Негізгі ұғымдар:Мемлекетгің салыктық қызметі,салык салу,салық салу жүйесі
Лекции.Орг

Поиск:


Негізгі ұғымдар:Мемлекетгің салыктық қызметі,салык салу,салық салу жүйесі




1.Мемлекетгің салыктық қызметі Қазакстан Республикасының салык жүйесі ауқымындағы салык салу процесін ұйымдастыруға және салык салуға байланысты барлык мән-жайларды (салыктар мсн баска да міндетгі төлемдердін шамасын және ставкаларын, салыктық төлем сомаларын есептеу және оларды бюджетке төлеу тәртібін, өздеріне катысты заңи фактілер негізінде салыктык міндеттемелер жүктелген занды және жеке тұлғалардың шеңберін, салық жүйесінің барынша жұмыс істеу механизміндегі фискальдық және реттеуші функциялардың өзара іс-әрекетін, сондай-ақ олардын балансты болуын) камтамасыз етуге бағытталған, салыктық заң актілеріне негізделген мемлекеттің объективті экономикалық қызметі болып табылады.

Салықтар мемлекеттік кірістің (бюджеттің) ең мол түсім көздері болғандыктан олар қандай болмасын мемлекеттің өсіп-өркендеуінің материалдық негізі болып есептелінеді. Сондықтан салықтық қызмет мақсатының басты бағыты салықтардың көмегімен бюджетке кірістерді тарту арқылы мемлекеттің қазынасын қалыптастыру және мемлекеттің функциялары мен қоғам мүдделерін акшалай қамтамасыз ету болып табылады.

Бұл ретте мемлекеттік салықтық қызмет аясы коғамның әлеуметтік-экономикалык инфрақұрылымын кұруға бағытталған іс-қимылдарды қамтиды.

Мемлекеттің салықтық қызметі:

1) Мемлекет аумағындағы республикалық және жергілікті бюджеттерге алынатын салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді, олардың түрлерін, ерікті төлеу және мәжбүрлеп алу тәртібін белгілеу, салық жүйесі мен салықтық құрылымдарды қалыптастыру және олардың тиісінше жұмыс істеулерін қамтаасыз ету, сондай-ақ қоғамның әлеуметтік-экономикалық аясын салықтық реттеу жөніндегі мемлекеттің біртұтас өзінің немесе өзі айрықша уәкілеттілік берген мемлекеттік органдарының қызметі ретінде;

2) барлық салық төлеушілердін өздеріне тиесілі салықтық міндеттемелерін дұрыс орындауларына жағдай жасау, салық әкімшілігін толыкканды жүргізу, онын ішінде салыктық тексерулердің жемісті жузеге асырылуына баса назар аудару, сондай-ақ занда көзделген келеңсіз сәттердің орын алуына байланысты салықтарды мәжбүрлеп алу жөніндегі арнайы уәкілетті салық органдарының іс-қимылдары мағынасында сипатталады.

Салықтық кызмет өзара тығыз байланысқан құқықгық және экономикалық қатынастардың жұйесінен тұрады. Жоғарыда айтқандай, мемлекет тиісті зандар мен басқа нормативтік-құқықтық актілерді қабылдауы арқылы салықтар мен міндетті төлемдерді белгілейді, өзгертеді, жояды және олардың уақтылы, белгіленген мөлшерде бюджетке түсуіне бақылау жүрізеді.

Демек, салықтар мсн өзге де міндетгі төлемдердің белгіленуі және алынуы мемлекеттің салықтық, қызметіне байланысты болады.

Мемлекеттін салықтық қызметі:

1) салықтар мен өзге де міндетті төлемдерді белгілеу;

2) мемлекеттің салық жүйесінің қазіргі кезең талаптарына
сай құрылуына, оның экономикалық және кұқықтық
негіздерінің тиімді болуына ат салысу;

3) салық төлеушілердің өз салықтық міндеттемелерін біржакты - ерікті орындауларына жағдай жасау және осыған орай салықтық бақылауды жүзеге асыру;

4) салык салу саласындағы мемлекетгік органдар мен арнайы
Салык органдарының жүйесін айкындау және олардың тиісті
құзыреттерін белгілеу;

5) салык органдарының кызметтерін тиімді ұйымдастыру
және салықтық құқықтарын ұтымды белгілеп, жетілдіру;

6) салықтық міндеттемелердің айтарлыктай көлемде орындалмағанына орай олардың мәжбүрлі негізде жүзеге асырылуын камтамасыз ету;

7) салықтық зандарды бұзғаны үшін заңи жауапкершілік
белгілеу және осы жауапкершілік шараларына кінәлі тұлғаларды тарту;

8) салық салу саласындағы салық органдары мен салық
төлеушілердін құқыктық және салықтық мәдениетгерін қажетті
деңгейде калыптастыру аркылы олардын материалдық
мүдделерінің мүмкіндігінше балансты болуына ат салысу;

9) отандық және шетелдік инвестиииялардың мол және
тиімді ағымының арнасын кеңейту мақсатында инвесторларға салу климатын жақсарту, тартымды женілдіктер беру және оларға катысты салык әкімшілігін екі жақтын (тараптын) мүдделерін есепке ала отырып жүргізу сияқты негізгі бағдар-бағыттар бойынша жүзегс асырылады.

Салық салу ұғымы.

Салык салу процесі әдетте, салықтың саны мен сапасы негізделген нақтылы ақшалай ресурстар ағынын, оның әлеуметтік-экономикалык мағынасы мен бағытын салық жүйесіндегі фискальдық және реттеуші функцияларды камтамасыз етуге бағдарлайды.

Мемлекеттік - өктем билік жүргізу аясы мен корпоративтік және жеке меншік аялары субъектілеріні арасындағы салықтық төлемдер ағыны корпоративтік және жеке меншік акша қаражаттарына байланысты меншік нысанынын ауысуымен, сондай-ақ меншік құқығының алмасуымен ерекшеленеді.

Салық салу заң жүзінде айқыңдалып, белгіленген салықтарды тиісті аялар бойынша есептеу және нактылы салықтық төлемдер сомасын республикалық немесе жергілікті бюджеттерге алу процесін білдіреді.

Салықтар қоғамдағы экономикалык катынастардың аса кажетгі звеносы, бюджет-қаржы жүйесінің манызды құраушысы, әлеуметтік-саяси қатынастардың басты элементі, мемлекеттік кірістің негізгі нысаны, жалпы мемлекеттік қаржылардың элементі, қоғамдык өндіріске мемлекет тарапынан экономикалық ықпал ету үшін пайдаланылатын механизм, мемлекетгік бюджет кірісін қамтамасыз ететін тетік, экономиканы реттеу және ынталандыру құралы, дербес экономикалық категория, мемлекетгік бюджет кірісі мен корпоративтік жене жеке меншік шаруашылык аялардағы қаржылық қатынастарға тікелей қатысы бар объективті-субъективті қаржылық-экономикалық және құқықтық қоғамды құбылыс болып табылады.

Салық салу жүйесінің ұғымын мемлекеттің салық жүйесінің экономикалық-каржылық негізін (ірге тасын) құрайтын, Қазакстан Республикасы Салық кодексінің нақтылы баптарында белгіленіп, бекітілген салықтар мен баска да міндетті телемдердің объективті жиынтығы деп айқындауға болады.

Салық салу жүйесі мемлекеттің салыктык күзырының аукымында жұмыс істейді. Мемлекеттің салықтық кұзыры Қазакстан Республикасының Конституциясында айкындалып, Салық кодексінін ережелеріңде заңдык керініс тапкан тиісті мемлекеттік билік органдарынын салыктар мен баска да міндетгі төлемдерді белгілеу және алу жөніндегі мемлекеттік өктем өкілеттіліктері камтитың ая болып табылады, сондай-ақ ол экономикалық кеңістіктегі мемлекетгің салык салу жүйесінің стратегиялык әлеуетін білдіреді.

Салық салу жүйесі мемлекетгік билік тармақтарының объективті-субъективтік қызметтерін материалдық түсім көзімен қамтамасыз ететін императивтік (әмірлі) нысан болып табылады.

Дүниежүзілік салық салу практикасында әр түрлі салықтар атқаратын рөлдерге қарай:

1) англосаксондық модель;

2) еуроконтанентальдық модель;

3) латынамерикалық модель;

4) аралас модель сияқты базистік салық салу жүйесіне
бөлінген.

Англосаксондық салық салу жүйесі негізінен жеке тұглғалардан алынатын тікелей салықтарға сүйенеді.

Еуроконтинентальдыксалықсалужүйесіжанамасалықтарға бағдарланған.

Латынамерикалық салық салу жүйесі көбінесе жанама салықтардыңалынуын көздейді.

Аралас салық салу жүйесі заңды тұлғалардан алынатын тікелей және жанама салықтарға, жеке тұлғалардың салықтарына, сондай-ақтек жанама салықтарға, яғни мемлекеттің накқтылы даму кезеңіне орайқұрылымдаған салық жүйесіндегі салық түрлеріне байланысты жұмыс істейді.

Қазакстан Республикасындағы салық салу айқындылығы нақтылы салык төлеушіге қатысты салықтық міндеттемелердің туыңдауының, орындалуының және тоқтатылуының барлқк непздері мен тәртібін салық заң актілерінде белгілеу мүмкіңдігін білдіреді.





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 662 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.004 с.