Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ОҚКЕ –нің дайындық этапы




Азақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі

Марат Оспанов атындағы Батыс-Қазақстан Мемлекеттік медициналық университеті

Оқу- әдістемелік орталығы

 

«Бекітілді»

Интернатура деканы

доцент Саркулов С.И._________

«____» __________________2013 ж.

 

 

Оқу-клиникалық орталығында

клиникалық дағдылар бойынша интерн-бакалавр

акушер-гинекологтарға объективті құрылымды

клиникалық емтиханды өткізуге арналған

Дістемелік ұсыныстар

 

 

 

 

 

Ақтөбе 2013ж.

 

Оқу-әдістемелік ұсынысын құрастырған:

Акушерство және гинекология кафедрасының жетекшісі доцент, м.ғ.к. Түсіпқалиев А.Б., доц., м.ғ.к Шиканова С.Ю.

 

 

Оқу-әдістемелік ұсыныс кафедра отырысында бектілді

«__»________2013 ж Хаттама №___

Кафедра жетекшісі доцент,м.ғ.к. Тусупкалиев А.Б.

 

Интернатура бойынша ЦӘК отырысында талқыланды

«___»__________2013ж Хаттама№_____

Төраға м.ғ.к. доцент Жакиев Г.Р.

 

 

ОӘО келісілді.

ОӘО Төрағасы Дильмағамбетов Д.С.

 

Акушер-гинеколог интерн-бакалаврларға арналған оқу құралында объективті құрылымды клиникалық емтиханды өткізуге арналған ережелер, әдістемелер жазылған. Интерн-бакалаврларға арналған есеп мысалдары келтірілген, бағалау қағазының үлгілері, нұсқау түрлері, науқас нұсқауы, емтихан қабылдаушыға нұсқаулар бар.

Оқу құралы жоғарғы медициналық оқу орындарында акушер-гинеколог интерн-бакалаврларға тәжірибелік дағдыларды қабылдайтын оқытушыларға арналған

 

 

Рецензенттер:

- М.Оспанов атындағы БҚММУ ДБА акушерлік және гинекология курсынының жетекшісі м.ғ.д Рыжкова С.Н.

-Ақтөбе облысының ОДСБ Бас акушер-гинеколог,м.ғ.к Шангараева.А.А.

 

 

Мазмұны

Кіріспе

ОҚКЕ құрастыру және жүргізу

ОҚКЕ дегеніміз не?

Стандартталған науқас дегеніміз не

ОҚКЕ қалай жасалады?

Қосымшалар.

Қосымша 1.

«Сыртқы акушерлік тексеру» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 2.

«Арнайы ішкі акушерлік тексеру» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 3.

«Шүйдемен келудің алдыңғы түрінде қалыпты босануды қабылдау» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 4.

«Таза жамбаспен келу кезінде босануды Цовьянов әдісімен қабылдау» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 5.

«Босанудың ІІІ кезеңін белсенді жүргізу» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 6.

«ІІ дәрежелі аралық жыртылысына тігіс салу» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 7.

«Бала жолдасын қолмен ажырату және бөлу» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 8.

«Апгар шкаласы бойынша нәресте жағдайын бағалау» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 9.

«Ұрықтың вакуум-экстракциясы» бекетіне арналған үлгі

Қосымша 10.

«Штарк бойынша Кесар тілігі операциясының техникасы» бекетіне арналған үлгі.

Кіріспе

 

Бұл нұсқау объективті құрылымды клиникалық емтиханның клиникалық дағдыларын бағалайтын әдістердің бірі. Бұл әдіс қазіргі кезде әлемдегі дамыған елдердің медициналық университетер түлектерінің білімі мен білгірлігін бағалайтын ең жақсы құрал болып саналады.

Акушер- гинеколог дәрігерлерін мойындағаннан бері денсаулық туралы көптеген мәселелерді шешу, халыққа тиімді және сапалы қызметпен қамтамасыз ететіндіктен, олардың, сондай-ақ акушер-гинеколог дәрігерлерін дайындау деңгейіне сұраныс жоғарлауда.

Акушер-гинеколог дайындаудағы маңызды мәселелердің бірі науқасқа мамандырылған медициналық көмек көрсетуде қажеттік клиникалық дағдылары мен тәжірибелік біліктігін жоғарлату.

әдістемелік нұсқауда құрастырудың негізгі ережелері мен әдістемелері ОҚКЕ-ға дайындық және оны жүргізу, сонымен бірге емтиханның қанағаттанарлық сапасын қамтамасыз ететін шарттар көрсетілген. Сонында ОАР-да тәліпкерлердің ОҚКЕ өту туралы әсері акушер-гинеколог дәрігерлерінің жұмыс істеу құқығы, қызметтері, ОҚКЕ дизайны емтихан қабылдаушы мен босанушы әйел, босанған әйел және науқас қызметі және т.б. көрсетілген.

Бұл нұсқауды дайындауда 2001 жылғы DFIDхалықаралық проектісі бойынша отбасы медицина мұғалімдерге ОҚКЕ қолданумен жүргізілген «Клиникалық дағдылар» оқу құралы, М Оспанов атындағы БҚММА-ның отбасы медицина кафедарсындағы оқу құралының материалдары қолданылды.

Акушерия және гинекологияның негізгі бөлімдері бойынша объективті құрылымды клиникалық емтихан (ОҚҚС)

2. Уақыты – 60 минут

3. Өзектілігі: Интерн-баклаврлардың акушерлік және экстрагенитальды патология, гинекологиялық аурулардың диагностикасы және емдеудің негізгі принциптерін игеру білімі бойынша. Жоспарланған нәтижелерге жету мүмкіншілігін анықтау – оқытушыға жоғары жауаппершілік артады: Интерн-бакалаврлардың оқу процессі, тәжірибелік дағдыларды игеруі, акушерлік ситуацияларды шешу және гинекологиялық аурулардың дәлдігін анықтарда дұрыс тактиканы таңдау, операциялық емнің техникасын дәл орындау.

4. ОҚКЕ мақсаты:

4.1 оқулық:

- интерн-бакалаврларды алдына қойған мақсаттарды орындауға дайындығын тексеру үшін жағдайлар жасау;

- интерн-бакалаврлардың клиникалық білімін объективті бағалау

4.2. Тәрбиелік:

- тәжірибелік дағдыларды игеруге интерн-бакалаврлардың міндеттерін түсіндіру.

5. Өткізілетін орны: оқу бөлмесі, жүктілер патологиясы бөлімшесі, гинекологиялық бөлімше, әйелдер кеңесі.

6. Емтиханға дайындалу этапы (1 қосымша)

7. ОҚКЕ – нің жоспары және өткізілу тәртібі

7.1 Ұйымдастыру бөлімі:

Емтиханның алдында кафедра жетекшісі кафедра қызметкерлерінің арасынан ОҚКЕ – нің хатшысын тағайындайды. Хатшы емтихан алдында 3-5 минут бұрын интерн-бакалаврлерге бейджерін таратып береді, тізімге аты – жөнінің қасына шрифт номірін қойып тізімді кафедра жетекшісіне тапсырады.

7.1.1 Хатшы интерн-бакалаврлардың 1-ші тобын шақырады. Әр түлек бектіліген емтиханның өткізілу ережесіне сәйкес тиісті станцияны алады (2 қосымша) – 2 минут.

7.1.2 Сол станциядағы емтихан алушы интерн-бакалаврға тапсырмалармен парақ береді және оның бағалау парағында бейдж номерін бекітеді.

7.2 Емтиханды өткізу

7.2.1. Сигнал болғанда иртерн-бакалавр сәйкесінше өз станцияларына барып тапсырмаларды орындауға кіріседі (3 қосымша)

7.2.2. Емтихан алушы интерн-бакалавр тапсырмаларын орындауына қарай өз станциясына қатысты баға критерийіне сәйкес бағалау парағына баллдар қояды.

7.2.3 Тапсырмаларды орындауға 10 минут беріледі, 10 минут өткен соң хатшы сигнал береді, интерн-бакалавр тапсырмаларын орындауды аяқтап келесі станцияға өтеді.

7.2.4 Осындай тәртіппен интерн-бакалавр бектілген барлық станцияларда тапсырмаларды орындайды, бұдан кейін бір уақытта емтиханда аяқталады, барлығы бірге ұйымдасқан түрде аудиториядан шығады.

7.2.5 Ақпараттарды таратпау үшін 1 топ интерн-бакалавр шығысымен бірден аудиторияға келесі топ шақырылады.

7.2.6 Интерн-бакалаврдың соңғы тобы шыққаннан кейін емтихан алушылар өздерінің станциясынан өткен интерн-бакалаврдың бағалау парақтарында баллдарын санап, баға қойып, бағалау парақтарын емтихан хатшысына тапсырады.

7.3 Емтихан нәтижесін қорытындылау:

7.3.1 Хатшы барлық станциялардың әр интерн-бакалавр бойынша мәліметтерді ОҚКЕ – нің ведомосына енгізеді (6 қосымша)

7.3.2 Әр интерн-бакалавр бойынша мәліметтерді толтырғаннан кейін кафедра жетекшісі тізімге сәйкес ведомостты қайта шифрлайды

7.3.3 Емтихан алушылар және кафедра жетекшісі ведомостқа қол қояды.

7.3.4 Хатшы «Емтихан нәтижесі» бланкісіне жалпы балды және бағаны енгізеді (7 қосымша), конфеденциалдылық үшін конвертке салып студентке тапсырады.

7.3.5 Жинаған баллдарының жалпы саны бойынша 1,2,3 орын алған интерн-бакалаврлар марапатталады.

Ұсынылатын әдебиеттер:

 

1. Каримов Х. Я., Рафат Атун, Джон Фуллер, Глинянова Л. М. Опыт организации и проведения объективного структурированного клинического экзамена при подготовке врачебных кадров (Центрально-Азиатский Научно-практический журнал, 2001-Vol. №1. с. 39-45.

2. Нагаева Т. К. OSKE – инновационный метод оценки знаний и умений (Учебное пособие – Бишкек, 2002-107 стр.).

3. Муминов Т. А., Даулетбанова М.И. Инновационные технологии в образовательном процессе медицинских ВУЗов (Учебно-методическое пособие, Алматы 2003-144 стр.).

 

 

1 қосымша

ОҚКЕ –нің дайындық этапы

Акушерлік іс және гинекологияның негізгі бөлімдері бойынша ОҚКЕ әдістемелерін құру кезінде келесі ұйымдастыру сұрақтарын шешу керек:

1. Емтихан станцияларының санып анықтау

2. Емтихан тапсыру үшін топтардың санып анықтау

3. Әр станцияға емтихан алушыларды тағайындау

4. Әр станцияға емтихан алушыларды тағайындау

5. Тапсырмаларды балл бойынша бағалау

6. Интерн-бакалавр мен емтихан алушыларға ОҚКЕ – нің жүргізілу тәртібін үйрету (2 қосымша).

 

 

1. Емтихан станцияларының санып анықтау.

Станциялар саны базалық кафедраның мүмкіншіліктеріне және тақырыптардың оқу бағдарламасына байланысты.

2. Емтихан тапсырушы топтардың санып анықтау.

Топтардың саны жалпы субординатордың санының станциялар санына бөлінуі арқылы анықталады.

3. Әр станцияға тапсырмалар құру.

Тапсырмаларды құру кафедра қызметкерлеріне міндеттеледі.

4. Әр станцияға емтихан алушыларды тағайындау.

Емтиханды өткізуге кафедра жетекшісі, профессорлар, доценттер және кафедра ассистентері қатыстырылады.

5. Тапсырмаларды балл бойынша бағалау.

Тапсырмалар 0, 1, 2 балл деп бағаланады. Емтихан алушы балл санына сәйкес графада (+) белгісін қолды.

6. Аудиторияны дайындау.

 

Аудиторияда 2 есік болуы керек. Аудиторияда доңгеленіп үстелдер орналастырылады станциялар (1 схема). Әр үстелде станция нөмерімен табличкалар және сағаттар орналастырылады, емтихан алушыларға жазу үшін жабдықтар және ОҚКЕ үшін құжаттар дайындалады. Құжаттарға кіретіндер: емтихан тапсырмалары, бағалау парақтары, баға критерийлерінің эталондары. Қажет болса станциялар кушеткамен, фантомдармен, муляждармен, құрал – жабдықтармен, тігу материалдарымен, қуыршақпен, сүйектен жасалған жамбаспен, рентгенограмма жинағымен, партограммалармен, УДЗ, қорытындыларымен, лабораториялық, инструментальды тексеру әдістерінің нәтижелерімен жабдықталады. Кей жағдайларда жүкті әйелдер, гинекологиялық науқастар, волонтерлер қатыстырылады. Волонтерлер болып студенттер, клиникалық ординаторлар, стажерлер және аға лаборанттар қатыса алады. Оларға арнайы тренинг жүргізіледі.

7. Интерн-бакалавр мен емтихан алушыларға ОҚКЕ-нің жүргізілу тәртібін үйрету. Емтихан алдында 1 күн бұрын интерн-бакалаврлар мен емтихан алушылар ОҚКЕ – нің жүргізілу тәртібімен танысады (2 қосымша).

 

 

2 қосымша





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 673 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Если вы думаете, что на что-то способны, вы правы; если думаете, что у вас ничего не получится - вы тоже правы. © Генри Форд
==> читать все изречения...

2261 - | 2183 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.