Қазақ мемлекеттігін күштеу немесе зорлық ету тәсілдерімен нығайту мүмкін емес еді.Бұл мақсатты орындайтын билік құрылымдары -хан институ мен билер
институты болды.
Билердің қабылдаған шешімдері олардың әділдігінің, адалдығының көрінісі.Билер шешімді қабылдау және таратудың өзіндік ұлттық негіздегі механизмін де қалыптастырған.Билердің қабылдаған шешімдері келісім мен сабырлылыққа,ыждағаттылыққа негізделген және таңдаған әрекеттерінің орындалу жауапкершілігі де жоғары.
Оған негіз болған себептер:
· би шешімінің мақсатқа сай келуі, өз мүддесінен халық мүддесін жоғары қоя
білу;
уақыт талабына сай келуі, шешімінің уақытында орындалуы мүмкіндігін көре білу:
сәйкестілік, яғни қоғамда әрекет етуші дәстүрлі құқықтық қалыптарға шешіиінің сай келуі;
шешімді халықтың түсіну,мойындауы, яғни шешімді ашық сұхбаттасу және еркін пікір талас арқылы қабылда у;
шешім қабылдау процесінде өз шешендігін, өнері мен өнегесін,білгірлігін т.б. Халық алдында паш ету.
Демек, саяси шешімдерді қалыптастыру мен жүзеге асырудың ең ықпалды факторларының бірі-дәстүр болып табылады. Билерқабылдаған шешімдердің құндылығы ұлттық дәстүрмен сабақтасып жатуында.Мұнда әлемдік тәжірибе көрсеткендей,саяси шешімді қабылдауда екі негізгі нәрседен аулақ болу керек:дәстүрді елемеу, немесе дәстүрді асыра бағалау.
Қауіпсіздік ұғымының мазмұны мен өлшемі тарихи кезеңдердің ауысуына байланысты өзгерістерге түсіп отырады.Дәстүрлі қоғамдағы қауіпсіздік ұғымы өзіне мына аспектілерді қамтиды.
*сыртқы қауіптен қорғану, ол үшін ел қорғау жүйесін жетілдіру;
*мемлекет тұтастығын сақтау, ол үшін сұлтандар сеператизмне жол бермеу, олардың бөліп ал да билей бер саясатын шектеу;
*трайбализмге қарсы шешім қабылдау, онда билер: “жүзге бөлінгеннің жүзі қара, руға бөлінгендердің құруға асыққаны”, -деген ұлағатты сөздермен қоғамның жікке бөлінуіне жол бермеуге тырысты;
*қоғамдағы ең бір қауіпті саналатын жер дауы мен жесір дауының оң шешілуі.
Көшпелі қазақ қоғамындағы теңдік ұғымының негізгі жаршысы билер. Билер қоғам өмірінің мына салаларына теңдікті ендіру үшін күресті.
*барлық адамдардың әдет-ғұрып заңы алдында тең болуы;
*байлығы,лауазымы, билігіне қарап билер әділ төрелігінедақ түсірмеген, шындықты айтудан бас тартпаған;
*билікке жету мүмкіндігінің барлық адамдар үшін тең болуы;
*қоғамдағы адамдардың рухани теңдігі, яғни адамның ар-ожданы,даналығы мен ақылдылығы дүние-мүлкімен өлшенбейтіндігімен адамдар санасына ендіру.
Билер шыққан ортасына қарамастан билікке қабілетті, білімді, әділ адамдардың келуін қолдады.
Тәуке хан және Абылай хан қалыптастырып, нығайтқан көшпелі қазақ мемлеекттілігінің саяси-құқықтық жүйесне реформа жүргізілгендер қатарына Төле би, Әйтеек би, Қазыбек би жатады.Олардың жүргізген реформаларының негізгі бағыттары:
· хан сайлауын өткізу, сол арқылы жүздер арасындағы билік үшін алауыздықты тоқтату, мемлеект тұтастығын сақтау.
· Сұлтандар, төрелер билігін шектеу, орнына “Билер кеңесін” құру. Билер кеңесі біріншіде, екңесші ұйым болды,ханмен бірге жалпы мемлеекттік мәселелерді шешу үшін құрылтай шақырып, оның жұмысына қатысты: екіншіден халықтың мемлеекттік биліктегі өкілі, билік құрылымындағы қара халық арасынан шыққан әрі оның мүддесін билікте қорғаушы ұйым; үшіншіден заң талқылайтын ұйым, қазақтың әдет-ғұрып құқығы жүйесінің негізін салушы;
· орталықтанған әскер құру, қазақ батырларының басын біріктіру, әскерде қатал тәртіп орнату, әскерді ондық, жүздік, мыңдыққа бөлу, әскер қолбасшысына лайықты адамдыхан ұсынады, ал бөлу, әскер қолбасшылығына лайықты адамды хан ұсынады, ал “Билер кеңесі” бекітеді,әрі әскер қолбасшысы осы екеуі алдында есеп береді;
· Қорғаныс және барлаушы қызметті жетілдіру;
· салық салу ісін жетілдіру, әскерді қаруландыру қаржысын сұлтандар, байлар, ауқаты адамдар мойнына салуға тырысады,
· елшілік қызметті жетілдіру, қазақ билерінің жауласушы елдерге елшілікке өздерінің баруы.
Қазақ мемлеектінде “Қасым ханның қасқа жолы”, “Есім ханның ескі жолы”, Тәуке ханның “Жеті жарғысы” деп аталатын заңдар жүйесі болған.”Жеті жарғы” тек құқықтық қалыптар жинағы емес. Онда әр түрлі діни, тәлімдік, әдептілік,қарым-қатынастық мәселелер, яғни қоғамның барлық мәдени-әлеуметтік өмірі қарастрылған.Сонымен бірге бұл тарихи құжатта алғашқы рет қазақтардың саяси құндылықтары жүйеленеді. Бұл өркениеттілікке қарай жасалынған біршама қадам болатын.Біршама ғасырлар бойы хандық билікте болған қазақ жері “дала демократиясының” өзіндік тәжірибесінен өткен болатын, бұл да рухани-саяси мұра.