Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


ЖАҚ-БЕТ АЙМАҒЫНЫҢ ЗАҚЫМДАНУЫНАН БОЛҒАН ЖАРАҚАТТАР




Жақ-бет аймағында кездесетін жарақаттарға дұрыс нақтама қою, нәтижелі-адекватты ем қолдану, оңтайландыру-реабилитация жасау және асқынуларының алдын алу үшін осы аймақтың (жарақаттануына байланысты) анатомофизиологиялық ерекшеліктерін дәрігер-стоматолог өте жақсы білуі қажет. Олар:

1. Жақ-бет аймағы ең бірінші көзге көрінетін жер болғандықтан адам өмірінде үлкен эстетикалық орын алады. Психиатр ғалымдардың зерттеулері бойынша жақ-бет аймағында ақаулары мен деформациялары бар науқастардың 65-85%-ң психикасы бұзылады.

2. Бұл аймақта 18 ымдау (мимикалық) еттері орналасады. Бұл еттер арқылы адам өзінің ымдау (эластомимика) қабілетін іске асырады.

Ымдаумимикоз (эластомимикоз) ішкі және сыртқы тітіркен-діргіштерге организмнің өзіндік жауап қайтару реакциясы. Осы реакция арқылы оның психоэмоционалдық жағдайын білуге болады. Бұл ымдау еттерінің жиырылуы М.П.Павловтың заңы бойынша іске асырылады. Яғни ішкі және сыртқы тітіркенулер (қоздырғыштар) афферентті (көтерілетін) жолдарымен ми қабығына барып, онда қоздыру ошағын тудырады. Осы ошақтан эфферентті (түсетін) жолдарымен келіп бет жүйкесі арқылы ымдау еттерін әр түрлі жиырады. Еттердің жиырылу қабілеті қоздырғыш қабілетіне байланысты (қуану, қорқу, ауыру кезеңінде, ащы мен тәттіге т.б.). Ымдау еттерінің өзіндік жиырылуына байланысты адам бетінде уақытша немесе тұрақты әжімдер пайда болады. Осы реакция жақсы психолог, психоневролог, терапевт, хирург мамандарға науқасқа дұрыс нақтама қоюдың негізін көрсетеді. Ал ымдау еттерінің жүйкеленуінің немесе афферентті жолдарының бұзылыстарынан бұл реакция іске аспайды.

3. Бет-жақ ауданы шокогендік аймаққа жатады. Тұрмыс жағ-дайында болған жарақаттардың барлығы осы аймақта болады. Мысалы: төбелес кезінде тек бетке соғады.

4. Бұл аймақта барлық сезім мүшелері орналасқан деуге болады. (көру, есту, иіс, дәм, сезім түйсігі). Мимен және көкірек қуысындағы мүшелермен тығыз байланыста.

5. Қан тамырларының ерекшеліктері.

1) Артерия тамырларының ерекшеліктері:

а) Үлкен артерялар теріасты майлы қабатында жатып, артериола торын құрайды. Сондықтан үлкен қиықшалар кесіп алып ақауларды жамауға болады;

б) Артерия мен вена тамырлары бөлек орналасады;

в) Артерия тамырында қан қысымы өте жоғары болады. Сондықтан жараларды хирургиялық өңдеу уақытында қанды тоқтатуға өте мұқият қарау керек;

г) Артерия тамырлары тек бір жағы екінші жағымен қысылып қоймай, олар өзара да қосылады (анастомоз);

д) Бұл аймақта сыртқы және ішкі ұйқы артерия бассейндері қосылады. Сондықтан қан тоқтату өте қиынға соғады.

2) Вена тамырларының ерекшеліктері:

а) Вена тамырларында қақпақша жоқтың қасы. Өйткені олар кішкентай, бір-бірінен алшақ орналасқан және вена түтігін толық жаппайды. Сондықтан, жарақат кезінде ауа эмболиясы болуы мүмкін.

б) Веналар таяз және терең тін қабаттарында орналасады. Бұл екі қабаттағы веналар бір-бірімен қосылып жатады. Сонымен қатар, өз алдына мидағы вена қуысымен тығыз байланыста. Мысалы, беткей орналасқан бет веналар торы v. oftalmica, ал ол v. prollani арқылы ми қуысымен қосылады. Ал терең орналасқан вена бас сүйегінің астыңғы жағында орналасқан табиғи тесіктер арқылы ми қуыстарымен байланысады.

6. Бет-жақ аймағындағы тіндер эмбрионалды тіндер сияқты жылдам өседі. Өйткені олардың ішінде аз дифференциалдық жасуша-клеткалар бар. Олар жасуша-клеткалар Давыдовскийдің пікірінше, тіндердің өсуіне керек.

7. Ауыз қуысындағы тістердің пайдалы және зиянды жағы бар. Зиянды екі жағы: а) Оқ тигенде тіс ұясынан шығып ауыз қуысын-дағы мүшелерді жарақаттап, тіпті тыныс жолдарына түсіп тұншығуы-асфикция болуы мүмкін. б) Тіс жегісімен бүлінген тіс сынық жолында тұрса, инфекция көзі болуы мүмкін. Яғни, тіс арқылы инфекция ауыз қуысынан сүйек жарасына енуі немесе бөгде зат болуы мүмкін.

Тістің пайдалы екі жағы: 1) Тіс арқылы (рентгенограммасыз) жақ сүйегінің сынған жерін бұлжытпай табуға болады. 2) Тіс құрсауды бекітетін жер. Ол арқылы сынықты дұрыстап орнына салуға болады.

8. Бет-жақ аймағы көптеген майлы клетчаткалық қойнауларға толы. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, ірінді қабыну кезінде ірің осы майлы клетчаткалар арқылы тарайды.

9. Бет терісі басқа жерлерге қарағанда жұқа (1 мм) және майлы қабықта жатқандықтан өте қоздырғыш. Терінің осы қасиетін пластикалық оталарда кеңінен пайдаланады.

10. Иммунобиологиялық қасиеті ауыз қуысында болатын микроорганизмдерге байланысты. А. И. Рыбаковтың ғылыми зерттеуі
бойынша, ауыз қуысында 96 түрлі патогендік микроорганизм өмір сүреді. Осыған қарамай ауыз қуысындағы және аймағындағы жарақаттар тез арада жазылады. Бұл құбылысты үш жағдай-фактормен түсіндіруге болады:

1).Ауыз қуысындағы микроорганизмдер бір-бірімен қарсылықта (антогонизм) өмір сүреді. Мысалы: сүт қышқылды таяқша микробтар мен іріңді кокктардың ортасында биологиялық теңдік пайда болады. Осы теңдік бұзылса тез арада қабыну процессі басталады.

2) Сілекей құрамында бактерияларға қарсы лизоцим бар. Ол микроорганизмдерді жойып, ауыз қуысындағы ерітінділердің РН ортасын реттейді.

3) Организм өмірінде ауыз қуысындағы және аймағындағы тіндерде, осы микробтарға қарсы, жергілікті иммунитет пайда болады. Осы жоғарыда айтылған барлық ерекшеліктер бет-жақ аймағы жарақаттарының жазылуына (регенерация) толық жағдай жасайды, яғни бұл аймақтағы тіндер тез арада жазылады.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-20; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 649 | Нарушение авторских прав


Лучшие изречения:

Неосмысленная жизнь не стоит того, чтобы жить. © Сократ
==> читать все изречения...

2283 - | 1989 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.031 с.