7. Дене қызуы - таңертең - кешке
8. Тыныс: өзіндік, дауыстың өзгеруі, тыныс алу жиілігі, тыныс сипаты, ентігу сипаты, қакырық сипаты, жетел сипаты, қан кақыру
9. Тамыр соғуы, оның 1 минуттағы сипаты, ырғағы, толымдылығы, қатаңдығы
10.
Екі қолдағы АҚҚ. - Сол: -Оң:
11.
Сезім мүшелері: -есту, - көру, -иіс сезу, - сипап сезу, - дәм сезу, - сөйлеу.
12 Ауыз қуысын қарау: - протез бар жоғын
13 Тағам қабылдау: -
№ емдәмдік мәзір,
– тәбет:(сақталған, жоғарылаған, төмендеген);
- сұйықтық ішу:
шектелген, көп мөлшерде, өзгеріссіз.
- өзі ішеді,
- ішкізетін кұрал арқылы ішеді,
- жұтынуы (еркін, қиындаған, өтпейді),
-басқа да мәліметтер.
14 Нәжістің сипаты
15 Несептің сипаты, зәр шығару
16 Қимыл белсенділігі: қолдың треморы, қимылының бұзылуы, парездер, параличтер
17 Зәр шығару:
өз еркімен,
зэәр ұстамау,
зәр қабылдағыш,
катетер
18 Нәжіс:
өз еркімен,
нәжіс ұстамау,
клизма көмегімен,
дәрет ыдысы,
нәжіс қабылдағыш,
колостома не басқа стома
19 Қимыл қабілеті:
өз еркімен жүру,
төсекте,
басқа адамның көмегімен қимылдайды,
қосымша зат қолданылады (сүйеніш, коляска, арба).
палата ішінде жүреді,
дәретханаға дейін бара алады, - сыртқа шығуға
20 келуін күтеді)
21. Науқастың жүйкелік-психикалык жағдайы: бақылаған жағдайды сипаттау: (өзін-езі ұстау, калпы, сөйлеуі, реакциясы, көңіл куйі, эмоционалді жағдайы, орналаскан орнын. уакытты, айналадағыларды және өзін-өзі тан
22. Қажеттіктердің бұзылуы:
- тыныс алу
- тамақтану
- су ішу
- шығару
- ұйыктау, дем алу
- таза болу
- киіну
- шешіну
- дені сау болу
- козғалу
- қауіптерге жоламау
- қарым-қатынас жасау
- дене температурасын сақтау
тұрмыстық және рухани байлықтарының болуы
24 Күтім кезіндегі науқастын тәуелсіздік дәрежесі Өзін өзі күту (тәуелсіздік дәрежесі) - өзін өзі куту, жартылай тәуелді,біреудің көмегімен, толығымен тәуелді
Мейірбикелік диагноз - бұл мейірбикенің араласуын қажет ететін және мейірбикенің тексеру нәтижесінде қойылатын науқастың денсаулығының жағдайы. Мейірбикелік диагноз дәрігерлік диагнозды айырмашылығы:
• дәрігерлік диагноз ауруды анықтайды, ал мейірбикелік - ағзаның өзінің жағдайына берген реакциясын анықтауға мақсатталады;
дәрігерлік диагноз аурудың ағымында өзгермеуі де мүмкін. Мейірбикелік диагноз әр күн сайын өзгеруі мүмкін немесе ағзаның реакциясының өзгеруіне байланысты күніне бірнеше рет өзгеруі мүмкін;
• дәрігерлік диагноз дәрігерлік тәжірибе деңгейіндегі емді тағайындайды, ал мейірбикелік - мейірбикелік араласу онын компетенциясымен тәжірибесіне байланысты;
Дәрігерлік диагноз ағзадағы патофизиологиялық өзгерістердін тууына байланысты болады. Мейірбикелік - көбіне науқастың жағдайына байланысты болады.
АҒЗАНЫҢ ӘРТҮРЛІ ЖҮЙЕЛЕРІНІҢ
ҚЫЗМЕТІ БҰЗЫЛҒАН КЕЗДЕГІ МЕЙІРБИКЕЛІК ҮРДІС
Тыныс алу жүйесінің қызметі бузылған науқастарды бақылау және күтім жүргізу
Тыныс алу мүшелері ағзаны оттегімен қамтамасыз етуге және одан көмір қышқыл газын шығару кызметін атқарады. Дені сау адамның тыныс алу қимылы минутына 16 дан 20 - ға дейін болады, бұл адамның жасына, жынысына, дене бітіміне байланысты. Дене қызуының көтерілуі, қобалжуы, дене еңбегімен айналысу тыныс алу жиілігін арттырады.
Тыныс алу мушелері ауруларының жалпы сипаттамасы
Ентікпе дегеніміз тыныс алудың қиындауы, ол дем алу қимылдарыныңырғағы мен күшінің бұзылуымен сипатталады. Бұл жағдайда сырқат дем жетпегендей ауыр сезініп, осыған байланысты терең де жиі дем алады. Ентікпе - корғаныш-физиологиялық икемделу, оның көмегімен организм жетіспейтін оттегінің орның толтырып, жиналған қышқылының артығын шығарады. Ентікпе кезінде тыныс реттілігі бұзылады, ол тыныс алудың жиілігімен және тереңдігімен білінеді. Жиі және сирек, сондай-ақ үстірт және терең дем алулар түрін ажыратуға
Ентікпенің екі түрі бар - инспираторлық және экспираторлық. Инспираторлық ентікпе ұзақ дем алумен сипатталады және ол дауыс I саңылауының рефлекторлық қысылуы кезінде пайда болады. Бұл кезде сырылдап дем алады. Экспираторлык, ентікпе /қиналып дем алу/ ұсақ бронхтардың және бронх бұлшық еттерінің жиырылуы салдарынан майда бронхтардың саңылауы тарылған кезде, әдетте бронх демікпесі кезінде пайда болады.
Тыныс алу жүйесінің көптеген жедел және созылмалы ауруларында ентікпе кездеседі. Оның болуының себебі көбінесе қанның газ кұрамының шгеруіне байланысты - кұрамдағы көмірқышқыл газы жоғарлап, оттегі томендейді, қанның рН қышқылдығы жоғарлап, ол тыныс орталығындағы және шеткі хеморецепторлардың тітіркендіргенен тыныстың жиілігімен тереңдігі өзгереді.
Кенеттен пайда болған өте күшті демікпені - тұншығу деп атаймыз. Бронх өткізгіштігінің жедел бұзылудағы тұншығу (бронхтың спазмы, кілегей қабатының ісінуі, онда тұтқыр кақырықтың жиналуы) - бронх астмасының ұстамасы деп аталады. Бұл жағдайда науқастар ауа жетпей, көгеріп, тынымсыз, өзінің жағдайын жеңілдетуге тырысады.
Науқаста ентігу немесе тұншығу пайда болғанда мейірбикенің міндеті:
- бірден дәрігерге ентігу сипаты, тыныс алу жиілігі туралы өз бақылауын айту, сондай-ақ, науқастың жағдайын жеңілдету үшін шаралар қолдану;
- науқасқа биіктеу (жартылай отырғызу) қалып беру;
- тар киімнен және ауыр көрпеден босату;
- бөлмеге таза ауа ағынын арттыру;
- дәрігердің сәйкес тағайындауы болса, науқасқа қалталық ингалятор беріп, оны қалай қолдану туралы түсіндіру;
- қажет болса оксигенотерапия жүргізу.
Жөтел - бронхтардың және жоғарғы тыныс жолдарынан бөгде заттар, шараналар, жоғарғы тыныс жолдарының, бронхтардың және өкпенің түрлі аурулары кезінде қақырықтар шығаратын қорғаныш-рефлекторлық акт болып табылады. Жөтел рефлексі кақырынуға көмектеседі. Дауыс саңылауы жабулы кездекенеттен әрі шұғыл дем алу жөтелуге түрткі болады. Жөтел деген былайша шығады - адам терең демалады, содан кейін дауыс саңылауы, барлық тыныс алу бұлшық еттері, диафрагма мен төс етегі жабылады, екпедегі ауа қысымы көтеріледі. Дауыс саңылауын шұғыл ашқан кезде тыныс жолында жиналған ауа қақырықпен немесе басқа бөгде заттармен бірге күшпен ауыз арқылы ашылып шығады. Тыныс жолдарындағының бәрі мұрын арқылы шықпайды, себебі жөтел кезінде мұрын қуысы жұмсақтаңдаймен жабулы тұрады.
Сипатына қарай жөтел қақырықсыз құрғақ және қақырық түсетін дымқыл болады. Жөтел негізгі ауруды біршама ауырлатады. Құрғақ жөтел жоғарғы тембірмен сипатталады, тамақты қышытады, кақырық түспейді. Дымқыл жөтелде кақырық түседі, онын үстіне неғұрлым сұйықтау болса, оңай қақырынады.
Жөтелі болса мейіркеш дәрігердің белгілеуін қатан орындайды, бір шөкім натрий гидрокарбонатын салып жылы сүт, қақырық түсіретін микстура беріп, оның тоңып қалмауы үшін сыркатты қымтап жабады.
Қақырық - өкпе мен тыныс жолдарынан жөтел кезінде бөлінетін патологиялық секрет. Қакырықтың мөлшері мен касиеттерін анықтаудың үлкен диагностикалық маңызы бар. Сипаты бойынша қақырық шырышты, серозды, іріңді, геморрагиялық, аралас болады. Оның тәуліктік мөлшері 10 мл - ден (созылмалы бронхит кезінде) 1 және одан да көп литрге дейін болуы мүмкін (өкпе абсцесі бронхқа жарып шыққанда, өкпе гангренасында немесе бронхоэктаз ауруында).
Құрғақ жөтелі бар науқастың күтімі - бұл негізгі аурудың емі, қақырық түсіретін препараттарды қолдану, көп мөлшерде жылы сілтілі сұйықтық ішуді ұсыну. Қақырық болғанда мейірбике қалталық ингалятордың тазалығын және уакытымен босатылуын бақылап, оларды хлораминнің, хлорлы эктің сұйық ерітінділерімен күнделікті зарарсыздандырып отыруы керек. Науқастың үнемі күніне бірнеше рет 30 минуттан дренажды қальш (қақырық ете жаксы шығатын қалып) қабылдауын қадагалау қажет.
Қақырық жақсы түсуі үшін сырқаттың неғү_рлым ыңғайлы қалпын табу қажет, яғни дренаж калыппеіі жатқызу. Біржакты процесс кезінде оны ауырмайтын бүйіріне келтіру. Дренаж қалыпты жатқызу 20-30 минут бойы күніне 2-3 рет қайталанады. Мейіркеш сырқаттың жүйелі түрде осының бәрін орындап отыруын қадагалауы тиіс. Сырқат күнгірт шыныдан жасалған, бұралмалы қақпағы бар түкіргішке түкіруі тиіс. Тәулік бойындағы қақырықты өлшеу үшін қалта түкіргішінен мөлдір ашық түсті шыныдан жасалған, қақпағы бар, бөлімдерге бөлінген ыдысқа кұяды да, қараңғы салқын жерде ұстайды.
Көп қақыратын сырқатқа жақсы бұралып жабатын, калтаға салып жүретін түкіргіш береді. Қалған сырқатка жұқтырмау мақсатында қол орамалға түкіреді, ал еденге тіптен де түкіруге болмайды.
Қан тукіру - бұл біркелкі немесе жеке жолғалы қан араласқан (мысалы, өкпе ісігінде «таңқурай желесі» тәрізді) қақырықтың түсуі. Крупозды пневмонияда қақырық «тат басқан» болуы мүмкін. Тыныс жолдары арқылы қанның көп мелшерде бөлінуі (жөтелмен немесе үздіксіз ағынмен) өкпеден қан кету деп аталады. Оны асқазан қан кетуінен ажырата білу керек. Өкпеден қан кеткенде кан алқызыл түсті, көбікті, ұйымайды, сілтілі реакциялы, жөтелген кезде бөлінеді, ал асқазанннан қан кеткенде қан асказанның кышқыл сөлінің әсерінен және тұзқышқылды гематиннің құрылуы салдарынан қошкыл түсті, «кофе тұнбасы» сияқты, қышқылды реакциялы, тамақпен араласқан, құсқан кезде бөлінеді.
Қан түкіру және өкпеден қан кету шұғыл дәрігерлік әрекетті (диагностикалық рентгеноскопия. томография, бронхоскопияны) қажет счетін өте қауіпті симтомдар болып табылады.
Науқастын күтімі - толық тыныштықпен қамтамасыз ету, сол жақ өкпеге қанның түсуін болдырмас үшін науқасты зақымданған жағына қарай қисайтып жартылай отырғызу. Кеуде клеткасының зақымданған жағына мұзды қабық қойылады. Сонымен қатар мұзды жұтқызады, бұл тамырлардың рефлекторлы спазмына және өкпеге қан толудың азаюына әкеледі. Қатты жөтелгенде қан кету күшейеді, жөтелге қарсы заттар тағайындалады. Тамақ тек қана суық қоймалжың түрінде беріледі.
Кеуде клеткасына оңкалар, қышалар, компрестер қоюға болмайды! Егер сырқат өздігінен аузын шая алмайтын болса, мейіркеш шпательге оралған зарарсызданған салфеткамен жайлап онын ауыз қуысын сүртіп, аузында қалған қанды кақырық қалдықтарын шығаруы тиіс.
Мейіркеш сырқат тесегінің жанында әбден қан қақырып болғанша кетпей тұруы, оның жүрек-кан тамыры жүйесінің күйін бақылауы, тамыр соғуын санап, кан тамыры қысымдарын өлшеуі жэне әрдайьш қажетті дэрі-дэрмек енгізуге арналған зарарсызданған инелері бар шприцті дайындап үхтап тұруы қажет.
Кеуде қуысынын аүырсынуы - жиі тыныс алу органдары ауруының белгілерінің бірі. Әдетте мұндай аурулар плеврада қабыну процестері болуымен байланысты және өкпе меи плевраның қабынуы кезінде пайда болады.
Плевра ауырсынуы ушін терең дем алған кезде байқаулы тән. Кеуде қуысындағы ауырсынуды азайту үшін сырқат акырын демалып, жөтелмеуі қажет. Ауыратын жағының қолайлы қалпын табу қажет, содан кейін плевраның козғалысы тоқталады да, сырқаттың ауырсынуы азаяды.
Сырқаттың кеуде қуысында ауру пайда болған кезде мейіркеш оның көңіл-күйін жеңілдетуге тырысуы тиіс. Ол үшін сырқатты неғұрлым ыңғайлы жатқызып, жақсылап жауып, дәрігердің белгілеуі бойынша қыша, онқа қоюы немесе йод тұндырмасымен кеуде қуысын майлауы қажет. Егер мұндай емнің нәтижесінде ауруы азаймаса, дәрігердің белгілеуі бойынша ауруын жеңілдететін дәрі-дәрмектер береді.
Тыныс алу мүшелері ауруы көбінісе қызбамен бірге өтіліп, дірілдеп-қалдырады. Бұл кезде сырқаты басқы /грелка/ салып қыздырып, қымтап жауып тәтті, ыстық, қою шай береді. Денесінің ыстығы кетерілгенде басына мұз салынған торсық қоюға болады. Ыстығы түскенде қатты терлейді. Мұндай жағдайда сырқаты құрғақ сүлгімен сүртіп, іш киімін аустыруға қажет. Оның дымқыл іш киімін бір минутта кешіктірмеу абзал. Мейіркеш сырқаттың тамыры соғуын, қан қысымын, тыныс алуын қадағалап, оның жағдайы нашарлап, тіпті әлсірегенің өзінде дереу дәрігер шақыру тиіс.
Науқасқа дренажды қалып беру. Дренажды қалып дегеніміз қақырық неғұрлым жақсы түсетін қалып.
Мақсаты: бронхит, өкпе абсцесі. бронхоэктаз ауруы және т.б. аурулар кезінде кақырықтың жақсы шығуы.
1. Мейірбике науқасты арқасында жатқан қалпынан жайлап 360°-қа бұрады.
2.Әрбір 45 минут сайын мейірбике науқасқа терең тыныс шығаруды ұсынады және жөтел пайда болса науқасты жақсылап жөтелдіреді.
3. «Намаз оқып отырған мұсылман қалпын» қолдануға болады, бұл кезде науқас тізерлеп отырады да алдыға қарай еңкейеді, сонымен қатар басы мен денесінің жоғарғы бөлігін солға және оңға қарай кезек-кезек төсектен төмен түсіреді.
4. Бұл ісшараны күніне 5-6 рет жүргізеді.
5. Егер осы ісшаралардың біреуінде де қақырық түспесе, онда оларды қолданудың пайдасы жоқ!
Тыныс алу жүйесінің қызметі бұзылған сырқаттарды
диагностикалық тексерулерге дайындау, зерттеуге қақырық жинау
ережелері, қалталық ингаляторды қолдану, оттегі терапиясы.
Түкіргіштерді дезинфекциялау
Тіннің өткізгіштік қасиетіне байланысты рентген сәулелері диагностикада қолданады. Тыныс алу жүйесінің түрлі рентгенологиялық зерттеу әдістері ең маңызды болып табылады. Рептгеноскопия - адам денесінен рентген-сәулесін еткізіп мүшесінің бейнесін экранда көруге болатын әдіс. Рентгенография - рентген-сәулесі арқылы суретке түсіріп алу әдісі томография - қабаттық рентгенография. Флюорография - кеуде қуысының мүшелерін кіші көлемде суретке түсіріп алу әддісі. Рентген-сәулесінің аз өтуіне байланысты адам ағзасына қаупі төмен.
Бронхография - бұл әдіс бронхқа катетермен контрасттық заттарды жіберу арқылы бронх жолдарын суреттеп алу. Бронхография наркозбен жасалады, ол бронхоскоп арқылы бронхтарға рентген-контрастық заттың енгізу арқылы бірнеше рентген-суреті жасалынады.
Эндоскопия зерттеу әдісі - тыныс алу органдарының ауруларының диагностикасында маңызды орын алады. Бұл әдіс арқылы трахея мен бронхтың ішкі кілегей қабаттарын арнайы оптикалық инструментпен -бронхоскоп арқылы көруге болады. Бронхоскопия - бронхтың кілегей қабаттың зақымдануын (бронхит, бронхоэктаз ауруы), бронхтағы ісікті анықтауы және оның тканінен қысқыш арқылы бөлшегін алып биопсияға жіберіп, бактериологиялық және цитологиялық зерттеулер үшін бронх жуындысын алып зерттейді, Брохоскопия арнайы дайындалған дәрігермен жүргізіледі. Науқасқа жүргізілетін зерттеу жөнінде алдын-ала хабарланып және тамақ ішпеуін ескерту қажет.
Функциональдық зерттеу әдістерінің бірі - спирография (тыныс қимылдарын графикалық тіркеу әдісі).
Сыртқы тыныс алу функциясын (өмірлік өкпе көлемінің) анықтауының инструменталдык әдісі - спирография деп аталады. Науқас арнайы дайындықсыз орындыққа отырып, резинке мундштукты аузына еилып мейірбикенің бұйрығымен аппаратқа аузбен дем алып-шығарады (мұрында қысқыш болады). Өмірлік өкпе көлемінін төмендеуі эмфизема, ішевмосклероз, сол қарыншалык жетіспеушілікте байқалады. Бұл әдіс тыныс алу жүйесінің жетіспеушілігін анықтауға мүмкіндік береді, кейбір кездерде бірінші клиникалық симптомтардың пайда болуына дейін, оның типін, сипатын және осы жетіспеушіліктің көрінісінің дәрежесін анықтайды.
Тыныс алу мүшелерінің рентген-зерттеуі арнайы дайындықты қажет етпейді, дер кезінде ауырға хабарлап, рентген-кабинетіне апару керек.
Оксигенотерапия дегеніміз оттегін емдеу мақсатында қолдану.
Көрсеткіштері: цианозбен (көгерумен), оттегінің тіндердегі парциальды кысымын төмендеуімен өтетін жедел немесе созылмалы тыныс ауа жетіспеушілігі.
Емдеу үшін құрамында 50 - 60% (80%-ке дейін) оттегі бар газ қоспасы қолданылады (таза оттегі адам организміне улағыш әсер етеуі мүмкін). Иісті газбен уланғанда карбоген қолданылады (95% оттегі мен 5% көмір кышқыл газының қоспасы), өкпе ісінуінде - 50% отгегі мен 50% спирттің қоспасы (этил спирті көбік басқыш болып табылады).
Оттегін берудің мынандай тәсілдері болады:
1) оттегі жастығымен - көбінесе үй жағдайында қолданылады, науқасқа оттегін түтік немесе мундштук арқылы береді;
2) мұрын катетері арқылы - медициналық мекемелерде қолданылады, сығылған оттегі бар баллон немесе палаталарға отгегін орталықтандырып беру пайдаланылады, бұл кезде катетерлер мұрынға кұлақ сырғалығы мен мұрын қанаттары аралығына тең болатын тереңдікке енгізіледі;
3) маска арқылы - бетке масканы қойғанда, ауыз бен мұрынды жабады, оның тыныс алатын және тыныс шығаратын каналдары болады. Тыныс алатын каналдың тубусы жұқа резеңкеден жасалған қаппен біріктірілген, онда тыныс шығарғанда оттегі жиналады, ал тыныс алғанда ол өкпеге белсенді тартылады. Оттегі ылғалданған болуы керек екендігін есте сақтаған жөн (Бобров аппаратында су арқылы өткізумен);
4) гипербариялық оксигенация - арнайы барокамераларда жоғары қысым кезінде оттегімен емдеу.
Медициналык оттегі бар баллондар міндетті түрде көк түсті болуы керек. Көбінесе олардың сыйымдылығы 40 л, 150 атм қысыммен газ тәрізді оттегі болады. Қысымды 150-ден 3 атм.-ге дейін түсіру үшін мономеірі бар редуктор қолданылады.
Қалталық ингаляторды қолдану:
1. Терең дем шығару.
2. Мундштукты ерінмен жымқырып, баллоның түбін баса отырып терең дем алу; сол кезде аэрозольдың дозасы беріледі.
3. Бірнеше секундқа демді кідірту, содан кейін мундштукты ауыздан алып, ақырындап демді шығару.
4. Егер терең дем алу мүмкін болмаса, онда аэрозольдың бірінші дозасын ауыз қуысына шашыратуға болады.
5. Аэрозольдың мөлшерін дәрігер анықтайды.
Түкіргіштерді дезинфекциялау
Қоршағандарға жұқтырмау мақсатында мейірбике науқасқа дені сау адамдарға тым жақындап жөтелмеуге тырысуды, жөтелген кезде ауызын қолымен немесе орамалмен жабуды, еденге қақырықты түкірмеуді (өйткені ол кепкенде шаң түйіршіктеріне айналып, басқаларға жұғуы мүмкін), қақырықты қақпағы тығыз жабылатын түбіне 0,5% хлорамин ерітіндісі кұйылған арнайы түкіргішке жинауды үйретеді. Күні бойғы қақырық мөлшерін температуралық параққа белгілегеннен кейін түкіргішті босатады. Туберкулезбен сырқаттанатын науқастың қақырығын жағады немесе алдын ала 1 л қақырыққа 20 г есебімен 2 сағатқа кұрғақ хлорлы әк қосу арқылы зарарсыздағаннан кейін канализацияға төгеді.
БАУЫР ЖӘНЕ ӨТ ШЫҒАРУ ЖОЛДАРЫНЫҢ АУРУЛАРЫ КЕЗІНДЕГІ МЕДБИКЕЛІК ІС-ӘРЕК ЕТТЕРДІҢ СТАНДАРТТАРЫ
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Сарғаю
II. МАҚСАТЫ: Қысқа мерзімді мақсат: Науқас барлық нұсқауларды орындаған кезде сарғаюдың азаятынын немесе жойылатынын түсінеді. Ұзақ мерзімді – науқас ауруханадан шығар кезде сарғаю азаяды немесе толығымен жойылады.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1) №5 диета бойынша науқасты бөлшек мөлшермен күніне 5-6 рет жиі
тамақтануды қамтамасыз ету:
2) Науқаспен және туысқандарымен тамақтандыру туралы кеңес беру және әкелінген тағамдарға бақылау жүргізу.
3) Науқасқа физикалық белсенділікті шектеу қажеттілігін түсіндіру қажет.
4) Күнделікті шырьшты қабаттар мен тері жамылғылары түстерінін
өзгеруін бағалау керек.
5) Шырышты қабаттармен терінің ұқыпты күтімін қамтамасыз ету.
6) Науқасты несеп қабылдағыш және дәрет ыдысымен қамтамасыз ету.
7) Күнделікті зәр мен нәжістің түсін бақылауды қамтамасыз ету.
8) Дәрігердің тағайындауы бойынша дәрі-дәрмектерді көктамырға енгізуді
қамтамасыз ету.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ - Әлсіздік
II. МАҚСАТЫ: қысқа мерзімді: науқас аптаның аяғында әлсіздіктің
азайғанын белгілейді. Ұзақ мерзімді мақсат:
ауруханадан шығар кезде науқас әлсіздік сақталғанына
қарамастан үй жағдайында өмір сүруге бейімделеді.
III. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Емделушіге физикалық, психикалық тыныштықты қамтамасыз ету.
2. Емделушіге белгіленген белсенділіктің тәртібін сактауды бақылау керек.
3. Емделушіге негізгі өмірлік кажеттіліктерін қамтамасыз етуге көмек көрсету.
4. Емделушіге психологиялық қолдауды қамтамасыз ету.
5. Үй жағдайында науқасқа өзін күтудің элементтерін үйрету.
6. Туысқандарымен науқастың күтімі және рационалды өмір сүруі туралы әңгіме жүргізу.
I. МЕЙІРБИКЕЛІК ДИАГНОЗ: Тері жамылғыларының қышымасы
II. МАҚСАТ Қысқа мерзімді мақсат: аптаның аяғында науқас кы-
шыманың азайғанын белгілейді.
Ұзақ мерзімді: ауруханадан шығар кезде
тері қышымасы басылады немесе азаяды.
ІІІ. МЕЙІРБИКЕЛІК ІС-ӘРЕКЕТТЕР СИПАТЫ:
1. Емделуші терісінің гигиенасын (сүрту, душ, ванна) қамтамасыз ету.
2. Дәрігер тағайындауы бойынша қышыманы азайту үшін емделушінің
терісін антисептикалық ерітінділермен сүрту.