.Сол кезеңнің саяси құндылықтардың маңыздылығын атағаны жөнінде “Қазақ” газетінде материял жарық көреді.
*тең құқылық (дініне, шығу тегіне және жынысына қарамастан адамдар тең құқылы);
*жеке бастың еркіндігі (мемлекет шенеуніктері кімді болса да заңсыз жолмен тұтқындай алмайды);
*сөз, ұждан бостандығы (жиналыстар өткізу, бірлестіктер құру, сөз сөйлеу,газеттер шығару,кітаптар басу бостандығы);
*сот әділдігі (соттың талқылауынсыз және шешімінсіз бас бостандықтан айыруға болмайды) және т.б. Демократиялық елдерге талпынады. Бұл қазақ даласындағы әрбір азаматтың тұлғалық қадірін, абыройын қорғауға деген талпыныс қазақ зиялыларының саяси мәдениетті деңгейінің біршама жоғары болғанын танытады. Сонымен қатар отарлық жағдай қазақ жерінің көптеген саяси азаматтық рпоблемаларының болғанын білдіреді.
Ресей оқу орындарында білім алған қазақ зиялылары ұлт мәдениетінің дамуындағы қайшылықтарды терең түсініп, оның түптамырын ұлттың тәуелсіздігімен байланыстырады.”Ұлттық тәуелсіздік” -саяси құндылық ретінде Хх ғасырдың басында саяси сананың басты іргетасына айнала бастады. Бұл қазақтың қоғамдық- саяси болмысындағы Ақпан және Қазан революциясына дейінгі өзіндік дүмпуі болатын.Ресей империясы үшін де, кейін келген Кеңес үкіметі үшін де бұл әрекеттер ұнамды үрдістер ретінде қабылданған жоқ.
1913 жылы қазақ қоғамының саяси мәдени мүдделерін жоқтайтын жалпы ұлттық саяси басылым “Қазақ” газеті ұйымдастырылады. Бұл халықтың шынайы саяси,мәдени құндылықтарды, бағдарларды ресми анықтау мақсатындағы үлкен қадам болды. Өйткені, бұл басылым тек қана жаңалықтарды жеткізуші орган емес, сонымен қатар ұлт -азаттық қозғалысы идиологиясының негізін салушы орталыққа айналады.Сөйтіп саяси аномияда өмір сүріп жатқан қалың қазақтың саяси құндылықтар жүйесіне жаңа ұғымдар, түсініктер ене бастайды, ұлттың өзін -өзі етенелестіру талпыныстарында біршама өзгерістер пайда болады.Әрине,феодалдық бытыраңқылық ондаған жылдар бойы қалыптасқан отарлану дәстүрі өз әсерін тигізбей қоймайды. Сондықтан да болар М.Дулатов өзінің өлеңдер жинағын “Оян қазақ” деп атайды.Бұл оятушы рөльді қазақ зиялылары атқарғанына шүбә келтірмейміз. Себебі, сол азаматтардың саяси белсенділігінің арқасында халықтың тарихи зердесінде жаңа саяси белсенділігінің арқасында халықтың тарихи зердесінде жаңа саяси ұстанымдар мен нұсқалар орныға бастады. Бұл ұлттық идеяның жүзеге асуына көп кедергілер болған кезең болса да, келешектегі ұрпақтар үшін қажетті үлкен саяси-рухани ьұра болатын. Кеңес үкіметі ьилікке келгеннен кейін М. Шоқай бастаған қазақ зиялылары “Түркістан ұлттық тәуелсіз мемлеектін” құру әрекетіне кіріседі. М.Шоқай қазақтың алғашқы саяси эмигранты ретінде ерекше тұлға.Ол көптеген еңбегін “бөлінбейтін біртұтас Түркістан” идеясына арнайды.
Қазақ жері “ теңдік пен әділдікті әкелетін социализмнің” орнына ұлттық келбетін, өмір салтын жаншитын қоғамның келгенін сезінді. Үлкен зұлмат 1937-1938 жылдары келіп, халықтың бтке ұстар қаймағы болып есептелетін М. Жұмабаев, С.Сейфуллин, Б.Майлин, И.Жансүгіров сияқты қазақ әдебиетіндегі ірі тұлғалар тотолитарлық жүйенің құрбаны болды. Олардың шығармашылығында әдеби көркем образ бен саяси құндылықтар астасып жататын.