+1. Функциональды диспепсия
2. Созылмалы гастрит
3. Асқазанның жара ауруы
4. Созылмалы дуоденит
5. Диафрагманың өңеш тесігінің жарығы
110. Ер адам 20 жаста, көбінесе түндегі эпигастридегі ауру сезіміне, қыжылдауға, құсуға шағымданады. Эзофагогастродуоденоскопияда: 12-елі ішек буылтығы тыртықты жара үрдісіне байланысты деформацияланған. Төменгі қабырғасында диаметрі 7мм, терең, жан-жағы қабынған жара анықталады. Ер адам жатақханада тұрады, бұрында дәрігерлерге қаралмаған.
Көрсетілгендер ішінде қандай жүргізу тактикасы ЕҢ тиімді?
1. Амбулаторлы емдеу
+2. Госпитализациялау
3. Күндізгі стационарда емдеу
4. Үй стационары
5. Оқудан үзбей емдеу
111. Асқазан жарасы ЕҢ жиі қайда орналасады?
+1. Кіші иінінде
2. Үлкен иінінде
3. Антрум
4. Кардия
5. Қақпақша
112. Әйел 32 жаста, кезеңді жайсыздыққа және лық толу сезіміне, эпигастральды аймақтағы кернелу сезіміне шағымданады. Көрсетілген симптомдар 6 айдан бері мазалайды. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 5х1012/л, Нb-128 г/л, лейкоциттер 4,5х109 /л. Эзофагогастродуоденоскопияда: асқазан мен 12 елі ішек шырышты қабаты қызғылт түсті, таза. Грегерсен реакциясы теріс.
Көрсетілгендер ішінде берілген жағдайдың ЕҢ ықтимал себебі не?
1. Тітіркенген ішек синдромы
2. Тұз қышқылының гиперсекрециясы
3. Алиментарлық ағаттық
4. Helicobacter pуlori болуы
+5. Асқазанның қозғалту қызметінің бұзылысы
113. Понос при хроническом энтерите отличается:
1. Тенезмами
+2. Кашицеобразным обильным стулом
3. Скудным количеством кала со слизью
4. Резкими позывами на дефекацию сразу после еды
5. Меленой
114. 55 жастағы ер адам үш жыл бойы он екі елі ішектің ойық жарасымен ауырады, жиі рецидиві байқалады. Н2-гистаминблокаторлармен емдегенде оң нәтиже болды. Ойық жараның қан кетуімен стационарға түсті. 4 апта бойы ранитидинмен емдегенде ойық жара жазылды.
Ары қарай емдік тактика қандай?
1. Н2-гистаминблокаторлармен үзілген курсты терапия
+2. ИПП-мен сүйемелдеуші терапия
3. Хирургиялық ем
4. Сукральфатпен терапия
5. Омепразолмен курсты терапия
115. 40 жастағы әйел адам үдемелі әлсіздікке, эпигастрий аймағында ауыру сезіміне, әсіресе ашқарынға және түнде, іш қатуға, басының айналуына, терісінің құрғақтығына, шашының және тырнақтарының сынғыштығына, физикалық күшке байланыссыз жүрек тұсындағы ауыру сезіміне, шағымданады. Бұрын ештеңемен ауырмаған, жұмыста жағымсыз конфликт болды.
Диагнозды дәлелдеу үшін қандай диагностикалық әдістер қажет?
1. Электрокардиография
+2. Фиброгастродуоденоскопия
3. Сигмоидоскопия
4. Невропатолог кеңесі
5. Клиникалық қан анализі
116. 26 жастағы ер адам тамақтанған соң эпигастрий аймағында күйдіріп ауыру сезіміне, қыжылдауға, жүрек айнуына, кейде құсуға, әлсіздік және арықтауға шағымданады. Анамнезінде: екі апта бойы стероидты емес қабынуға қарсы препарат қабылдаған. Объективті: эпигастрий аймағында ауыру сезімі. ФГДС-да – асқазан түбінде ойық жара.
Алғашқы этапта науқасқа не тағайындау қажет?
+1. Пантапрозол 20мг ішке 2 рет тәулігіне
2. Сукральфат 1г х 4 рет тәулігіне
3. Солкосерил, б/е 2мл., 10 күн
4. жедел хирургиялық емшара
5. Алмагель 1 асқасықтан 3 рет күніне
117. 42 жастағы науқас оң жақ қабырға астындағы және эпигастрии аймағындағы ұстама тәрізді ауыру сезіміне шағымданады, диета бұзылған кезде созылмалы холецисттитің жиі өршуі байқалады. Бірнеше жыл бойы ауырады, өт қапшығын ультрадыбыстық зерттеу кезінде диаметрі 2 см ге дейінгі конкременттер анықталған. Созылмалы холецистит кезінде ауыру сезімі қайда берілуі ЕҢ ЫҚТИМАЛ.
+1. Оң жақ жауырынға, бұғанаға
2. Сол жақ жауырынға, бұғана сүйегіне
3. белбеу тәрізді ауыру сезімі
4. кіндік аймағына
5. эпигастральдық аймаққа.
118. 51 жастағы ер адамды қабырға жауырын арасына берілетін эпигастралдық аймақтағы ұзақ ауыру сезімі, белбеу тәрізді ауыру, оң жақ қабырға астындағы керілу сезімі мазалайды. УДЗ жасау кезінде: ұйқы бещінің өзгерісі және созылмалы холецистит белгілері анықталды. Созылмалы панкреатиттің өршуінің диагностикасында ЕҢ ақпаратты лабораторлық көрсеткіш болып табылады.
1. Лейкоцитоз
2. Қандағы трансаминаза деңгейі
+3.Зәрдегі амилаза деңгейі
4. Қандағы сілтілі фосфатаза деңгейі
5. Гипергликемия
119. 46 жастағы әйел, тамақтан соң 2 сағаттан кейін пайда болған кенеттен басталған оң жақ қабырға астындағы ауыру сезіміне шағымданады. Ауыру сезімі күйдірген сипатта, оң жақ иыққа және оң жақ жауырын бұрышына беріледі. Екі рет жеңілдңк әкелмеген құсу пайда болды..
Қандай зерттеу ЕҢ тиімді болып табылады?
1. Эзофагогастродуоденоскопия
+2. Өт қапшығының ультрадыбыстық зерттеуі
3. Ретроградты панкреатохолангиография
4. Ұйқы безінің томографиясы
5. Құрсақ қуысының рентгенографиясы
120. 70 жастағы әйел, сол жақ қабырға астындағы кенеттен пайда болатын ауыру сезіміне, керіле сипаттағы, оң жақ бұғана сйегіне берілетін, жуңілдік әкелмейтін құсу. Осындай ұстама бір жыл бұрын болған. Қарап тексергенде: терісі сарғылттау, Мерфи симптомы оң, симптом мышечной защитыҚан анализінде: лейкоцитер - 15х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/ч, жалпы билирубин 35 ммоль/л. Ультрадыбыстық зерттеуде: жалпы өт жолында конкремент.
Қандай емдеу әдісі ЕҢ ЫҚТИМАЛ болып табылады?
1. Пероралды литолитикалық терапия
2. Экстракорпоралдық литотрипсия
3. Лапароцентез
+4. Лапароскопиялық холецистэктомия
5. Ашық холецистэктомия
121. Науқас И. 42 жаста, шағымдары: оң жақ қабырға астының және эпигастрий аймағының ұстамалы ауырсынуы, созылмалы холециститпен ауырады, жиі өршу байқалады, ауырғанына көп жылдар болды, УДЗ өткізгенде өт қабында тастар анықталды диаметры 2 см дейін. Созылмалы холецистит кезінде ауырсыну қайда беріледі.
+1. оң жақ жауырын, бұғанаға
2. сол жақ жауырын, бұғанаға
3. айналмалы ауырсыну
4.кіндік тұсына
5. эпигастрий аймағына
122. Науқас 51 жаста, ұзақ уақыт бойы эпигастрий аймағында, айналмалы ауырсыну, арқаға, жауырын ортасына беріледі, оң жақ қабырға астында кернеу сезімі болады. УДЗде: ұйқы безі өзгерген, созылмалы холециститтың белгілері. Созылмалы панкреатиттың диагностикасында ең информативты лабораторлы көрсеткіш болып табылады.
1. Лейкоцитоз
2. Қанда трансаминаза деңгейі
+3. Қанда және зәрде амилаза деңгейі
4. Қанда сілтілі фосфатаза деңгейі
5. Гипергликемия
123. 46 жасар әйел, майлы тамақ ішкеннен 2 сағаттан кейін кенеттен басталған оң жақ қабырғаастындағы ауру сезіміне шағымданып келді. Ауру сезімі оң иық пен жауырынның оң жақ бұрышына берілетін күйдіргендей, кергендей сезімді.. Екі рет құсқан, жеңілдік болмаған.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ бірінші орындағы зерттеу әдісі қандай?
1. Эзофагогастродуоденоскопия
+2. Өт қапшығын ультрадыбысты зерттеу
3. Ретроградты панкреатохолангиография
4. Ұйқы безінің томографиясы
5. Құрсақ қуысының рентгенографиясы
124. Әйел 70 жаста, оң жақ қабырғаастындағы кенеттен пайда болған керіп ауыратын, оң жақ бұғанасына берілетін ауру сезіміне, жеңілдік әкелмейтін құсуға шағымданады. Осыған ұқсас ұстама 1 жыл бұрын болған. Қарап тексергенде: тері жабындылары сарғайған, Мерфи симптомы оң, бұлшықеттік қорғаныс симптомы анықталады. Қан талдауында: лейкоциттер - 15х109 /л, ЭТЖ - 20 мм/сағ, жалпы билирубин 35 ммоль/л. Ультрадыбысты зерттеуде: жалпы өт түтігінде конкремент бар.
Көрсетілгендер ішінде ЕҢ лайықты зерттеу әдісі қандай?
1. Ауыз арқылы литолитикалық терапия
2. Экстракорпоральды литотрипсия
3. Лапароцентез
+4. Лапароскопиялық холецистэктомия
5. Ашық холецистэктомия
125. 26 жасар ер адамда, баспамен ауырғаннан кейін кіндік маңы тұсында және іштің оң жақ төменгі квадрантында ұстамалы, пальпацияда күшейе түсетін ауру сезімі, әлсіз құрсақтың тітіркену симптомы, сұйық нәжіс, артралгиялар пайда болды. Қарап тексергенде терісінде қызыл ұсақ нүктелі бөртпелер анықталды.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Түйінді периартериит
2. Жедел аппендицит
3. Аденоматозды полипоз
4. Тромбоцитопениялық пурпура
5. Геморрагическиялық васкулит
126. 41 жасар ер кісі, мұғалім. Запыранмен құсуға, оң жақ қабырға астындағы қатты ауру сезіміне, дене қызуының 38,50 дейі көтерілуіне шағымданады. 2 күн бойы ауырады. Анамнезінде алкоголді шамадан көп пайдалану, емдәмді бұзу. Объективті: тері жабындылары сары-сұр түсті, Кер нүктесінің ауырсынуы, бауыр өлшемдері 10-9-8 см. Қан анализі: лейкоциттер – 20,0х109г/л, жалпы қан билирубині – 180 мкмоль/л, тікелей – 150 мкмоль, зәрде билирубинге реакция оң, стеркобилинге реакция – теріс; аланинаминотрансфераза – 0,46 мкмоль/л.
Алдын ала диагноздары ішінен ЕҢ болжамды қайсысы?
+1. Өт-тас ауруы
2. Созылмалы вирусты гепатит
3. Созылмалы алкогольды гепатит
4. Ұйқы асты безі басының ісігі
5. Созылмалы панкреатит
127. 48 жасар әйел. Терінің сарғыш түске боялуына, лезде салмақ азаюына, себебсіз әлсіздікке шағымданады. Анамнезінде жатыр фибромиомасы. Объективті: бауыр өлшемдері 11-10-9 см; билирубин 60 мкмоль/л, тікелей – 40 мкмоль/л; тікелей емес 20 мкмоль/л; аланинаминотрансфераза – 0,87 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 160 ед/л. Бауыр биопсиясы тағайындалды.
Қандай морфологиялық өзгеру ЕҢ болжамды?
1. Үлестің шеті бойынша «баспалдақты» некрозы
2. Гепатоциттерде регенерация үрдісі
3. Портальді тракттың бастапқы фиброзы
4. Үлес ішінде қабыну инфильтраты
5. Үлестердің шамалы дистрофиясы
128. 52 жасар ер кісі, тренер. Байқаусыз пайда болған терінің сарғаюына, қышуға, әлсіздікке, тәбетінің төмендеуіне шағымданады. Объективті: тері жабындылары, склерасы сарғайған, қышыну іздері. Пальпацияда: панкреатодуоденальді аймақ ауырады, бауыр өлшемдері 11-10-9 см, тығыз, ауру сезімсіз. Қан анализінде: эритроциттер 3,6х1012/л, Hb 110 г/л, ЭТЖ 40 мм/ сағ, билирубин 120 мкмоль /л, тікелей – 80 мкмоль/л; аминотрансфераза – 0,26 ммоль/л, сілтілі фосфатаза 500 ед/л; зәрі күңгірт, билирубин – оң.
Қандай зерттеу әдісін ЕҢ бірінші кезекте өткізу керек?
+1. Құрсақ қуысын ультрадыбысты зерттеуін
2. Бауырдың пункционды биопсиясын
3. Бауырдың допплерді ультрадыбысты зерттеуін
4. Құрсақ қуысын рентгенологиялық зерттеуін
5. Құрсақ қуысын компьютерлі томографиясын
129. 25 ер адам оң жақ қабырға астындағы ауырлық сезіміне, аздаған сарғаюға, жалпы әлсіздікке, жүдеуге, буындағы ауырсынуға шағымданады. Анамнезінде: наркоти қолданған. Объективті: тері жабындылары сарғыш, бірен-саран телеангиоэктазиялар бар. Бауыр ұлғайған – оң қабырға астынан 3 см шығыңқы. Көкбауыры пальпацияланбайды. Биохимиялық зерттеуде: жалпы билирубин – 34,8 мкмоль/л. Тимол байқауы – 8,6 ед. Австралиялық антиген анықталды. Қандай диагноз дұрыс?
1. Аутоиммуннды
2. Билиарлы бауыр циррозы
+3. Созылмалы гепатит
4. Коновалов ауруы
5. Жильбер ауруы
130. 47 жасар ер адам, бидай нанын жегеннен кейін тәулігіне 7-8 ретке дейін іш өтуін байқайды, нәжісі көпіршікті, қоспасыз. Морфологиялық ішекті зерттеуде ащы ішектің шырышты қабатының бүрлерінің айқын қысқаруы мен крипталарының ұзаруымен гиперрегенераторлы атрофиясы анықталды.
Аталғандар ішіндегі қайсы ауру ЕҢ жиі көрстелілген симптоматикамен жүреді?
1. Гонартроз
2. Нейродермит
3. Тиреотоксикоз
+4. Остеопороз
5. Кандидомикоз
131. 34 жасар әйелде стресстік жағдай фонында тәулігіне 4-5 ретке дейін диарея пайда болды, айқын таңертеңгі уақытта, қоспасыз, дефекацияға императивті шақырулар. Қан талдауында: лейкоциттер 5х10 9 /л, ЭТЖ 5 мм/сағ, Нb 123 г/л, Грегерсен реакциясы теріс, ректороманоскопияда – тік ішек 20 см-ге дейін қаралған, шырышы қызғылт, эрозия жоқ.
Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Лактулоза
+2. Лоперамид
3. Будесонид
4. Мебеверин
5. Месалазин
132. 37 жастағы науқас отбасылық дәрінерге кіндік аймағындағы ауырсынуға, жүрек айнуға, құсуға, қалтырауға, тәбеті төмендеуіне, іші кебуіне, тәулігіне 3-4 рет іші өтуіне шағымданады. Пальпацияда тоқ ішек бойымен және кіндік маңында ауырсыну байқалады, соқыр ішек аймағында шолпылдау шапылы. Диагноз қойыңыз:
1. Крон ауруы, созылмалы үдемелі ағым энтеро-энтералды жыланкөз калыптасуымен
2. Диареямен бірге ішек тітіркену синдромы, соматикалық негативті дисфункция
+3. Созылмалы энтероколит, орта ауырлық, рецидивирлеуші ағым
4. Арнайы емес жаралы колит,орта ауырлықта, жергілікті процестің басымдылығымен
5. Созылмалы энтерит, орта ауырлықта, өршу, аздаған парциалды атрофия
133. 22 науқас отбасылық дәрігерге әлсіздікке, жүрек айнуға, құсуға, кіндік аймағындағы ауырсынуға, іші кебуіне, тәулігіне 2-4 рет көп мөлшерлі сұйық нәжіске шағымданады. Обьективті: тері жабындылары құрғақ. Тілі ылғалды, қызғылт. Іші кепкен, пальпацияда кіндік маңында ауырсыну анықталады. Науқасқа Шилинг тесті жасалды. Осы тестті жүргізу мақсаты?
1. Асқазанда заттардың сорылуының бұзылуы анықталды
+2. Ащы ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды
3. Соқыр ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды
4. Тоқ ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды
5. Сигма тәрізді ішекте заттардың сорылуының бұзылуы анықталды
134. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 39 жасар әйел, аздаған қан мен шырыш қоспаларымен, күніне 2-3 ретке дейін болатын диареяға шағымданып келді. Терісінде түйінді эритема. Қан талдауында: эритроциттер 3х109 /л, Hb 113 г/л, ЭТЖ 20 мм/сағ. Эндоскопияда: сол жақтық колит, контактты қан ағушылық, бірен-саран бір-бірімен қосылған эрозиялар анықталады.
Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Ципрофлоксацин
2. Месалазин
3. Циклоспорин
4. Тетрациклин
5. Инфликсимаб
135. Төменде көрсетілген аурулардың қайсысы мальабсорбциямен бірге жүріп, тұқым қуалайды?
1. Спецификалық жаралы колит
2. Псевдомембранозды колит
+3. Крон ауруы
4. Тітіркенген ішек синдромы
5. Ішек дивертикулезі
136. 46 жастағы ер адамды, жүрек айнуы, белдемелі іштегі ауру сезімі, тәулігіне 3-4 ретке дейінгі сұйық нәжіс, метеоризм, салмағының төмендеуі мазалайды. Копрологиялық зерттеуде полифекалия, крахмал +++, қорытылмаған бұлшық ет талшықтары ++, нейтральды май +++ табылды..
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
+1. Созылмалы панкреатит
2. Созылмалы энтерит
3. Созылмалы атрофиялық гастрит
4. Созылмалы дуоденит
5. Созылмалы вирусты гепатит
137. Ер адам 52 жаста, эпигастрийдегі тұрақты, үдемелі ауру сезіміне, жалпы әлсіздікке, құсуға, сұйық нәжіске шағымданады. Ауру сезімі майлы тамақ пен алкоголь қабылдағаннан кейін 50-60 минуттан соң пайда болған. Қарап тексергенде: эпигастрий аймағындағы ауырсыну, Мейо-Робсона симптомы оң. Жалпы қан талдауында: эритроциттер 4.1х1012 /л, Нb - 120 г/л, лейкоциттер 12х109/л, ЭТЖ - 18 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішінде қандай дәрілік препаратты бірінші орында тағайындау ЕҢ тиімді?
1. Дротаверин
2. Рабепрозол
+3. Сандостатин
4. Метронидазол
5. Домперидон
138. 32 жасар әйелде, 2 ай бұрын кезеңді түрдегі іштегі сыздап ауру, құрылдау, метеоризм, таңертең сайын сұйық нәжіс пайда болды. Соңғы 3-4 күнде жұтыну кезінде түйір тұрғандай сезім, дем алуға қанағаттанбау, жиі зәр шығаруға, қол саусақтарының тоңғақтығы пайда болды. Қарап тексергенде: тері жабындыларының түсі қалыпты, бауыр, көкбауыры ұлғаймаған, кіндік маңы аймағында аздаған ауырсыну анықталады.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Функциональды диспепсия
+2. Тітіркенген ішек синдромы
3. Бактериялардың шектен тыс өсу синдромы
4. Крон ауруы
5. Спецификалық емес жаралы колит
139. 43 жастағы науқас кіндік аймағындағы ауырсынуға, ішінің кебуіне,кезектесіп іш қатуы мен іш өтуіне, тәулігіне 4-5 ретке дейін болатын сұйық нәжіске, әлсіздікке, бас айналуына, басының ауырсынуына шағымданады. Соңғы жылы 5 кг-ға арықтады. Қарағанда: жүдеу, терісі құрғақ, тургоры төмендеген, көзге көрінетін шырышты қабаттары бозғылт. АҚ 110/70 мм.с.б. ЖСЖ-64 рет минутына. Ішті пальпациялағанда кіндік аймағында ауырсыну байқалады. Нәжісі көп мөлшерлі,көпіршіктенген. Дұрыс диагноз қойыңыз?
+1. Созылмалы энтероколит, жіңішке ішектің басым зақымдануымен
2. Созылмалы энтероколит, тоқ ішектің басым зақымдануымен
3. Арнайы емес жаралы колит,созылмалы рецидивті түрі
4. Крон ауруы
5. Тоқ ішектің ісігі
140. Әйел 40 жаста, майлы тамақ ішкеннен кейін пайда болған эпигастрий аймағындағы ауырлық сезіміне, лоқсуға,метеоризмге шағымданады. Қарап тексергенде: іш пальпациясында Керр симптомы мен френикус-синдромы оң. Қан талдауында: лейкоциттер 7х109 /л, ЭТЖ 8 мм/сағ.
Көрсетілгендер ішіндегі ЕҢ бірінші орындағы инструментальды зерттеу әдісі қайсысы?
1. Холецистография
+2. Өт қапшығын ультрадыбысты зерттеу
3. Құрсақ қуысының шолу рентгенографиясы
4. Одди сфинктерінің манометриясы
5. Гепатобилиарлы сцинтиграфия
141. Жалпы тәжірибелік дәрігерге 59 жасар ер адам іш өтуі мен іш қатуының кезектесуіне, шырыш және қан қоспаларымен сұйық нәжіске шағымданып келді. Тік ішекті 15 см–ге дейін тереңдікте қарағанда ішек қуысына шығып тұратын, бұдыр түзіліс табылды, соның әсерінен ішек қуысының бірден тарылуы байқалады. Түзіліс алып тасталынды. Жалпы қан талдауы: эритроциттер 3х1012 /л, Hb 82 г/л, лейкоциттер 22х109 /л, ЭТЖ 25 мм/сағ.
Көрсетілген болжамалы диагноздардың ЕҢ ықтималы қайсысы?
1. Спецификалық емес жаралы колит
2. Крон ауруы
3. Псевдомембранозды колит
+4. Тоқ ішек рагі
5. Аденоматозды полип
142. 19 жастағы науқаста анасарка типті ісіну, олигурия, теріде уритикарлы бөртпе, қызба байқалады. Ауырғанына 3 ай болған. Зәрінде 3,3 г/л ақуыз, эритроциттер,қан анализінжде, мочевина 25 ммоль/л. АҚҚ 200/120 мм.с.б. Бүйрек биопсиясында-капиллярлар қабырғасы қалыңдаған, базальды мембрананың дистрофиясы. Көрсетілген симптомо-комплекс көбірек әкелетін себепті көрсетіңіз:
1. Түйінді периартрит
+2. Жүйелі қызыл жегі
3. Біріншілік гломерулонефрит
4. Пиелонефрит
5. Бүйрек ісігі
143. Бұрын өкпе туберкулезі себебінен ем қабылдаған 30 жастағы науқаста ісінулер мен тәулігіне 2,5г дейін протеинурия байқалады. Бүйректің қандай зақымдануы мүмкін?
1. Созылмалы гломерулонефрит
2. Созылмалы пиелонефрит
3. Бүйрек туберкулезі
+4. Екіншілік амилоидоз
5. Интерстициальды нефрит
144. Жүрек және бүйрек текті рефрактерлі ісінулерді емдеу тактикасында қандай ортақтық бар?
1. Жүрек лақтырысын төмендету
2. Қан плазмасының онкотикалық қысымын жоғарылату
+3. Бүйрек перфузиясын жақсарту
4. Біріншілік гиперальдостеронизмды жою
5. Осмотикалық диуретиктерді қолдану
145. 24 жастағы ер адам, менеджер, бүкіл денесінің ісінуіне, бас ауыруына шағымданады. Баспа ауруына шалдыққаннан соң 10 күннен кейін жедел ауырған. Тексеру кезінде: қабақтың, беттің, аяқ-қолдың, алдыңғы құрсақ қабырғасының ісінуі. Терісі таза, бозарған. Артериалдық қан қысымы – 160/110 мм.с.б.б. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1024, ақуыз – 3,4 г/л, лейкоциттер – 5-7 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 10-12 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 7-8 көз жетерлік жерде, креатинин – 70 мкмоль/л.
Көрсетілген препараттардың қайсысын тағайындау патогенділік тұрғыда ЕҢ лайықты ем болып табылады?
1. Пенициллин
2. Фуросемид
3. Каптоприл
4. Альбумин
+5. Преднизолон
146. Салмағы 93 кг, бойы 160 см; 60 жастағы науқас әйел ИТҚД ауырады, 240 бірлік инсулин қабылдайды. Қанның сары суында глюкоза - 22.2 ммоль/л.
Инсулинге резистенттілігінің себебін қалай түсіндіруге болады?
1. инсулинді ауыстыру қажет
2. пероральды қант төмендетуші препараттар тағайындау қажет
+3. семіздік
4. инсулиннің мөлшері қанттың бұл деңгейінде төмен
5. осы жаста қанттың бұл деңгейі қалыпты.
147. 34 жастағы ер адам, бухгалтер болып қызмет істейді, зәр түсінің өзгеруіне, бетінің, кеудесінің ісінуіне шағымданады. 10 жылдан бері ауырады. Тексеріп қарау кезінде: тері жамылғылары бозарған, денесі түгелдей ісінген. Артериалдық қан қысымы – 140/95 мм.с.б.б. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 93 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 8,3×109/л, ЭТЖ – 21 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1004, ақуыз – 3,9 г/л, лейкоциттер – 3-4 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 8-9 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 10 -12 көз жетерлік жерде, креатинин – 80 мкмоль/л.,холестерин–7,8ммоль/л.
Көрсетілген синдромдардың қайсысы болуы ЕҢ ықтимал?
1. Аралас
+2. Нефротикалық
3. Нефритикалық
4. Гематуриялық
5. Гипертониялық
148. 58 жастағы ер адам, дәнекерлеуші болып жұмыс істейді, ұзақ уақыттан бері көп мөлшерде іріңді-қақырықты бөлініс болатын бронхоэктатикалық аурудан зардап шегеді. 1 айдың ішінде бетінде, аяқтарында ісіну, әлсіздік пайда болған. Тексеріп қарау кезінде: терісі бозарған, денесі түгелдей ісінген. Қанның жалпы анализі: эритроциттер – 3,2×1012/л, HB – 90 г/л, түсті көрсеткіш – 0,8, лейкоциттер – 9,3×109/л, ЭТЖ – 30 мм/сағ. Зәрдің жалпы анализі: меншікті салмағы-1004, ақуыз – 13,9 г/л, лейкоциттер – 6-8 көз жетерлік жерде, эритроциттер – 1-2 көз жетерлік жерде, цилиндрлер – 12 -14 көз жетерлік жерде, жалпы ақуыз -52 г/л.