Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Зертханалық жұмыс № 5




Тақырыбы: Гаструляция

Сабақтың мақсаты: Гаструляйияның әр түрлі жолдарын зерттеу.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш

Жұмысты жүргізу әдісі: Гаструланың үш жапырақшасын анықтау. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) гастроцель 5) саруыз тығыны.

Тапсырма

Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар

1. Бақаның гаструласының алғашқы кезеңі

Ұрық екі жапырақшалардан тұрады. Ол эктодерма мен энтодерма. Сыртқы эктодерманың клеткалары ұсақ және түсі күңгірт болып келеді. Ішкі энтодерманың клеткалары ірі, ашық түсті болады. Бластоцель жақсы көрінеді.

2. Гаструланың орта кезеңі.

Бұл кезеңде гастроцель үлкейіп, бластоцельді ығыстырады. Микроскоппен қарағанда бластопордың дорсальды, вентральды еріндер және саруыз тығыны жақсы көрінеді.

3. Гаструланың соңғы кезеңі.

Бұл кезеңде жалғыз гастроцель қуысы болады. бластопордың ені кішірейеді. Гаструланың үш жапырақшасы анық көрінеді. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) гастроцель 5) саруыз тығыны.

 

Бақылау сұрақтары:

1. Гаструляция және гаструляцияның механизмдері мен жолдары

2. Бластопор және оның маңызы

3. Гаструлалардың түрлері

4. Мезодерма құрылуының жолдары

Әдебиеттер:

1.Антипчук Ю.П. «Гистология с основами эмбриологии» 1983

2.Мануилова Н.А. «Гистология с основами эмбриологии» Москва 1973

3.Рақышев А. «Организмнің нәзік құрылымы» Алматы 1994

4.Сапаров Қ.Ә. Жалпы цитология негіздері. – Алматы: Санат, 1994.

5.Токин Б.П. «Общая эмбриология» Москва 1977

 

Зертханалық жұмыс № 6

Тақырыбы:Нейруляция

Сабақтың мақсаты: нейруляция процесін зерттеу.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш

Жұмысты жүргізу әдісі: Бақа ұрығының дене жағынан көлденең кесіндінің суретін салып,

белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) энтодерма 3)нерв пластинкасы 4) нерв қатпарлары 5) хорда

2. Нейруланың ортаңғы кезеңі.

Тапсырма

Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар

1. Нейруланың алғашқы кезеңі. Бақа ұрығының дене жағынан көлденең кесінді. Суретін салып,

белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) энтодерма 3)нерв пластинкасы 4) нерв қатпарлары 5) хорда

2. Нейруланың ортаңғы кезеңі. Нерв пластинкасы майысып нерв науасын құрады. Нерв қатпарлары бір-біріне жақындайды. Тікелей нерв түтігінің астыңғы жағында ұрық денесін бойлай созыла хорданың бастамасы жатады. Хорданың астында екінші ішек түтігі энтодермадан құралады. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) мезодерма 3) энтодерма 4) хорда 5) екінші ішектің қуысы

3. Нейруланың соңғы кезеңі. Бұл кезеңде ұрықта тері эктодермасы, нерв түтігі, хорда, мезодерма бар. Мезодерма эписомит және гипосомиттерге бөлінген. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) эктодерма 2) эписомит 3) невроцель 4) гипосомит 5) екінші ішек

Бақылау сұрақтары:

Нейрула деген не және ол ұрықтың даму процесінде қалай түзіледі?

1. Нейруляцияның кезеңдері.

2. Мезодерманың түзілуі.

3. Нерв айдаршасынан қандай ұлпалар пайда болады?

4. Мезодерманың қандай бөліктері бар және ол бөліктерден қандай ұлпалар пайда болады?

Әдебиеттер:

1.Антипчук Ю.П. «Гистология с основами эмбриологии» 1983

2.Мануилова Н.А. «Гистология с основами эмбриологии» Москва 1973

3.Рақышев А. «Организмнің нәзік құрылымы» Алматы 1994

4.Сапаров Қ.Ә. Жалпы цитология негіздері. – Алматы: Санат, 1994.

5.Токин Б.П. «Общая эмбриология» Москва 1977

 

Зертханалық жұмыс № 7

Тақырыбы: Құстардың дамуы

Сабақтың мақсаты: Құстардың ұрықтық дамуының негізгі кезеңдерін зерттеу.

Пайдаланылатын құрал-жабдықтар: микроскоп препараттар альбом карандаш

Жұмысты жүргізу әдісі:

1. Құстардың жыныс клеткаларының ерекшеліктерін және ұрықтану процесін зерттеп білу.

2. Құстардың зиготаларының бөлшектену процесін және бластуланың құрылысын зерттеп білу.

3. Құстардың гаструляция процесінің ерекшеліктерін және эпибласт, гипобластың құрылуын зерттеп білу.

4. Құстардың нейруляция процесінің ерекшеліктерін зерттеп білу.

Тапсырма

Микроскоп арқылы зерттелетін препараттар:

1. Алғашқы жолақ. Тауық ұрығының тотальды препараты. Суретін салып, белгілерін қойыңыздар: 1) ашық түсті бөлік 2) күңгірт бөлік 3) ұрық қалқаншасы 4) алғашқы жолақ 5) гензен түйіні.

2. Алғашқы жолақ. Тауық ұрығының көлденең кесіндісі. Ұрықтың екі қабатты сатысы. Суретін салып, белгілерін қойыңыздыр: 1) эктодерма 2) энтодерма 3) алғашқы жолақ

3. Алғашқы жылға. Тауық ұрығының тотальды препараты. Суретін салып, белгілерін қойыңыздыр: 1) алғашқы жылға 2) алғашқы шұңқыр 3) бас өсіндісі

4. Алғашқы жылға. Тауық ұрығының көлденең кесіндісі. Ұрықтың үш қабатты сатысы. Суретін салып, белгілерін қойыңыздыр: 1) энтодерма 2) мезодерма 3) алғашқы жылға. Эктодерма бір қабат клеткалардан тұрады. Мезодерманың клеткалары эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан.

5. Тауық ұрығының көлденең кесіндісі. Соммиттер,хорда, нерв түтігі. Ұрық жалпақша түрде сары уыздың үстінде жатады. Сары уыздың өзі препаратта көрінбейді. Суретін салып, белгілерін қойыңыздыр: 1) эктодерма 2) нерв түтігі 3) мезодерма 4) соммит 5) сегментті таяқшасы 6) спланхнотомның висцеральды және паристалды жапырақшасы 7) целом 8) хорда 9) энтодерма

Бақылау сұрақтары:

1. құстардың жұмыртқа клеткаларының құрылысы

2. құстардың зиготаларының бөлшектенуі

3. гаструляция құстарда қалай өтеді?

4. құстардың ұрықтарының нейруляциясы

5. негізгі дене мүшелерінің қандай ұрық жапырақшаларынан дамитынын көрсететін таблица жасаңдар.

Әдебиеттер:

1.Антипчук Ю.П. «Гистология с основами эмбриологии» 1983

2.Мануилова Н.А. «Гистология с основами эмбриологии» Москва 1973

3.Рақышев А. «Организмнің нәзік құрылымы» Алматы 1994

4.Сапаров Қ.Ә. Жалпы цитология негіздері. – Алматы: Санат, 1994.

5.Токин Б.П. «Общая эмбриология» Москва 1977

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1058 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Надо любить жизнь больше, чем смысл жизни. © Федор Достоевский
==> читать все изречения...

2298 - | 1987 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.016 с.