Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОҚКЕ бағалау парағы.




Интерн-бакалавр № Бекет 1. Тапсырма 1.

Емтихан алушы_________________________.

 

Тапсырмалар сатыларының критерийлері 0-0,1 орындаған жоқ 0,2-0,3 ескертулермен орындады 0,4-0,5 толық орындады
  Ішті қарау. ІА, ЖТБ өлшеу.      
  Жамбасты өлшеу.      
  Леопольд- Левицкийдің бірінші әдісі. Жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрықтың ірі бөлігін анықтау.      
  Леопольд- Левицкийдің екінші әдісі. Ұрықтың орналасуын, позициясын, көрінісін, келуін анықтау.      
  Леопольд- Левицкийдің үшінші әдісі. Ұрықтың келіп тұрған бөлігін анықтау      
  Леопольд- Левицкийдің төртінші әдісі. Ұрықтың келіп тұрған бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтау      
  Ұрықтың жүрек соғысын тыңдау      
  Босанудың болжам мерзімін және Жордании бойынша ұрықтың болжам салмағын анықтау      
  Қорытындысы      

 

Этап бойынша максимальды ұпай – 4,0

 

 

Әріптік жүйемен бағалау Бағаның сандық баламасы Бағның пайыздық мазмұны Дәстүрлі жүйемен бағалау
А 3,84 – 4,0 95-100 «Өте жақсы»
А- 3,51 – 3,83 90-94
В+ 3,17 – 3,50 85-89 «Жақсы»
В 2,84 – 3,16 80-84
В- 2,51 – 2,83 75-79
С+ 2,17 – 2,50 70-74 «Қанағаттанарлық»
С 1,84 – 2,16 65-69
С- 1,51 – 1,83 60-64
D+ 1,17 – 1,50 55-59
D 1,0 – 1,16 50-54
F 0 – 0,99 0-49 «Қанағатанарлықсыз»

 

Баға _______ Емтихан алушы қолы ___________

Бекет 1 Тапсырма 1

Емтихан алушыға ақпарат: төменде келтірілген критерийлерге сәйкес интерн-бакалаврлардың сыртқы акушерлік тексеру жүргізу бойынша дағдыларын бағалаңыз

 

Тапсырмалар ретінің критерийлері 0-0,1 орындаған жоқ 0,2-0,3 ескертулермен орындады 0,4-0,5 толық орындады
  Жүкті әйелді кушеткаға жатқызып ішіне тексеру жүргізеді. Сантиметрлік лентамен кіндік деңгейінде іш айналымын өлшейді, алынған өлшемді жазып алады (күні жеткен жүткілікте 90-95 см). Содан кейін жатыр тубінің биіктігін өлшейді, ол үшін сантиметрлік лентаны қасағаның жоғарғы қырының ортасына орналастырып лентанының бір шетін жатыр тубіне дейін созады, өлшемін анықтайды (күні жеткен жүктілікте 32 см тең).      
  Жамбас өлшемдерін өлшейді. Зерттелуші әйел арқасымен кушеткада аяқтарын созып жатады,, іші ашық болуы керек. Емтихан тапсырушы жүкті әйелге қарама – қарсы қарап, оң жақтан тұруы керек. Тазомердің тармақтары бас және сұқ саусақпен алынып, саусақтардың ұштары тазомердің ұштарына тығыз орналасуы керек. Тазомердің ұштарын екі жақтан мықын сүйегінің алдыңғы – жоғарғы осінділерінің сыртқы аймағына орналастырады; олардың арақашықтығы (d. spinarum) қалыпты жағдайда 25-26 см. d. spinarum – ды өлшегеннен соң тазомердің уштары өсіндіден мықын сүйектерінің сыртқы қырына жылжыта отырып ең үлкен ара қашықтықты (d. cristarum) анықтайды, қалыпты жағдайда 28-29 см. Әйелге аяқтарымен қозғалыс жасауын сұрап, үлкен айналымның ең қозғалмалы нүктесін іздейді, оған тазомердің үшін бекітіп d. trochanterica – ны анықтайды. Қалыпты жағдайда 30-31 см. Содан кейін емтихан тапсырушы әйелден бүйіріне жатып, төмеңгі аяғын жамбас – сан және тізе буындарында бүгуін сұрайды, жоғарыда орналасқан аяғы – ұзыннан жатады. Тазомердің бір ұшын симфиздің жоғары – сыртқы қырының ортасына, ал келесі ұшын сегізкөз мүйісіне орналастырып, шынайы конъюгатаны анықтау үшін сыртқы конъюгатаның ұзындығынан 9 см алып тастайды.      
  Емтихан тапсырушы Леопольд-Левицкий бойынша сыртқы акушерлік тексеруге көшеді. Әйел бетіне қарсы оң жақтан тұрады. Екі қолдың алақаны жатыр тубіне орналасады қол саусақтарының ұшы бір-біріне бағытталған болады, бірақ бір-біріне тимеуі керек, жатыр тубінің биіктігін анықтайды. Жатыр түбі биіктігін және жатыр түбіндегі ұрықтың ірі бөлігін анықтау.      
  Содан соң саусақтарын жатыр тубінен жатырдың бүйір бетіне қарай жылжытады. Қол саусақтарының алақан бетімен жатырдың бүйір бөлімдерін пальпациялайды. Емтихан тапсырушы ұрықтың арқасын, кіші бөлімдерін тапқаннан соң ұрықтың орналасуы, позициясы, ұрықтың орналасу түрі туралы қорытынды жасайды: ұрықтың арқасы сол жақта орналасса – 1 позиция, оң жақта орналасса – 2 позиция, алдында орналасса – алдынғы түрі, арқасы артында орналасса артқы түрі.      
  Содан кейін ұрықтың жамбасқа қатысты бөлігін анықтайды, ол үшін оң қолдың алақанын қасағаға орналастырады, қолдың саусақтарымен ұрықтың бөлігін табады. Егер тығыз, қозғалмалы бөлігі болса – бұл баспен келгені, ұсақ, бірақ қозғалыссыз бөлік анықталса – жамбаспен келгені.      
  Бұдан кейін емтихан тапсырушы келіп турған бөлігінің кіші жамбас жазықтықтарына қатынасын анықтайды. Ол үшін емтихан тапсырушы бетімен әйелдің аяғына қарай бурылып, саусақтарын қасаға сүйегінің горизонтальды өсінділерінің үстінен ортаңғы сызыққа латеральды орналастырады. Бірте-бірте келіп турған бөлігі мен кіші жамбасқа кіру жазықтығының арасында қолдарын жылжытып отырады. Осылай келіп турған бөлігінің кіші жамбас кіреберісі жазықтығына қатынасын анықтайды.      
  Ұрықтың жүрек тондарын тыңдау. Стетоскопты ұрықтың позициясына және келіп турған бөлігіне қарай орналастырады. Ұрық баспен келсе стетоскопты кіндіктен төмен, жамбаспен келсе – жоғары орналастырады. І позицияда - сол жақтан, ІІ позицияда – оң жақтан естиді. Жүректің жиырылу жиілігі – қалыпты жағдайда 120-160рет минутына, анық, ырғақты.      
  Жүктіліктің болжам мерзімін анықтау үшін – соңғы етеккірдің алғашқы күнінен 3 ай шегеріп, 14 күн қосамыз.Ұрықтың болжам салмағын Жордании формуласы бойынша (ІА * ЖТБ) анықтаймыз.      
  Қорытындысы      

 

3 қосымша





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1090 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2515 - | 2363 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.