Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Білім саласындағы стандарттау




ҚР “Білім заңына” сəйкес елімізде білім стандарттары қабылданған.
“Стандарт” түсінігі латын сөзі негізінде қабылданып, “үлгі”, “өлшем” деген мағынаны аңдатады. Білім стандарты мəн-мағыналық тұрғыдан сауат, білімділіктің мемлекеттік өлшемі ретінде қабылданып, қоғамдық мұратқа орайластырылған, əрі нақты тұлға мен білім жүйесінің мүмкіндіктерін ескерген сол мұратқа жету негізгі белгі - талаптар (параметры) жиынтығын қамтиды.
Білім саласындағы стандарттаудың негізгі нысандары –стандарт құрылымы, оқу жүктемелерінің мазмұны, көлемі жəне оқушыны дайындау деңгейі. Стандарт бойынша белгіленген деңгей, дəрежелер мен талаптар білім сапасын бағалау мен білімдену процесінің негізгі қырларын сараптауда мызғымас шек (эталон) сипатында қабылданады.
Білімді стандарттаудың қажеттігі қоғамдық құбылыс ретінде танылған білім саласындағы түбегейлі өзгерістерге орай туындап отыр. Қазақстан Республикасының егеменді елдер қатарында демократияға, нарықтық қатынастарға, тұлғаның құқы мен еркіндігіне бетбұрысы білім аймағындағы саясатты қайта қарастырып, жаңаланған заман көзқарасымен түсінуді талап етіп отыр.Білім саласы енді ең алдымен жеке тұлғаның рухани қасиеттерін қамтамасыз етуге бет бұрды. Бұл өз кезегінде оқу процесін ұйымдастыру, оқу –оқыту формалары мен əдістерін таңдау жəне білім мазмұнын іріктеу істеріне көптеген өзгерістердің енуіне себепші болды.
Стандарттау сонымен бірге білім саласындағы көптеген жаңашыл қадамдарға байланысты қажет болып отыр. Атап көрсететін болсақ, олар:
1) мектеп оқу процесінің жаңа еркін ұйымдастыру формаларына өтуі;
2) көптеген мектептердің құқықтық дəрежесінің өзгеруі;
3) тың оқу жоспарларының енгізілуі;
4) мектептердің оқу пəндері мен олардың игерілу көлемін өз қалауымен таңдауы;
5) баламалы оқулықтардың қосылуы;
6) оқудың жаңа технологияларының жасалуы; көп деңгейлі жəне жіктемелі оқуға өту.
Байқағанымыздай, аталған демократиялық қадамдар өткендегіміздей тезге салынған бір сарынды (шаблон) оқу жүйесіне тосқауыл қойып, əрқандай жəйт, жағдайларды ескеріп, білім беру процесіне шығармашылдықпен қатынас жасау қажеттігін айғақтауда. Осыдан, əрқилы оқу мекемелерінде оқушылар игеретін білімнің біргелкі деңгейін қамтамасыз ететін білімдену кеңістігінің базалық тұтастығын сақтау- міндетті шараға айналды.
Ал Мемлекеттік стандарт елдегі жалпыға ортақ бірдей білім қорының болуын қамсыздандыратын жалғыз тетік.
Сонымен бірге, білім стандартының алғы шепке тартылуына себеп - Қазақстан Республикасының əлемдік мəдениет жүйесіне енуге болған талпынысы. Бұл білім сапасын қалыптастыруда халықаралық білімдену тəжірибесінің жетістіктерін ескеруді қажет етеді. Осы талаптың орындалуынан Қазақстан азаматтарының білімі жөніндегі құжаттары шет елдерде мойындалатын болады.
Мектеп тəжірибесіне енген Мемлекеттік стандарт оқу процесін мызғымас, қатаң ресми байламға матау емес, керісінше, ол педагогикалық шығармашылдыққа, міндетті мазмұндық өзек (стандарттың өзі) төңірегінде баламалы бағдарламалар, оқудың əрқилы технологияларын, оқу құралдарын жасауға кең жол ашады.
Мемлекеттік міндетті стандарттар бəсеке негізінде қабылданады,10 жылда бір рет қайта өңделіп, қажетті реттеулер мен түзетулер енгізіледі, мемлекеттік заңмен бекиді. Ол барша оқу орындарының қай салаға бағынуына, типіне, меншіктік формасына тəуелсіз орындалуы міндетті.
Жалпы білім беруші мекемелердің білім стандарты үш бөліктен құралады: мемлекеттік, ұлттық – аймақтық жəне мектептік.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі (инвариант) елдегі білім кеңістігінің біртұтастығы мен тұлғаның əлемдік мəдениет жүйесіне енуін қамтамасыз етеді.
Ұлттық – аймақтық елдің жер-жерлеріндегі ерекшелік, талаптарына (ана тілі мен əдебиетіне, жағрафиясына, мəдениет пен өнеріне, еңбек, өндіріс дайындығына жəне т.б.) байланысты анықталады.
Мектептік білім мазмұны нақты оқу орнының анайылығы мен бағыт –бағдарына орай оқу пəндерінің енгізілуімен белгіленеді.
Стандарттың мемлекеттік бөлігі – бұлжымас, қайта қарастырылуы өте сирек, ұлттық аймақтық жəне мектептік бөліктер- баламалы, оның құрамды бірліктері жүйелі жаңаланып барады.
Қазақстан республикасының “Білім туралы Заңында” көрсетілгендей, жоғары өкілетті мемлекеттік органдар негізгі білім ақпараттарының ең төмен көлемдегі мазмұнын, оқу жүктемесінің ең жоғары деңгейін белгілеп, түлектер дайындығына қойылатын талаптарды алға тартады. Қабылданған оқу жүктемесі шегіндегі міндетті білім көлемінен тыс, қосымша білім мазмұнын ұсыну жергілікті оқу орындарының билігінде. Стандарт құрамы келесі бірліктерді қамтиды: жалпы білімдік оқу орындарының түбір (типтік) жоспары, мазмұн құраушы мызғымас (инвариант) жəне баламалы бөліктер, оқушыларың жалпы дайындық деңгейіне қойылатын мемлекеттік талаптар.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1244 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Настоящая ответственность бывает только личной. © Фазиль Искандер
==> читать все изречения...

2310 - | 2034 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.009 с.