Дәріс. Салықтық құқықтық қатынастар.
Лекции.Орг

Поиск:


Дәріс. Салықтық құқықтық қатынастар.




Жоспар:

Салықтық құқықтық қатынастардың ұғымы

Салықтық құқықтық қатынастардың белгілері, құрылымы

Негізгі ұғымдар:Салықтық құқықтық қатынастар,материалдық салықтық қатынастар, ұйымдастыру салықтық қатынастары

1. Қоғамымызда туындайтын әралуан құқықтыққатынастардың қатарынан салықтык құқықтыққатынастар да өздеріне тиесілі орнын алады. Қалыптасқан дәстүр бойынша салықтық құқықтық қатынастарды қарастырмастан бұрын жалпы құқықтық қатынастардың ұғымы мен мәнін айқындауымыз қажет.

Әдетте құқықтық қатынастар мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етілген және қатысушылардың субъективтік заңи кұқықтары мен міндеттерінің болуымен сипатталатын, сондай-аққұқықтық нормалар негізінде тиісті тұлғалардың арасында пайда болатын жекелеген қоғамдық байланыстар деп түсіндіріледі.

Салықтық құқықтық қатынастар өз экономикалық-құқықтық табиғатына орай, қаржылык құқықтық қатынастардың ерекше түріне жатады.

Салықтық-құқықтық қатынастар деп айрықша қаржылық құқықтық нормалар негізінде мемлекет пен салық төлеушілердің арасында туындайтын қоғамдық байланыстарды айтамыз. Бұл ретте басты ерекшеліктер былайша сипатталады: мемлекеттің салық төлеушілерден салық төлеуді талап етуге қажетті құқығы бар; ал салық төлеушілерде салықты төлеу жөніндегі зани міндеттері бар.

Салықтык қатынастар әрқашанда мүліктік (акшаның өзін мүлік деп есептеуге болады) сипатта, сондай-ақсалық төлеуші мемлекетке белгіленген соманы төлеуге міндетті болғандықтан біржақты өктем сипатта болады.

Салықтык құқықтық қатынастар мемлекеттің салық салу саласында салық әкімшілігін жүргізуге, салықтарды белгілеуге және алуға байланысты туындап, тиісті салықтык құқықтық нормалармен реттелген салықтык қатынастар болып табылады.

2. Салықтыққатынастар салық салу жүйесінің экономикалық және құқықтық мән-жайларына байланысты материалдық және ұйымдастыру салықтық қатынастары болып бөлінеді.

Материалдық салықтық қатынастар мынадай өзіне тән белгілерімен сипатталынады:

1) мемлекеттің салықтык қызметінің өнімі — нәтижесі бо­лып табылады және мемлекеттік шаруашылық аясында туындайды;

2) бұлар тек мемлекет (Қазақстан Республикасы) қарамағына бағытталған біржақты қозғалысты білдіретін ақшалай қаты­настар болып саналады;

3) осы қатынастар базистік әрі трансферттік қабілетімен ерекшеленеді;

4) осы қатынастар мемлекеттегі жиынтық қаржылық нәтижені, яғни ақшалай нысанда жасалған құнды бөлуге (және қайта бөлуге) байланысты объективті процесті көрсетеді;

5) бұлар тұрақты фискалдық мәні мен сипатына қарай республикалық немесе жергілікті бюджеттердің мүліктік-заттай негізін құрайды;

6) бұлар тек мемлекет пен салық төлеушінің арасындағы тиісті салықтық міндеттемелердің тиісінше орындалуын қамтама­сыз етеді;

7) бұлар мемлекеттің салықтық қызметінін, құқықтық әдістерінің нәтижесіне, яғни нормативтік салықтық-құқықтық актілерге негізделінетіндіктен әрқашанда құқықтық нысанда болады.

Ал ұйымдастыру салықтық қатынастары мынадай ұйымдық-құқықтық және реттеуші мән-жайларымен ерекшеленеді:

1) бұлар мемлекеттік стратегиялық индикативтік салықтық жоспарлауға қатысты туындайды;

2) бұлар тиісті бағыт-бағдары бар фискальдық-базистік қатынастардың туындауын қамтамасыз етеді;

3) бұлар көбінесе мемлекеттік салық әкімшілігін, соның ішінде фискалдық мониторинг жүргізу процесінде пайда болатындықтан салық салу аясындағы мүдделердің паритетті болуына атсалысады;

4) осы қатынастар мемлекеттіңфискальдықжүйесін қалыптастыру және оның тиісінше қызмет атқаруын қамтамасыз ету барысында жарқын көрініс табады;

5) бұл қатынастар мемлекеттің салық органдарының фис­кальдық-қаржылық өкілеттіліктерін нақтылы белгілеу және мемлекет пен жергілікті мемлекеттік басқару органдарының фискальдыққұзыреттерін айқындау және белгілеу кезінде пайда болады;

6) бұларқоғамдык-мемлекеттік маңызы бар қатынастар ретінде өнімді материалдықсалықтыққатынастардың туындауына плацдарм дайындайды және олардың барынша тиімді әрі рентабельді болуын қамтамасыз етеді;

7) бұлар салықтық-құқықтық актілердің ауқымында туындайтындықтан әрдайым құқықтық нысанда көрініс табады.

Салықтык құқықтыққатынастардын құрамына зани мәні ретінде субъективтік құқықтар мен міндеттердін жиынтығы, ал материалдық мәні ретінде субъектілердің нақтылы іс-қимылдарында көрініс табатын сол құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыратын субъектілер (қатысушылар) және объектілер кіреді.

Салықтыққұқықтың субъектілері өздерінің субъективтік құқықтары мен заңи міндеттері арқылы байланыс жасайды. Уәкілетті мемлекеттік органдар мемлекет тарапынан жүктелген міндеттерді тек өздеріне рұқсат етілген жүріп-тұру шаралары мен әмірлі қағидаларының арқасында жүзеге асыра алады. Олардың әмірлі талап ету, алып қою, бұйрықберу және т.б. өктем түрде көрініс табатын рұқсат етілген тәртіп шаралары (өкілеттіліктері) екінші тараптын заңи міндеттерімен қамтамасыз етілген.

Нақтылы салықтыққұқықтыққатынас субъектілері осы қатынастың қатысушылары болып саналады. Салықтыққұқықтыққатынастардың бір тарабында оның міндетті әрі тұрақты субъекті - мемлекет, ал екінші жағында салық төлеушілер тұрады.

 





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 2308 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.