Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Тақырып №14: Қазіргі мектептегі оқытудың ақпараттық және коммуникативтік технологиясы




Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Білім берудегі инновациялық үдерістердің мәнін ашып, олардың жіктемесі туралы сызба түзіңіз.

Тапсырма 2. Педагогикалық технологиялардың түрлеріне сипаттама беріп және олардың дамуына қысқаша тарихи шолу жасаңыз.

Тапсырма 3. “Оқу тиімділігі – озық технологияда» эссе жазу.

Тапсырма 4. Ақпараттық және коммуникативтіктехнологияларды педагогикалық процесте қолданудың тиімділігін айқындаңыз.

СОӨЖ өткізу түрі: топтық жұмыс, тапсырмаларды дербес орындау

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Аталмыш тапсырмаларды орындау барысында ұсынылған әдебиеттер мен дәрісбаяндарды, мерзімді басылымдарды, интернет көздерінен қажетті деректер алуға болады. Эссе жазуда есте сақтаңыз: Эссе – бұл тақырып бойынша салыстырмалы түрле еркін пікір айту, көлемі 5…7 бет. Эссе құрылымы: кіріспе (тақырыпты тұжырымдау, тақырыптың маңыздылығы, тақырыпқа қатысты пікірлердегі қайшылық, тақырыпты қарастыру құрылымы, негізгі талқылауға ауысу); автор алға шығаратын негізгі бөлім (пікірлер (дәлелдер) (2…3); пікірлерді алға шығару кезінде пайдаланылатын негізгі ұғымдарды анықтау, дәлелдер және қолдау – талқылауды қолдайтын фактілер немесе мысалдар; контрдәлелдерді немесе қарама-қарсы пікірлерді қарастыру (олардың неліктен әлсіз екендігін, ал автордың пайымдауының күшінде қалатынын көрсету қажет); қорытынды (негізгі пікірді қайталау, негізгі пікірдің қорғауға дәлеледрді түйіндейтін бір немесе екі сөйлем; алға шығарылатын пікірдің қабылданбау салдарлары туралы ескерту және берілген тұжырымның пайдалылығы туралы жалпы қорытынды). Эссені бағалау критерийлері: онда зерделенген материалдың көрсетілу дәрежесі; проблемаға арналған амалдың өзінділігі; дәлелдеме; өз көзқарасын негізделген түрде қорғау қабілеті.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39].

 

Тақырып №15:Мектептегі әдістемелік қызмет. Тапсырмалар:

Тапсырма 1. Мектептегі педагогикалық үдерісті басқарудағы алқалық ұйымның қызметтерін сипаттаңыз.

Тапсырма 2. Мектептегі әдістемелік жұмысты ұйымдастырудың негізгі формаларына сипаттама беріңіз.

Тапсырма 3. “Мұғалімдердің кәсіби-педагогикалық құзыреттілігін көтеру сапасындағы әдістемелік бірлестіктер мен кафедраның іс-әрекеті» тақырыбына мультимедиялық көрсетілім дайындаңыз.

Тапсырма 4. «Мектептің әдістемелік қызметі – педагогтардың кәсіби құзыреттілігі мен біліктілігін көтерудің негізі» тақырыбына баяндама әзірлеңіз.

Тапсырма 5. Мектептің әдістемелік қызмет шеңберінде мұғалімдерді ғылыми-зерттеу және инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау жұмыстары қазіргі таңда қалай жүзеге асырылып жатқандығына талдау жүргізіңіз.

СОӨЖ өткізу түрі: практикалық жаттығу

Тапсырманы орындауға қажет әдістемелік нұсқаулар: Ұсынылған әдебиеттер мен мерзімді басылымдарды пайдалана отырып орындаңыз, 3-ші тапсырма бойынша Microsoft Power Point бағдарламасын қолдану керек. Слайдар саны – 10 болуы қажет. Баяндама (5-7 мин) тақырыпты ашатын, тәжірибелік материалдар мен теориялық қағидалардан тұратын қысқа мағлұмат. Тақырып бойынша өз көзқарасыңыз болуы қажет.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 32, 36, 39,41-58].

 

Студенттердің өзіндік жұмыстары бойынша сабақтар жоспары

Тақырып №1: Педагогика тарихы мен білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері

Тапсырмалар:

1. «Педагогика тарихы – қайнар көздер» қысқаша шығарма жазыңыз.

2. Білім берудің теориялық-әдіснамалық негіздері. Әдіс, әдістеме, әдіснама ұғымдарының анықтамасын жазыңыз

3. Ғылыми –педагогикалық зерттеу әдістерін конспектілеңіз

4. Архив материалдарымен жұмыс жасау әдістемесін құрыңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-2, 4-7, 15, 17, 29-32, 34].

Тақырып №2: Адамзат дамуының ерте кезеңінде тәрбиені ұйымдастыру формаларының туындауы

Тапсырмалар:

1. Тәрбие-бұл қоғамдық өмірдің құбылысы, ұрпақтар сабақтастығына сипаттама беріңіз.

2. Адамзат дамуының алғашқы сатысындағы тәрбиенің мақсаты еңбекке бағытталғанны туралы ой-пікірлерді дәлелдеңіз.

3. Ой-еңбегі мен дене еңбегін бөлу себептерін анықтаңыз.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 3-8, 11-12, 18-20, 22, 29, 32, 36, 42-44].

Тақырып №3: Ежелгі әлем. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктері

Тапсырмалар:

1. Ежелгі Шығыс және Көшпенді өркениет мемлекеттеріндегі тәрбие мен оқыту мәселесінің хронологиялық кестесін жасаңыз

2. Антикалық дәуірдегі білім берудің ерекшеліктерін көрсетіңіз

3. Ежелгі Египет мектебінің тыныс тіршілігіне сипаттама беріңіз

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1,2, 5, 7, 8, 11,15, 16, 24-35].

 

Тақырып №4: Орта ғасыр дәуірі. Византиядағы педагогикалық ой-пікірдің дамуын оқыту. Орта ғасырдағы Индия мен Қытайдағы оқыту мен тәрбие

Тапсырмалар:

1. Орта ғасыр дәуіріне қай ғасырларды жатады және Ерте Орта ғасыр, Классикалық Орта ғасыр, Кейінгі Орта ғасыр болып бөлуінің себебін анықтап, конспектілеңіздер

2. Византиядағы білім беру жүйесінің (энкикилос пайдеусис) 3 бөліміне (элементарлық, орта және жоғары) сипаттама беріңіз.

3. «Византиядағы білім беру генезисінің ерекшеліктері» тақырыбына презентация дайындау.

4.Рыцарлық мектеп, Цехтық мектеп, Гильдея мектебі, Шіркеу мектебі, Приход мектепбі, Монатыр мектептеріндегі оқу-тәрбие үрдісінің сабақтастығы мен ерекшеліктері туралы кесте құрастырыңыз.

5. «Конфуцийдің іліміндегі тұлға идеалы» тақырыбы бойынша баяндама дайындау.

6. Ортағасырда Қытайдағы оқыту әдістері, мемлекеттік бағдарламалар мен емтихандар формаларын кесте түрінде жүйелеу.

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1, 5, 6, 8, 10, 11, 12, 15, 19, 20 ].

Тақырып №5: Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс және Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғ.ғ

Тапсырмалар: төменде берілген тақырыптарға конспект жазыңыз.

1. Таяу Шығыста және Орталық Азияда Ренессанс педагогикалық ой-пікірлер, тәрбие мәселері.

2. Алтын орда дәуірінде білім беру мен педагогикалық идеялардың дамуы (VI-XII ғ.ғ.)

3. Әлемнің екінші ұстазы Әбу Насыр әл – Фарабидің (870-950жж.) педагогикалық тұжырымдамасы. «Қайырымды қала тұрғындарының көзқарастары» трактатында қайырымды қоғамды тәрбиелеу мен бақытқа жетудің жолдары

4. Осман империясы кезеңіндегі педагогикалық ой-пікірлер

Өзін өзі бақылау материалдары: жұмыс дәптеріндегі жазулар.

Пайдалануға ұсынылған әдебиеттер: [1-8, 10,15, 18, 24, 26 40, 51 ].





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1153 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Наука — это организованные знания, мудрость — это организованная жизнь. © Иммануил Кант
==> читать все изречения...

2243 - | 2054 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.