Негізгі ұғымдар:салық мiндеттеме,салық салу объектiсi,салық базасы, салық ставкасы,салық кезеңі.
Лекции.Орг

Поиск:


Негізгі ұғымдар:салық мiндеттеме,салық салу объектiсi,салық базасы, салық ставкасы,салық кезеңі.




1. ҚР СК –нің 26-бабында көрсетілгендей: Салық төлеушiнiң Қазақстан Республикасының салық заңнамасына сәйкес мемлекет алдында туындайтын мiндеттемесi салық мiндеттемесi деп танылады, оған орай салық төлеушi салық органында тiркелу есебiне тұруға, салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi айқындауға, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi есептеуге, салықтық нысандарды жасауға, салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды салық органына белгіленген мерзімде табыс етуге, салықты және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердi төлеуге мiндеттi.

Мемлекеттің салық қызметi органы арқылы салық төлеушiден оның салық мiндеттемесiн толық көлемiнде орындауын талап етуге, ал салық мiндеттемесi орындалмаған немесе тиiсiнше орындалмаған жағдайда осы Кодексте көзделген тәртiппен оларды қамтамасыз ету жөнiндегi тәсiлдердi және мәжбүрлеп орындату шараларын қолдануға құқығы бар.

Өзінің экономикалық және құқықтық табиғатына сай салықтық міндеттеме:

- тек мемлекеттің еркіне және әмірлі талабына сай туындайды;

- әрдайым мерзімді сипатта болады;

- өзінің сипаты бойынша мемлекеттік (қоғамдық)-құқықтық тұрғыдан

ерекшеленеді;

- салықтық төлемдердің сомасына байланысты көбінесе акшалай көрініс табады;

- өзінің мән-жайына қарай бір жакты міндеттеме болып табылады;

- оның айтарлықтай дәрежеде (тиісінше) орындалуы мемлекеттің мәжбүрлеу күшімен қамтамасыз етіледі;

- міндеттеме бойынша салықтықтөлемдерді ақшаа қаражаттарын мемлекет кірісіне аударуға байланысты салық төлеуші тұлғаның белсенді іс-кимылдарымен сипатталады;

- құрылымында салықтың заңи құрамының мұқият белгіленген элементтерінің болуы оның тиісінше орындалуының негізі болып табылады;

- әрбір жекелеген салықтарға тән салық салу объектілерімен, салық салуға байланысты объектілермен, салық базасымен, салық ставкасымен және caлық кезенділігімен мазмұндалады.

Мүлiк пен iс-әрекеттер салық салу объектiсi және (немесе) салық салуға байланысты объект болып табылады, олардың болуына байланысты және (немесе) олардың негізінде салық төлеушiнің салық мiндеттемесi туындайды.

Салық базасы салық салу объектiсiнің құн, физикалық немесе өзге де сипаттамаларын білдіреді, олардың негiзiнде салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің сомасы айқындалады.

Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемді есептеу жөніндегі салық міндеттемесінің шамасын бiлдiредi.Салық ставкасы салық салу объектісінің немесе салық базасының өлшем бiрлiгiне процентпен немесе абсолюттi сомамен белгiленедi.

Салық кезеңі деп салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің жекелеген түрлеріне қатысты белгіленген уақыт кезеңі түсініледі, ол аяқталған соң салық салу объектісі, салық базасы айқындалады, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да міндетті төлемдердің сомасы есептеледі.

2. Салықтық міндеттемені орындау осы міндеттеменің әрбір субъектісінің міндеттерін құрайтын белгілі бір іс-кимылдарды тиісінше (ойдағыдай) жүзеге асыру болып саналады.

Егер Салық Кодексінде өзгеше белгiленбесе, салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындауды дербес жүзеге асырады.

Салық төлеушi салық мiндеттемесiн орындау үшiн мынадай iс-әрекеттер жасайды:

1) салық органында тiркелу есебiне тұрады;

2) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi есепке алуды жүргiзедi;

3) салық салу объектiлерiн және (немесе) салық салуға байланысты объектiлердi, салық базасы мен салық ставкаларын негiзге ала отырып, салықтың және бюджетке төленуге жататын басқа да мiндеттi төлемдердің сомасын есептейдi;

4) салық тіркелімдерін қоспағанда, салықтық нысандарды жасайды және белгіленген тәртіппен салық қызметі органдарына табыс етеді;

5) салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің есептелген және есепке жазылған сомасын, салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша аванстық және ағымдағы төлемдерді төлейді.

Салық төлеуші салық міндеттемесін Қазақстан Республикасының салық заңнамасында белгіленген тәртіппен және мерзімдерде орындауға тиіс.

Салық төлеуші салық міндеттемесін мерзімінен бұрын орындауға құқылы.

Қолма-қол емес нысанда орындалатын салық төлеушінің салықты және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдарды төлеу бойынша міндеттеме банктен немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымнан салықтың және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдердің сомасына төлем тапсырмасының акцептін алған күннен бастап немесе банкоматтар немесе өзге де электрондық құрылғылар арқылы төлемді жүзеге асырған күннен бастап, ал қолма-қол нысанда – салық төлеуші көрсетілген соманы банкке немесе банк операцияларының жекелеген түрлерін жүзеге асыратын ұйымға, уәкілетті мемлекеттік органға, жергілікті атқарушы органға енгізген күннен бастап орындалған болып саналады.

Салық Кодексінде белгіленген жағдайларда салық төлеушінің уәкілетті өкілі салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді, әлеуметтік аударымдарды төлеу, міндетті зейнетақы жарналарын аудару кезінде төлем құжаттарында ақшаны жөнелтушісалық төлеушінің тегін, атын, әкесінің атын (ол болған кезде) немесе атауын және оның сәйкестендіру нөмірін көрсетеді.

Салық төлеушінің салық агенті орындайтын, салық төлеу жөніндегі салық міндеттемесі салық ұсталған күннен бастап орындалған болып есептеледі.

Салықты, төлемақыны төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар төлеу бойынша міндеттеме Салық Кодекстің 599-бабында белгіленген тәртіппен есепке жатқызулар жүргізу арқылы орындалуы мүмкін.

Салықты, бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді төлеу жөніндегі салық міндеттемесі, сондай-ақ өсімпұлдар мен айыппұлдар төлеу бойынша міндеттеме осы Кодексте, Қазақстан Республикасының акционерлік қоғамдардың қызметін реттейтін заңнамалық актілерінде көзделген жағдайларды, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасында және жер қойнауын пайдалануға арналған келісімшарттардың ережелерінде төлеудің заттай нысаны немесе шетелдік валютада төлеу көзделген жағдайларды қоспағанда, ұлттық валютамен орындалады.(31-бап.)

Салық мiндеттемесiн орындау мерзiмдерiСалық Кодексінде белгiленедi. Бұл ретте, Салық Кодексіндебелгiленген мерзiмнiң өтуi салық мiндеттемесiн орындау мерзiмінің басталуы айқындалған нақты оқиғадан немесе заңдық iс-қимылдан кейiн келесi күнi басталады. Мерзiм Салық Кодексіндебелгiленген кезеңнің соңғы күнінiң соңында аяқталады. Егер мерзiмнің соңғы күнi жұмыс күнi болмаса, мерзiм келесi жұмыс күнiнiң соңында аяқталады.(33-бап.)





Дата добавления: 2016-11-23; просмотров: 789 | Нарушение авторских прав | Изречения для студентов


Читайте также:

Рекомендуемый контект:


Поиск на сайте:



© 2015-2020 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.003 с.