Салықтың төлемақыдан айырмашылығы
Лекции.Орг

Поиск:


Салықтың төлемақыдан айырмашылығы




Төлемақы дегеніміз –мемлекет меншігінде объектілерді пайдаланған кезде төленетін төлем.

Салық пен төлемақының бірнеше айырмашылықтары бар.

1)Төлемақы өтеулі және баламалы төлем, яғни төлемақыны белгілі бір объектілерді пайдаланған кезде төлейді;

2)Төлемақы мемлекеттің азаматтық құқыққа сәйкес азаматтық-құқықтық қатынастары кезінде туындайды;

3) Тұлғалар төлемақы төлеу арқылы баламалы түрде осы және басқа да объектілерді пайдалануға құқық алды.

Салықтың мемлекеттік баждан айырмашылығы

Мемлкеттік бажда төлем болып саналады.

Мемлекеттік бажуәкілдік берілген мемлекеттік органдардың, немесе лауазымды адамдардың заңдық мәні бар іс-қимылдар жасағаны үшін және құжаттарды бергені үшін алынатын міндетті төлем.

Мемлекеттік баждың салықтан айырмашылығы мынада:

Мемлкет тарапынан берілетін қызметке байланысты болады, сонықтан бұл баламалы төлем болып саналады;

Мемлекеттік бажды мемлекет қызметіне төлем ретінде емес, мемлекеттің қызметіне байланысты төлем ретінде қарау керек. Айта кету керек, бажды төлеген кезде тауар-ақша қатынастары жүзеге асады.

3.Салықтардың функциялары экономикалық табиғаты мен заңи мән-жайына қарай мемлекет кірісін бөлу немесе қайта бөлу құралы сипатында мемлекеттің салықтық қызметінің негізгі бағыттарында пайдаланатын салықтарды тек өзіне тән экономикалық-құқықтық қасиеттері ретінде көрініс табады.

Экономиканың қазіргі даму мүмкіндіктерін есепке ала отырып мемлекеттік қажеттіліктерге сай айқындалған салықтардың функциялары мемлекет белгілеген бағыт бойынша іске асырылады.

Экономикалық категория ретінде салықтың функциялары:

1. Фискальдық функция

2. Бөлуші функция

3. Реттеуші функция

4. Бақылаушы функция

5. Жеңілдік беруші функция

 

Дәріс. Салықтың заңдық құрамының элементтері.

Жоспар:

Салықтың заңдық құрамы элементтерінің ұғымы және құқықтық маңызы.

Салық субъектісі: ұғымы, түрлері.

Салықтың объектісі.

Негізгі ұғымдар:салық субъектісі, салық объектісі, салық базасы салық мөлшері, салық ставкасы, салық кезеңі, салық есептілігі,жер, тауар, мұра.

1.Салық элементтері – салық заңы регламенттелген салықтың қолданылу жағдайын анықтайтын құрамдас бөліктерінің жиынтығы. Салықтың бірнеше элементтері бар:

1) салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.

2) салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады.

3) салық көзі - салық төлеу үшін белгіленген және қолданылатын ақша қаражаттары, бұл – жалақы, кіріс, дивидендтер, яғни салық неден төленетіндігін анықтау.

4) салық базасы – салық салу объектісі мен салық салуға байланысты объектінің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамалары, олардың негізіндке бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы айқындалады.

5) салық мөлшері – салық төлеушінің табысына қарай алынатын салық сомасын білдіреді және ол шекті, жеңілдікпен, орташа, нөлдік болып бөлінеді.

6) салық ставкасы – салық базасының өлшем бірлігіне салық есептеулерінің шамасын білдіреді.

7) салық кезеңі – салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдергеқатысты белгіленген уақыт кезеңі, ол аяқталған соң салық базасы айқындалады және бюджетке төленуге тиіс салық және басқа да міндетті төлемдер сомасы есептеледі.

8) салық жеңілдіктері – төлем қабілетін, қоғамдық өндіріске қатысу және басқа да факторларды ескеріп заңмен қарастырылған жалпы ережеден шығару. Салық жеңілдіктері – заңға сәйкес салық төлеушіні біртіндеп немесе салық төлеуден түгел босату.

9) салық есептілігі – салық төлеуші және салық агенті салық органдарына табыс ететін, салық міндеттемелерін есептеу туралы ақпараты бар құжаттама

10) салықты есептеу тәртібі – негізінен салықты есептеудің 5 кезеңі бар: 1) салық салынатын объектіні есепке алу; 2) салық салу объектісінен салық базасын есептеу; 3) салық ставкаларын қолдану: 4) салық жеңілдіктерін қолдану; 5) салық сомасын есептеу.

11) салықты төлеу тәртібі – салық төлеушінің мемлекетке салық төлемдерін төлеуде жүзеге асырылатын салық заңдылықтарында бекітілген ереже.

2.Салық субъектісі – заңды немесе жеке тұлға, яғни салықты төлеушілерді айтамыз.Салық төлеушілер:

- қызметкерлер - өз еңбегімен материалдық және материалдық емес игілік жасайтын, сонымен бірге белгілі бір түсім алатындар, яғни жеке тұлғалар.

- шаруашылық субъектілері – капитал иелері, яғни заңды тұлғалар.

Салық төлеуші – салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеуші болып табылатын тұлға.

Тұлға – жеке және заңды тұлға болып бөлінеді.

Жеке тұлға – Қазақстан Республикасының азаматы, шет мемлекеттің азаматы, азаматтығы жоқ адам.

Заңды тұлға – Қазақстан Республикасының немесе шетмемлекеттің заңдарына сәйкес азаматтық, оның ішінде шаруашылық ұқықтар мен міндеттер субъектісі ретінде әрекет ететін ұйым немесе кәсіпорын.

3. Салық объектісі – салық есептелетін база, яғни салық не үшін төленетінін қарастырады, мәселен: табыс, мүлік, тауар, мұра, жер және т.б. Осы аталғандардан салық төленеді.

Мүлік жылжитын және жылжымайтын мүлік болып бөлінеді.

Тауар – қажеттілік пен тұтынуды қанағаттандыратын зат. Айналымнан алынбаған, сатуға немесе айырбасқа арналған кез келген еңбек өнімі болып табылады.

Мұра – қайтыс болған азамат мүлкінің оның мұрагерлеріне көшуі. Көптеген мемлекеттерде мұраға салық салынады.

Жер – белгілі бір өлшемдегі пайдалану мүмкіндігі орасан зор табиғи байлық. Күнделікті пайдаланылады.





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 1086 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.