Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ПсихикалыҚ ауруларды зерттеудіҢ негізгі аспектілері




 

Психикалық ауруларды зерттеуде, әртүрлі әдістер және бір-бірімен шектесклиникалық пәндердің және фундаментальды ғылымдардың теориялық жетістіктері қолданылады. Психиатрияда негізгі зерттеу әдісі клиникалық әдіс болып табылады, яғни аурумен сөйлесу, оны бақылап, тексеру, ол туралы жақын туыстарынан, қызметтестерінен алынған мәліметтер анализін жасау.

Ауру ағымы мен болжамын дұрыс сипаттауда катамнестикалық зерттеулер маңызды орын алады. Катамнез - науқастың ауруханадан шыққаннан кейінгі, әртүрлі уақыт аралығындағы жағдай-күйі туралы мәліметтер. Катамнестикалық мағлұматтар әртүрлі мәлімет көздерінен жиналады, олар, арнайы зерттеулердің мәліметтері, ауру тарихынан алынған көшірмелер, науқастың ауызша немесе жазбаша берген мәліметтері.

Науқастың күйін және оның дертін болжамын бағалауда, нақты бір психикалық аурудың клиникалық көрінісіне тән жалпы заңдылықтарын ескеру қажет. Бұл заңдылықтар психикалық бұзылыстардың белгілі бір сатыларында көрінеді және бұзылыс сипаты ОЖЖ қызметінің бұзылуының тереңдігін көрсетеді.

Сонымен бірге зерттеудің басқа әдістері де қолданылады: психологиялық, соматикалық күйіне баға беру, неврологиялық, электроэнцефалографиялық, биохимиялық, серологиялық және т.б. Психологиялық зерттеулер эксперименттік жағдайда әртүрлі тесттер, әдістер қолданып, науқастың танымдық қызметінің ерекшеліктері мен оның бұзылу дәрежесін, есте сақтау қабілетін, қабылдау мен өзге де психикалық функциялардың бұзылыстары мен ерекшеліктерін диагностикалауға мүмкіндік береді.

Көп ауруладың себебі әлі анықталмаған, ал жеке психикалық аурулардың клиникалық көрінісінде ұқсастықтар көп, сондықтан неврологиялық және соматикалық бұзылыстардың болуы немесе болмауы жиі аурудың диагнозын қоюда едәуір көмегін тигізеді.

Электроэнцефалография арқылы ОЖЖ-ң органикалық патологиясының белгілерін анықтауға болады. Басқа лабораториялық тексерулер (биохимиялық, серологиялық, рентгенологиялық) соматикалық патология бар-жоғын анықтау үшін және терапияның басқа түрінің қажет немесе қажет еместігін анықтау мақсатында жүргізіледі.

Соңғы жылдары психиатрия саласында эпидемиялогиялық тексеру кең көлем алды. Бұл зерттеулер актуальді мәселелердің көлемді шеңберін шешуге бағытталған.

Ерте кезеңде «эпидемия» термині кең мағынада қолданылған және толықтай инфекцияға ғана қатысты дамыған ауруларға байланысты болмаған. «Эпидемия» термині алғаш рет Гиппократтың шығармасында қолданылған және адамдардың басым көпшілігін зақымдайтын, белгілі бір аумақта кенеттен пайда болатын дертті қарастырған. Соғыстың бейнелі түрде медициналық анықтамасын Н.И.Пирогов ұсынды, оны ол «жарақат эпидемиясы» деп атады. Бұл термин психикалық ауруларға қатысты психикалық бұзылыстар тұрғындар арасында әдеттен тыс деңгейге жеткен кезде қолданылды. Өткен ғасырдың екінші жартысында «Психикалық эпидемия», «ақыл-ес эпидемиясы» жөнінде жазыла бастады (Реньяр П., 1889).

«Эпидемия» және «эндемия» терминдерін психикалық аурулардың таралу дәрежесін сипаттауда қолдану өткен жүз жылдықтың аяғында ағылшынның медикопсихологиялық сөздіктерінде көрініс тапты.

«Эпидемология» термині көлемді мағына алуда. Қатерлі ісіктер, жүрек- қан тамыр жүйесі, психикалық аурулар және т.б. аурулар эпидемиялогиясы ресми түрде мақұлданды.

Тиімді психиатриялық көмек ұйымдастыру үшін тұрғындар арасында психикалық аурулардың таралуы жөнінде мағлұмат алудың маңыздылығы мен қажеттілігі бүкіл психиатрлармен психиатрияның ерте даму сатысының өзінде айтылған (Якоби П.И. 1891, Корсаков С.С, 1901, т.б.).

Эпидемиологиялық тексерудің негізгі аспектісі – дертті үрдістің пайда болуындағы әртүрлі факторлардың рөлін және ағымының ерекшеліктерін зерттеу болып табылады. Бұл факторларды анықтау психикалық аурудың этиологиясы мен патогенезінің сұрақтарын өңдеуге көмектеседі. Сол себептен психикалық ауруларды оқу және психикалық аурулардың жағдайына баға беру әртүрлі әдістер көмегімен жүргізіледі. Осы тексерулердің нәтижесін түсіндіруде соңғы жетістіктер ғылымның әр саласындағы жетістіктер қолданылады.

Психикалық бұзылыстардың болмысын зерттеу күрделі мәселенің бірі. Соңғы жылдары психикалық аурудың биологиялық негізін зерттеу психикалық бұзылыстардың патогенезінің механизмін анықтауда үлкен жетістікке жеткізді. Бірақ, мәселе толығынан шешілмеген болып есептеледі. Бұл тек этиологиясы белгілі емес ауруларға ғана қатысты емес, тіпті этиологиясы белгілі психикалық ауруларға да қатысты. Соңғы жағдайда жауабы белгісіз сұрақ туындайды: этиологиялық фактор болып табылатын біртекті зияндылық (мысалы, инфекция, токсикалық зиянды зат) кейбір адамдарда психикалық бұзылыстар шақырады, ал екіншілерінде шақырмайды. Көптеген шет ел психиатрлары психикалық бұзылыстардың этиологиясы мен патогенезі жөнінде нақты мәлімет болмағандықтан психиатрияда нозологиялық приципті қолдану мүмкін емес деген көзқараста, және психикалық аурулар өмірдің қиын жағдайларына тұлғаның бейімделу формасының түрлері деп сендіреді.

Жастық факторларға байланысты психиатрияның мынадай салалары бөлінеді: балалар, жасөспірімдер, геронтологиялық психиатрия болып бөлінеді. Көрсетілген әртүрлі жастық периодында пайда болатын психикалық аурулардың клиникалық ерекшеліктері мен әртүрлі болжамы болады. Балалық және жасөспірім жастағы психикалық аурулар психикалық дамудың артта қалуына, жеке бастың психикалық бұрмалануына әкеліп соғады.

Жастық ерекшеліктеріне қарай психикалық аурулардың алдын-алу мен емдеу тәсілдері әртүрлі болады. Бұл кезеңдер ерекше психофизиологиялық өзгешеліктермен ерекшеленеді және жастық криздер деп аталады.

Психиатрияның ерекше бағыты болып құралған әлеуметтік психиатрия психикалық аурулардың клиникасы мен болжамының, шығу тегінің әртүрлі әлеуметтік факторларының рөлін зерттейді. Бұл бағытқа қызығушылық соңғы уақытта күшейе түсті.

Емдеу практикасына психотропты заттардың кеңінен енгізілуі нәтижесінде психикалық ауруларды ауруханадан тыс жағдайларда жанұясынан және қоғамнан бөлмей мүмкіншілігі пайда болды. Психотропты терпия басқа да әсер ету әдістерін қолдануға ықпал етті, мысалы психикалық аурулардың әлеуметтік және профессиональді активтілігін қалпына келтіруді жеңілдететін медико-психологиялық коррекцияны. Дәрілік емді қолдана отырып, ауруларға әсер етудің осындай комплексі «реабилитация және психикалық ауруладың реадаптациясы» деген атау алды.

Медициналық реабилитация емдеу үрдісі үстінде мүмкіндігінше ерте басталуы керек. Психотерапия, еңбекке баулу және өзге де әсер ету түрлері тәрізді әдістер қолданған дұрыс. Психикалық бұзылыстары айқын, еңбекке қабілетсіз ауруларға медициналық реабилитация компенсацияға және бұзылған функциялардың қалпына келуіне қатысатын барлық процестерді дамыту арқылы ісе асырылуы керек.

Елімізде аурулардың әлеуметтік-кәсіби реабилитациясы кең масштабта жүргізіледі: психоневрологиялық диспансерлер қарамағындағы емдік еңбектік шеберханаларда, жалпы өндірістік жағдайда және мамандандырылған цехтарда жүргізіледі. Аурулар реабилитациясының практикалық шараларын жүзеге асыруға тек бөлімшелік психиатр ғана емес, сонымен қатар мекеме басшылары да ат салысуылары керек.

Науқастың әлеуметтік – кәсіби бейімделуінде жанұясы үлкен рөль атқарады. Аурудың отбасы мүшелерімен, әсіресе ата-анасымен арақатынасы дұрыс болмауы ремиссия үзілісінің себебі болуы мүмкін. Дәрігер өз кеңесі арқылы науқас жанұясының науқасқа деген дұрыс көзқарасын қалыптастыруы керек.

Шетелдік психиатриясы да психикалық аурулардың реабилитациялық шараларына үлкен көңіл бөледі. Дегенмен негізгі акцент реабилитациялық әсерлердің психологиялық мотивіне жасалады.

Әлеуметтік психиатрия, соның ішінде психикалық аурулардың реабилитациясы еңбекке қабілеттілік сараптамасы сияқты маңызды практикалық міндеттердің шешілуімен тығыз байланысты.

Психикалық аурулардың нәтижесінде дамыған мүгедектік пайызы, жалпы мүгедектілікпен салыстырғанда аз, бірақ психикалық аурулар арасындағы мүгедектіктің басым пайызы өте ауыр топтағы мүгедектер.

Психикалық аурулардың еңбекке қабілеттілігіне баға беру қиын және жауапты міндет. Дәрігер науқастың дертіне медициналық дұрыс баға беріп ғана қоймай, оның еңбекке қабілеттілігінің дәрежесін анықтауға, және сонымен бірге қандай жағдайда еңбек ете алатынын анықтауға міндетті.

Психикалық науқастардың еңбекке қабілеттілігін анықтау мәселесін шешуге үлкен үлес қосқандар кеңес психиатрлары Т. А. Гейер және Б. Е. Мелехов. дерттің болжамын, емнің тиімділігін ескере отырып аурулардың еңбекпен қамтамасыздандырылуының маңыздылығын қарастыру еңбектік сараптама үшін маңызды болып табылатын сенімді критериялар жасап шығаруға ықпал етті. Сарапшылар алдында ауруладың еңбекке қабілетілігіне баға беру кезінде олардың еңбекке қабілетсіздігінің ұзақтығы туралы сұрақ туады. Егер аурудың еңбекке қабілетсіздігі уақытша болса, оған басқа аурулар кезіндегідей ауруханалық анықтама қағазын береді. Аурухана қағазын психикалық ауруларға бергенде оның мерзімі, аурудың еңбекке уақытша қабілетсіздігінің ұзақтығының жалпы ережелерімен анықталады. Бірақ негізгі мерзімі 4 ай. Дегенмен бұл міндетті емес.

Мүгедектіктің алдын алу шарасының бірі созылмалы ұстамалармен ауруларды 4 ай өтсе де мүгедектікке көшірместен активті емдеу болып табылады.

Кей кезде толық емдеу үшін ауруханалық қағазын 2-3 айға созады.

Сарапшыға аурудың еңбекке қабілеттілігі туралы сұрақты шешу үшін науқастың әлеуметтік-еңбектік тәртібі жайында мәліметтер керек және сараптау кезінде оның клиникалық жағдайына дұрыс баға беру керек. Мұның бәрі дұрыс сараптамалық қортынды жасауға мүмкіндік береді.

Сарапшы еңбекке қабілеттіліктің төмендеуі немесе тұрақты жоғалуын анықтай келе оның дәрежесін де анықтауы керек. Еңбекке қабілеттілік бұзулының 3 дәрежесі, мүгедектіктің I, II және III тобына сәйкес келеді. I топ мүгедектігі қойылған науқастарда еңбек қабілеттілігін жоғалту созылмалы немесе тұрақты болады. Бұндай дәрежесі бар науқастар үнемі көмек, күтім және бақылауды қажет етеді. II топ жеңіл жұмыстарды орындау мүмкіншілігі бар науқастарға беріледі. Олар өзгелердің көмегін әдетте қажет етпейді, өзін-өзі күтуге қабілетті. III топқа еңбек қабілеттілігі едәуір төмен науқастар жатады. Аурудың әсерінен ауруға шалдықпас бұрынғы кезеңдегідей өнімді қызмет ете алмайды, бірақ жеңіл жағдайларда, күш аз түсетін жерлерде, физикалық және психикалық жүктеме аз орындарда жұмыс жасай алады.

Психикалық ауруларға берілетін мүгедектіктің келесі түрлері бар: аурудың жалпы психикалық дертіне, кәсіби, еңбектік зақым алуына және әскери қызметті өтеуіне байланысты мүгедектік. Және де балалық шақтан басталған мүгедектікті айырады. Мүгедектіліктің бұл түрі 16 жасқа дейінгі балаларға қойылады (18 жасқа дейінгі оқушыларға және жалданып қызмет етуді бастағанға дейін). Егер мүгедектік жұмыс жасайтын 16 жасқа толмаған жасөспірімде бақыланса, немесе орта арнайы, жоғарғы оқу орнында оқитын 18 жасқа дейінгі жасөспірімдерде кездессе, мүгедектік оларда дертіне байланысты анықталады.

Соттық психиатрия адамдардың өздерінің азаматтық құқығы мен міндеттерін орындау мүмкіндігіне, сонымен бірге заңмен қудаланатын істерге жауап беру мүмкіндігіне баға беру мақсатында психикалық аурулардың ерекшеліктерін және психиканың қысқа уақыттық бұзылыстарын зерттейді.

Соттық психиатрияның міндеттері мен мазмұнына көзқарас үлкен эволюциядан өтті. Сондықтан соттық психиатрияның дамуы философиялық идеяның, әлеуметтік-экономикалық өмір өзгерістерінің, психикалық аурулар жайлы білім деңгейінің ықпалында болды, психиатрия өңіріндегі жалпы жетістіктер, сонымен қатар әр кезеңнің қылмыс, күнә, жауапкершілік жөніндегі түсініктеріне байланысты болды. Соттық психиатрияның даму тарихында өзінің теориялық бағыты, практикалық ұстанымдары бар мектептер болды. XIX ғасырдың ортасында (мидың жұмысына тәуелді емес) адамның саналы жүріс-тұрысын анықтайтын ерік бостандығы жөніндегі идеологиялық концепцияға негізделген қылмыстық құқықтың классикалық мектебі үлкен орын алды. Осыған байланысты стихиялық-материалистік ұстанымдағы психиатрлардың басым бөлігі қабілеттілік немесе қабілетсіздіктің схоластикалық-заңдық категориясының клиникалық мазмұнын анықтау мүмкіндігін көре алмады.

Басқа мектеп (антропологиялық) басқа бағытты ұстанды. Қылмысты істер табиғаты биологиялық себептермен түсіндірілді. Бұл мектептің көрнекті басшыларының бірі италияның психиатр-криминалисті Ч.Ломброзо болды. Оның ломброзианство деген атау алған туа пайда болған қылмыскер туралы концепциясы көптеген буржуазиялық мамандармен қабылданып, және кейін әртүрлі психологиялық трактовкалармен, сонымен қатар қылмыс жасау кезінде санаға бағынбайтын агрессивті тенденцияның іске асырылуын қарастыратын фрейдизммен де қабылданып, толықтырылды. Антропологиялық мектепке сәйкес методикалық тұрғыдан әлеуметтік бағыт құрылды. Осы бағыттың басшылары қылмыстың басты себебі, әр адамның биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өмір сүру жағдайынан және қылмыскердің ерте балалық кездегі тәжірбиесімен байланысты деп санады. Олар қылмыс жасаған адамның қабілеттілігіне немесе қабілетсіздігіне ғылыми мән бермеді: ең маңыздысы қылмыс жасаған адамнан қоғам өзін қорғау үшін қолдануы тиіс шараларды анықтау болып есептелді. Олар антисоциалдық жағдайға бейімдейтін қауіпті жағдай және тұлғалық ерекше қасиеттер туралы түсінік енгізді. Бұл қылмыс және қылмыскер жөніндегі концепция батыс елдерінде қазіргі кезде де кең таралған. Бұл бағыт өзінің табиғатынынан электикалы. Оның ғылыми негізделуіне фредизм және психодинамика теориясы қолданылады. Психикалық аурулар, жүріс-тұрыс бұзылуы, сонымен бірге антисоциальды әрекеттер адамның өмірлік ситуациямен күресу мүмкісіздігімен, тұлға әлсіздігінің тамыры балалық шақта басынан өткен эмоциональды «тәжірибеге», адамның биологиялық ерекшеліктерінде жатыр деп түсіндіріледі.

Қылмыскерліктің себебін түсіндіруде авторлар психикалық аурулардың шығу тегін анықтау үшін қолданылатын схеманы қолданады: балалық шақтағы эмоциональды жарақатқа басты зейін қояды, ал қылмыстық әрекеттерді өзіндік қорғаныс реакциясы ретінде қарастырады.

Теориялық позициясы және тәжірибесі қылмыс туралы ілімнің идеологиялық теориясына сүйенген батыс соттық психиатриясынан отандық психиатрияның айырмашылығы, ол психикалық бұзылыстың табиғатын материалистік тараптан түсіндірді және клиникалық психиатрияның жетістіктері негізінде дамыды. Психикалық ауруларды соттық-психиатриялық бағалау критерияларын жасауда XIX ғасырдың психиатрлары үлкен үлес қосты: В.Х. Кандинский, С.С. Корсаков және В.П. Сербский. В.П. Сербскиймен психикалық ауруларды эксперттік бағалау үшін, олардың өз ісіне есеп беру қабілеті және өзінің істерін басқара алу қабілеті жөнінде көрсеткіш енгізілді.

Дегенмен алдыңғы қатарлы Отандық психиатрлардың прогрессивті теориялық консепциясы және революцияға дейінгі ресейде соттық-психиатриялық сраптама тәжірибе жүзінде орындалуын регламенттеуші архаикалық заңды нормалар арасында келіспеушілік болды. Соттық психиатриялық көмек халық денсаулығын сақтау қызметінің бір түріне айналды. Іс жүзіндегі заңмен және тиісті инструциялармен психиатриялық сараптамалардың түрлері, олардың тағайындалу жағдайлары, сонымен бірге эксперттердің міндеттері мен құқықтары орнықты. Сот – психиатриялық сараптама айып тағылушының психикалық толымдылығына күмән туған кезде міндетті шара болып қалыптасты. Елімізде психикалық аурулардың қоғамға қауіпті әрекеттері жөніндегі мәселе заң жүзінде қарастырылған. Заң бойынша қылмыс жасау сәтінде қабілетсіздік жағдайында, яғни созылмалы психикалық аурудың, уақытша жан қызметінің бұзылысы, деменция немесе өзге дертті күйге байланысты өз әрекетіне есеп бере алмау немесе оларды басқара алмау жағдайында болған тұлға қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды деп көрсетілген. Мұндай тұлғаларға соттың үкімімен мәжбүрлік медициналық шаралар қолданылуы мүмкін. Қылмысты саналы жағдайда жасаған, бірақ сот үкімі шыққанға дейін өз әрекетіне есеп бере алмау немесе оларды басқара алмау жағдайына алып келетін психикалық дертке шалдыққан тұлға жазаға тартылмайды. Қоғамдық қауіпті әрекет жасаған адам (егер оның психикалық денсаулығына күмән болса) прокуратурамен, тергеу органдарымен, прокуратурамен немесе сот арқылы соттық-психиатриялық экспертизаға жіберіледі. Науқас адам қабілетсіз деп танылғанда оның ісі қылмыс ретінде емес қоғамға қауіпті әрекет ретінде қаралады. Осындай ауруларға соттың шешімі бойынша медициналық сипаттағы шаралар қолданылады (психиатриялық емханада еріксіз емдеу шарасы). Еріксіз емдеудің сипаты және оны жүргізу формасы арнайы инструкция арқылы анықталады. Кейбір тұлғалар психикасының қысқа уақытқа бұзылуы кезінде қылмыс жасаса және есі дұрыс емес деп танылса, олар психиатриялық емханада еріксіз емдеуді қажет етпейді. Оларды туған-туыстарының қорғаншылығына тапсырады, бөлімшелік психиатрдың есебіне алынады.

Біздің елімізде еріксіз емдеу соңғы жылдары наркоман және алкоголизммен науқастарға да қолданылады. Қоғамдық тәртіпті, еңбек тәртібін жүйелі бұзушыларға мұндай шара аса қажет жағдайда ғана қолданылады. Емдік-еңбектік профилакторийға күштеп жолдау сот үкімімен іске асырылады, бірақ бұл шара администрациялық болып есептеледі және соттық жауакершілікке тартылған болып есептелмейді.

Психикалық аурулар жөнінде көптеген азаматтық құқық сұрақтары олардың қабілеттілігін, қабілетсіздігін бағалауға байланысты шешіледі. Психикалық ауру әрқашан тұлғаның заң алдындағы жағдайының өзгеруіне әкелмейді. Психикалық аурудың заң алдындағы жағдайының бағасы оның психикалық жағдайының бұзылуының түріне, дәрежесіне байланысты. Біздің елімізде қабілетсіздік критериясы Азаматтық кодексте келесі түрінде анықталады: «Жан дерті немесе деменция нәтижесінде өз әрекетіне есеп бере алмау немесе оларды басқара алмау жағдайында азамат Азаматтық процессуальды кодекспен бекітілген тәртіп бойынша қабілетсіз болып танылады. Ол азаматқа қорғаншы тағайындалады». Адамның психикалық өзгерістерінің дәрежесін және олардың осы критерияларға сәйкестігінің дәрежесін соттық-психиатриялық комиссия анықтайды.

Егер қабілетсіз деп танылған аурудың денсаулығы жақсарып, немесе жазылса сот оны қабілетті деп танып, тағайындалған қорғаншы алынып, азамат құқығы толық орнына келтіріледі. Аурудың қабілетсіз кезеңінде оның істерін ол үшін жауапты адам жүргізеді. Қабілетсіз деп танылған адамға қорғаншы аудандық халық депутаттарының орындау комитеті қарамағындағы қорғаншы тағайындау бойынша комиссия арқылы тағайындалады. Қорғаншының әрекеті қорғаншылық бойынша Кеңеспен бақыланады.

Азаматтық заңда наркомания және алкоголизммен науқастарға қатысты шектелген қабілеттілік туралы түсінік енгізілген. Бұл бірінші кезекте мүліктік келісім-шарттарға қатысты. Соттың шешімі бойынша осы адамдарға қорғаншы тағайындалады және оның келісімінсіз олар мүліктік келісім-шарттар жасай алмайды. Алкогольді немесе наркотиктерді шектен тыс қолдануды толық қойғаннан кейін олар сот арқылы өздерінің құқығын қалпына келтіреді. Науқастың таңдаулы құқығын қолдану жағдайы және бала тәрбиелеу мүмкіндігін қарастыру кезінде оның қабілеттілігін бағалау, олардың нақты психикалық дертін және оның болжамын есепке ала отырып жүргізіледі. Бұл жерде айтып кететін жағдай ата-анасының қабілетсіз болып табылуы оларды сол мезетте ата-аналық құқығынан айырмайды. Олар қартайған кезде балаларының көмегіне құқығын сақтайды. Қабілетсіздік пен есі дұрыс еместік түсініктерін салыстырғанда ұқсастық та, айырмашылық та бар. Кейбір жағдайларда ауру келісім-шарт жасағанда қабілетсіз болып табылады, мысалы, өз мүлкін сатқанда, біреуге сый-мұра ретінде қалдырғанда т.с.с.), қылмысты іс жасағанда есі дұрыс емес болып танылуы мүмкін. Кейбір қылмысты жауапты істі қысқа уақытқа психикасының бызылуы кезінде жасаған және есі дұрыс емес деп танылған тұлғалар қабілетсіз деп танылмайды.

Соттық психиатрия өзінің теориялық және практикалық мәселелерін шешкенде жалпы психиатрияның жетістіктеріне сүйенеді. Психикалық аурулардың болмысын бағалауда материалистік көзқарас және Отандық психиатрлардың нозологиялық бағдары соттық-психиатриялық мәселелерді шешу кезіндегі медициналық критерияларды анықтауда маңызды орын алды, соттық психиатрияның компетенттілік шекарасын анықтауға мүмкіндік берді. Осы жағдай мамандарды әлеуметтік және психологиялық заңдылықтарды психиатриялық принциптермен ауыстыруға талпынудан құтқарды, қоғамда психиатрия функциясын дұрыс түсінбеуге жол бермеді. Психикалық ауруларды емханаға орналастыру жайлы арнайы административті-заңды ереже бар. Ауруларды психиатриялық стационарға жатқызу және онда емдеу жүйесі әр елде әртүрлі. Барлық елге ортақ екі жол бар: ерікті және еріксіз емду.

Шұғыл госпитализация аурулар өзіне және айналадағыларға қауіп төндірген кезде жүргізіледі. Бұл аурудың келісімінсіз дәрігер-психиатрдың шешімімен жедел, міндетті түрде аурудың туған-туыстарының немесе заңды өкілдерінің, денсаулық сақтаудың жоғарғы органдарын хабарлау арқылы жүзеге асырылады.

Аудандық, аймақтық, республикалық бас психиатрларға қатысты жаңа ереже енгізілді. Олардың міндетіне халыққа психиатриялық көмек көрсету және оны ұйымдастыруды жетілдіру кіреді; психикалық аурулардың қызығушылығы мен құқығын қорғау, сондай-ақ психикалық аурулар тарапынан болатын әлеуметтік қауіпті әрекеттен сақтандыру шаралары кіреді.

Әскери-дәрігерлік сараптама жүйкелік-психикалық аурулармен науқастар үшін жалпы әскери-дәрігерлік экспертизаның бөлігі болып табылады және де емдік-профилактикалық іс-шараларының барлық жүйесімен тығыз байланысты. Бейбітшілік кезеңінде, жүйке-психикалық ауруларына әскери-дәрігерлік сараптама жүргізудің негізгі міндеті әртүрлі психикалық немесе жүйке ауруларымен адамдарды анықтау, сонымен қатар адамның айқын мінездік және тұлға дамуындағы ауытқуларды анықтау болып табылады. Әскери-дәрігерлік сараптаманың азаматтық сараптамамен салыстырғанда өзіне тән өзгешеліктері бар. Еңбектік сараптама жүргізу кезінде психикасында шамалы ауытқу байқалған кезде реабилитациялық мақсатта ондай адамдарды қоғамдық пайдалы іске баулу, еңбекпен емдік-профилактикалық әсер ету, әлеуметтік деградацияның алдын-алу ұсынылады. Әскери жағдайда мұндай міндеттердің орындалуы мүмкін емес, әскери міндетті орындау әскери қызметті өтеушінің еңбек етуі мен демалысын бөлек қарауға мүмкіндік бермейді. Бірінші ретте бүкіл әскери ұжым үшін маңызды міндетті шешу, қатал тәртіп пен режим, осындай жағдайда азаматтық өмір жағдайында компенсациялануы мүмкін психикадағы әрбір ауытқу немесе мінездегі ауытқулар әскери міндетті орындауды мүмкін емес етеді. Жүйкелік-психикалық ауруларға әскери-дәрігерлік сараптаманы жүргізу кезінде білім деңгейіне талап қоюдың жоғарылауы, әскер қатарына шақырылатындардың техникалық дайындығына талаптың жоғарылауы және өз бетінше шешім қабылдай алуға қабілеті ескерілуі керек. Заманауи даму қарқынына байланысты жас ұланнан әскери техниканың және радиоэлектронды техниканың жаңалықтарын жылдам және тиімді игеру талап етіледі. Уақытқа сай электрондық аппараттарды басқаружоғары зейінді қажет етеді. Осының барлығы әскери-дәрігерлік сараптаманың алдына үлкен міндет қояды, оның шешімі тек әскерге шақырылған әрбір тұлғаны мұқият тексергенде ғана табылады.

Тарау





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 795 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2426 - | 2179 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.011 с.