Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Жеке адамныңқұқықтарының жіктелуі.




Саясаттың субьектісіне әлеуметтік топтар,таптар,ұлттар,мемлекеттер,саяси партиялар, қозғалыстар жатады. “Тұлға”,”субьект”,”обьект” деген терминдер нені білдіреді?

Тұлға деп қоғамдық өмірдің нақтылы тарихи жағдайлары қалыптастырған,саналы іс- әрекет ете алатын,өз жүріс-тұрысына жауап беретін,еңбек етіп, қарым қатынас жасаушы,айналадағыны танып-білуші жеке адамды айтады.

Субьект (латынның негізінде жату деген сөзінен) деп белсенді іс-әрекет жасаушы,сан мен жігері бар жеке адам немесе әлеуметтік топты айтады.

Обьект (латынның қарсы қою деген сөзінен) деп субьектінің танымдық және басқа іс-әрекеті неге бағытталса, соны айтады.

Басқа сөзбен айтқанда,обьект-- зерттелген зат.Сонда саясаттанудың обьектісіне саясат, саясат әлемі жатады.

Саясаттың субьектісі дегенде өз мүдделеріне байланысты саяси өмірге белсене араласып, басқалардың санасына,іс-әрекетіне, жағдайына ықпал ететін, саяси қатынастарға белгілі өзгерістеренгізетін,саясатты жасайтын адам, ұйм неәлеуметтік топты айтады.Саясат субьектісінің құрамы іс-әрекеттерінің түрлері мен тәсілдері,көздеген мақсат-мүдделері және т.б. қоғамның нақты,тарихи жағдайымен айқындалады.

Кәдімгі, қарапайым, демократиялық жолмен дамыған елде саясат адам үшін және адам арқылы жасалады..Себебі әлеуметтік топтар,қоғамдық ұйымдар,қозғалыстар қаншалықты маңызды орын алғанымен солардың бәрі адамдардан,олардың іс-әрекетінен тұрады. Олай болса, саясаттың бас субьектісі адам дейтініміз содан.

Адамдарды саяси жұмысқа итермелейтін негізгі себеп мұқтаждық пен мүдде. Мұқтаждыққа өмірде керек,бірақ қолда жоқ зәрулік жатады. Ол табиғи және әлеуметтік болып екіге бөлінеді.Табиғи зәрулікке тамақ ішу, киім кию, баспана және т.с.с мұқтаждықтар жатады. Әлеуметтік мұқтаждық қоғамда пайда болады. Оған еңбек ету, басқа адамдармен қатынаста болу, қоғамдық өмірге араласу және т.б.қажеттіктер жатады.Мұқтаждықты адам сезініп,оны өтеуге тырысса,ол –мүддеге айналады.

Қандай адам болмасын белгілі бір әлеуметтік топқа, тапқа, ұлтқа, мемлекетке жатады. Осының өзі де өмір жағдайы мен жүріс- тұрысына, саясатқа араласуына әсер етпей қоймайды. Таптың, топтың және т.б. өкілі ретінде жеке адам саясатқа жанама түрде тартылады. Сонымен қатар ол басқаларға қарап еліктеп,белгілі амал, әрекет жасайды, оны өзінше дәлелдейді.Сөйтіп, ол саясатқа тікелей қатысады, саясаттың субьектісіне айналды.

Тұлғаның қоғамдық- саяси өмірге белсене араласуының жан-жақты маңызы бар.мұндай қатынас арқылы адамның барлық қабілетін дамытуға мүмкіндік жасалады. Азаматтық қоғам мен саяси институттардың арасында тығыз байланыс орнайды.Қоғам мүшелері мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделері қанағаттандыруға, мемлекет істерін басқару арқылы өз мүдделерін қанағаттандыруға, мемлекет құрылымдарының қызметіне бақылау жасауға, олардың бюрократияланып, шектеншықпауына әсер етеді.

Саясатпен кәсіби айналыспайтын “орташа” адам саясаттың толық субьектісі болуы үшін ол әлеуметтік мұқтаждықтар мен мүддені, ондағы қайшылықтардың неден туғанын және оларды жою жолдарын өз басының пайдасы әлеуметтік мүдденнің мүмкіншілігімен қаншалықты сәйкес келетінін білу керек. Сонымен қатар ол саяси “ойындардың” ережелері мен тетіктерінен хабары болуы керек.Бұл “ойында” оның қандай орында болғысы келеді және оған қандай мүмкіншілігі бар, қандай мақсат қойып, оны қандай әдіспен жүзеге асыруға болатынын білуі тиіс.

Жеке адамдардың саяси белсенділігі мен ететін ықпалы әр түрлі.Саясатқа қатысу шамасына қарай оларды мынадай түрлерге бөлуге болады: а) саясатқа айтарлықтай әсер етпейтін, оған селқос қарап, белсенділік білдірмейтін қоғамның қатардағы қарапайым мүшесі;ә) қоғамдық ұйымға, қозғалысқа кіретін, бірақ саяси жұмысқа тура араласпайтын (шешімдер қабылдамайтын) азамат; б) саяси ұйымдардың (партияның және т.б.) мүшесі болып есептелінетін, саяси өмірге саналы түрде, өз еркімен тікелей араласатын адам; В)қоғамдық, әсіресе саяси қайраткер; г) саяси қызметтің арқасында күн көріп, табыс тауып, оны өмірінің мақсатына айналдырған кәсіби саясатшы; д) ұйымдастырушы, идеялық, ресми не бейресми, абырой, бедел, ең” соңғы саты” болып саналатын саяси басшы, көсем.

Жеке адамның саяси белсенділікке қатысу мүмкіндігі молайып, биіктеген сайын, оның қоғамдағы орны да жоғары да болады. Адамның әлеуметтік және саяси мәртебесі оның саяси субьектілігінің негізгі өлшемі болып саналатын азаматтық құқықтық заңда айқындалады.

Адамның саяси өмірге қатысуға мүмкіндік беретін құқығы конституциялық сипаттағы қарапайым демократиялық еркіндікке (бірлестіктер құруға, дінгекіруге, өз көзқарастарын ашық айтуға, жиналыстар мен демонстрациялар сияқты жұрт алдында манифестация жасауға, сайлауға және тағы сайлануға т.с.с. құқылыққа) тікелей байланысты.Мұнда мемлекет мекемелерінің, сот ұйымдарының және т.б. қызметін тексеруге жанама кепілдік беретін құқық та жатады.Бұл құқықтардың сырт (формалдық) кепілі--- заңдар мен сот практикасы.Ал негізгі материалды кепіліне құқықтық ттәртіпті бұрмалауға жол бермейтін саяси және қоғамдық ұйымдардың қызметі жатады. Сонымен бірге мұнда, бірінші жағынан, әлеуметтік топтар мен азаматтардың арасындағы тұрақты өзара байланысы және екінші жағынан, олардың жоғарыда көрсетілген ұймдармен байланысы кіреді.

Тұлғаның саяси өмірге белсенді араласуы үшін материялдық, әлеуметтік-мәдени, саяси-құқықтық алғышарттар қажет. Ең алдымен, адамның ішер тамағы, киер киімі, жатар орны, тұрмыс жағдайы, белгілі бір дәрежеде білімі, кәсібі, дайындығы саяси мәдениеті болуы керек. Шетелдің зерттеушілерінің анықтағанындай, қоғам бай болған сайын, ол демократиялық дамуға бейім келеді екен. Мемлекеттің жақсы тұрмысы оны демократиялық негізде тиімді басқаруға керекті көпшілікке жоғары білім, кәсіби дайындықты қамтамасыз етеді. Білімдіадамның мәдениеті де жоғары болады.Бұлармен қатар саясатқа белсенді қатысуға саяси-құқықтық алғышарттар да әсер етеді.Оған қоғамдағы демократиялық саяси тәртіп, жоғары саяси мәдениет, билік құрылым дарының қалыптасуында, саяси басқару шешімдерін қабылдап,іске асыруда қоғам мүшелерінің қатысуы және т.б. жатады.Егер жоғарыдағылардағыдай алғышарттар болмаса, тұлғаның саяси өмірге белсене қатынасып,оның нағыз субьектісіне айнала қоюы қиынға түседі. Сондықтан шын демократиялық мемлекет өз мүшелерінің жалпы мәдениетін,оның ішінде саяси сауатын көтеруге тырысады.

 

2.Жеке адамның құқығы менбостандықтары. Саяси ғылымда негізгі орын алатын және мәні өте зор мәселелерінің бірі-- жеке адамның құқығы мен бостандықтары. Жеке адамның құқығы деп кісіге белгілі игілік алуды қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзарақатынастарын айтады. Жеке адамның бостандығы на кісіге өзбілгенінше істеуге мүмкіндік беретін,мемлекет пен адамдардың арақатынасының принциптері жатады.

Бұл мәселеге адамдар өте ертеде ақ назар аударған болатын. Ежелгі грек фәлсафасышылары (филосовтары) барлық адам дүниеге келгенде тең болып туады.Сондықтан олардың бәрінің де тең табиғи құқығы бар деген ойды өрістетті.Аристотель болса саяси құқықты табиғи және шартты құқық етіп екіге бөлді. Ол табиғи құқықты мемлекет орнатқан құқықтан жоғары қойды. Табиғи құқық шартты құқыққа үлгі болуға тиіс деп санады. Себебі, шартты құқық жиірек өзгеріп отырады және олар өкімет жұмысы мен адамдар арасындаға келісімнің нәтижесінде пайда болады.

Бірақ феодолизм дәуірінде адам құқығы жөнінде мүлдем басқаша ұғым пайда болады.Адам туғанынан тең деп үйрететін табиғи құқық жоққа шығарылады. Ал құқықтың өзін хан, патшалардың қол астындағы адамдарға жасап отырған рақымы деп түсіндірілді. Әр сословиенің өзіне тән құқығы болды.

Біздің қазіргі ұғымымыздағыдай адам құқығы капитализм дәуірінде дүниеге келген либерализммен тығыз байланысты. Либералдар монархияның билігін парламент арқылы шектеп, сайлау құқығын кеңейтуді және саяси бостандықты өрістетуді талап еткен болатын.

Жеке адам құқығы мәселесіне аса зор үлес қосып, тарихта өшпес аттарын қалдырған ойшылдарға Т.Гоббс, Дж. Локк, Ш.Монтескье, Ж.Ж:Руссо, И. Кант, Т.Джеферсон, Т.Пейн және т.б. жатады. Олар адам құқығының негізгі қағидаларын ең алғаш анықтап, белгілеп берді.Олардың ішіндегі ең құндылары Америка Құрама Штаттарының Тәуелсіздік Декларациясына енді.(ол1776 жылдың 4шілдесінде бекітілді.).Декларацияның негізгі баптарына барлық адамдардың өмір сүруге, еркіндікке, жеке меншікке, бақытқа және қауіпсіздікке туғанынан тең құқығы бар; өкімет билігінің қайнар көзі—халық,, үкімет—халықтың қызметшісі; барлық мемлекеттік өкімет халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс, ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың мүддесіне жұмыс істеуге тиіс,ал егер олар бұл сенімді ақтамаса, халықтың ондай ұнамсыз, лайықсыз үкіметті жоюға еркібар; өкіметтің заң шығарушы, атқарушы, сот билігі болып бөліну керектігі және т.с.с жатады. Бұл қағидалар одан әрі АҚШ тың Конституциясы мен құқықтар туралы билігінде дамытылды.(Биль деп ағылшын парламентінде немесе Американың конгресінде қаралуға ұсынылған заң жобасын айтады) Мысалы, Билльде жоғарыда айтылған баптармен қатар қандай адам болмасын шынайы, ашық, әділ сотқа құқығы бар деп көрсетілген.Ол жеке адамның еркіндігінде өкімет тарапынан қандай болмасын озбырлық байқалатын болса, одан қорғай алады. Құқық туралы Билльде үкімет өз жұмысын халық алдында ашық жүргізуі керектігі талап етілген. Жұрт үкіметтің не істеп жатқанын әрдайым біліп тұруы керек және оны дер кезінде сынға алып тұруға тиіс.

Қазіргі саяси ғылымда адам құқығына байланысты әр түрлі көзқарастар бар. Оларға табиғи- тарихи, заңдық-позитивтік және марксистік түсініктер жатады.

Табиғи -тарихи бағытты жақтаушылардың ойынша, адамның табиғи құқықтарының пайда болуы мемлекетке не заңға байланысты емес. Бұл құқықтарға адам дүниеге келгеннен-ақ,жаратылысынан ие болып туады, олар адам ға туғанынан тән.Мемлекет бұл құқықтарды сыйлап, қамтамасыз етуі немесе оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды бұзуы, басып-жаншуы мүмкін, бірақ оларды ешқашан еш адамнан тартып ала алмайды.Олар адамның табиғи,жалпыға бірдеу және өзгермейтін заңдары деп есептеледі.

Заңдылық-позитивтік бағытты қолдаушылар, керісінше,азаматтардың құқығының пайда болар, шығар жері, көзі мемлекетте деп санайды. Жеке адамның құқығына тек қана мемлекет кепіл келтіріп, шарт бола алады. Олардың ойынша, құқық пен заңның арасында айтарлықтай айырма жоқ. Жеке адамның құқығы құқықтың басқа жүйелерінен бөлек ерекшеленбейді және ол мемлекеттік құқықтың үстінен қарап, жоғары тұра алмайды. Азаматтардың құқықтарының өзі мемлекеттің мақсат мүддесіне және мүмкіншілігіне сәйкес өзгеріп отырады.

Марксизм де адам құқығын мемлекетік құқыққа бағындырып, тәуелді етеді. Бірақ заңдық-позитивтік бағытпен салыстырғанда,ол құқықтың әлеуметтік-экономикалық, әсіресе таптық мәні бар деп сипаттайды. Ол құқықты үстем таптың заңға айналдырған еркі, қалауы депүйретеді. Марксизм коммунистік қоғамда мемлекет те, саясат та, құқық та болмайды деп уағыздайды. Соған орай ол жеке адамның құқығына жөнді мән де берген жоқ.Бұдан марксизм жеке адамның еркі мен құқығы жөнінде ештеме демеді деуге болмайды. Олар туралы бұрынғы Кеңес Одағының заңдарында бірталай баптар болды. Себебі, дүние жүзінің халықтарының алдында өзін-өзі әшкерелегісі келмеді,демократиялық мемлекет болып көрінгісі келді. Адамдарға берілген бостандық пен құқықты партия мен үкіметтің өз азаматтарына жасап отырған игілігі ретінде көрсетті. Бірақ тотолитарлық тәртіп кезінде оның бәрі сөз жөнінде ғана қалып отырды.Шын мәнінде, өмірдің барлық салалары,әсіресе бостандықты сүйіп,ол туралы ойын ашық айтуға тырысқан (Сахаров сияқты) азаматтардың жеке өмірі,тыныс тіршілігі қатаң тотолитарлық бақылаудың астында болды, жеке адамның құқығы мемлекетке түгелдей тәуелді еді.

Қазіргі кезде әлемдік саяси ғылымда адам құқығына табиғи тарихи тұрғыдан қарап, соған орай түсіну басым. Жалпы алғанда, “адам құқығы” деген ұғымның өзі кең және тар мағынада қолданылады. Оның кең мағынасы жеке адамның құқығы мен бостандықтарының өте бай барлық түрдегі жиынтығы кіреді. Тар мағынасында мемлекет тарапынан берілмеген, ол тек конституциялық-құқықтық түрде жеке мемлекеттік шеңберде бекітілген құқықты білдіреді. Оған ең алдымен өмірге келген қандай адам болмасын өмір сүруге құқығы барлығы жатады. Одан басқа адам құқығына кіретін жайлар мыналар. Барлық адамдардың заң алдындағы теңдігі; тәннің дербес құқығы(тәнге зәбір келтіруге болмайды); адамзаттық ар-намысты сыйлау,оны қорламау; негізсіз,заңсыз тұтқындамау немесе ұстамау;дінге сену және ұждан бостандығы; ата-аналардың балаларын тәрбиелеуі; қанаушыларға қарсылық көрсету құқығы және т.с.с





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 746 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Студент может не знать в двух случаях: не знал, или забыл. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2754 - | 2314 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.