Егер бөлшек біртекті магнит өрісінде жылдамдықпен қозғалатын болса, онда Лоренц күші модулі жағынан өзгермейді және бөлшек траекториясына қатысты нормаль бойымен бағытталады. Ньютонның екінші заңына сәйкес, бұл күш бөлшектің центрге тартқыш үдеуін анықтайды. Демек, бөлшек шеңбер бойымен бірқалыпты қозғалады. Шеңбердің радиусын шартынан анықтауға болады:
.
Бөлшектің айналу периоды
,
яғни біртекті магнит өрісінде бөлшектің айналу периоды бөлшектің меншікті зарядына кері шамамен және өрістің магнит индукциясымен ғана анықталады да, бірақ оның жылдамдығына тәуелсіз болады. Зарядталған бөлшектердің циклдік үдеткіштерінің жұмысы осыған негізделген.
Индукциясы магнит өрісінде орналасқан бойында тығыздығы тогы бар металда, бағыты және векторларына перпендикуляр болатын электр өрісінің пайда болуын Холл эффекті деп атайды.
25.1-сурет
Көлденең (Холл) потенциалдар айырмасы Лоренц күшінің салдарынан пайда болады және мынаған тең
,
мұндағы - заттың тегіне тәуелді Холл тұрақтысы, - ток тасушылардың шоғыры. Өлшенген Холл тұрақтысының мәні бойынша өткізгіштегі ток тасушылар зарядының таңбасы мен олардың шоғырын анықтауға болады. Холл эффекті аналогты есептеуіш машиналар мен өлшеуіш техникада тұрақты токтарды көбейту мақсатында (Холл датчиктері) және т.б. қолданылады.