Маталардың сортын анықтау
Лекции.Орг

Поиск:


Маталардың сортын анықтау




Сорт-нормативті құжаттарда бекітілген,бір немесе бірнеше сапа көрсеткіштері бойынша белгілі бір өнім түрінің градацисы.Мата сортын физика –механикалық көрсеткіштері және сыртқы түр ақауларына байланысты анықтайды.

Мақта ,зығыр және жүн маталары үшін екі сорт қабылданған(1-2),жібек маталары үшін-үш сорт (1-3).Шектелген белгілері бойынша көптеген физика-механикалық көрсеткіштер (мысалы,үйкеліске тұрақтылығы,қыртыстанбауы,ақтық дәрежесі,түстің тұрақтылығы)стандарттағы талаптарға сәйкес барлық сорттар үшін бірдей тағайындалған.Бұл көрсеткіштер бойынша дифференциалды әдіспен алынған нақты сынақ көрсеткіштерін стандарт нормаларымен салыстыру арқылы өнімнің сапасын бағалайды.Мұндай бағалаудың нәтижесі ретінде альтернативті шешім қабылдау болып табылады.Физика – механикалық өасиеттеінің көрсеткіштері бойынша (мысалы,үзу жүктемесі,ені,арқау және негіз бойынша тығыздығы,беттік тығыздығы)сорттылығын анықтау стандарттарында 2 сортты маталарға 1 сортты маталардың осындай көрсеткіштері бойынша минимальды мөлшерлерден шектік ауытқулар белгіленген.

Әртүрлі маталарға арналған шақтамалы ауытқулар

Мақта ,жүн және жібек маталары үшін 2 сортты маталардың ауытқу нормалар деңгейінде болғандықтан оларға қосымша айыптық баллдар қарастырылған. Мақта, жүн және жібек маталарының сортын физика –механикалық көрсеткіштерінің және сыртқы түр ақаулардың ауытқуымен белгіленетін айып баллдардың қосындысы бойынша анықтайды.Матаның шартты ұзындығы матаның сортын анықтайтын стандарттарда көрсетіледі және олардың еніне байланысты болады. Физика-механикалық көрсеткіштер және сыртқы түр ақаулары үшін зығыр маталардың сортын анықтағанда айыптық баллдар берілмейді.Бағалауды барлық физика-механикалық көрсеткіштер бойынша диференциалды түрде жүргізеді,ал сыртқы түр ақауларын шектейді: Бірінші сортты матада таралған ақаулар болмауы қажет,ал жергілікті ақаулар матаның 30м2 шартты ауданында сегізден аспауы қажет ,екінші сортты матада кең таралған ақау бірден аспауы керек немесе шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 22 аспауы керек,егер екінші сортты матада таралған ақау болатын болсы ,онда шартты ауданға келетін жергілікті ақаулар 17 аспауы қажет.

42. Мақта маталарының прейскурант бойынша жіктелуі. Прейскурант бойынша мақта маталардың ассортименті 17 топқа бөлінеді. Түрмыстық қолданыстағы маталардың көбі бастапқы 6 топқа кіреді: шыт, бөз, ішкиімдік маталар, сатин, киімдік, көйлектік маталар. Мақта маталардың артикулы екі, үш немесе төрт саннан тұратын нөмірмен белгіленеді.

Шыт мақта материалдарының ішіндегі айтарлықтай үлесті салмағының принципі бойынша ерекшеленген жеке топты қүрайды (шығарылатын мақта маталарының ассортиментінің шамамен 10-12% құрайды). Шыт ассортиментінің спецификалық ерекшелігі бар: оның негізіне қалың иірілген жіп колданылады, ол болса матаның негізгі тірегін, матаның қажалу әсерлеріне төзімділігін қамтамасыз етеді. Мүндай қүрылым мақта маталардың ассортиментінде тек шытқа ғана тән.

Шыт - басылған суреті бар немесе ашық түстерге боялған мата. Ол кардты иірілген жіпті өру арқылы өңделеді. Шыттың ені - 62-95 см.

Шыт муслинді, қатты және жылтырлы өңдеумен, өшпейтін аппреттермен және қысылған - жартылай мерсеризациямен алынған бүдір бетпен шығарылады.

Шыт матасы әйелдер мен балалар бұйымдарының ассортиментінде, ерлердің жейдесінде, ішкиім және төсек орын жабдығында қолданылады.

Ішкиім тобы. Барлық мақта-матаның шамамен 25% ішкиімдік маталар еншісіне жатады, шамамен 150 артикулы шығарылады.

Ішкиім тобы киетін киімдер мен төсек жабдығы бұйымдарын біріктіреді. Ішкиімдік маталардың ерекшелігі - олардың ақ түсте немесе ашық түстерде боялып өндірілуі болып табылады. Соңғы жағдайда алынатын маталарға бояудың жууға, құрғақ және ылғалды үйкелуге, қайнату мен терге тұрақтылығы бойынша қатаң талаптар қойылады. Ішкиімдік маталар бір-бірінен құрылымы бойынша өзгешеленеді, сондықтан үш топшаға бөлінеді.

Шытқа қарағанда бөз қалың әрі ауыр мата. Бөз кездемелік айқаспамен шыттың жібіне қарағанда жуандау карда жібінен тоқылады. Типтік бөздердің арқауындағы жібі 29 текс, негізі бойынша - 25 текс. Бөздің сызықтық толысуы негіз бойынша шыттыкіндей, ал арқау бойынша біршама жоғары. 1м2 бөздің массасы 138-143г, ені 61-120см. Бөздердің өңделуі қатты, жылтыр, күміс түстес болуы.

Миткальды шағын топқа өңделмеген кезде миткаль деп аталатын маталар кіреді. Бөзден айырмашылығы - қалыңдығы мен массасы азырақ келеді. Ішкиімдік миткальдар 18,5-15,3 текс карда жібінен ағартылып немесе ашық боялып шығарылады. Өңделуіне қарай миткальдар әртүрлі аталады. Жұмсақ өңделген миткаль-муслин, жартылай қатты өңделгені -ішкиімдік миткаль, дөрекі өңделгені -мадаполам деп аталады.

Арнайы шагын топша екі түрлі өрім жолымен өңделетін, қалың және салмақты ақ маталардан тұрады, бұл топшаға бұрмаланған саржа (гринсбон) және атлас (тик-ластик) жатады. Осы өрімдер матери- алдарды үлкен тығыздықпен, салмақпен және тозуға тозімділікпен қамтамасыз етеді. Сүлгілер үшін вафельді жэне түкті өрім маталары шығарылады; бет орамалдар үшін мата және аралас өрім арқылы кард жэне тарақты, мерсеризделген, ағартылған, шұбарланған және сурет басылған маталар шығарылады.

Көйлек тобы әйелдер мен балалар көйлегін, жейделігін, ерлер жейдесін және басқа да тігін бұйымдарын дайындауға арналған мақта-мата материалдар ассортиментін біріктіреді. Сондай-ақ оның ерекшелігі - маталардың арналуы болып табылады. Ассортиментте тарақтық немесе кардалық жіптерден полотнолык және әртүрлі құрама ұзын жолақты айқаспалармен, жолақ және торкоз өрнектері бар алатоқылған маталар басым.

Ассортименттің колданылуына байланысты топ топшаларға бөлінеді, оларға жылдың белгілі бір мезгілінде қолданылатын, бұйымдарға арналған белгілі бір құрылымды және киімге кажетті қасиеттермен сипатталатын маталар жатады.

Маусымдық топша әр жыл мезгілінде киюге лайық киім-кешекке арналған көйлек, жейде маталарын біріктіреді. Бұл маталар жоғары тығыздығымен, салмағымен және жылу қорғағыштық қасиеттермен ерекшеленеді. Бұл топшаға әр түрлі өрімдегі маталар жатады: мата өрім - гарус, зефир жэне зефирина, лионезы, поплины, саржалық өрім - шотландка, көйлек маталарының кейбір артикулы, крептік өрім — креп, мақта мата.

Маусымдық топшалардың маталарының безендірілуі әр түрлі. Олар тегіс боялған, ақ, толтырылған, шұбарланған, меланжды болуы мүмкін. Бүл маталарды қолдану мен безендіру ерекшелігі, кейбір матаға мер- серизация, суөткізбейтін астарлық, өшпейтін аппрет тәрізді өңдеудің түрінен өтуін қамтамасыз етеді.

Жазгы топша жазғы киімдерді дайындауға арналған көйлек маталарының ассортиментін ортақтастырады. Маталардың арналуы олардың қажетті қасиеттерін анықтайды. Бүл маталар қалың емес, жіңішке, салмағы аз жэне жақсы ауа- және буөткізгіш болады, яғни жазғы киімге сай барлық қасиеттермен сипатталады.

Жазғы койлек матасының негізгі бөлігі маталарға мықтылық жэне мыжылмайтын қасиет беретін маталық өрімнен жасалады. Жаздық маталар топшасы жеңілдікпен, салыстырмалы аз тығыздықпен жэне қалыңдықпен ерекшеленеді. Олар көбіне жіңішке тарақты иірілген жіптен, маталы өрім немесе аз оюлы өрімді қолдана отырып шығарылады. Безендірілуі бойынша олар алуан түрлі - тегіс боялған, толтырылған, көбіне ашық түстерге боялған, жэне ағартылған. Көп маталарды мерсериздеп шығарады, кейбірін гофре, қысу, күміс жібек тәріздес етіп әрлейді.

Типтік маталар: бәтес, маркизет, вуали, майя, бүл топшадағы маталардың көбінің аты - түрлі көйлек мата атаулары.

Бәтес - жеңіл, жүмсақ жібек мата, ол жіңішке, тарақты, бір жіпті иірілген жіптен (5,9-10текс) және мерсеризация әрлеуі арқылы алынады. Маталы өріммен өңделеді. Оларды тегісбоялған, толтырылған және ағартылған түрде шығарады. Жұқалығына қарамастан, бәтес матасының тозуға төзімділігі жоғары. Ол жазғы көйлектер, жейдешелер, ішкиім жэне басқа да бұйымдарды дайындауда пайдаланы- лады.

Жаздық топшадағы көйлек маталарының көбін аз оюлы етіп, кейде маталық және жаккард өріммен жасайды, түрлі иірілім тәсілдері қолданылады.

Жаздық мақта-матаға ажурлы өрім маталары жатады, ол матаға ерекше әсер береді. Барлық жаздық маталар мерсеризациядан өтеді, олардың беті тегіс жэне жылтыр болады. Ажур маталар тек тегіс боялған емес, ақ түсті де бола алады. Кейбір маталар жаккардты өріммен, орта- ша өлшемдегі суретпен жасалып шығарылады. Берліген ассортимент- ке шұбарланған маталар енбейді (бірнеше артикул ғана бар).

Қыстық топша бір немесе екі жақты таралған түгі бар мақта мата ассортиментінен тұрады. Бұл маталар үлкен тығыздықтағы кардалы иірілген жіптен, ал кейбір жағдайда аппараттық иірілген жіптен жасалады, аппараттық иірілген жіп маталарға үлкен салмақ жэне қалыңдық, ал таралған түкке жақсы жылу қорғағыштық қасиет береді.

1 м2матаның салмағы 170-428 гр дейінгі өте кең шекте тербеледі, бүл қыстық мақтадан жасалған матаны жылы көйлектен, жейдеден, халаттан, ерлер жейдесінен бастап, жоғарғы киімдерге дейінгі эртүрлі киімдерді, соның ішінде спортгық киімдердің, өндірістік киімдердің кейбір түрлерін дайындауға мүмкіндік береді.

Қыстық мақтадан жасалған матаның ассортименті матаның негізгі үш түрімен көрсетіледі. Өте жұқа жэне жеңіл мата бомазея саржалы немесе репсті өріммен жасалады жэне теріс жағымен бір жақты түкпен сипатталады. Қалыңырақ жэне ауыр мата фланель сол өріммен жасалады, бірақ ол екі жақты түкті болады. Матаның осы екі түрі өңделуі бойынша ақ, тегіс боялған жэне бедерленген болуы мүмкін. Матаның үшінші түрі байка алдыңғы маталардан жоғары қалыңдығымен жэне салмағымен (428 г дейін), қою екі жақты түгімен жэне жоғары жылу сақтағыш қасиетімен ерекшеленеді. Ол тегіс боялған болуы мүмкін.

43. Материалдарды конфекционерлеу тапсырмалары. Конфекционерлеу – тігін бұйымдарының пакетіне материалдарды жинақтауды, материалдарға қойылатын талаптар мен олардың ассортиментін оқып үйренетін ғылыми пән болып табылады.Жоғары сапалы кйім біріншіден қолданылатын материалдардың сапасына, оларды таңдап негіздеуіне, бұйымның моделі мен конструкциясын нақты ойластыруға, өңдіру технологиясына байланысты. Бұйымды дайындауға арналған материалдарды екі топқа бөлуге болады: тоқылған және тоқылмаған. Тоқыма материалдар – бұл иірілген, тоқылған және де басқа бұйымдар: маталар, трикотаж, беймата жаймалары, иірімжіп пен жіптер, жасанды былғары мен елтірі және комплексті материалдар.Тоқыма емес материалдарға – табиғи елтірі мен былғары, пленкалы материалдар, әртүрлі фурнитура және басқа да бұйымдар жатады. Әртүрлі материалдардың 90 %-тен жғарғы көлемін текстиль бұйымдары құрайды. Ассортимент (фр. –жинақтау, іріктеу) – материалдарды түріне, аталуына, тағайындалуына, сортына және қолданылған шикізатына байланысты іріктеу және материалдар тізімі болып табылады.Артикул – белгілі бір материалға, бұйымға тағайындалатын бұйымның типі, шартты номері.Конфекция (нем. – дайындау) – алғашқы қажетті бұйымдар, дайын киім, іш киім, жейделер, шалбар, свитерлер және жаппай өндірістегі басқа да бұйымдар.Конфекционерлеу – тігін өндірісінің технологиялық процессінің ерекшеліктерін және сән бағытын және материалдардың қасиеттерін ескере отырып, киім пакетіне немесе бұйымға материалдарды ғылыми түрде негіздеп, дұрыс іріктеу б.т. Киім пакеті – жағымсыз климаттық әсерлерден қорғайтын, эстетикалық функцияларды орындайтын адамның киетін бұйымдар жинағы. Ол киімдердің комплексінен тұрады: корсеттік бұйымдар, іш киімдер, жеңіл көйлек және жоғарғы бұйым, бас киімдер, аяқ киім, шұлық, қолғаптар. Бірге киілетін бұйымдардың мөлшері мерзімге және климаттық жағдайларға байланысты.Тігін өндірісінде киімді жаппай шығару кезінде модельдерді негізгі және астарлық матамен, фурнитурамен жинақтау немесе комплектеуді конфекционерлеу деп аталады. Мұндай комплектеудің негізіне материалдың органолептикалық бағалануы да жатады. Бірақ кейбір жағдайларда өндіріс орындарының қоймаларында материалдардың болуын да жатқызуға болады. Конфекционерлеу деген термин неміс тілінен «konfection»- дайын көйлек немесе көпшілік тұтынушылардың сән бағытын білдіреді. Ал латын сөзінен «confectio» өндіру деген сөзді білдіреді.

Деу материалдары

Мақта маталарды өңдеу.Мақта маталарды тазарту және дайындау келесі тнхнологиялық операциялар орындалу арқылы орындалады:сұр матаны қабылдаудан және талдау;отпен шарпу;шлихтасыздандыру; қайнату;ағарту;мерсерлеу;түктеу.Барлық маталар үшін тазарту және дайындау сұр матаны қабылдаудан және талдаудан басталады.Одан кейін отпен шарпу операциясына жіберіледі.Отпен шарпу матаның бетінде шығып тұрған қысқа талшықтарды күйдіріп жою үшін жүргізіледі, бұл операцияны конструкциясы әртүрлі күйдіру машиналарында өткізіледі. Шлихтасыздандыру келесі жүргізілетін операциялардың орындалуын жеңілдету мақсатымен шлихтадан және басқа табиғи қосымша заттардан матаны ажырту үшін жүргізіледі.Шлихтасыздандырылған мата жұмсарады және суды сіңіру қабілеті жоғарылайды.Ақ түсті мата алу үшін ағарту операциясы жүргізіледі.Мерсерлеу депкерілген түрде матаны 15-18С температурада 30-50 секунд уақытта 25% күйдіргіш натрий ерітіндісімен өңдеуді айтады.Матаның бетінде талшықты түк жасау үшін түктеу операциясын жүргізеді.Зығыр маталарды өңдеу.Зығыр маталарды тазарту және дайындауды мақта мата өндірісінің сұлбасы бойынша жүргізеді.Бірақ оларға қарағанда,технологиялық операцияларды бірнеше рет қайталап орындайды.Өйткені зығыр талшығында мақтаға қарағанда табиғи серіктес заттар,әсіресе лигнин,көп мөлшерде болады.Олар әдетте қиын ыдырайды.Жүн маларды өңдеу.Шұғалық маталарды дайындау мәуіті маталарды дайындаудан біршама өзгешелеу болады.Сондықтан шұғалық және мәуіті маталарды дайындау технологиялық процестердің ерекшеліктерін білу қажет.Отпен шарпу,жуу,қайнату,киіздендіру,карбондау, түктеу,бояу,сурет басу.Табиғи жібек маталарды өңдеу.Таза жібек маталарды соңғы өңдеу матаның құрылымына байланысты.Табиғи жібектен тоқылған креп маталарды соңғы өңдеуде сірке қышқылының 1% ерітіндісімен өңдейді және инелі керу- апшыту машинасында кептіреді.Нәтижесінде матаның жұмсақтық және эластикалық қасиеттері жоғарлайды.Таза жібек иірімжіптен тоқылғанматаларды қайтара отпен шарпиды,каландрда жазады,аппреттейді және түзетіп жазады.Содан соң арқауы бойынша түзету-жазу машинасында түзетіледі.Химиялық талшықтардан тоқылған маталарды өңдеу.Синтетикалық және жасанды талшықтардан тоқылған маталарда табиғи қоспалар болмайды және негізінен тез шайылатын заттар болады: шлихта,сабын, минералдық майлар. Дайындау және тазарту маталардың химиялық құрамына байланысты. Вискозалық жіптердің мақта жіптерімен немесе штапелдік иірімжіптерден тұратын маталарды дайындау кезінде оларды отпен шарпиды,шлихтадан тазартады және майлағыш заттардан тазартылады.

45. Пальтоға арналған материалдардыконфекционерлеу.Пальто бұйымдары жоғарғы форма сақтағыш конструкциялы көпқабатты жылуқорғағыш киімге жатады. Бұған қысқы, маусымдық әйел, еркек, бала пальтосы, жартылай пальтосы, күртешесі және тағы басқа кіреді.

Қазіргі жылуқорғағыш киім,әсіресе қысқы бірнеше қабаттан тұратын күрделі пакеттен құралады: іш киім, жеңіл киім және материалдың толық пакеттерінен тұратын пальто,ол құрылымы, қасиеттері және орындайтын функциялары бойынша әртүрлі бағалы және әрмағыналыЖылусақтағыш киімге конфекционды пакет таңдаудың тапсырмасы-мүмкіндігінше аз массада және пакетке ауа өткізе отырып,жылуға қарсылықты азайту. Бұнымен қоса, костюмді жоспарлағандай,бұйым пакетіне кіретін барлық материалға қойылатын бірлік принципі ұсынылады.Пальто материалының қасиеттеріне қойылатын бір-бірімен байланысқан талаптар комплексті климаттық зонаға,сезонға және жыныс,жасқа қарай қойылады.Барлық жағдайларда ең маңызды топтар эргономикалық көрсеткіш тобы, әсіресе пальтоға жылуқорғағыш қасиет беретін гигиеналық көрсеткіш, эстетикалық көрсеткіш тобы, материалдың сыртқы көрінісінің қазіргі сән бағытына сәйкестігін қамтамасыз етеді. Адамды жаураудан сақтау бұйым пакетіне кіретін материал комплексінің жылуға қарсылығына және ауа өткізгізгіштігіне керекті жылу изоляциясы қол жеткізеді. Пальтоның жылуқорғағыш функцияларын орындау сезонында жоғарғы

маталардың ролі өте жоғары.Қысқы киімнің жылусақтағыш қасиеті көбінесе жылытатын және желден сақтайтын төсеніш

арқылы анықталады. Жоғарғы материалда ылғалөткізгіштік үлкен маңызға ие,

өйткені киімде ылғалдың жиналып қалуы, оның жылуөткізгіштігінің өсуне және адамның жылу жоғалтуды жоғарылатуға

алып келеді. Сонымен қатар жоғарғы киім қабатының өте жоғарғы ылғалөткізгіштігі және гигроскоптығы атмосфера ылғалдылығының интенсивті жұтылуына және киімнің жылуқорғағыш қасиетінің

төмендеуіне алып келеді. Қысқы киім үшін күрделілек материал пакетіне формасақтағыш, жылытатын және желденқорғайтын астарлы және төсенішті жоғарғы мата кіреді. Бұл қысқы киімдерді жақсы жылусақтағыш қасиеті жүн материалдарынан жасауға мүмкіндік береді, ол жылу қасиеттері бойынша елтірі киімдерден кем емес. Материал пакетінде желден сақтайтын төсеніштің болмауы киімде жылусақтағыш қасиетінде желдің әсерінің дәрежесі көбінесе негізгі матаның ауаөткізгіштігінің

төмендеуімен білінеді.Жамылғылы пальто желдің жылдамдығына байланысты маталардың ауаөткізгіштігі 700дм32с). Тағайындалуына және мерзімге байланысты пальтоға арналған маталарға әртүрлі талаптар қойылады. Пальтолық маталарға қойылатын маңызды талаптардың бірі гигиеналық болып табылады. Пальтолық бұйымдар адам организмін қоршаған ортаның қолайсыз жағдайларынан ( төменгі температурадан, желден, қардан, жауыннан) қорғау қажет. Төменгі температура мен желді мерзімге арналған материалдар мен бұйымдар аз ауа өткізгіштігімен сипатталынуы қажет. Пальтолық маталарды су жұқтырмайтын сіңдірмемен өңдейді. Пальтолық маталарға сондай-ақ эстетикалық талаптар маңызды болып табылады. Маталар әртүрлі көркемделген болуы қажет: тегіс және рельефті маталар, букле типті маталар. Ауа-райына, химиялық тазартуға, үйкеліске және басқа әсерлерге бояуының беріктігі бойынша пальтолық маталар берік және өте берік топқа жатуы қажет. Құрамы 70-100 % жүннен тұратын пальтолық маталарды күйеге тұрақты сіңдірмемен өңдеу қажет. Пальтолық маталардың аз қыртыстануы және апшуы үшін арнайы өңдеулерден өткізеді: жүн маталарын – басу, декатирлеу; мақта және химиялық талшықтарды – аз қыртыстанатын және аз апшитын өңдеуден, ал плащтық маталарды су жібермейтін өңдеуден өткізеді. Әртүрлі модельді пальтоларды дайндау үшін 1м2 массасын, қаттылығын, драпталынуын, апшуын, сетінеуін және басқа да қасиеттерін ескеру қажет. Жүн маталарының 1м2 массасы қыстық әйелдер пальтосы үшін – 500г, маусымдық – 550 г; ерлер пальтосы үшін – 650 г, балалар пальтосы үшін – 600 г. болу керек.Пальто бұйымдарының конструкциясы бойынша форма тұрақтылығы жоғары, жылу сақтағыш сырт киімге жатады. Оған қыстық, күздік, ерлерге арналған жаздық, әйелдерге және балаларға арналған пальто, курткалар т.б. жатады. Сырт киімге арналған матаның жылу өткізгіштік қасиетіне көп көңіл бөледі. Себебі киімге ылғалдың жиналуы жылу өткізгіштігін жоғарлатады және адамның жылу жоғалтуын көтереді. Таза жүн драптың ылғал өткізгіштігі-95-100, бу өткізгіштігі 40-45. жартылай жүн драптардын ылғал өткізгіштігі 80-90. пальтоға арналған синтетикалық материалдың ылғал өткізгіштігі 60 аспайды.

Пленкалы материалдар

Пленкалар мөлдір және мөлдір емес, түсті немесе перламурлы , алтын және күміспен жалатылған болады. Баспа суреттері бар пленкалар да бар. Пленкалардың беткі қабаты тегіс және мата мен былғары арасында нығыздалған болып келеді. Поливинилхлорид және полиэтиленді пленкалар жиі қолданылады. Оларды синтетикалық қоспаларды қосу арқылы алады. Техникалық қасиеттер, пластификаторлар пленкаларға иілгіштік, эластикалық және жұмсақтылық қасиеттерін береді және де олардың ескіруі мен пленка түстерінің пигменттерінің өзгеруінің алдын алады.

Поливинилхлоридті пленкалар қалыңдығы 0.3-0.8 мм болады. Бұл пленкалар су өткізбейтін, жоғары беріктілік, химиялық қоспаларға берік, иілгенге берік, серпінді секілді қасиеттерге ие. Оның құрамында токсинді немесе теріні тітіркендіретін қоспалар жоқ. Бұл пленкалар жанбайды, ұзақ сақталу барысында қасиеттерін өзгертпейді.

Поливинилхлоридті пленка баспа суреттері бар және пластифизирленіп болған мөлдір болуы мүмкін. Мұндай пленкалар плащтар мен жауыннан қорғауға арналған жамылғыларда пайдаланылады. Бұл пленка түрінің кемшіліктері: су сіңіргіш, аязға төзімділігі аз, термотұрақтылық қасиеті төмен. 70 °C -та пленка балқи бастайды және ескіргенде қатты болады. Жылусақтағыш қасиетінің беріктігін және сыртқы түрін жақсарту мақсатында поливинилхлоридті пленкалар, маталармен дублирленген болады (фланель, сатин). Мұндай материалдар балышшылардың арнайы киімдерінде қолданылады.

Полиэтиленді пленка қалыңдығы 0.1-0.2 мм. Поливинилхлоридті пленкаларға қарағанда полиэтиленді пленка созылғыш және эластикалық қасиеттерге ие. Жеңіл әрі термотұрақтылық қасиеті жоғары және аязға төзімді болып келеді. Жақсы химиялық қасиеттерге ие, жуғанға берік және су өткізбейді.

47. Сырт киімдерге арналған трикотаж жаймалары. Сырт киімдік трикотаждық жоймалар джемпер, свитер, кардигандар, жакеттер, жейделер, пальто, куртка, көйлектер, сымдар, блузкалар ж.т. б. бұйымдарды жасауға арналған.Сырт киімге арналған трикотаж жаймалары жіптер және иірім жіптерді, өрім және түсті түрлерімен ерекшеленді. Олар жеңіл (100-200 г/м2) және ауыр (500 г/м2 дейін). Жеңіл жаймалар ерлер жейдесіне, көйлектерге, қолданылады, ауыр жаймалар жемперлер, костюмдер, пальто үшін қолданылады. Бұл жаймалар жүнді, жартылай жүнді (синтетикалық талшық қосылған), мақтаматалық, мақталавсанды, жоғары көлемді иірім жіптерден, химиялық жіптерден жасалады. Жоғары трикотажды жаймалар тегіс боялған, мелонисты, түрлі-түсті тоқылған, ағартылған және басылған сурет түрінде шығарылады.Жүнді жоғары трикотажды жаймалар костюмдерге, жакеттерге, көйлектерге арналған. Бұл жайма сызықтық тығыздығы 19,2х2 текс, 31,2 текс, 35,7 текс суретті өрімінен жасалған иірім жіптен жасалған. Олар айтарлықтай ауыр, беттік тығыздығы 470 г/м2. жоғары трикотаж үшін жүнді жайманы фанг, жартылай фанг, рельефті жаккард өрімдері қолданылады.Трикотажда мода иірім жіптен басталады. Жоғары трикотажды жайма алу үшін трикотажды өнеркәсіпке және қолмен тоқуға бірқатар иірім жіптің жаңа түрлері шығарылады. Негізінен традициялық емес шикізат қосылған: монғол ешкісінің үлбірі, ангор ешкісінің жүні, шикізатты рационалды қолдану үшін және трикотаж иірім жіптерін түрлендіру үшін, жаңа колорит және жайманың структурасын жасау үшін жүнді тарақты тараудың қалдықтарының қосындысын иірім жіп жасалған. Иірім жіптер ангорда, жүннің люкермен және жүннің вискозамен арасында көрсетілген. Түйе жүні вискозда және кейлокмен қосылуынан жылтырайды. Ханымдар трикотажы өте жұқа камермирмен меринос және жібектен жасалған. Атақты екі жақты тоқылған жаймаларға: мини-букле, твид т.б. трикотаж жіңішке немесе дөрекі, көлемді немесе тегіс болады. Структуралар, ажурлы тоқу. Бұйымдар жүннен және мохерден жасалған. Жаңалары көп қабатты структуралар.Мақтаматалық жоғары трикотажды жаймалар структурасы және беттік тығыздығы бойынша әртүрлі болады. Жеңіл жаймалар блузкаға сорочкаға, жеңіл спорттық киімге арналған. Сонымен қатар екеулік прессті өрілген жаймалар қолданылады.Олар тегісбоялған түрде шығарылады. Футерлі, плюшті, суретті өрілген, екеулік негізтоқылған және көлденеңнен тоқылған түкті жаймалар шығарылады. Олар сызықтық тығыздығы 15,5-34,5 текс және 72-84 текс түкті иірім жіптен жасалады. Түкті мақтаматалы жайманың беттік тығыздығы 300-400 г/м2. сонымен қатар мақтаматалық түрлі-түсті тоқылған жаккардты жаймалар шығарылады.





Дата добавления: 2016-11-24; просмотров: 3405 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.