Аралықтың II дәрежелі жыртылысын тігу
Сіздің алдыңызда фантом-муляж,10 минут бұрын бала жолдасы бөлініп шығарылды.Сіздің алдыңызда құралдар және тігу материалдары, өзіңізге қажетті құралдарды таңдаңыз. Босану жолдарын қараңыз, қарау кезінде жатыр бүтін. Аралықтың жыртылысы бар. Аралықтың жыртылысының тігісін жүзеге асырыңыз. Босану жолдарын тіккеннен кейін, қолғап және құралдардың дезинфекциясының ерекшеліктерін түсіндіріңіз.
ОҚКЕ бағалау парағы.
Интерн-бакалавр № Бекет 6. Тапсырма 6.
Емтихан алушы________________.
№ | Тапсырма сатыларының критерийлері | Ұпаймен бағалау | ||
0 - 0,1 орындаған жоқ | 0,2 - 0,3 ескертулермен орындады | 0,4 - 0,5толық орындады | ||
Асептика және антисептика ережесін сақтау. | ||||
Құралдар және тігіс материал дайындау. | ||||
Босану жолдарын айнамен қарау. | ||||
Қынап жыртылысының жоғары бұрышына тігіс салу | ||||
Аралық бұлшық етіне тігіс салу. Қынап қабырғасын қалпына келтіру | ||||
Аралықтың терісін қалпына келтіру | ||||
Қолданған материалдарды жою және дезинфекциялау | ||||
Босанушының жағдайын бағалау | ||||
ҚОРЫТЫНДЫ |
Этап бойынша максимальды ұпай – 4,0
Әріп жүйесімен бағалау | Бағаның сандық эквиваленті | % мазмұны | Дәстүрлі жүйемен бағалау |
А | 3,84 – 4,0 | 95-100 | «өте жақсы» |
А- | 3,51 – 3,83 | 90-94 | |
В+ | 3,17 – 3,50 | 85-89 | «Жақсы» |
В | 2,84 – 3,16 | 80-84 | |
В- | 2,51 – 2,83 | 75-79 | |
С+ | 2,17 – 2,50 | 70-74 | «Қанағаттанарлық» |
С | 1,84 – 2,16 | 65-69 | |
С- | 1,51 – 1,83 | 60-64 | |
D+ | 1,17 – 1,50 | 55-59 | |
D | 1,0 – 1,16 | 50-54 | |
F | 0 – 0,99 | 0-49 | «Қанағаттанарлықсыз» |
Баға _______ Емтихан алушы қолы _____________
Бекет 6 Тапсырма 6
Емтихан алушыға ақпарат: Аралықтың ІІ дәрежелі жыртылысын тігу бойынша интерн-бакалаврдың тәжірибелік дағдыларын төменде берілген критерийлерді ескере отырып бағалаңыз.
№ п/п | Тапсырма сатыларының критерийлері | Ұпаймен бағалау | ||
0 - 0,1 орындаған жоқ | 0,2 - 0,3 ескертулермен орындады | 0,4 - 0,5толық орындады | ||
Ережелерге сай қолдарды мұқият жуып, екі қолына зарарсыздандырылған бір рет қолданылатын қолғап киіледі. Сыртқы жыныс мүшелері өңделеді. | ||||
Қажетті құралдар мен тігу материалдарын дайындайды: айна, корцангалар, ине ұстағыш, ине, тампондар және тігу материалдары. Тігу материалына: хромдалған кетгут, дексон, викрил. Көрсеткіштер бойынша жансыздандыру жасалады | ||||
Жатыр мойнын қарауды бастайды, ол үшін төменгі айнаны ережеге сай бүйірімен енгізіледі, содан соң бұрып төменге аралыққа қарай тартады. Жоғарғы айна да солай ережеге сай енгізіледі. Содан кейін корцангтар салу арқылы жатыр мойны тексеріледі. Содан соң қынап қабырғалары және сыртқы жыныс мүшелері мен аралық тексеріледі. | ||||
Аралық жыртылысы анықталғанда жергілікті жансыздандырумен тігіс салады. Операция айнамен ашылған қынап жыртылысының жоғарғы бұрышына тігіс (хромдалған кетгут, дексон, викрил) салудан басталады. Лигатураның ұшын қысқышқа алып, көмекші жіпті тартып тұрады. Осы кезде жарақат жиектері жақсы көрінеді. | ||||
Аралық бұлшықеттеріне 3-4 тігіс (хромдалған кетгут, викрил) салынады. Үздікті лигатура салу немесе жақын жатқан тіндермен бірге үздіксіз тігіс салу арқылы қынап қабырғасын қалпына келтіріледі, бұл кезде бірінші салған және көмекшіге берілген лигатура ориентир болып табылады. | ||||
Аралық терісін 3-4 жібек лигатура немесе тері асты косметикалық тігіс арқылы қалпына келтіреді. Тігісті антисептикалық ерітіндімен өңдейді. | ||||
Қолданған құрал жабдықтар жойылады. Қолданған құрал-жабдықтар арнайы № 1 антисептикалық ерітіндіге салынады. Қолғаптар сары жәшікке салынады. | ||||
АҚҚ, пульс анықтайды. Жатырдың жұмсақ массажы жасалады. Қолдарды сабынмен жуып, құрғақ сүлгімен сүртеді. Босану тарихына жазады. |
Тапсырмаға берілген уақыт – 6 минут.
3 қосымша
Интерн-бакалаврға арналған емтихан тапсырмалары.
Бекет 7.Бала жолдасын қолмен ажырату және бөлу
Тапсырма 7. Бала жолдасын қолмен ажырату және бөлуді көрсетіңіз.
Уақыт – 6 минут.
Интерн-бакалаврға арналған нұсқау
Алдыңызда фантом-муляж,мерзімінде тірі күні жетілген босану болды,анасынан ажыратылды,неонатологка берілді,бала жолдасы жатырда,босанудың III кезеңі басталуда,бала жолдасы бекуінің ақауы анықталды,бала жолдасын қолмен ажырату және бөлуді көрсетіңіз.
4 қосымша
ОҚКЕ бағалау парағы.