Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


А. В. Клементов бойынша сілекей-тас ауруының жіктелуі.




I. Тастардың орналасуы:

1). Төменгі жақасты безінің шығару түтіктерінде;

2). Құлақмаңы безінің шығару түтігінде;

3). Тіласты безінің шығару түтігінде; а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы ауруы кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.

II. Тастардың бөтен жерде орналасуы:

1). Төменгі жақасты;

2). Құлақмаңы;

3).Тіласты. а) бездің қабынуынсыз; б) бездің созылмалы қабынуы кезінде; в) бездің созылмалы қабынуының өршуі кезінде.

III. Сілекей-тас ауруынан дамыған бездің созылмалы қабынуы:

1). Төменгі жақасты;

2). Құлақмаңы;

3).Тіласты бездерінде: а) тастың өздігінен түсуінен кейін; б) тастың хирургиялық жолмен алынуынан кейін дамыған.

Клиникалық көріністері. Аурудың клиникасы оның мерзімінің ұзақтығына, тастың көлемі мен орналасқан орнына, бездің жарақаттану дәрежесіне, организмнің қорғану қабілетіне (иммундық) байланысты.

Аурудың клиникасында жасырын кезеңі болған жағдайда науқастар-дың шағымы болмайды. Тас - рентгенологиялық тексеру кезінде кездейсоқ анықталуы мүмкін. Бездің шығару түтігі тығындалған жағдайында ауыру сезімі пайда болады, көлемі ұлғайып, сілекейдің бөлінуі бұзылады, жалпы жағдайы өзгереді. Әсіресе екіншілік инфекцияның қосылуы және бездің іріңді қабынуы кезінде қатты айқындалады.

Әдетте, тамақтанған кезде сілекей безі үлкейіп, кернегендей ауыру сезімі пайда болады, оны «сілекейлі шаншу» деп атайды.

Түтіктің тығындалуы кезінде бездің ұлғаюы өте тез жүреді. Осы кезде болатын ауыру сезімі құлақ, мойын аймақтарында және тілге таралады. Ауыру сезімінің қатты болуы науқасқа тамақтануды тоқтатуға мәжбүр етеді. Біраз уақыттан соң бездің көлемі кішіреюі мүмкін.

Аурудың созылмалы түрінде без қатты, беті бұдырлы болады. Ауыз қуысында қалыңдаған тіласты білігі көрінеді, түтікті сипап тексергенде қатты тарам түрінде байқалады. Безбен оның шығару түтігін тексеру үшін бимануальды түрде сипау жүргізеді-жасайды.

Кейде шығару түтіктерінен сілекей тасын сипап анықтауға болады. Ірі және орташа көлемдегі тастар жиі жақ-тіл сайының артқы-дистальды бөлігінде орналасады, ал ұсақ тастар сілекейдің ағысымен түтіктің алдыңғы үштен бір бөлігіне жиналады. Қабынудың жедел түрінде ауыз қуысында тасты сипап тексеріп анықтауға мүмкіншілік болмайды. Шығару түтігінен бөлінген сілекейдің құрамына көңіл бөлу қажет. Сілекей-тас ауруы безде қабынумен жүргенде, шығару түтігінен ірің бөлінеді. Шығару түтігінің шыға берісі ісініп қызарған, аузы үңірейіп ашылған.

Сілекей-тас ауруында келесі белгілер анықталады:

1). Бездегі қабыну процестері;

2). «Сілекейлі шаншу»;

3), Тамақтанумен байланысты ауыру сезімі;

4). Тамақтанумен байланысты без көлемінің өзгеруі;

5). Рентгенограммада сілекей тасы көлеңкесінің анықталуы.

Сілекей тастары экстра немесе интрагландулярлы орналасуы мүмкін. Негізінен тастар шығару түтіктерінің бұрылыстарында орналасады. Рентгенограммада ірі тастар түтіктерде контрасты зат қолданылмай-ақ анықталады. 20%-ында тастар тек сиалограммада ғана анықталады. Төменгі жақасты безінде конкременттерді анықтау үшін ауыз қуысы түбінің панорамдық рентгенограмма әдісін, ал құлақмаңы безінде бас қаңқасының тік проекциядағы шолу рентгенограммасын және төменгі жақ сүйегі бұтақтарының бүйір рентгенограммасын қолдану қажет.

Рентгенограммада тастар домалақ, сопақ немесе әр түрлі пішінді тығыз көлеңке түрінде анықталады. Тас безде орналасқан жағдайда, орналасу орнын және оның көлемін анықтау үшін контрасты сиалография әдісін қолдануға болады. Сиалограммада бездегі жұмсақ тастарды да «толу ақауы» ретінде анықтауға мүмкіншілік бар (дефект наполнения). Ұзақ жүретін кезеңдерде бездің өзіндегі ісінген, ұлғайған т.б. сияқты өзгерістерді шығару түтіктерінің I және III қатарында да кездестіруге болады және майда түтіктердің контрасты заттармен толмауын байқауға болады.

Тастар шығару түтіктерінің өзектерінде орналасқан жағдайда контрасты сиалографияны қолдануға болмайды, себебі тастың безге немесе түтіктің дистальды бөлігіне жылжып кету қаупі бар.

Асқынулары. Ең жиі кездесетін асқынулары бездің және шығару түтігін қоршаған жұмсақ тіндердегі қабыну кезеңдері, жиі абсцесстер мен флегмоналар. Бұлар одонтогенді қабыну кезеңдерінен ажырату нақтамасын жүргізгенде шығару түтігінің шыға берісінің өзгерістері (ісіну, қызару, үңіреюі), іріңді жалқықтың бөлінуі және рентгенологаялық тексеру мәліметтерінің маңызы бар.

Емі. Негізінен хирургиялық. Емнің мақсаты — тасты түтіктен немесе безден алу. Тас төменгі жақасты безінде кездескенде хирургиялық әдістердің үш жолы бар: 1). Безді таспен бірге алу; 2) Тасты безден ауыз қуысы ішінен алу; 3) Тасты безден ауыз қуысы сыртынан алу.

Тас шығару түтігі бойында орналасқан жағдайда оны ауыз қуысы ішінен тілік жасай отырып алады. Жергілікті жансыздандыру арқылы түтікті (тастың орналасқан жерінің арт жағынан оның ота кезінде орнынан жылжымауы үшін) тігеді. Содан кейін түтікке енгізілген сүңгі-зонд арқылы, тастың үстінен тілік жасап, оны хирургиялық қасықпен немесе пинцетпен алады. Жараға тігіс салынбайды. Науқасқа пилокарпин, жеңіл диета, құрғақ жылы, ауыру сезімін басатын дәрі-дәрмектер тағайындалады.

Бездің созылмалы қабынуы жиі өршігенде, тас бездің ішінде орналасқанда оның қызметі толық бұзылғанда кесіп алып тасталады-экстирпация көрсетілген.

Ота әдісі: жансыздандырып, төменгі жақасты үшбұрышынан ұзындығы 8-10 см-дей тілік жасалынады. Тері, мойынның беткей бұлшықеті, бездің жапқыш шандыры тілінеді. Безді доғал жолмен іреп, бет артериясын байлайды. Бездің түтігі бөлініп кесіледі де 24 сағаттан соң алынады.

Ауртикулотемпоралды белгі-синдром (құлақмаңы гипергидрозы). Келіп шығуы- белгісіз. Бірақ бұл құлақ-самай жүйкеінің және вегетативті тармақтар өткізгіштігінің өзгерістерінен болатын ауру. Бұл жүйкелер құлақмаңы безінің секреторлы қызметін реттейді.

Науқас тамақ ішер алдында немесе эмоциональды өзгерістер кезінде құлақмаңы және самай аймақтарында біржақты өте көп мөлшерде терлейтініне шағымданады.

Клиникасы. Жарақаттанған жағында терлер алдында тері қатты қызарады. Тер ірі тамшылап шығады және үнемі үдей түседі, бұл науқастың гигиеналық, косметикалық, эмоционалдық жағынан қолайсыздық туғызады.

Емі. Аурикулотемпоралды белгі-синдром кезінде, төменгі жақ жүйкесінің медиальды жағында, сопақ тесіктін, астында орналасқан құлақ-самай жүйкесін және құлақ түйінін тежеу (блокада) жақсы нәтижелер беруде. Тежеуді-блокаданы күнделікті 0,25-0,5% новокаин ерітіндісімен

5-7 мл мөлшерінде жасайды. Бұл белгінің-синдромның тұрақты түрінде хирургиялық жолмен құлақ-самай жүйкесін байлау және құлақ түйінін жарақаттау көрсетілген.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 739 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Люди избавились бы от половины своих неприятностей, если бы договорились о значении слов. © Рене Декарт
==> читать все изречения...

2446 - | 2243 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.