Стандарт-уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.
Негізге алынатын стандарттар -қолдану саласы кең
немесе техникалық реттеудің белгілі бір саласына арналған жалпы ережелері бар стандарттар,
а) ұйымдастыру-әдістемелік - анықталған салада жұмыстарды жүргізу бойынша ұйымдастыру-техникалық ережелерді орнатады
б) жалпытехникалық:
- ғылымда, техникада және өңдірісте қолданылатын ғылыми-техникалық терминдер;
- стандарттау объектілерінің әртүрлі белгілену шарттары – кодтар, таңбалар, белгілер, маркалар;
- әртүрлі құжаттардың құрылуына, жазылуына, дайындалуына және мазмұнына талаптар
- техникалық қамтамасыз етуге қажет жалпытехникалық шамалар, талаптар мен нормалар;
- сапа көрсеткіштерінің номенклатурасы;
- қауіпсіздік талаптары және т.б.
Өнімге (көрсетілетін қызметке) стандарттар -біркелкі өнімдер топтарына немесе нақты өнімге (көрсетілетін қызметке) талаптар белгілейді,біртекті өнім және қызмет топтарына немесе нақты нақты өнім және қызметке талаптар орнатады
Біртекті өнім - өнімнің негізгі көрсеткіштерінің құрылымды-технологиялық мәселелерін шешуді, қолдану саласын және жалпы мақсатын сипаттайтын өнімдер жиынтығы.а) жалпы техникалық шарттар стандарттары – біртекті өнім (қызмет) топтарына талаптардан тұрады
(мысалы, ҚР СТ 1061-2002 «Сүтқышқылды өнімдер. Жалпы техникалық шарттар»,
ҚР СТ 1040-2001 «Жолаушы тасымалы бойынша транспорттық қызметтер. Жалпы техникалық шаттар»);
б) техникалық шарттар стандарттары – нақты өнімге (қызметке) талаптардан тұрады
(мысалы, ҚР СТ 98295 «Айран. Техникалық шарттар»)
Өнімге стандарттар бөлімдері: жіктелуі; негізгі параметрлері және өлшемдері; техникалық талаптар; қабылдау ержелері; таңбалау; транспорттау; сақтау;в) жалпы техникалық талаптар стандарттары – жалпы техникалық шарттар стандарттарының бір бөлімінен ғана тұратын стандарттар
(мысалы, ҚР СТ 37-98 «Машиналы және қолды тігулер. Жалпы техникалық талаптар»);
г) техникалық талаптар стандарттары – техникалық шарттар стандарттар
(мысалы, МЕМСТ 20902-95) «Тамақтану столдары. Функционалдық өлшемдері».
Процесске стандарттар -әзірлеу, дайындау, сақтау, тасымалдау, пайдалану,өнімді кәдеге жарату мен жөндеудің технологиялық үрдістерінде әртүрлі жұмыстарды орындау әдістеріне негізгі талаптарды белгілейді, Бақылау әдісіне стандарттар -өнімді жасап шығару, сертификаттау және пайдалану кезінде оған сынау, өлшеу, талдау жүргізу әдістерін белгілейді.
- сынау құралдары, қосымша тетіктер, реактивтер, материалдар;
- сынауды жүргізуге дауындау тәртібі;
- сынауды жүргізу тәртібі;
- сынау нәтижелерін өңдеу тәртібі;
- сынау нәтижелерін дайындау тәртібі;
- сынаудың мүмкін қателіктері
11.Стандарттау бойынша техникалық комитеттер.
Стандарттау жөнiндегi техникалық комитеттер мемлекеттік органдардың және мүдделi тараптардың ұсыныстары бойынша салааралық деңгейде стандарттау жөнiндегi жұмыстарды жүргізу үшiн экономика салаларында құрылады. стандарттау жөніндегі техникалық комитет- бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша стандарттарды әзірлеу және мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде экономика салаларында құрылатын консультациялық-кеңесші орган.
1. Стандарттау жөніндегі техникалық комитеттер (бұдан әрі - ТК) мемлекеттік органдар мен мүдделі тараптардың ұсыныстары бойынша
салааралық деңгейде стандарттау жөніндегі жұмыстарды жүргізу үшін
экономика салаларында құрылады.
2. ТК-экономика салаларында стандарттарды әзірлеу және бекітілген стандарттау объектілері немесе қызмет бағыттары бойынша техникалық реттеудің мемлекеттік жүйесін құруға қатысу үшін ерікті негізде құрылатын консультативтік-кеңесші орган.
3. ТК ғылыми-зерттеу, жобалау-құрастырушылық және технологиялық институттардың, құрастырушылық бюролардың және ұйымдардың өкілдерінен сәйкес қызмет салаларында ғылыми-техникалық әлеуеті және жұмыс тәжірибесі бар мемлекеттік органдарының қатысуымен (бұдан әрі-ТК мүшелері) құрылады.
4. ТК-ны құру туралы шешімді және оның құрамын техникалық реттеу саласындағы мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын мемлекеттік орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) бекітеді.
5. ТК орындалатын жұмыс деңгейіне байланысты, Қазақстан Республикасының техникалық комитеттеріне (ТК), мемлекетаралық техникалық комитеттерге (МТК), стандарттау жөніндегі халықаралық ұйымының және халықаралық электр техникалық комитеттеріне (ХЭТ, ИСО ТК) бөлінеді.
ТК құру тәртібі
11. Базасында ТК құрылатын ұйым уәкілетті органға ТК құру туралы негіздемесі болатын өтініш жібереді.
Ұсынысты мыналар қамтылады:
1) ТК-ны ерікті түрде құру туралы өтініш;
2) ТК хатшылығын жүргізуге келісім берген ТК-ны құруға негіз болатын заңды тұлғаның, оның қызметі және ТК жұмысына жағдайлар жасау мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпараты бар толық және қысқартылған атауы. Келісім еркін формада жазбаша ресімделеді;
3) ТК-га бекітілген стандарттау объектілерінің тізімі немесе ТК қызметінің саласы;
4) ағымдағы жылдағы және (немесе) болашақтағы болжалған жұмыс бағдарламасы;
5) ТК жұмысына қатысуға жазбаша келісімі бар ТК-ға мүше ұйымдар тізімі;
6) базасында ТК құрылатын ұйым (салыстыру үшін түпнұсқасы ұсынылмаған жағдайда, нотариалдық куәландырылған) жарғысының көшірмесі.
12. Уәкілетті орган егер көрсетілген қызмет саласы әрекет етуші ТК өтініш жасамаған жағдайда ғана ТК құру туралы ұсынысты қарастырады. ТК құрған кезде қолданылу саласы мен стандарттау нысандарын олардың қайталануын болдырмай әрекет ететін ТК нақты шектеуі керек.
Егер уәкілетті орган оң шешім қабылдаған жағдайда, ол ТК құру және оның құрамын бекіту туралы бұйрық шығарады. Теріс шешім қабылданған жағдайда, уәкілетті орган өтінімді және оған қосымша құжаттамаларды өтініш беруші-ұйымға толықтыру үшін қайтарады немесе ұсынылған ұсыныстан бас тарту себептері туралы негіздемесімен өтінімді қабылдамайды.
13. Уәкілетті орган ТК-ға идентификациялық (реттік) нөмір және атау береді. Техникалық комитеттің белгісі «ТК» әріптері мен идентификациялық нөмірден тұрады (мысалы ТК 156). ТК туралы мәліметтер Интернет-ресурсқа (www.memst.kz) орналастырылатын Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесінің тізіліміне енгізіледі.
14. Хатшылық ТК қызмет ету саласы, құрылымына қатысты барлық өзгерістерді уәкілетті органға жібереді.
15. ТК хатшылығы осы Ереженің 7-бабында айқындалған талаптарды орындамаған жағдайда, уәкілетті орган хатшылықты жүргізуді ТК құру және тіркеу процедурасын қайта өткізетін, яғни осы ТК мүше - ұйымдармен келісе отырып, ТК құрамына кіретін басқа ұйымға береді және ТК құрамына және құрылымына тиісті өзгерістер енгізеді.
16. ТК құрылған және құрамы бекітілген күннен бастап екі ай ішінде ТК хатшылығы уәкілетті органға ТК туралы құрылым мен ережені дайындайды және келісу үшін жібереді.
17. ТК құрылымы ерікті формада мынадай қосымшаларымен бірге
ұсынылады:
1) ТК төрағасы, төраға орынбасары, хатшысы және уәкілетті мүше-өкілдерін қамтитын тізімдік құрамы;
2) әрбір ішкі комитет үшін стандарттау саласының (қызмет ету салалары)объектілері, оның құрамы және хатшылық мекенжайы көрсетілетін ішкі комитеттер тізбесі (бар болса).
18. ТК туралы ережені ТК төрағасы бекітеді.
19. Базасында ТК орналасқан заңды тұлғаны қайта құрған жағдайда, ТК уәкілетті органға орнын ауыстырғаны туралы жазбаша хабарламаны бір айдан кешіктірмей жібереді.
20. ТК стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру үшін өзінің шешімімен барлық ТК-ға қарағанда барынша санаулы стандарттау салаларында бір немесе бірнеше ішкі комитеттерді (ІК) анықтау және осы шешімде осы ішкі комитеттердің жұмыс тәртібін анықтайды.
21. Әрбір ішкі комитет өзінің меншікті идентификациялық (реттік) нөмірі мен атауын алады. Ішкі комитет белгісі ТК белгісінен, көлбеу сызық, «ІК» әріптерінен, кіші комитет нөмірінен және оның атауынан тұрады. Қысқаша атауы атаусыз белгілерді қамтиды (мысалы, ТК 156/ІК 2).
22. ТК, ІК шегінде нақты жобамен жұмысты ұйымдастыру үшін (мысалы, стандарт әзірлеу үшін) жоба аяқталғаннан кейін өз жұмысын тоқтататын жұмыс топтары (ЖТ) құрылады. Жұмыстық топтың басшысы мен жұмыс тәртібі ТК Кеңесінің отырысында анықталады.
23. ТК ІК және ЖТ құрылымы, құрамы ТК отырыстарында
қалыптастырылады.
3. ТК-ның жұмыс тәртібі
24. ТК қызметі мемлекеттік стандарттардың сапалық деңгейін арттыруға,оны отандық өнімнің ішкі және сыртқы нарықтағы бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету үшін, сондай-ақ шет елдермен өніммен (технология,қызметтермен) саудалық айырбас жасасу кезінде техникалық кедергілерді жою үшін халықаралық стандарттармен үйлестіруге бағытталған.
25. Мемлекеттік стандарттау саласында ТК мынадай жұмыстарды
ұйымдастырады және функцияларды іске асырады:
1) бекітілген объектілер және қызмет бағыттары бойынша мемлекеттік техникалық реттеу жүйесін дамытудың негізгі бағыттарын айқындау жөніндегі ұсыныстарды дайындау;
2) мемлекеттік стандарттарды және техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін, халықаралық, өңірлік, ұлттық стандарттар мен шет мемлекеттердің техникалық-экономикалық ақпарат жіктеуіштерін және оларға енгізілетін өзгерістерді белгіленген тәртіппен әзірлеуге және сараптауға қатысу;
3) техникалық реттеу саласындағы нормативтік-құқықтық актілер мен мемлекеттік стандарттарды әзірлеу жөніндегі мемлекеттік техникалық реттеудің жүйесін дамыту бағдарламаларына ұсыныстар дайындау;
4) ТК-ға бекітілген нысандар бойынша ұйым стандарттарын, Қазақстан Республикасының стандарттау жөніндегі ұсынымдарын әзірлеу, қарастыру, келісу;
5) қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға
өзгерістер әзірлеу;
6) ТК-ға бекітілген нысандарға арналған республикада қолданыстағы стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды жою бойынша ұсыныстар даярлау;
7) республикада қолданылатын нормативтік құжаттарды бірыңғайлау және мемлекетаралық, халықаралық, өңірлік және шет елдердің ұлттық стандарттары және құжаттарымен үйлестіру бойынша ұсыныстар дайындау және жұмыстар жүргізу;
8) ТК бекітілген нысандар бойынша стандарттаудың техникалық деңгейі мен қол жеткізілген деңгейін бағалау.
26. ТК жұмыс жоспары жоспарланатын жұмыстардың орындалу
жылының алдындағы жылдың 1 шілдесіне дейін уәкілетті органға ұсынылады.
27. ТК жарты жылғы қорытынды есептері келесі есептік кезең айының 5-іне дейін уәкілетті органға ұсынылады.