Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Техникалық реттеу және стандарттау.




Стандарт және стандарттаудың ұғымы.

Стандарт (ағылшын тіліннен standart – норма, үлгі)

Стандарт: мүдделі жақтардың бір – бірімен бірлесіп, келісімді немесе мақұлданған түрде жасаған, ғылым мен техниканың және практикалық тәжірибелердің нәтижелеріне негізделген, қоғамның пайдасына бағытталған, стандарттау органдарымен қабылданған техникалық құжат

Стандарттаудың халықаралық ұйымы (ИСО)

-басқа обьектілерді бастапқы мен салыстыруға арналған үлгілер, эталондары және модельдер; міндетті ұйымдармен бекітілген және стандарттау обьектіне қойылатын стандарттау бойынша нормативті-техникалық құжат.

-ғылым, техника, өнеркәсіп мен ауыл шаруашылық өндіріс, құрылыс, деңсаулық қорғау, экология, транспорт және т.с.с. адам әрекетінің барлық сфералары

Стандарт-уәкілетті орган көздеген тәртіппен бекітілген, көп мәрте және ерікті пайдалану мақсатында техникалық реттеу объектілеріне ережелерді, жалпы принциптер мен сипаттамаларды белгілейтін құжат.

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

«стандарттау» - ғылым, техника және экономика салаларында көп рет қайталанылатын және осы салалардың мақсаттарын тиімді дәрежеде ретке келтіретін мәселелерді шешу жолындағы әрекет.

Стандарттаудың белгілі бір жүйесінің ішінде стандарттар мына тақырыптарға бөлінеді:

-сапа стандарты

-әлеуметтік стандарт

-білім беру стандарты

-техникалық талаптады орнататын стандарт

-еңбек қауіпсіздігі стандарты

-құжаттарды дайындау стандарты

-экологиялық стандарт және т.б.

Стандарттау - нақты қойылып отырған және ықтимал міндеттерге қатысты көпшілікке ортақ, көп мәрте және ерікті пайдалану үшін ережелер белгілеу арқылы өнімге, көрсетілетін қызметке және процестерге қойылатын талаптарды ретке келтірудің оңтайлы деңгейіне қол жеткізуге бағытталған қызмет.

Техникалық реттеу және стандарттау.

Қазақстан Республикасының мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі - өз құзыреті шегінде техникалық реттеу саласындағы жұмыстарды жүзеге асыратын мемлекеттік органдардың, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ техникалық регламенттердің, стандарттардың жиынтығы. Қазақстан Республикасының «Техникалық реттеу туралы» Заңын қабылдағаннан кейін мемлекеттік стандарттау жүйесін реформалау басталды. Бұл жұмыстың үш кезеңін атап өтуге болады.

1. кезең - алғашқы (2005 ж.) - мемлекеттік стандарттау жүйесінің Қазақстан егемендік алғаннан бастап атал- ған заң қабылданғанға дейінгі жағдайы.

2. кезең - өтпелі (2005-2012 жж.) - жүйе жұмыс ының құқықтың статусын мемлекеттіктен еріктілікке өзгер- ту үшін мемлекеттік стандарттау жүйесін үлттың стан- дарттау жүйесі етіп қайта құру.

3. кезең - ңорытынды, яғни стандарттаудың үлттық жүйесін қалыптастыруды аяңтау. Бұл жүйені мемле- кеттік емес үйымдар басқаруға тиісті жене жүйе ерікті қолданылатын үлттық стандарттарға негізделеді.

Алғашқы кезеңде Қазақстанның мемлекеттік стандарттау жүйесінің негізін осы саладағы заңнамалар қоры, Заңдарды іске асырушы актілер және нормативтік құжаттар құрды. Өтпелі кезеңде адамның өмірі мен денсаулығы және қоршаған орта үшін өнімге және оның өмірлік циклінің процестеріне қойылатын қауіпсіздік талаптарын белгілейтін техникалық регламенттер және олармен үйлестірілген стандарттар қолданысқа енгізілгенге дейін мемлекеттік реттеу Қазақстан Республикасының техникалық реттеу туралы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады. Техникалық регламенттердің қолданысқа енгізілуіне қарай олар қамтитын немесе оларға қайшы келетін нормативтік құқықтық актілердің күші жойылды деп танылуға тиіс. Қорытынды кезең. 2013 жылға дейін ұлттың жүйе біржолата шет елдердегі практикаға ауысуға тиісті. Жүйені мемлекеттік емес мекеме басқарады. Қажетті техникалық регламенттер қоры қалыптасқандықтан, ұлттың стандарттарда тек қана ұсынылатын талаптар қарастырылады. Ұлттық жүйенің статусының өзгеруі бұл жұмысқа Қазақстан Республикасының Үкіметі мүлдем қатыспайды дегенді білдірмейді. Үкіметтің реттеудегі жұмысы стандарттау саласының мақсаты мен принциптерін, Қазаңстанның стандарттау саласындағы үлттың орган- ның жұмыс ын, үлттың стандарттарды әзірлеу және іске асыру ережелерін регламенттеу болып табылады. Стандарттардың екі категориясының болуы - «ұлттың стандарттық» және «ұйым стандарттарының» - әрекет өрісіне байланысты екі жүйенің болатынын айқындайды, яғни, бүкіл Қазақстан аумағында іс-әрекет жасайтын ұлттық жүйе және іс-әрекеті жекелеген ұйым шеңберінен аспайтын жергілікті жүйе. Стандарттаудың ұлттық жүйесіне мыналар кіреді:

  • ұлттық стандарттар;
  • стандарттау ережелері, стандарттау саласындағы нормалар мен ұсыныстар;
  • техникалық-экономикалық ақпараттардың мемлекеттік жіктеуіші.

Стандарттаудың жергілікті жүйесі ұйым стандарттарына негізделген. Бұл стандарттар Қазақстан Республикасының «Стандарттау туралы» Заңында келтірілген мекеме қоғамдардың жәнеқоғамдық бірлестіктердің стандарттарын алмастырады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-19; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1668 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Начинайте делать все, что вы можете сделать – и даже то, о чем можете хотя бы мечтать. В смелости гений, сила и магия. © Иоганн Вольфганг Гете
==> читать все изречения...

2282 - | 2063 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.012 с.