Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Рықтық жапырақтардың туындысы




Ұрықтық жапырақшалардың түзілуі кезеңінде оның клеткалық құрамында айырмашылықтар байқала бастайды.Алғашқы біректі материалда айырмашылықтар туғызатын процесті жіктелу немесе дифференцировка дейді. Барлық көп клеткалылардың әрбір ұрықтық жапырақшаларының тағдыры бірдей болады.

Эктодерма даму процесі кезінде нерв түтігі, ганглиялық пластинка, плакодалар (эктодерманың қалыңдауы), терінің эктодермасы және ұрықтан тыс эктодерма сияқты эмбриондық бастамаларды береді. Осы эмбриондық бастамалардан мына ұлпалар мен органдар пайда болады: нерв түтігінен ми мен жұлынның макроглиясы мен нейрондар, көздің тор қабығы пайда болады.

Ганглиялық пластинкадан дене және вегетативтік нерв жүйесінің ганглияларының макроглиясы мен нейрондар, нервтердің макроглиясы,бүйрек үсті бездердің милы қабаты, эктомезенхима т.б. пайда болады. Плакодалардан кейбір ганглиялардың макроглиясы мен нейрондарды, тепе-теңдік,есіту органдары мен көз бұршағы дамиды.

Тері эктодермасы тері эпидермасының ауыз қуысының кіреберісінің, қынаптың,тікішектің кілегей қабықшасының эпителийін,тіс эмальының бастамасын береді.Ұрықтан тыс эктодермадан амионның,хорионның,кіндік бауының эпителийлі,ал бауырымен жорғалаушылар мен құстардың серозалық қабықшасының эпителийі пайда болады.

Энтодермадан ішек пен сарыауыз энтодермасы түзіледі. Ішек энтодермасынан асқорыту жолы мен бездердің эпителийі және тыныс алу органдарының эпителийі дамиды.Сарыауыз энтодермасынан сарыауыз қапшығының эпителийі жіктеледі.

Даму процесі кезінде мезодермадан хорданың бастамасын, сомиттерді, дерматом,миотом,склеротом және мзенхима дамиды. Сонымен бірге мезодерма нефротомды,Вольф каналын, Мюллер каналын, спланхотомды, ұрықтан тыс мезодерманы құрайды.Дерматомнан терінің дәнекер ұлпалық негізі, миотомнан көлденең салалы бұлшық ет,ал склеротомнан шеміршек пен сүйек ұлпалары дамиды.

Нефротомнан бүйрек пен зәр шығару жолдарының эпителийі, ал Вольф каналынан шәует шығарушы жолдардың эпителийі пайда болады. Мюллер каналы жұмыртқа өзегі мен жатырдың эпителийін,қынаптың алғашқы эпителиалдық жабындысын түзеді.

Спланхнотомнан целомдық эпителий немесе мезотелий, бүйрек үсті бездердің қабық қабатын, жүрек еті және жыныс бездерінің фолликулалық эпителийі дамиды. Спланхнотомнан бөлінген мезенхимадан қан мен дәнекер ұлпасының клеткалары, ми тамырлары, ішкі қуыс органдардың ұлпалары мен тамырлары пайда болады.

Трофобласт пен ұрықтан тыс мезенхима қабаты қосылып хорионды құрайды. Амиондық көпіршіктін төбесімен бүйір қабырғаларының эктодермасы және оған жанаса орналасқан ұрықтан тыс мезенхиманын материалы бірігіп амнионды құрайды.

Сарыуыздың энтодермасы мен оған жабыса біткен ұрықтан тыс мезенхиманын қабаты сарыуыз қапшығынын қабырғасын түзеді. Адамның сарыуыз қапшығында басқа плаценталы сүтқоректілердікі сияқты сарыуыз болмайды, құрамыңца белоктар мен түз бар сүйыққа толы болады. Ол ұрықтың бірінші қан жасаушы органы оның қабырғасында қан аралшықтары мен алғашқы қан тамырлары түзіледі.

Аллантоис елеулі рөл атқармайды, шала жетілген күйінде қалады. Жатыр қабырғасына қараған хорионның бөлігіндегі бүрлер күшті дамып тармақталып жатырдың кілегей қабықшасының ұлпаларымен қосылып плацевтаны құрауга қатысады. Мезодерма сомиттер мен спланхнотомдарга ("бүйір пластинкаларыва") жіктеледі. Сомиттердің материалы сег-менттерге бөлінеді, спланхнотомның материалы сегменттелмеген күйінде қалады. Спланхнотомдар екі жапырақшаға бөлінеді, висцеральдық және париетальдық жапырақшаларға. Сомиттерге жанасқан спланхнотомдардың кішкене участоктары оқшауланып және сегменттерге бөлініп алғашқы бүйректің каналшықтарьшың бастамалары болып саналатын нефротомдарды (сегменттер аяқшаларын) құрайды.

Спланхнотомдардыя висцеральдық және париетальдық жапырақшалары целомдық эпителийді (мезоте-лийді), ал осы жапырақшалардың арасындағы қуыс дененің екінші қуысын (целомды) құрайды. Сомиттер дерматомға, склеротомға және миотомдарға жіктеледі. Сары-уыз қапшыгы мен онын тамырлары толықтай жайылып кетеді. Амнион сабакшасы кіндік тамырларымен бірге аллантоиспен қосылып амниондық эктодермамен қапталып кіндік бауына айналады.

Нерв түтігінің алдыңғы үшында ми көпіршіктері түзіледі. Бастапқы кезде үш (алдыңғы, орта және артқы), кейін бес алдыңғы және арткы көпіршіктердің әрқайсысы екіге бөлініп, ми көпіршіктері пайда болады. Ми көпіршіктерінін түзілуімен бірге бас қалыптасады. Үшінші аптаның аяғында — төртінші аптаның басында көздің, қүлақтың бастамалары, төртінші аптада ауыз тесігі, мойын бөлімінде желбезек саңылаулары пайда болады. Бет бөлімдері екінші айда тез қалыптасады, аяқ пен қолдың да бастамалары өсе бастайды. Екінші айдың соңында ішкі органдар да жедел дамиды.

Адам ұрығына тән сыртқы пішіні дамудың осы екінші айында пайда болады.

 

Дәріс

Тақырыбы: Ланцетниктің дамуы

Жоспар:

1. Ланцентниктің ұрықтануы

2. Бөлшектенуі

3. Гаструляциясы

4. Нейруляциясы





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 945 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.006 с.