Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Атропин 1,0 бұлшықетке




4. Кордиамин 1,0 бұлшықетке

5. Натрий тиосульфаты 10,0 көктамырға

 

450.54 жасар әйел адам. Аштық сезіміне, тершеңдікке, дірілге шағымданады. кенет естен танды. Қарағанда кіндік аймағында инъекциялардың іздері, қарашығы кеңейген, бұлшықеттердің гипертонусы, бірен-саран клоникалық тырысулар. Пульсі минутына 102 рет, қысымы 75/40 мм.сбб. жүрек тондары тұйық, аритмиялы. Инсулинмен терапия қабылдайды: таңертең 10 ед. жай + 16 ед. ленте, кешке 10 ед. жай + 8 ед. ленте. Қандағы қант: таңғы 8 - 7,7 ммоль/л, сағат 12 - 7,2 ммоль/л, сағат 24 - 3,2 ммоль/л.

Аталған клиникалық жағдайлардың ішінде қайсысының дамуы ЕҢ болжамды?

+1. Гипогликемия

2. Мориак синдромы

3. Кетоацидоз

4. Гипергликемия

5. Киммелстил-Уилсон синдромы

 

451.Қандай патоморфологиялық сурет жедел панкреатит үшін ЕҢ тән болып келеді?

+1. Ұйқы безінің ісінуі

2. Ұйқы безінің фиброзы

3. Ұйқы безінің аутолизі

4. Ұйқы безінің атрофиясы

5. Ұйқы безінің кальцинозы

 

452.64 жасар әйел адам, ішіндегі қатты ауру сезіміне, көп реттік құсу, қан араласты нәжіс, іштің кебуіне, нәжісі мен газдардың шықпауына, метеоризм,қалтырауға шағымданады. Объективті: терісі бозарған, дене температурасы 38,8оС, тыныс жиілігі минутына 26 рет, пульсі минутына 120 рет, қысымы 75/50 мм.сбб., тілі құрғақ. Іші ауырады, кернелген. Қан анализінде: эритроциттер 4,5х1012/л, лейкоциттер 16х109/л, гемоглобин 115г/л, ЭТЖ 28 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Перитонит

2. Ішектің ісігі

3. Шажырқай артериясының тромбозы

+4. Ішектің өтпеуі

5. Асқазан жарасының перфорациясы

 

453.49 жасар ер кісі, слесарь, қанды құсуға, кенет диурездің төмендеуіне, қыжылға, ісінулерге шағымданады. Алкогольге әуес, соңғы уақытта іші үлкее басталды. Объективті: беті ісінген, тілдің, қолдың треморы, “мойын аймағында” телеангиэктазиялар, бет, аяқ-қолдарының бұлшықеттері атрофияланған, гинекомастия, пульсі минутына 112 рет, аритмиялы. Іші үлкейген, бауыр пальпациясы қиынға соғады, аяқтарында айқын ісінулер.

Көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

+1. Бауырдың алкогольді ауруы

2. Созылмалы холангит

3. Рефлюкс-эзофагит

4. Токсикалық гепатит

5. Бауыр рагі

 

454.54 жасар ер кісі, семіздікпен ауырады, кенет оң жақ бұғана үсті аймағына берілетін оң қабырға астында және эпигастрийдегі қатты ауру ұстамасы пайда болды. Науқас мазасыз, төсегінде орын таппай жатыр. Қарағанда: терісі қалыпты түсті, іші жұмсақ, Ортнер симптомы оң, бауыры 9х8х7 см. Қанда: эритроциттер 4х1012/л, лейкоциттер 10х109/л, ЭТЖ 21 мм/сағ.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

+1. Жедел холецистит

2. Жедел панкреатит

3. Жедел холангит

4. Өт-тас ауруы

5. Жараның пенетрациясы

 

455.53 жасар ер кісі, эпигастрийде кешеуілдеген және “түнгі” ауру сезіміне, қыжылға, жүрек айнуға, бас айналуға, тік тұрғанда күшейетін құлағындағы шуға, нәжістің қараюына шағымданады. Объективті: тамақтануы төмен, бозарған. Пульсі минутына 100 рет, артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. жүрек тондары тұйықталған. Іші кепкен, эпигастрийде ауырсынады.

Берілген зерттеу әдістерінің ішінде ЕҢ ақпаратты қайсысы?

1. Уреазды тест

2. Грегерсен сынамасы

3. Асқазанның рентгеноскопиясы

4. Компьютерлік томография

+5. Фиброгастродуоденоскопия

 

456.30 жасар әйел, жүктіліктің 28-29 аптасы, таңертең жыныс жолдарынан шамалы қанды бөліністер пайда болды. Он екінші жүктілігі. 9 – артифициальді аборт. Екеуі реобразиямен. Объективті: Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Ұрық көлденең қалыпта, басы оң жағында. Пальпация кезінде жатырдың төменгі сегментінде қамырлық сезімі бар. Ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 134 рет, ырғақты.

Аталғандардың ішінде қандай плацентаның орналасуы ЕҢ ықтималды?

1. Жатыр түбінде

2. Жатырпдың алдыңғы қабырғасымен

+3. Ішкі аранның деңгейінде

4. Жатырдың артқы қабырғасымен

5. Жатырдың бүйір қабырғасымен

 

457.44 жасар әйел адам. Әлсіздікке, бас айналуына, ал-қызыл қанмен құсуына, нәжісінің қара болуына шағым айтады. Бір жыл ішінде 12 килограммға арықтады, тәбетінің жоғалуын, жүрек айнуын, эпигастрийдегі тұрақты ауру сезімін байқады. Объективті: жүдеген, бозарған. Пульсі минутына 110 рет, артериалды қысымы 100/90 мм.сбб. Іші жұмсақ эпигастрийде ауырады, 5х6 см көлеміндегі түзіліс пальпацияланады. Қан анализі: эритроциттер 2,8х1012/л, гемоглобин – 89 г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ - 45 мм/сағ.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималды қайсысы?

1. Асқазанның ойық жара ауруы

+2. Асқазан ісігі

3. Ұйқы асты безінің рагі

4. Созылмалы гепатит

5. Біріншілік билиарлы цирроз

 

458.28 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде оң жақта қатты ауруына, әлсіздікке, көз алдында қарауытуына, таңертеңгілік құсуға шағымданады. Етеккірі 2 аптаға кешігіп жатыр. Апта ішінде жыныс жолдарынан жағылатын қанды бөліністерді байқады. Сақтанбайды. Объективті: терісі және шырыштары бозғылт. Пульсі минутына 110 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб. Іші шамалы керілген, оң жақ мықын аймағында қатты ауырады.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Дисфункционалды қан кету

2. Басталған аборт

3. Сальпингит

4. Аднексит

+5. Түтіктік жүктілік

 

459.26 жасар әйел. Жүктіліктің 27-28 аптасы. Толық тыныштық фонында кенеттен шамалы қан кетуге шағымданады. Анамнезінде 3 медициналық аборт, 1 реобразиямен. Объективті: тері және көрінетін шырышты қабаттары қалыпты түсті. Пульсі минутына 78 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры жұмсақ, қозғыш емес. Ұрықтың жатуы қисық. ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 соққы, ырғақты.

Төменде көрсетілген зерттеулер ішінде ЕҢ ақпаратты қайсысы?

+1. Ультрадыбыстық зерттеу

2. Допплерометриялық зерттеу

3. Қынаптық зерттеу

4. Айналармен қарау

5. Лабораторлық зерттеу

 

460.25 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 аптасы. Соңғы 2 күн ішінде ішщтің төменгі бөлігінде, белінде сыздаған және тартылған ауру сезіміне шағымданады. Анамнезінде овариальді-етеккір циклінің бұзылуы. Күйеуге тиген, 3 жыл біріншілік бедеулік. Объективті: пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Іштің пальпациясында қасаға үстінде ауырады.

Берілген дәрілік заттардың қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Витамин Е 10 мг х 1,0 бұлшық етке

+2. Прогестерон 5 мг х 2 рет ішке

3. Аскорутин 0,5 мг 1 таблеткадан 3 рет ішке

4. Дексаметазон 0,002 1 таблеткадан 1 рет ішке

5. Дротаверин 2% ертінді 2,0 х 2 рет бұлшықетке

461.Фосфорорганикалық заттармен уланғандағы қандай препарат АРНАЙЫ антидот болып табылады?

+1. Атропин

2. Бемегрид

3. Прозерин

4. Налорфин

5. Пилокарпин

 

462.35 жасар ер кісі. Дәрігерге бас айналу, жүрек айну, қайталап құсуына, кеудесіндегі ауру сезімі мен жөтелге шағымданып келді. 10 сағат бойы ол автомобильді жөндеп отырды. Объективті: науқас қозған. Терісі және көрінетін шырышты қабаттары көгерген.

Төменде келтірілген заттардың ішінен қандай умен улану ЕҢ ықтималды?

1. Аконитпен

+2. Бензинмен

3. Бензолмен

4. Дихлорэтанмен

5. Кокаинмен

 

463.Мекен-жайы белгісіз 46 жасар ер кісі. Көз алдында «шыбын-шіркейлердің» болуына, заттардың бұлыңғыр көрінуіне, жүрек айнуына, қайталап құсуына, іштің жоғарғы бөлігіндегі ауру сезіміне шағымданады. Объективті: координациясы бұзылған, тері жабындылары гиперемирленген, шырышты қабаттардың цианозы байқалады, қарашықтары кеңейген. Тынысы минутына 15 рет. Пульсі минутына 100 соққы. Іштің пальпациясы кезінде эпигастрий аймағында ауырады.

Төмендегі заттардың ішінен қайсысымен улану ЕҢ болжамды?

1. Опиаттармен

2. Барбитураттармен

3. Этил спиртімен

+4. Метил спиртімен

5. Улы саңырауқұлақтармен

 

464.22 жасар ер кісі. Үйінде ауыр жағдайда тапқан туысқандары дәрігерді шақырды. Объективті: екі қолдың білектерінде инъекциялардан қалған іздер көрінеді. Естен танған, қарашықтары қатты тарылған, жарықққа реакциясы әлсіз, бұлшықеттердің гипертонусы байқалады. Тыныс жиілігі минутына 14 рет. Пульсі минутына 60 соққы. Артериалды қысымы 80/50 мм.сбб.

Төменде келтірілген қандай дәрілік затты қолдану ЕҢ маңызды?

+1. Налоксон

2. Ацетилцистеин

3. Дефероксамин

4. Дроперидол

5. Димеркаптол

 

465.8 жасар ұл бала. Бас ауруына, көруінің төмендеуіне, жүрек қағуына, ауыздың құрғауына шағымданады. Анасының айтуы бойынша – туысқандарын танымай сандырақтайды. Достарымен сасық медуананың дәндерін жинаған. Объективті: қозғалыс және психикалық қозулары, кезеңмен бұлшықеттердің тырысуы. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, гиперемирленген. Қарашықтары – кең, жарыққа реакциясы жоқ. Дене температурасы 37,50С. Пульсі минутына 130 соққы.

Төменде берілген препараттардың қайсысы ем үшін ЕҢ маңыздысы?

1. Унитиол 5% - 5,0 мл бұлшық етке

2. Дефероксамин 0,5 по 1,0 мл бұлшық етке

3. Налоксон 0,04% - 1,0 мл бұлшық етке

+4. Галантамин 1% - 1,0 мл бұлшық етке

5. Тиосульфат натрия 10% - 10,0 мл көктамырға

 

466.Жедел ішек инфекциясы кезінде ІІІ дәрежелі дегидратация үшін дене салмағынан салыстырмалы қандай сұйықтық көлемін жоғалту тән?

1. 1% төмен

2. 1%-дан 3%-ға дейін

3. 4%-дан 6% ға дейін

+4. 7%-дан 9% ға дейін

5. 10%-дан жоғары

 

467.5 жасар қыз бала. Жүрек айнуына, қайталап құсуына, бір реттік сұйық нәжісіне шағымданады. Қонақта болып торт жеген. Объективті: енжар, апатиялық. Терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары құрғақ, бозарған. Температурасы 38,90С. Тынысы минутына 24 рет. Пульсі минутына 120 соққы. Іші жұмсақ, метеоризм белгілері.

Көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Дизентерия

+2. Тағамдық токсикоинфекция

3. Ротавирусты гастроэнтерит

4. Сальмонеллез

5. Энтеровирусты инфекция

 

468.13 жасар ұл бала. Көбінесе оң жағында орналасқан іштің төменгі бөлігіндегі ауру сезіміне, ауру сезімімен дефекацияға шақыруларға шағымданады. Мектеп асханасының түскі тамағынан 4 сағаттан кейін ауырды. Объективті: терісі және көзге көрінетін шырышты қабаттары бозарған. Тынысы минутына 28 рет. Дене температурасы 38,20С. Пальпация кезінде іштің төменгі бөлігінде, көбінесе оң жағында ауырсынады, сигма тәрізді ішек жиырылған. Нәжісі аз мөлшерде, шырышпен, қан қоспаларымен.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

+1. Дизентерия

2. Тағамдық токсикоинфекция

3. Тырысқақ

4. Сальмонеллез

5. Іш сүзегі

 

469.7 жасар бала. Анасының айтуы бойынша жоғары температура, қайталап құсу. Объективті: Дене температурасы 39,60С. Пульсі минутына 120 соққы. Тері бозарған, барлық денесінде геморрагиялық жұлдызшалы бөртпелер анықталады. Аңқасы гиперемирленген. Шүйде бұлшық еттерінің ригидтілігі. Керниг, Брудзинский симптомдары оң.

Қандай антибиотик тобын қолдану ЕҢ тиімді?

1. Сульфаниламидтер

2. Фторхинолондар

3. Макролидтер

+4. Цефалоспориндер

5. Аминогликозидтер

 

470.32 жасар әйел. Бас ауруына, асқазан аймағында және оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, жүрек айнуына, тәбетінің жоғалуына, бір реттік құсуға, әлсіздікке, тез шаршауына, буындарындағы ауру сезіміне шағымданады. 6,5 ай бұрын ішіне өскен тырнақты алып тастаған. Объективті: дене температурасы 38,20С. Пульсі минутына 66 соққы. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. Алақандары мен көзге көрінетін шырыштары сарғыш түсті. Курлов бойынша бауыры 12-9-8 см, шеті домаланған, консистенциясы жұмсақ-эластикалық, ауырады. Зәрі күңгірт, нәжісі түссіз.

Төменде берілген зерттеулердің ішінде ЕҢ ақпараттысы?

1. Сулем сынамасы

+2. Аланинаминотрансфераза

3. g-глутаминтранспептидаза

4. Тимол сынамасы

5. Протромбинді индекс

 

471.Иықтың жоғарғы үштен бір бөлігінің сынуы кезінде тасымалдау үшін қандай қалып ЕҢ қолайлы?

1. Қолды жазып, денесіне фиксациялау

2. Иықты 90° әкету және 30º-40º алдыға әкелу

3. Денесіне әкелінген тік бұрыш етіп бүгу

4. 90° әкетіп, 10º-15° алдына әкелу

+5. Денесіне әкеліп, 90º-100° бұрышында бүгу

 

472.49 жасар әйел адам. Кенеттен әлсіздікке, бас айналуына, құлағындағы шуға, ыстық болып көрінуіне, дем алудың жетіспеушілігіне шағымданады. 10 минут бұрын пневмония себебінен бұлшық етіне антибиотик енгізілген. Анамнезінде жүректің ишемиялық ауруы. Объективті: терісі бозарған, көгерген. Пульсі минутына 100 соққы, аз толымды. Артериалды қысымы 80/30 мм.сбб.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Инфекциондық-токсикалық шок

+2. Анафилактикалық шок

3. Гиповолемиялық шок

4. Токсикалық шок

5. Кардиогенді шок

 

473.31 жасар ер кісі. Бел тұсындағы ауру сезіміне шағымданады. Екі қабтты үйдің төбесінен құлап түсті. Объективті: мәжбүрлі қалыпта; қолдарымен жерді тіреп, жамбасты көтергісі кеп, омыртқа бағанасын тік ұстай керіп жатыр.

Тасымалдау үшін аталған қалыптардың ішінде ЕҢ қолайлы қайсысы?

+1. Арқасында жатқызып

2. Ішінде жатқызып

3. Бүйірінде жатқызып

4. Жартылай отырғызып

5. «Бақа» қалпында

 

474.35 жасар ер кісі. Жол апатынан кейін. Оң сан аймағындағы қатты ауру сезіміне және аяқпен қозғай алмауына шағымданады. Объективті: терісі бозарған, оң аяғы қысқарған, санның ортаңғы үштен бір бөлігінде бұрышты деформация, 4 х 3 см көлеміндей жара анықталады, массивті қан кету, сынған сүйек бөлшектері көрініп тұр.

Аталған шараларды ішінде ауруханаға дейінгі кезеңде ЕҢ маңыздысы қайсысы?

1. Қан алмастырғыштарын енгізу

+2. Сыртқы қан кетуді тоқтату

3. Жансыздандырушы терапия

4. Сіреспенің иммунопрофилактикасы

5. Транспортты иммобилизация

 

475.Науқас 52 жаста, төс астының қысып ауруына шағымданады. Кенет есін жоғалтып, тынысы тарыла бастады. Ұйқы артериясында пульс анықталмайды. Реанимациялық шаралар жүргізу мақсатында бірінші кезектегі тәсіл:

1. Жүректің жабық массажы.

+2. Өкпені жасанды желдендіру.

3. Жүрек ішіне 1 мг адреналинді енгізу.

4. Вена ішіне 1 мг атропинді енгізу

5. Вена ішіне 100 мг лидокаинді енгізу.

 

476.Науқаста кенеттен естің жоғалуы, қарашықтың кеңеюі пайда болды. Тері жабындылары боз-сұр түсте. Ұйқы артериясында пульс пен тыныс анықталмайды. ЭКГ-да: хаотикалық, ретті емес, әр түрлі биіктікте, ені және формалары деформирленген. Фибрилляция толқындарының жоғары амплитудада жиілігі шамамен минутына 400 рет.

Төменде берілген шаралардың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

+1. Электрлі дефибрилляция

2. Вена ішіне лидокаин

3. Вена ішіне атропин

4. Жүректің жабық массажы

5. Вена ішіне амиодарон

 

477.Тері астылық эмфизема дегеніміз:

+1. Тері астылық май қабатына ауаның жиналуы

2. Ауаның плевра қуысына енуі, кері шықпауы

3. Ауаның плевра қуысына енуі және кері шығуы

4. Буындарда ауаның жиналуы

5. Іш қуысына ауаның жиналуы

 

478.Ашық пневмоторакс дегеніміз:

1. Іш қуысына ауаның жиналуы

+2. Плевра қуысының сыртқы ортамен қатынасының болуы

3. Тері астылық май қабатына ауаның жиналуы

4. Буындарда ауаның жиналуы

5. Ауа плевра қуысына енеді, кері шықпайды,ауа көлемі ұлғаяды

 

479.Клапанды пневмоторакс дегеніміз:

+1. Ауа плевра қуысына енеді,кері шықпайды,ауа көлемі ұлғаяды

2. Плевра қуысының сыртқы ортамен қатынасының болуы

3. Тері астылық май қабатына ауаның жиналуы

4. Буындарда ауаның жиналуы

5. Іш қуысына ауаның жиналуы

 

480.Жедел медициналық жәрдем жағдайында эпилепсиялық ұстамаларды

немесе эпилепсиялық статусты басу үшiн таңдамалы препарат:

1. Гексенал

2. Лазикс

+3. Седуксен

4. Атропин

5. Магний сульфаты.

 

481.Стенокардия ұстамасында тиімді дәрмек болып табылады:

+1. Нитраттар

2. Кальций антогонистері

3. β-блокаторлар

4. Аспирин

5. АПФ ингибиторлары

 

482.Күштеме стенокардиясына тән емес:

1. Нитроглицерин тез тиімді

2. Қысып, басып ауру

3. Сол қолға иррадиациясы

4. Ауырсынудың төс астында болуы

+5. Күштемеден кейін ауырсыну

 

483.Анафилактикалық шок көрінісі:

+1. Артериялық қысымның кенеттен төмендеуі, жіп тәрізді пульс, мұздай тердің басуы

2. Әлсіздік, бас айналу, брадикардия, геморрагиялық бөртпе

3. Тері жамылғысының бозғылтатуы, артериялық қысым қалыпты, геморрагиялық бөртпе

4. Полиурия, артериялық қысымның төмендеуі

5. Іш қуысының кебуі, іштің қатуы

 

484.47 жастағы науқас, уксус ерітіндісінің бір жұтымын байқаусызда ішіп қоюына байланысты жедел жәрдем шақыртқан. Жұтқыншақ, өңеш, асқазан тұсының қатты ауырсынуына шағымданады, бір рет құсқан. Артериялы қысымы 90/60 мм. сын.б.

Төменде берілген шұғыл көмек ішінде ЕҢ бірінші кезекте орындалатыны қайсысы?

+1. Наркотикалық анальгетик енгізу, асқазанды зонд арқылы сумен жуу, натрий гидрокорбонат енгізу

2. Құсуды шақыру, наркотикалық анальгетик енгізу, асқазанды сода ерітіндісімен зонд арқылы жуу

3. Құсуды шақыру, асқазанды сумен жуу, жүрек гликозидің енгізу

4. Құсуды шақыру, жүрек гликозидің және натрий гидрокарбонатын енгізу

5. Асқазанды зондпен жуу, жүрек гликозидің және натрий гидрокарбонатын енгізу

 

485.Науқас А., 50 жаста, жұмысында болған стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. Төс артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды, ол күні бойы сақталып тұрды. Кешке науқас жедел жәрдем көмегін шақыртты. ЭКГ-да V1-3 әкетулерінде патологиялық Q сермесі, R сермесі жоғалып кеткен, ST сегменті 6 мм изосызықтан жоғары көтерілген.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

+1.ЖИА.Алдыңғы қабырғаның және қарынша аралық перденің трансмуралды миокард инфаркты, жедел кезең

2. ЖИА. Алғаш дамыған стенокардия

3. ЖИА. Үдемелі стенокардия

4. ЖИА. Bазоспастикалық стенокардия

5. ЖИА. Артқы-диафрагмалды аймақтың ірі ошақты миокард инфаркты, жедел кезең

 

486.Науқас А., 50 жаста, жұмысында болған стресстік жағдайдан кейін кенет ауырып қалды. Төс артында қатты қысып ауыру сезімі пайда болды, ол күні бойы сақталып тұрды. Кешке науқас жедел жәрдем көмегін шақыртты. ЭКГ-да V1-3 әкетулерінде патологиялық Q сермесі, R сермесі жоғалып кеткен, ST сегменті 6 мм жоғары көтерілген.

Төменде берілген дәрілердің қайсысы науқас емінде қолданбайды?

+1. Викасол

2. Изокет

3. Гепарин

4. Метопролол

5. Моносан

 

487.Науқас А., 48 жаста, кенет өзін нашар сезінде: төс артының басып ауыруы пайда болып, ол күшее түсті, жарты сағат өткеннен кейін ауыру сезімі тіпті күшейіп, науқас шыдай алмайтындай күйге жетті. Науқастың өңі қуарып кеткен, салқын терге малынған. ТЖ – 18 рет 1 минутта, ЖСС – 100 рет 1 минутта. АҚ – 70/50 мм сын. бағ. Диурез – 20 мл/сағ.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

+1. ЖИА. Миокард инфаркты, кардиогенді шок

2. ЖИА. Зорығу стенокардиясы

3. ЖИА. Миокард инфаркты

4. Түбірлік синдроммен остеохондроз

5. Кардиалгия

 

488.Науқас С., 43 жаста, кенет өзін нашар сезінде: төс артының басып ауыруы пайда болып, ол күшее түсті, жарты сағат өткеннен кейін ауыру сезімі тіпті күшейіп, науқас шыдай алмайтындай күйге жетті. Науқастың өңі қуарып кеткен, салқын терге малынған. ТЖ – 18 рет 1 минутта, ЖСС – 100 рет 1 минутта. АҚ – 80/50 мм сын. бағ. Жүрек тондары бәсеңдеген, ырғақты. Өкпесінде везикулярлы тыныс. Қан анализдері ауру басталғаннан 4 сағаттан кейін алынды.

Қан анализінде көретініміз?

1. Лейкопения анықталды

2. ЭТЖ жоғарылады

+3. Тропонин жоғарылады

4. Гемоглобин жоғарылады

5. Пойкилоцитоз анықталды

 

489.Бұдан 2 жыл бұрын миокард инфарктымен ауырған 42 жастағы науқаста физикалық күштеме кезінде кенет жүрегі қағып, тыныс жетіспеу белгілері және жалпы әлсіздік пайда болды. ЭКГ-да қарынша үстілік пароксизмалды тахикардия тіркелді.

Төменде берілген препараттардың қайсысы ұстаманы тоқтату үшін ЕҢ маңыздысы?

+1. Верапамил

2. Мекситил

3. Дибазол

4. Лидокаин

5. Атропин

 

490.Науқаста феохромоцитома фонында гипертониялық криз дамыды. Төменде берілген препараттардың қайсысы ем үшін ЕҢ тиімдірегі?

+1. Фентоламин көктамырға енгізу.

2. Ганглиоблокаторлар көктамырға ағыммен енгізу

3. β-адреноблокаторлар көктамырға тамшылатып енгізу

4. β-адреноблокатор көктамырға ағыммен енгізу

5. Зәр айдайтын дәрмекті көктамырға енгізу

 

491.Перфоративті асқазан жарасына тән....

+1. Қанжар сұққандай ауырсыну, тақтай тәрізді іш, бауыр тұйықтығының жоғалуы

2. Қанжар суққандай ауырсыну, дөнгелек тәрізді іш, қан құсу

3. Дөңгелек тәрізді іш, қан құсу, метеоризм

4. Қанжар сұққандай ауырсыну, метеоризм, бауыр тұйықтығының жоғалуы

5. Дөңгелек тәрізді іш, бауыр тұйықтығының жоғалуы

 

492.Жедел жәрдемді кенет есін жоғалтқан 42 жастағы науқасқа шақыртты. Туысының сөзінен ол қант диабетімен ауырады және инсулин қабылдайды. Науқастың жағдайы ауыр, терісі бозарып, тер басқан.Өкпесінде везикуляр лы тыныс. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. Жүректің соғу жиілігі 90рет. АҚ 100/60 мм.с.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды.

Төменде берілген тәсілдердің қайсысы комадан шығару үшін ЕҢ маңыздысы? +1. 40 % глюкоза көк тамырға ағыммен енгізу

2. 40 % глюкоза көк тамырға тамшылап енгізу

3. 5 % глюкозаны тамшылап еңгізу

4. Инсулин 6-8 ЕД, 40 % глюкоза көк тамырға енгізу

5. 5 % глюкозаны көк тамырға ағыммен енгізу

 

493.Науқаста іштің тұйық жарақаты және ішкі ағзалардың зақымдалуына күдік туған кезде жедел жәрдем дәрігері істеу керек:

1. Инфузиялық емді бастау, наркотикалық анальгетиктермен ауыру сезімін

басу, науқасты тасымалдау.

2. Науқасты ауруханаға жатқызу.

3. Ауыру сезімін басу, инфузиялық ем жүргізу, реанимациялық бригада шақыру.

+4. Инфузиялық ем жүргізу, ауруханаға жатқызу.

5. Инфузиялық ем жүргізу, бақылау

 

494.Науқас П., 25 жаста, есін жоғалтқан, жағдайы өте ауыр. Қарағанда дене жарақаты анықталмады. Терісі бозарып, көгере бастады.Қолдарының көк тамырлары бойымен иньекция ізі бар. Тынысы сирек, беткей. Жүрек тондары тұйық, ырғақты. Жүректің соғу жиілігі 90рет. АҚ 90/60 мм.с.б.

Төменде көрсетілген тәсілдер ішінен ЕҢ бірінші кезектегі қайсысы?

+1. Өкпенің адекватты вентилляциясын қамтамасыз ету

2. Бемегрид енгізу

3. Асқазан жуу

4. Лазикс енгізу

5. Өттегімен ингаляция жасау

 

495.Науқастың көмейіне түскен бөгде зат әсерінен стеноз дамыды. Бөгде затты алудың тиімді әдісі:

+1. Ларингоскопия жасау арқылы бөгде затты алу.

2. Жедел трахеостомды қою

3. Жедел ауруханаға тасымалдау

4. Өкпені жедел желдендіру.

5. Ісікке қарсы терапия.

 

496.Тахи-брадикардия фонында есінен таңу,тыныстың болмауы, қан тамыр соғысының жоғалуы,қан қысымының төмендеуі, терінің бозаруы, құрысулар, еріксіз зәрдің бөлінуі дамып, қысқа уақыт ішінде қайта бетінше қалпына келуімен жүретін жағдай тән:

1. Қарыншалардың дефибрилляциясы

2. Гипергликемиялық жағдай

+3. Морганьи-Эдамс- Стокс синдромы

4. Эпилептикалық статус

5. Ортостатикалық коллапс

 

497.Үдемелі тұрақсыз стенокардиясымен ауыратын науқастарда байқалады:

1. Өте күшті физикалық күштің әсерінен дамитын ұстама

2. Стенокардия ұстамасының жиілігінің төмендеуі

3. Стенокардия ұстамасының ұзақтығының төмендеуі

4. Қан қысымының кенеттен құрт жоғарлауы

+5. Аз ғана күштің әсерінен дамитын ұстама, нитроглицерин таблеткасының әсерінің төмендеуі, стенокардия ұстамасының ұзақтығының ұзаруы.

 

498.5 жастағы балада бронх астмасының жедел ұстамасы 2 сағатқа созылды. Анасы бромгексин, эуфиллин дәрмектерін берген.

Төменде берілген препараттардың қайсысы ем үшін ЕҢ маңыздысы?

1. Эуфиллин көктамырға.

2. Стероитар бұлшықетке.

+3. Ингаляциямен β 2-агонисттер

4. β 2-агонисты бұлшықетке.

5. Жедел тасымалдау.

 

499.Науқас 50 жастағы ер адам кенеттен физикалық күштің әсеріне кеуде клеткасының сол жақ аймағындағы ауырсыну сезіміне шағымданды.Сол қолының қимылы кезінде және терең дам алғанда ауырсыну сезімі күшейеді.Өкпе аускультациясында сол жағында тынысы әлсіреген, перкуссияда тимпанит.

Төменде көрсетілген болжам диагноз ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. ЖИА Стенокардия

2. Остеохондроз

3. Қабырға аралық невралгия

+4. Спонтанды пневмоторакс

5. Экссудативті плеврит

 

500.Науқас сол жақ қабырға тұсына қатты соққы алды. Қарағанда: терісі бозарған,тахикардия және гипотония анықталады,перкуторлы қарабауры ұлғайған, пальпацияда ішінің сол жақ аумағы ауырсынады,іш пердесінің тітіркену симптомы теріс.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Іш қуысы қабырғасының соғылуы

2. Көлдеңен тоқ ішектің жыртылуы

3. Бауырдың соғылуы

4. Сол бүйректің соғылуы

+5. Қарабауырдың капсуласының жыртылуы

 

501.Тұзды суға батқанда қан анализіндегі өзгерістер:

1. Гиперволемия

2. Гипонатремия

+3. Гиповолемия

4. Эритроциттердің гемолизі

5. Гиперкалиемия

 

502.Электр тогымен зақымданғанда терминальды жағдай дамуының бірден-бір себебі:

1. Асистолия

2. Электромеханикалық диссоциация

3. Морганьи- Адамс- Стокс синдромы

+4. Қарыншалар фибрилляциясы

5. Жүрекшелердің жыбыры

 

503.Артериялық гипертензия, іркілісті жүрек жетіспеушілігі және пароксизмдік қарыншалық тахикардиямен ауыратын науқаста тәбетінің жоғалуы, жүрек айну, жарықты қабылдау сезімінің бұзылысы пайда болды.

Осыған байланысты қолданудан алып тастау керек:

1. Фуросемид

2. Капотен

+3. Дигоксин

4. Новокаинамид

5. Атенолол

 

504.Жүректің ишемиялық аурумен ауыратын науқасқа мына дәрмектердің біреуін қолданғаннан кейін бронхообструкцияның күшеюі дамыды:

1. Нитросорбит

+2. Анаприлин

3. Нифедипин

4. Верапамил

5. Кордарон

 

505.40 жастағы науқаста кең колемді миокард инфаркті дамыды. Қарағанда: “мраморлы” түстес, бозғылт, ылғалды тері жамылғысы, синусты тахикардия минутына 140 рет, артериялық қан қысымы – 80/50 мм с.б.б.

Төменде берілген препараттардың қайсысы жедел көмекті көрсету үшін ЕҢ маңыздысы?

1. Дигоксин енгізу

2. Кальций хлоридін енгізу

3. Адреналин енгізу

+4. Допамин енгізу

5. Мезатон енгізу

 

506.Аритмиялық коллапспен асқынған қарыншалық тахикардия ұстамасын емдеуде таңдамалы әдіс болып табылады:

+1. Жедел электроимпульсті терапия өткізу

2. Каротидті синустың массажы

3. Новокаинамид енгізу

4. Допамин енгізе отырып гемодинамика параметрлерін ұстап тұру;

5. Поляризациялық ерітінді енгізу.

 

507. Ер адам 58 жаста, ес-түссіз жатқан жеріне жедел жәрдем шақырылды. Туыстарының айтуынша, 8 жыл бойы қант диабетімен ауырады, қант төмендететін дәрілер қолданады. Соңғы күндері науқаста полиурия, полидипсия, әлсіздік, ұйқышылдық байқалған. Тексеру кезінде есі жоқ, арефлексия, жиі дем алады (ацетон иісі жоқ). Тері құрғақ, көз алмасының тонусы төмендеген. Өкпесінде тынысы везикулярлы, сырыл жоқ. Жүрек тондары тұйықталған, аритмиялық. Пульсі 100 соқ. мин. АҚҚ – 90/70 мм. с.б.б. Іші жұмсақ, ауырсынбайды.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Гиперкетонемиялық кома

2. Церебральдық кома

+3. Гиперосмолярлық кома

4. Гиперлактацидемиялық кома

5. Гипогликемиялық кома

 

508.Ұл бала 12 жаста, белгісіз затпен улануына байланысты, жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Анамнезінде: судың орнына абайсызда 20 мл. белгісіз сұйықтық ішіп қойған, бірден аузында, өңеш бойында, асқазанда ауырсыну байқалған, қан аралас құсқан. Ауыз қуысын тексергенде колликвационды некроздың белгілері бар. АҚҚ 90/60 мм. с.б.б.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Сірке қышқылымен улану

+2. Сілтімен улану

3. Метил спиртімен улану

4. Этил спиртімен улану

5. Күкірт қышқылымен улану

 

509.Әйел 37 жаста, көп реттік ашық түсті қан аралас құсуына байланысты жедел жәрдем бригадасы шақырылды. Себебін, көп мөлшерде алкоголь ішкенімен байланыстырады. Анамнезінде: созылмалы алкоголизммен сырқаттанады.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ болжамалы қайсысы?

1.Меллори – Вейс синдромы

+2.Бауыр циррозы

3.Жіті панкреатит

4.Асқазанның ойық жара ауруы

5.Крон ауруы

 

510.Ер адам 58 жаста, баспалдақтан құлауына байланысты жедел жәрдем шақырылды. Қарағанда: ес-түссіз жағдайда, брадикардия, брадипноэ, айқын анизокория, патологиялық табан белгілері. Мұрыннан қан кетудің көрінісі.

Төменде көрсетілген клиникалық жағдайлар ішінен ЕҢ ықтималы қайсысы?

1. Бас миы соғылуының жеңіл дәрежесі

2. Бас миы соғылуының орта дәрежесі

3. Бас сүйегі күмбезінің және негізінің сынығы

+4. Бас миы соғылуының ауыр дәрежесі

5. Субдуральды гематома

 

Акушерия, гинекология.

 

511. 30 жасар әйел. Жүктіліктің 28-29 аптасы. Белдегі тұйық ауру сезімі, 3 күн бойы зәр шығаруының жиіленуіне шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаттары қалыпты түстес. Дене температурасы 36,70С. Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры тыныш, ұрық бойлай орналасқан, баспен жатуы. Жүрек соғу жиілігі минутына 136 соққы.

Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

1. Зәрді бактериалды себу

+2. Жалпы зәр анализі

3. Жалпы қан анализі

4. Зимницкий бойынша зерттеу

5. Нечипоренко бойынша зерттеу

 

512. 25 жасар әйел. Жанұя құрған. Бірінші рет етеккірі 2 аптаға кешіккенін байқады. Айналарда объективті қарау: жатыр мойны мен қынаптың жоғарғы бөлігі көгерген. Қынапта: жатыры қалыптыдан кішкене үлкейген, домалақ пішінді.

Аталған гормондардың ішінде қайсысы жүктілікті анықтау үшін ЕҢ тиімді?

1. Эстроген

2. Прогестерон

3. 17 кетостероидтарды

+4. Хориондық гонадотропин

5. Фолликулстимулдеуші гормон

 

513. 27 жасар әйел. Уақытында босанудан 10 тәулікте жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністердің болуына шағымданады. Объективті: тері және шырышты қабаттары бозғылт. Жүректің соғу жиілігі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. Жүрек тондары тұйықталған.

Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

+1. Ультрадыбыстық зерттеу

2. Рентгенография

3. Бимануальді зерттеу

4. Айналарда қарау

5. Компьютерлі томография

 

514. 32 жасар әйел. Жүктіліктің 34-35 аптасы. Бас ауруына, жүрек айнуына, көз алдында «шыбын-шіркейдің» болуына, эпинастрий аймағында ауырлық сезімінің болуына шағымданады. Объективті: Беті, аяғы, іштің алдыңғы қабырғасы ісінген. Пульсі минутына 100 соққы. Артериалды қысымы 170/100 мм.сбб. Жалпы зәр анализі: үлес салмағы 1002, лейкоциттер 3-4 көру алаңында, белок 1,66 г/л, гиалинді және дәнді цилиндрлер-3, бактериялар ++.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамдысы қайсысы?

+1.Преэкламсия

2. HELLP-синдромы

3. Жүктілердің ісіктері

4. Жүктілердің пиелонефриті

5. Артериалды гипертензия

 

515. 25 жасар әйел. Жүктіліктің 36-37 аптасы. Бас ауру, көз алдында «шыбын-шіркейдің» болуы, жүрек айну, бір ретік құсуға шағымданады. Объективті: терісі және шырышты қабаттары боз. Аяқтарында, іштің алдыңғы қабырғасында ісінулер. Пульсі минутына 90 соққы. Артериалды қысымы -160/90 мм.сбб. Қан анализі: эритроциттер 3,5х1012/л, гемоглобин-105г/л, лейкоциттер-12х109/л, ЭТЖ-42 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок-0,66 г/л, лейкоциттер 5-6 көру алаңында, бірлі-жарым цилиндрлер.

Аталған препараттарың ішінде ЕҢ бірінші кезекте жасайтыны қайсысы?

+1. Магний сульфаты

2. Эуфиллин

3. Бендазол

4. Каптоприл

5. Папаверин

 

516. 30 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде ауруына, жыныс жлдарынан іріңді-қанды бөліністерге, әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. 2 күн бұрын 7-8 апта мерзімінде медициналық аборт жасады. Объективті: тілі құрғақ,ақ өңезбен. Дене температурасы 38,50С. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 120/70 мм.сбб. Айналарда: бөліністер іріңді-қанды. Қынапта: жатыры 6 апта жүктілігіндей үлкейген, консистенциясы жұмсақ, пальпациялағанда ауырады.

Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

1. Допплерометрия

2. Метросальпингография

3. Компьютерлік томография

+4. Ультрадыбыстық зерттеу

5. Рентгенологиялық зерттеу

 

517. Қандай кезеңді босанудан кейінгі деп атайды?

1. Алғашқы 1-2 апта

2. Алғашқы 2-3 апта

3. Алғашқы 4-5 апта

4. Алғашқы 9-11 апта

+5. Алғашқы 6-8 апта

 

518. 24 жасар әйел. жүктіліктің 37 аптасы. Бас ауруға, соңғы екі күнде көрудің нашарлауына, көз алдында «шыбын-шіркейлердің» болуына, эпигастрийдегі ауруына шағымданады. Объективті: терісі бозарған. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 160/105 мм.сбб. Беті, аяғы, іштің алдыңғы қабырғасы ісінген. Қан анализі: эритроциттер 3,2х1012/л, гемоглобин-91г/л, лейкоциттер - 12х109/л, ЭТЖ-45 мм/сағ. Жалпы зәр анализі: белок 0,066‰, лейкоциттер 5-6 көру алаңында,бірлі-жарым цилиндрлер.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Артериалды гипертензия

2. Жүктілердің пиелонефриті

3. Жүктілердің ісіктері

+4. Преэклампсия

5. Жүктілердің анемиясы

 

519. 28 жасар әйел. Жүктіліктің 21-22 аптасы. Объективті: пульсі минутына 76 рет. Артериалды қысымы 110/70 мм.сбб. Жатыры тыныш, ұрықтың жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет. Ультрадыбысты зерттеуде плацентаның жатуы анықталды.

Аталған асқынулардың ішінде ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Анемия

2. Азсулық

3. Көп сулық

+4. Қан кету

5. Үзу қаупі

 

520. 33 жасар әйел. Бірінші жүктілік 32-33 аптасы. Соңғы аптада ұрықтың көп қозғалуына шағымданады. әйелдер кеңесінде қаралады. 15 жасынан 2 типті қант диабеті. Объективті: іштің айнала өлшемі 104 см. жатыр түбінің биіктігі 36 см. жатыры кернелген, ауру сезімсіз. Ұрық тұрақсыз, қиғаш орналасқан. Жүрек соғу жиілігі минутына 140 рет, ырғақты, қатаң. Флюктуация симптомы оң.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

+1. Көп сулық

2. Ірі ұрық

3. Кеш гестоз

4. Плацентаның жатуы

5. Фетоплацентарлық жетіспеушілік

 

521. 32 жасар әйел. Жүктіліктің 34-35 аптасы. Бас айналуға, шаршағыштыққа, әлсіздікке, ентігуге, жүрек қағуына шағымданады. Объективті: бойы 164 см, салмағы 59 кг, терісі бозғылт, құрғақ. Тырнақтары сынғыш, жұқарған. Пульсі минутына 76 соққы. Артериалды қысымы 90/60 мм.сбб. ұрықтың жүрек соғу жиілігі анық, ырғақты минутына 136 рет. Қан анализі: эритроциттер 2,6х1012/л, гемоглобин - 82 г/л, лейкоциттер 6,2х109/л,ЭТЖ- 5мм/сағ.

Аталған препараттар тобының ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

1. Кальций

2. В тобының витаминдері

3. Фолий қышқылы

4. Аскорбин қышқылы

+5. Темір

 

522. Орташа дәрежесіне ЕҢ тән жүктілердің құсу жиілігі қандай?

1. Тәулігіне 1-ден 5 ретке дейін

+2. Тәулігіне 6-дан 9 ретке дейін

3. Тәулігіне 10-нан 13 ретке дейін

4. Тәулігіне 14-тен 16 ретке дейін

5. Тәулігіне 17-ден 20 ретке дейін

 

523. Етеккір қызметінің бұзылуы әйел өмірінің қандай кезеңінде ЕҢ жиі кездеседі?

+1. Менархе басталуынан алғашқы 2 жылда

2. Жыныстық қатнас бастағаннан кейін

3. Оральді контрацептивтерді алып тастағаннан кейін

4. Менопаузадан кейінгі кезеңде

5. Босанудан алғашқы бір жылдың ішінде

 

524. 28 жасар әйел. Қынаптағы күйдіру сезіміне, қышуына, зәр шығарғанда және жыныстық қатнас болғанда дискомфорттың, көп мөлшердегі жағымсыз иісті ақ бөлінділердің болуына шағымданады. 5 жыл бұрын жатыр ішілік спираль қойылған. Айналарда: жатыр мойны, қынап қабырғалары қызарған, ісінген. Бөліністері көп мөлшерде, біртекті, крем тәрізді, «шіріген балық» иісті, сұр түсті.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Уретрит

+2. Вагиноз

3. Кандидоз

4. Цервицит

5. Трихомониаз

 

525. 21 жасар әйел. Жыныстық қатнас кезінде тік ішекке берілетін іштің төмнгі сол жағында кенет ауру сезіміне, әлсіздікке, бас айнулуға, жүрек айнуына шағымданады. Етеккір циклінің ортасы. Объективті: терісі бозарған, пульсі минутына 102 рет. Артериалды қысымы 85/55 мм.сбб. Іші кернелген, сол мықын аймағын пальпациялағанда айқын ауру сезімі.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Жедел аднексит

2. Кистаның айналуы

3. Жедел сальпингит

4. Түтіктік жүктілік

+5.Аналық безінің апоплексиясы

 

526. 32 жасар әйел. Іштің төменгі бөлігінде ауруына, жыныс жлдарынан іріңді-қанды бөліністерге, әлсіздікке, қалтырауға шағымданады. 2 күн бұрын 7-8 апта мерзімінде медициналық аборт жасады. Объективті: тілі құрғақ, ақ өңезбен. Дене температурасы 38,50С. Пульсі минутына 96 рет. Артериалды қысымы 120/70 мм.сбб. Айналарда: бөліністер іріңді-қанды. Қынапта: жатыры 6 апта жүктілігіндей үлкейген, консистенциясы жұмсақ, пальпациялағанда ауырады.

Аталған зерттеулердің ішінде ЕҢ тиімді қайсысы?

1. Доплерометрия

2. Метросальпингография

3. Компьютерлік томография

4. Ультрадыбыстық зерттеу

+5. Рентгенологиялық зерттеу

 

527. Аталған факторлардың ішінде ювенильді жатырдн қан кетуге ЕҢ жиі себебі қайсысы?

1. Қан аурулары

2. Қалқанша без қызметінің бұзылуы

3. Жыныс жүйесінің органикалық аурулары

+4. Жыныс гормондары түзілуінің бұзылуы

5. Анасында жүктілік және босану кезіндегі асқынулары

 

528. 28 жасар әйел. Жүктіліктің 8-9 апта мерзімінде жасаған медициналық аборттан кейін, 6 ай бойы етеккірдің болмауына, іштің төменгі бөлігінде кезеңмен ауруына шағымданады. Презервативтермен сақталады. Объективті: айналарда: жатыр мойны гипертрофияланған, 2,5х2 см эрозия. Қынапты: жатыры жүктіліктің 6 аптасындай, пальпацияға сезімтал. Аналық бездері ерекшеліксіз. Ультрадыбыстық зерттеу: жатыр қуысы кеңейген, сұйықтықтың жиналуы байқалады.

Төменде көрсетілген алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?

1. Жатыр ішілік синехиялар

+2. Цервикальді каналдың атрезиясы

3. Резистентті аналық бездер синдромны

4. Әлсіреген аналық бездер синдромы

5. Аналық бездердің тежелу синдромы

 

529. К., 19 жаста, 35-36 апталық жүктілікпен гастроэнтерологиялық бөлімшеге

еткізілді. Шағымдары: асқазан тұсында ауру сезім, құсу. Ауруын сапасыз тамақатан ұшынғаннан деп есептеді. Бөлімшеде асқазаны жуылды. Содан кейін бас аыуруы байқалды. Перзентзханаға ауыстырылды. Зерттегенде: тері қабаты бозғылт, екі балтырында ісік бар. ҚҚ 160/100 мм с.б., 165/90 мм с.б. Зәр анализі: тығыздығы 1018, лейкоциттер – 3-4, ақуыз - 4 г/л, гиалинді, түйіршікті цилиндрлер - 4-5. Дұрыс диагноз:

1. 35-36 апталық жүктілік. Тамақтан улану.

2. 35-36 апталық жүктілік. Преэклампсия ауыр дәреже, созылмалы пиелонефрит

+3. 35-36 апталық жүктілік. Ауыр дәрежедегі преэклампсия

4. 35-36 апталық жүктілік. Созылмалы гломерулонефрит асқынуы

5. 35-36 апталық жүктілік. Гипертоникалық криз

 

530. Плацентаның толық емес жату, жыныс жолдарынан көп мөлшерде қанды бөліністер кетіп, жатыр мойының ашылуы 2-3 см болған кездегі дәрігердің тактикасы:

1. Алдын ала амниотомиямен кесар тілігін жасау

+2. Амниотомиясыз кесар тілігін жасау

3. Табиғи босану жолдары арқылы босандыру

4. Амниотомия және босануды белсендіру

5. Амниотомия және бақылау

 

531. Қалыпты орналасқан плацента сылынуының ЕҢ жиі кездесетін себебі:

1. Қатты толғақ

2. Ішке соққы

+3. Кешкі токсикоз

4. Қысқа кіндік бауы

5. Қағанақ суы мезгілінен ерте кету

 

532. 30 минут ішінде бала жолдасының бөліну белгілері болмағанда жасалатын ЕҢ мүмкін әдіс:

+1. бала жолдасын қолмен бөліп алу және шығару

2. Креде – Лазаревич бойынша бала жолдасын бөліп шығару

3. Абуладзе бойынша бала жолдасын бөліп шығару

4. Жатырға сыртқы массаж жасау

5. Метилэргометринді қан тамыр ішіне еңгізу

 

533. 35 жастағы әйел. Жүктілігі 35-36 апта. Ішінің оң жағы ауруына, бір сағат бойы жыныс жолдарынан қанды бөлунулер шығуына шағымдары бар. Баспалдақтан құлаған. Объективті: тері қабаттары бозарған, суық тер. Тамыр соғуы 110 рет. Қан қысымы– 85/50 мм.рт.ст. Ұрық қимылдары аздап анықталады. Жатыр аурады, ұрықтың жүрек соғуы 160 рет.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы дұрыс?

1.Мерзімінен бұрын босану мүмкіндігі

2.Мерзімінен бұрын босану

3.Ұақытындағы босану

+4.Плацентаның сылынуы

5.Жатыр жыртылуы

 

534. 24 жасар әйел. Қынап, вульва аймағында қышыну мен күйдіру сезіміне шағымданады. 10 күн ауырады. Соңғы 3 күнде жағдайы нашарлады, симптомдары күшейді. 20 жастан жыныстық қатнаста, некесіз. Контрацепция: 1,5 жыл бойы марвелон. Айналарда: қынап, жатыр мойнының қынаптық бөлігі қызарған, ісінген. Бөліністер сұйық, көп мөлшерде, сары-сұр түсті, көпіршікті, жағымсыз иіспен.

Аталған препараттардың ішінде қайсысын тағайындау ЕҢ тиімді?

1. Синтомицин 1 х 2 рет

+2. Метронидазол 1 х 2 рет

3. Метилурацил 1 х2 рет

4. Клотримазол 1 х2 рет

5. Стрептоцид 1 х 2 рет

 

535. Дәрігер жүктіліктің ерте мерзімін анықтау үшін қынаптық тексеру жүргізді. Көрестілген белгілердің қайсысы жүктіліктің ЕҢ нақты көрсеткіші болып табылады?

1. Жатыр мойны аймағының жұмсаруы

2. Жатырға пальпация жасағанда оның тығыздануы

+3. Жатыр көлемінің ұлғаюы, оның жұмсақ консистенциясы

4. Жатырдың бір бұрышының асимметриясы

5. Жатыр көлемінің ұлғаюы және солға ығысуы

 

536. 30 жастағы әйел. Жүктілігі 28 – 29 апта. Таңертең жыныс жолдарынын қанды бөлунулер пайда болды. Жүктілігі алтыншы, бес рет аборт жасаған.Екеуі реобразиямен. Объективті: Тамыр соғуы 76 рет. Қан қысымы- 110/70 мм. Ұрықтың жатуы қисық? Басы оң жақта. Жатырдың төмен жағында жұмсақ нәрсе анықталады. Ұрықтың жүрек соғуы 134 рет.

Плацентаның қандай орналасуы мүмкін?

1. Жатыр түбінде

2. Жатырдың алды қабырғасында

+3. Жатыржың ішкі аңқасында

4. Артқы қабырғасында

5. Оң қабырғасында

 

537. 30 жастағы әйел. Ішінің төмен жағында жедел пайда болған ауру сезіміне, екі апта бойы жүрегі айнуына шағымдары бар. Еттеккірі 3 апта бойы келмеген. Соңғы аптада аздаған бөлунулер пайда болды. Объективті: Тері қабаттары бозарған. Тамыр соғуы минутына – 110 рет. Қан қысымы сынап бағанасы бойынша- 80/50 мм. Қарны аздап күштенген, мықынында ауру сезімі анықталады.

Төменде көрсетілген диагноздардың қайсы дұрыс?

1. Дисфункциональды қан кету

2. Басталған аборт

3. Сальпингит

4. Аднексит

+5.Трубная беременность.

 

538. 36 жастағы әйел, жүктілік 7-8 апта. Д-есепке алынған. Алтыншы жүктілік. 3 уақытында босану, уақытынан бұрын босану – 3, артифициальді аборт – 1. Созылмалы пиелонефрит 15 жыл. Созылмалы гастрит 18 жыл. Жүктіліктің 5-6 аптасында ЖРВИ ауырған.

Төменде көрсетілген факторлардың қайсысы кеш гестоздың ерте және ауыр дамуына әсер етеді?

1. Әйел несеп жыныс мүшелерінің анатомиялық ерекшеліктері

2. Несеп шығару жүйесінің функционалды ерекшеліктері

3. Жүктілік кезінде инфекциялық аурулар

4. Жүкті әйелдегі симптомсыз бактериурия

+5. Несеп шығару жүйесінің ауыр сырқаттары

 

538. Босану үйіне 28 жастағы әйел адам келіп түсті. Жүктіліктің мерзімі 39 апта. Анамнезінде жүктілік бірінші – қазіргі. Сыртқы акушерлік тексеру кезінде: 1- позиция, алдыңғы түр, ұзыннан орналасу, баспен келу. Объективті: АҚҚ 110/70 мм.сн.б.б., ЖСС 84 рет минутына, ісінулер жоқ. Жүктілікті жүргізудің жоспары қандай?

1. Кесарь тілігі арқылы

2. Рахманов төсегінде босану

+3. Еркін жағдайда босану

4. Мини – кесарь тілігі

5. Акушерлік қысқыштарды қолдану

 

539. Босану үйіне жүкті әйел келіп түсті, үш сағат бойы ішінің астынан толғақ тәрізді ауырсыну мазалайды. Жүктіліктің мерзімі 37 апта. Объективті: жатыр тонуста. Әр бір 20 минут сайын ұзақтығы 15 секундқа созылатын толғақтар мазалайды. Жатыр мойны жазылған. Екі көлденең саусақты өткізеді. Осы әйелде жүктіліктің қай мерзімі?

1. Патологиялық прелиминарлы кезең;

2. Босанудың үшінші кезеңі;

3. Босанудың екінші кезеңі;

+4. Босанудың бірінші кезеңі;

5. Уақытынан бұрын босану.

 

540. 22 жастағы жүкті әйел, ішінің төменгі бөлігінің ауырсынуына және жыныс мүшелерінен қанды бөліністердің бөлінуіне шақымданады. Айнамен қарағанда: жатыр мойны өзгеріссіз, жатыр мойнының және қынаптың шырышты қабаттары көкшіл, жатыр мойнынан қанды бөліністер. Қынаптық тексеруде: жатыр мойны өзгеріссіз, ішкі аранның ар жағында шарана сезіледі. Жатыр кіндік деңгейінде, ауырсынусыз, қозғалмалы. Күмбездер терең, ауырсынусыз. Көрсетілген диагноздардың қайсысы ең ықтимал болып табылады

1. Жүктілік 22 апта, қалыпты орналасқан шарананың ажырауы

2. Жүктілік 16 апта, шарананың алдыда орналасуы

+3. Жүктілік 24 апта, шарананың алдыда орналасуы

4. Жүктілік 20 апта, мойындағы жүктілік

5. Жүктілік 24 апта, қалыпты орналасқан шарананың ажырауы.

 

541. Ж





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-24; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 483 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Лаской почти всегда добьешься больше, чем грубой силой. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2357 - | 2221 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.014 с.