Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Дәріске арналған тест тапсырмасы




1.Монғол шапқыншылығы қай жылдарда болды

А.1207-1210

Б.1219-1224 +

В.1218-1225

Г. 1220-1222

Д. 1236-1245

2.Шыңғысханның заңдары

А.Яссы +

Б.Жеті Жарғы

В.Кодекс куманикус

Г. Адат

Д. Жарлық

3.Монғол әскері қай жүйе бойынша бөлінеді

А. Ондық +

Б.Жүздік

В.Мыңдық

Г. Қол

Д. Кешік

4.Отрар қаласы қанша уақыт тойтарыс көрсетті

А.5 ай +

Б.1 жыл

В.7 ай

Г: 1 күн

Д. 25 күн

5.Алтын Орда қай ғасырда қалыптасты

А.13 ғ. +

Б.14 ғ.

В.15 ғ.

Г.16 ғ.

Д. 12 ғ.

 

 

№ 7 дәріс Ерте ортағасыр кезеңіндегі халықаралық қатынастар

Мақсаты мен міндеттері:

- Қазақ халқының ру-тайпалық құрамын және Қазақ хандығының қалыптасу кезеңдерін, себептерін анықтау.

Жоспар:

1. Көшпеліліктің қалыптасуының үстемдік алу үрдістері.

2. У1 ғ. ІІ жартысындағы Түріктердің жаулап алу жорықтары. Түрік және Батыс- Түрік қағанаттарының дипломатиясы.

3. Орталық Азиядағы арабтарға қарсы одақтың құрылуы.

4. Оғыздардың ежелгі орыс мемлекетерімен қарым-қатынасы.

5 Қыпшақ мемлекетінің Батыс бағытындағы жорықтары.

Әдебиеттер тізімі:

1. Алтын Орданың құрылуының құлауына дейін Алматы, 1998.

2. Қазақстан тарихы. I-IVТ. Алматы, 1996-98

3. Қазақстан тарихы. Очерктер. Алматы, 1994.

4. Қазақтар 9 томдық анықтамалық т.1-9. Алматы, 1998.

5. Артықбаев Ж.О. қазақстан тарихы: Оқулық – хрестоматия. Астана, 2000.

6. Қазақстан тарихы: Көне заманнан бүгінге дейін (очерк) Алматы, 1995.

7. Кляшторный С.Г., Султанов Т.И. Казахстан. Летопись трех тысячелетий. - Алматы: Рауан. 1992.

Көшпеліліктің қалыптасуының үстемдік алу үрдістері

Қазақ халқының тарихы, басқа да орта Азия халықтар тарихы сияқты өте күрделі. Себебі, Орта Азиядағы ұлыстардың қалыптасу барысында, ол аймақта көптеген тайпалар мен халықтар тағдыры тоғысқан. Біз сіздермен әрқилы қазақ ұлысының негізін құраған тайпалардың пайда болуы мен жойылуы туралы шығыс және еуропалық деректерден білеміз.

Қазақ тарихының зерттеушілері және ғалымдар, қазақ ұлысының көп ғасырлық қалыптасу процесі XV-XVI ғасырларға келеді деген пікірге келіп отыр.

Бірақ ұлыстың құрылу тарихын білу үшін ең алдымен ұлыс немесе этнос дегеннің не екенін анықтау керек.

Этнос дегеніміз – адамдардың тарихи қоғамдастығы. Олардың тек сыртқы сипаттары ғана емес, ортақ емес, сонымен бірге тілі, мәдениеті, психикасы да ортақ, және өздерінің басқа этникалық топтардан ерекшеленген, өз бірліктерін сезінген адамдар тобы. Этностың қалыптасуы және оның тұтастығының кейін сақталуы үшін олардың мекендеген аумақтарының бірлігінің үлкен мағынасы бар. Адамдарда жалпы сипаттар пайда болу үшін, яғни басқа этностардан олардың ерекшеліктері болу үшін, олар бір бірімен ұзақ, үздіксіз қатынаста болу керек. Ал бұл тек қана бір-біріне жақын жерлерде орналасқан кезде ғана мүмкін. Осы кезеңде этностың ынтымақтасуы бір тұрақты аумақ шегінде қалыптасады. Жоғарыда зерттелген тақырыптардың, тайпалар мен халықтар тарихы бойынша, қола дәуірден Қазақстан хандығының тууына дейінгі, сіздер Қазақстан аумағында индоевропалықтар, түркі, монғол тайпалары болғандығын білесіздер. Олар өткен дәуірде әртілдес болған. Олардың бәрі Азияның халықтарының қазақ халқының этникалық негізін құраған. Бұған дәлел қазірге дейін сақталып келген үш қазақ жүздерінің рулары мен тайпаларының атаулары.

Қазақ ұлысы ғасырлар бойы қалыптасты. Қазақстан тарихын зерттеушілер, еуропа, шығыс авторларының көптеген шығармаларын, тарихи жазуларды терең зерделеген. Көптеген көздер – деректер негізіндеқазақ ұлысының қалыптасу жолын этногенез - қола дәуірінен ұлыс анықтау мүмкін болды.

Қазақ ұлысының этногенезін зерттеушілер екі аспект арқылы қарастырады: лингвистикалық және антропологиялық, себебі қазақ тілі көптеген ғасырлар бойы қалыптасқан және қазақтарды басқа ұлыстардан қандай белгілерімен айырмашылығы болған. Бұл процестер бір бірімен тығыз байланыста жүруде.

Қазақ ұлысы әлемнің басқа да ұлыстары сияқты, сондай заңдылықтар негізінде қалыптасқан.

Этногенез процес кейбір жағдайларда бір уақыттарға тоқтап қалып тұрды, сосын баяу қайтадан жалғасты, бірақ жаңа тарихи жағдайда.

Әр халықтарда этногенетикалық процестің өз ерекшеліктері болды. Бұл ерекшеліктер қазақ ұлысына да тән. Қазақстан аумағында адамзат қоғамының дамуының әр түрлі сатысын көруге болады: көне түрінен бастап. Бастапқы кезеңде бұл процестер автохтондық халыққа байланысты болды. Бірақ кейіннен даму кезеңінде олар Орта Азия кеңістігіндегі этникалық процесстерден ғана тәуелді болды. Қазақстан аумағында этникалық тарихтың дамуы, ірі этникалық қауымдастықтардың қазақ халқының негізін құруы алғышарт болды. Себебі көшпелі малшылар мен тұрақты егін шаруашылығы, қала мәдениеті, қоғамдық қатынастардағы прогрестік өзгерістердің өзара байланысы мен эволюция негізін құрады. Көбінесе этникалық процесстер күрделі саяси оқиғалармен, қазақстан мен Орта Азия аумағы мен одан сырт елдерде өтіп жатқан анықталады.

Этногенетикалық процесстердің Қазақстан аумағында дамуының бірнеше кезеңдері бар.Антропологиялық деректер бойынша этникалық дамуда көптеген жылдар бойы еуропалық халық түрі сақталған. Олар кейіннен монғолоид сипатқа ұшыраған. Тілдік, Орта да өзгеріссіз қалмады, ирантілдес көне тайпалар біртіндеп бұл аумақты мекендегендердің тілі түркі тіліне орын берді, себебі этногенетикалық процестер тамыры қазақ даласының кең байтақ жерінде қола дәуіріне кетеді. Ол кездерді сол уақытта андронов тайпалары мекендеген. Олар европеоид нәсілді болғагү археологиялық деректер бойынша Қазақстан аумағында, қола дәуірінде айтулы мәдени ерекшеліктер орын алған. Соған қарамастан Қазақстан және Орта Азия аумақтарындағы қоғамдық мәдени процестерде ұқсастықтар өте көп. Темір дәуірінде Андронов өз ұрпақтарына жаңа өмір салтын – номадизмді қалыптастырды.

Андронов мәдениеті тайпалары мен сақтар Қазақстан аумағында тығыз байланысты. Сабақтастық байланыстардың бәрін қарастырғанда, тарихи процестерде шаруашылық, әлеуметтік және мәдени дамуда әр түрлі аймақтарда айырмашылық көп болды.

Оңтүстіктегі өндірістік күштердің дамуы, мал шаруашылығы мен егіншіліктің өрбімен байланысты, ал орталық пен батыстағы өндірістік күштер дамуы оған қарағанда неғұрлым төмен болды, себебі, бұл аймақтарда тек мал шаруашылығы басым еді.

Қазақстан тарихындағы жаңа кезең – біздің заманымыздың 1 мыңыңшы жылында – ол ең алдымен үйсіндер, қаңлылар тарихы. Сонымен бірге ірі мемлекеттік құрылымдардың, Құшан, Бактрия, Парфия, Қытай сияқты мемлекеттердің тарихымен тығыз байланысты. Ғұндармен, аландармен байланыс, көптеген тайпалардың Қазақстан даласы арқылы Орта Азия, Жайық бойына көшуі де өз ықпалын тигізді.

Адамдар қоғамы Қазақстан аумағында бір жерде тұрған жоқ, ол әрқашан дамып, және жаңа дәуірде жаңа этникалық қауымдастық – тайпалар одағы пайда болды, ерте топтық қатынастар қалыптасты. Мәдени тарихи қауымдастықтың темір дәуірдегі Қазақстандағы жаңа қола дәуір кезеңімен сабақтастығы байқалады. Андронов тайпаларының индоирандық, европеоид тектестері мал шаруашылығымен қола дәуірінде шұғылданғандар, темір дәуірінен Оңтүстік өңірдегі сақтардан малмен шұғылданған тайпаларын – савроматтарды мұраланған.

Алғашқы тайпалық одақтар қазақстанда VIII-VII ғасырларда пайда болған. Тайпалардың одақтарға бірігуіне рулар мен тайпалардың өзара жайылым, су құбырларына таласуына әсер етті.

Өндіріс күштері дамыды. Экономикалық даму деңгейіне байланысты олардың дамуы, әрқилы болды, неғұрлым күштілері әлсіздерін басып тастап отырды. Олар европеоидтар болды, ғалымдар олардың иран тілдес болғанын тұжырымдайды.

Әрине, мұндай саяси, демографиялық факторлар ішкі әлеуметтік экономикалық процестермен өзара ықпалдасып Қазақстанның ежелгі тұрғындарының шаруашылық (эволюциясына) дамуына және қоғамдық қатынастарға әсерін тигізді. Малға жеке меншік қалыптасып, мүлік теңсіздігі айқындалып мемлекеттік аппараты дамып, қалыптаса бастағаны білінді.

Үйсіндермен қаңлылардың тайпалық одақ құруы этногенетикалық процестердің дамуында ерекше мән берді. Тайпалардың бірігіп, этнонимға көшулері тұрақтала бастады, ал кейбіреуі қазақ ұлысының рулық тайпалық құрылымдармен байланысты.

Барлық одаққа тән мәдениет түрлері, ортақ тіл қалыптаса бастады, біртіндеп тайпалық, рулық ерекшеліктер жойылды. Қаңлылар мен үйсіндер негізінде еропалықтар, бірақ олардың түр әлпетінде монғол тектілік сипат ғұндар шапқыншылығынан кейін күшейе түскенмен сақтар тілідегідей, үйсін, қаңлы тілдері туралы дау сақталуда. Олардың ирантілдес және түркі тілдестігіне жорамалдар көп.

Қазақстандағы этникалық процестерде шешуші кезең және жалпы Еуразия даласындағы шешуші кезең түркілердің біздің ғасырдың басында батысқа жаппай қоныстануымен байланысты. Нақтап айтқанда этнодемографиялық жағдай Қазақстан даласында түркітенді. Солтүстік Монголиядан Амурдарияның төменгі далабына дейінгі жерлерді түркітер қоныстанды. Түркілер тек далаларда емес, қалалар мен басқа елді мекендерде де қоныстанды. Сақ, үйсін, қаңлылар ұрпақтарының араласуы күшейді. Түркі тілі басым болды.

VI ғасырдың басында Қазақстан даласында көшіп жүрген көптеген түркі тайпалары бірігудің қажет екендігін түсінді. Көшпелі мал шаруашылығы жайылымдарды жыл мезгіліне қарай тиімді пайдалануды қажет етті. Бір биліктің жоқтығы көшпелі тайпалардың арасында кикілжің туғызып, оларды әлсіретті, егіншілікпен шұғылданатын халықпен дұрыс экономикалық араласуды қиындатты.

VI ғасырдың ортасында бұндай бірігу пайда болды. Ол түркі қағанаты болды, кейіннен Батыс және Шығысқа бөлінді. Жаңа әлеуметтік қатынастардың қалыптасуы және VI ғасырда ежелгі түрік мемлекетінің құрылуы, түркі тілдес тайпалардың батыс жерлерге көптеп көшуіне, Қазақстанның жергілікті халқының түркіленуіне антропологиялық тектердің біртіндеп монғолдануына, түркі тайпаларының белгілі аймақтарда бекуіне әсерін тигізді.

Түркі мемлекеттерінің біртұтас қатарының пайда болу дәуірінде Қазақстан аумағындағы этникалық процестерде интеграциялық сипаттар күшейді. Бұл мемлекеттер жергілікті және келмесек халықтардың саяси бірігуіне мүмкіндің туғызды, жеке аймақтарда этномәдениет ерекшеліктерін сақтады, аймақтарды игеруде тұрақтылық жағдай туғызды.

У1 ғ. ІІ жартысындағы Түріктердің жаулап алу жорықтары. Түрік және Батыс- Түрік қағанаттарының дипломатиясы

Түркі кейіннен Батыс және Шығыс қағанаты этникалық тарихта жаңа толқын туғызды. Қазақстан үшін батыс түркі қағанатының ролі зор, оның құрамына Шығыс және Оңтүстік Қазақстан аймағымен Жетісу кірді. Қағанаттың тайпалық негізін түркі тайпаларының одағы құрады, үйсін, қаңлы тайпаларын да ерекше роль атқарды. Сонымен бірге Шығыс Қазақстанда, Тарбағатайда қоныстанған қарлұқтар, түркештер – Балхаш пен іле Алатауын мекендеген. Ыстық көлде қоныстаған шегіл тайпалары.

Батыс қағанаттың құрылуы және одан әрі қарай даму тарихы, әлеуметтік экономикалық институттар мен мәдениет сабақтастығының сақталуын жорамалдайды. Сонымен бірге бұл мемлекеттік құрылымдардың тарихына сыртқы күрделі оқиғалар, батыс пен шығыстағы соғыстар, тайпалық қауымдастықтардың көптеп қоныс аударулары да әсер етті.

Батыс Түркі қағанаты тарихына түркеш – Шу Іле алқабының тайпаларын біріктірген, орталығы Талас өзені бойындағы Суяб қаласы. Түркілер егіншілікке бет бұрды. Сосын 8 ғасырда қарлұқ қағанаты тарихы басталды. Қарлұқ конфедерациясы тайпалары Алтайдан Жетісуға қоныс аударды.

Қарлұқ конфедерациясы құрамына: тұхси, шігіл, азкин, дұлу, халадж, чарук, аргу, барсхан кірді. Олардың кейбірі бұрын түркештердін құрамында болған. Сонымен бірге оғыз, ұйғыр, Жетісу соғдылықтар кірді. Оғыздардың негізгі тобы Арал бойына кетті. Қарлұқ этносаяси қауымдастығында еуропа тектес нәсілдер басым болды. Қарлұқтардың басым көпшілігі Мауараннахрға қоныс аударып, өзбек ұлысының бір бөлігін құрады.Оңтүстік Қазақстан аумағында оғыздар мемлекеті қаңлы мен қаңғар – печенег тайпаларын және Сырдария алқабындағы ас, алан этникалық топтарын біріктірді. Оның ішіне чагр, шарук, халаджлар да кірді. Кейіннен оғыздардың көп бөлігі Орта Азияға қоныс аударды, ал қалғаны Қазақстан аумағындағы жаңа этносаяси одақ қыпшақтар мемлекетінің құрамына кірді.

Қазақстанның солтүстік, шығыс, Орталық аудандарында VIII-IX ғасырларда қимақ және қыпшақ тайпалары өмір сүрді, сонымен қатар ерте феодалдық мемлекет сақталды. Қимақ саяси бірігуіне көшпелі, жартылай көшпелі түркі тайпалары – қыпшақ, эймур, имақ, татар, т.б. кірді.

Қимақ мемлекетінің жалғастырушысы болып қыпшақтар, қимақ одағының ең ірі тайпасы қалды.

Ерте феодалдық қоғамдық қатынастардың қалыптасуы мен орнығуы, шаруашылықты жалпы түрі, мәдениет, түркі тілінің негізгі тіл ретінде бекуі этникалық процестердің дамуына ықпалын тигізді. Көне және орта ғасырдағы Қазақстан тайпаларының табиғи геграфиялық, шаруашылық жағдайларына байланысты, тарихи, саяси негіздерге сәйкес, олар бірнеше этномәдени топтарға бөлінді. Жетісу мен Түркістанда, Орта, Солтүстік, шығыс Қазақстанда және Каспий, Арал маңайында. Ортағасыр Қазақстаны осылай бөлінуді бекітті, бірақ олар өзара қарым қатынасын тоқтатқан жоқ. Этникалық процестерге саяси факторлар әсері күшейді.

Қазақстанның оңтүстігіндегі тайпалардың бірігуі шаруашылық және мәдени ынтымақтығы күшейді, сонымен бірге Орта Азия халқымен өзара бірлестікке саяси бағдарлануы, оған олардың көп жылдар бойы Қарахан феодалдық мемлекеті құрамында болуы ықпал етті. Қарахан хандығы Орта Азияның Шығыс Түркістанды, Қазақстанның оңтүстік шығысын алып жатты.

Отырықшы егіншілер мен көшпелі малышларды біріктіріп, Қарахан мемлекетінің құрылуында Жетісуды мекендеген яғма, шігіл, қарлұқ тайпаларының ролі зор. Осы тайпалардың жергілікті халықпен тіл табысуы, Орта Азияда өзбек ұлсының қалыптасуының елеулі кезеңі болды. Салыстырмалы дамыған қоғамдық қатынастар жағдайында бұл мемлекетте этноәлеуметтік жағдай орныға бастады.

Сөйтіп, біртіндеп Қарахандарың саяси тағдыры, оның біртіндеп екі Шығыс және батыс қағанатына ыдырауына әкелді.

Қыпшақ тайпаларының мемлекеттік бірігуі ХІ-ХІІ ғасырларда Еділ мен Жайықты жайлаған жалпы түркі тайпаларымен этносаяси, шаруашылық, мәдени қатынастарының өрбуіне ықпал етті. Қыпшақ конфедерациясы құрамында қимақ, байандұр, баяут, қаңлы, тоқсоба, албүрлік, иета т.б. болды. ХІІ-ХІІІ ғасырларда қыпшақтар, қарлұқтар сияқты ерте феодалдық тектес ұлыстарды құру жолында болды. Бірақ кейінгі жүздіқтар оқиғалары бұл ірі этносаяси қауымдастықты ыдыратып, шығыс қыпшақтарын қазақ, қырғыз, өзбек, қарақалпақ, ноғай ұлыстарын қалыптастыруға қатысты етті.

ХІІІ ғасырдың І ші оңжылдығында Қазақстан аумағында Шыңғысхан шабуылынан кейін, Алтайдан көптеген найман, керей тайпалары қоныс аударды.

Олардың тілдік және этникалық негізі туралы, олардың түркі тілдес және монғолтілдес деген жорамал бар. Бұл ерте таптық белгілерімен мемлекеттік саяси қауымдастық. Олар кейін қазақ ұлысы құрамына кірді. Себебі олар ХІІІ ғасырда Қазақстан аймағында құрылып, феодалдық қатынастарды бекітіп, мемлекеттік құрылымдар құрып, егіншілік – отырықшылық мәдениетін дамытып, сонымен бірге тайпалармен халықтардың рухани мәдениетін дамытып, олардың бірігуіне жағдай туғызды.

ХІІ-ХІІІ ғасырларда Қазақстан аумағында әрқилы түркі тайпаларын бір ұлысқа біріктіру жағдайы туды. Олар бір аумақта тұрды, ортақ шаруашылықпен айналысты, ортақ тіл, ортақ тұрмыс және мәдениеті болды.Бірақ бұл табиғи, тарихи кезең Шыңғысхан шапқыншылығының кесірінен ғасырларға кейіндетіп тасталды.

Монғол басқыншылығының нәтижесінде қазақ ұлысының негізін құраған көптеген халықтар, құлдыққа айдалып, Қазақстан аумағынан жаугершілікке тартылды.

Жаңа этникалық компонент қосылды, моңғол руы мен тайпалары, осының нәтижесінде Қазақстан аумағына қоныс аударған.

Түркі тайпалары, Қазақстанды мекендеген, енді Шыңғысханның ұлдары құрған мемлекеттер арасында қалды. Жошы, Шағатай, Угедей ұлыстары кейіннен Қазақстанның жекелеген аудандары Алтын Ордаға, кейіннен Ақ Ордаға кірді.

Монғол феодалдарының жайылымдарды басып алуы, жергілікті халықтың қоныс аударуына әкеп соқты. Феодалдық соғыстар, өзара кикілжің, саяси ыдырау ұлыстардың ұсақталуына, бөлінулеріне, түркі тайпалары мен рулардың қоныс аударуына әкелді. Монғол жаугершілігі антропологиялық тектес жергілікті түркі халқында монғол сипаттарын күшейтті, бірақ монғол этникалық топтары аздығына байланысты, байтақ далаға ассимиляцияға ұшырап, түркілер ортасына сіңіп кетті.

Монғол жаугершілігі Қазақстан аумағындағы этникалық процестерге үлкен әсерін тигізді. Ол негізгі саяси фактор, жаңа этноәлеуметтік қауымдастықтардың құрылуына жол ашты.

Үшінші эволюциялық жол Қазақстан аумағында ерте феодалдық ұлыстар құру жолы үзілді. Этникалық тұрпаттан қарағанда, көптеген өзгерістер болды, атап айтқанда, халықтың құрамы өзгерді, этноәлеуметтің ұйым, әлеуметтік экономикалқ шарттар өзгеріске ұшырады.

Басып алынған халыққа қарағанда, монғолдар саны аз болды, бірақ олар әр ұлыстар – мемлекттерде билеуші және әскери күшке ие болды.

Бірақ біртіндеп неғұрлым саны көп түркітілдес халықтарға араласып кетті, олардың салт дәстүрлерін, тілін қабылдады. Жергілікті халықты “мыңдыққа”, “тумекка” бөліп, көшпелі тайпаларды ұлыстарға бөліп, монғолдархалықты араластырып, ірі тайпаларды жаңа орындарға көшіріп отрды. Батыс Қазақстанның аумағында бұл процесс жылдамырақ жүрді, себебі оның экономикалық жағдайы ерекшеленген, отырықшы және көшпелі халықтың қатынасы, жаңа қалалар салу, ескі қалаларды сақтау – осының бәрі Алтын Орда қоғамының жеделдеп әлеуметтік дамуына әкелді.

Көне тарихи этнографиялық аймақ – қыпшақ, үйсіндер одағының қоныстанған жерінде құрылған Ақ Орда мен Моғолстан XIV-XV ғасырларда жергілікті Қазақстан тайпалардың негізгі этникалық ортасы ретінде сақталды.

XV ғасырда қалыптасқан ұлыс көрші елдер арасында және жазба деректерде “қазақ” атауымен белгілі болды. “Қазақ” этнонимінің шығу тегі көп жылдар бойы дау туғызып, ғалымдар үшін ізденістер көзі болды.

Жазбаларда бұл термин әуелі әлеуметтік мағнада қолданып, “өз мемлекетінен тайпалар мен руларды бөліп алып, ерекше өмір іздеген” адам дегенді білдіреді. Деген (В.В.Бартольд). Ал «Тарих-и-Рашиди» және басқаларда “Қазақ” деген термин Жәнібек пен Керей бастаған саяси топтар, (Жетісуға көшіп кеткен) әуелі өзбек-қазақ, ал кейіннен – қазақтар. XV ғасырда өзбек және қазақ терминдердің нақты этникалық мағынасы болмаған. Жәнібек пен Керей хандыңының күшеюімен, оларға бағынышты барлық халық қазақ деп аталған. Біртіндеп “қазақ” термині этникалық мағнаға ие болып, этноним ретінде Дешті Қыпшақ Жетісу және Оңтүстік Қазақстандағы қалыптасқан түркі халықтары үшін де қолданылған. XV ғасырдың аяғында халықтар яғни жаңа этникалық қасиеттер пайда болды. Ол көптеген ғасырлардың, терең, әрқилы процестердің нәтижесі. Бұл жаңа қасиет – Орта Азияның түркі тілдес халықтарының негізгі ерекшелігі болды.

Халықтың, бұрын моңғол ұлыстарында болғаны сияқты, ұзақ уақыт XIV-XVғ. Жеке мемлекеттер жүйесіне кіргені жоғарыда айтылған факторлар әсерін күшейте түседі, соның нәтижесінде Қазақстан жерінде үш жүз түрінде бірнеше этникалық бірлестік торабы пайда болады. Қазақ жүздерінің әрқайсының тайпаларының көшіп-қонатын жолдары мен жерлері, ілгеріде аталған мемлекеттер территориясының негізгі бөлегімен сәйкес келетін жалпыға ортақ этникалық территориясы болады. Ұлы жүз Сырадариядан бастап Жетісу жерін түгел жайлайды: үйсін, қаңлы, дулат, албан, суан, сіргелі, ысты, жалайыр т.б. Орта жүз Орталық Қазақстан аудандары мен Солтүстік-Шығыс Қазақстанның бір бөлігін қоныс етеді: қыпшақ, арғын, найман қоңырат, керей, қарлұқ. Сырдарияның төменгі жағы Арал, Каспий жағалауында Кіші жүздін мекені. Құрамы: алшын, адай, алаша, байбақты, жаппас т.б.

Орталық Азиядағы арабтарға қарсы одақтың құрылуы

Әбілқайыр ханның қалмақтардан жеңіліске ұшырағанынан кейін Өзбек ұлысында ыдырау басталып, олардың кейбіреулерінің бөлініп, көрші жерлерге көшіп кетуіне әкелді. Бұл туралы Мұхаммед Хайдар Дулаттың “Тарих-и-Рашиди” еңбегінде айтылған. Көшпелі тайпалар Шу өзенінің алқабына яғни Моғолстан аумағына - Есен бұғы иелігіне қоныс аударды.

“Тарих-и-Рашиди”-да айтылған мәліметтер Мүхаммед Қайдардың тарихи зерттеулерімен түсіндіріледі. Моғолстан билеушілерінің тарихи зерттей отырып, ол өз еңбегінде Моғол ханы Есенбұғы (1429-1462ж) жүргізген сыртқы саясатқа әсері туралы еске салады. Бұл қоныс аударумен Ұрыс хан мен Моғолстан билеушілеріне арасындағы одақтың негізі салынып, ол одақ 70 жылға созылып Әбд-әр Рәшид хан (1533-1560) басқару кезінде ғана бұзылды.

Керей мен Жәнібектің көшпелі өзбектерден бөлінуі, дала кеңістігінде кең тараған қарсылық түрінің бірі еді. Ол – қазақ мемлекеттігінің қалыптасуындағы оқиғалардың маңызды бөлігі болды және жаңа саяси құрылымның аталуында негізгі роль атқарды.

Керей мен Жәнібек өз адамдарымен Моғолстанға моғол ханы Есенбұғының тірі кезінде келген. Ол қашқындарды қарсы алып оларға Шу алқабын және Қозы Башы жерлерін бөліп берген. Өзбек ұлысындағы ыдыраудың себебі неде?

Жәнібек пен Керейдің қоныс аударуы, көшпелі өзбектердің басшысы Әбілқайыр ханға қалмақтар шапқыншылығынан зардап шеккен иеліктерді қалпына келтіру кезеңімен тұспа тұс келді. Ол қатаң тәртіп орнатты, өзіне қарсы келгендерге ғана емес, барлық көшпенділерге қатаң шаралар қолданды. Дала өзбектерінің ақсүйектерінің және ханның жақсы жағдайына жалпы көшпенділерді қанауға негізделді. Сонымен бірге олар және көрші аймақтың тұрғындары алым-салық және ондаған бағынушылық төлеуі керек еді. Мемлекет күшейген сайын, төлемнің де көлемі ұлғая түсті.

Осының бәрі жалпы халықтың наразылығын туғызды, сөйтіп мемлекеттің тұрғындарының – малшылардың көрші аумақтарға қоныс аударуына әкелді. Бір жағынан жеңіп шыққан сұлтандар және сол ұлыстың хандары сол Жошы руынан шыққан, арам ойларын жүзеге асыру үшін тайпалар мен руларды ығыстырып, оларды өздерінің күндестеріне қарсы пайдаланып отырды. Осындай ыдыраған қоғамның, хан саясатына риза емес Өзбек ұлысының тайпалары мен рулардан тұратын қоғамның билік басында Ұрыс хан ұрпақтары Керей мен Жәнібек тұрды. Жәнібек (Әбу Саид) – Ұрыс ханның ұлы Барақ ханның ұлы. Керей Жәнібектің жамағайыны Болат сұлтанның ұлы.

Жәнібек пен Керейдің Моғолстан аумағына кетуі - Өзбек ұлысында кейіннен билікті толық алу үшін жасалған шара болды. Моғол хандарының өзбек ұлысының қашқындарына достық қарым қатынасы төмендегі себептермен түсіндіріледі:

Біріншіден, Есенбұғының ол кезде солтүстіктің көшпенділерінің шабуылдарын тойтаруға күші болмады.

Екіншіден, Керей мен Жәнібекте және олардың әскерінде ол батыс шекараларды өзінің інісі Жүнүс ханнан қорғаушыларын көрді.

Есенбұғыны осындай шешім қабылдауына басқа да себептер болды, яғни, ханның мағынасы іштей де сырттай қатынастарда оны қолдаушы феодал ақсүйектер мен ұлыс адамдарының санымен анықталатын еді. Сондықтан да оның өз жағына неғұрлым көбірек өз көршілерінің жауластарын тартып, оларды өз тайпаларына қарсы пайдалануға тырысуы – табиғи құбылыс еді.

М.Қ.Дулаттың “Тарих-и-Рашиди”, “Бахр ал асрар” Махмуд ибн Валидың (парсы тіліндегі) біз Жәнібек пен Керейдің қол астындағы тайпалар мен рулардың жағдайы туралы білеміз. 1462 жылы Есенбұғы қайтыс болды, сонымен бірге оның інісі Жүнүс хан бекіді. Ол өзінің қызын Әдік сұлтанға – Жәнібек ханның баласына ұзатып қазақ хандарымен қарыс қатынас орнатты.

М.Қ.Дулаттың сөздеріне қарағанда Жәнібек және Керейдің қарамағындағыларды сол жылдары өзбек-қазақтар деп атаған. Олардың қатарына Өзбек ұлысынан халық лек легімен қосыла түсті.

Жәнібек пен Керейдің әр қайсысы Өзбек ұлысындағы таққа иегерлікке үміттенді және олар Әбілқайыр ханға қауіп төндірді. Сондықтан ол Моғолстанға жорыққа шықты. Бірақ, ол осы жолда 57 жасында 1468 жылы ауырып, қайтыс болды.

Қазақ хандығының басталу кезеңінің дау туғызатыны – оның тура уақыты кейбір ғалымдар, қазақ хандығы ХҮ, ХҮІ ғасырда құрылды десе, кейбірі қазақ хандығының қалыптасуын қазақ мемлекетінің құрылуымен қарастырып ХҮІ ғасырдың 30-40 жылдарына апарады. Кейбір ғалымдар, қазақ хандығы 1465-66 ж құрылған деп көрсетеді.

Хандықтың құрылуы бір мезгілдік акт емес, ол – ұзақ мерзімді көпсалалы процесс.

1. Көшпелі өзбектер басшысы Әбілқайыр ханнан Жәнібек пен Керейдің тайпалар мен рулардың бір бөлігімен бөлініп, Моғолстанның батыс шекарасына қоныс аудару оқиғасы (1459ж). Оның негізгі нәтижесі – Керей мен Жәнібектің қол астындағыларға өзбек – қазақ аты тағылып, Ұрыс хан мен Моғолстанның шағатайлары арасындағы одақтың басталуы.

2. Жәнібек пен Керейдің және олардың адамдарының Өзбек ұлысына қайтып оралуы және жоғарғы билікке ие болуы.

Негізгі салдар – Жошының басқа бұтағы басқаратын жаңа саяси құрылым құрылуы. Қазақ деп аталатын мемлекеттік жаңа құрылым пайда болды.

Әбілқайыр ханның өлімінен кейін Өзбек ұлысында саяси дағдарыс күшейе түсті, хан билігі үшін талас басталды. Билікке Әбілқайыр ханның ұлы, Шайх Қайдархан ие болды.

Бірақ, Шайх Қайдар ханның елде тұрақты тәртіп орнатуға күші келмеді, феодал ақсүйектері оған бағынбады, әр қайсысы өзі биліке ұмтылды.

Мұндай жағдайда Жәнібек пен Керей Өзбек ұлысына қайтып келіп, өздерінің Өзбек ұлысындағы таққа құқықты екендіктерін көрсете бастады. Таққа талас күшейе түсті. Шаих Қайдарды ақсүйектер қолдамады, сөйтіп ол өзара шайқаста қаза тапты. Өзара тартыс тағы біраз уақытқа созылып, ақыры аяғында билік шайбанидтардан Ұрыс хан ұрпақтарына көшті. Бұл 1470 ж болды.

70 жылдар басында Өзбек ұлысы аумығында, көшпелі өзбектер мемлекетінде Ұрыс хан ұрпақтарынан шыққан хандар Жәнібек пен Керей басқарған жаңа саяси құрылым пайда болды, олардың халқы енді қазақтар деп аталды.

Қазақ хандығының құрылуын В.В.Бартольдтың пікірі де растайды, көшпенділердің саяси бірлестігі ұзақ – қанды күрестерден кейін қол жетеді – дейді.

Алғашқы қазақ хандығының негізгі қарсыласы - Әу, бастан ақ талапты қолбасшы Мұхаммед Шейбани болды. Ол өзінің нағашысы Әбілқайыр ханның билігін шығыс Дешті Қыпшақта қайта орнатып, көшпелі тайпаларды өз қол астына жинауға ұмтылды. Қақтығыстарда ол Керейдің үлкен ұлы Мұрындықпен – қазақ хандығының негізін құраушылармен кездесті. Мұрындық – қазақтың жоғарғы ханы деп аталды. Жәнібек пен Керейдің қазасы туралы мәліметтер жоқ. Олардың есімдері моғол ханы Жүнүстың ордасына шабуыл кезінде айтылады 1473 ж тағы бір дерек: Керей есімі Шейбаниді Өзбек ұлысынан қуғанда, Бинаидың сөзіне қарағанда, белгісіз автор “Нусратнаме”де 1473-74 жылдың қысында Керей хан күшті қолмен Ясы қаласына (Түркістан) келген, сонда қаланың әкімі Мұхамед Мәзидтархан қазақ хандығымен қақтығысқа жол бермеу үшін Мұхамед Шейбанидан құтылып, оны Самарқандқа асырып жіберген. Кейбір деректерге қарағанда Керейхан сол жылдары қайтыс болған.

Жәнібек туралы деректер де өте аз. Жәнібек Керейден кейін қайтыс болған, бірақ ол өз бетімен билеуші болмаған. Қай уақытта билік Мұрындық ханға көшкендігі нақты белгісіз. Кейбір деректерде Мұрындық ХҮ ғасырдың ортасынан қазақ ханы деп көрсетілген Жәнібек пен Керейдің мұрагерлік жерлері – Қаратау мен Сырдария- Сығнақ, Созақтың қамалдарымен қала орталықтары болды. Олардың тайпалары дәстүрлік қоныс аудару мүмкіндігінен айрылды. Негізгі талас Сырдария қалалары үшін болды. Олар бұл аймақтың негізгі тіршілік көзі болатын. Сырдарияның орта, төменгі далабы – қазақтардың көшпелі тайпаларының қыстақтары үшін өте бағалы жерлер болды.

Осы себептер Мұхамед Шайбаниға да күрес ашуға негіз болды. Темір ұрпақтары өз кезегінде Ақ Ордадан басып алған жерлерін қорғап, қамалдар мен қалаларын дала көшпенділеріне қарсы пайдаланды. Бұл күреске Моғол ханы Жүнүс пен оның баласы Сұлтан Махмұд та кірісті. Олар Қазақстанның оңтүстік қалаларын алуға тырысты. Қазақ хандарының нақты күштері болды, олардың қол астына Жетісудың көшпенділері жиналды. Өз жақтарына олар Ноғай ордасының әмірі Мұса мырзаны да қаратып алды.

70 жылдары Сауран, Созақ, Қаратауда бірнеше ірі шайқастар болды, Ясы, Сығанақ қалалары қолдап, қолға қазақ ханы мен Мұхаммед Шайбаниға кезек кезек көшіп отырды.

80-90жж Сырдария қалалары үшін күрес ауыспалылық нәтижемен жалғаса түсті.

ХҮ ғасырдағы қақтығыстар нәтижесі – Қазақ хандығы құрамына Созақ, Сығнақ, Сауран қалаларының кіруі болды. М.Шейбанидің қолында Отырар, Ясы, Үзгент, Аркук қалалары қалды. Сонымен бірге ол тимуридтерді жеңіп, Мауараннахрды жаулап алды. Бірақ даладағы билік үшін күреске осы күші жетпеді.

Қазақ хандығына Сырдария оазистерінің қосылуы қазақ хандығының елді біріктіруге нәтиже берді. ХҮ ғасырда олардың мемлекетінің шекарасы кеңейді. Оған Батыс Жетісудан басқа, Оңтүстік Қазақстан қалалары, Қаратау аудандары, Солтүстік Орал, Орталық Қазақстанның едәуір бөлігі кірді. Көптеген жошылықтар Қазақстан аумағынан кетіп, Астрахан, Сібір, Қазан хандығынан өз бақытын іздеуге кірісті. Қазақ хандығына жаңадан қазақ рулары мен тайпалары кіре бастады, олармен одаққа ноғайлар кірді.

ХҮІ ғасырдың басында қазақ хандығы бұрынғы Ақ Орда аумағын толық алып және Моғолстанның бір бөлігін алып жатты.

Темірдің мемлекетін Шейбани ханның ХҮІ ғасырдың басында жаулап алуы – Әбілқайыр хан ұрпақтарының Өзбек ұлысы рулары мен тайпаларының бір бөлігімен Дешті Қыпшақ аумағынан кетуіне әкелді. Сөйтіп, Өзбек термині өздеріне бағындырылған Орта Азия облыстарына ауысты. Сөйтіп, осы уақыттан бастап қазақ және Өзбек термині Жәнібек пен Керей немесе Шайбани ұрпақтарын білдіретін мағынада ғана емес, сонымен бірге туысқандарды олардың мекен-жайы бойынша да анықтауға мүмкіндік берді.

Қазақ билеушілерінің сыртқы саясатының негізгі бағыты – Сырдария қалалары үшін күрес болды. Сөйтіп, олардың батыс оңтүстік шығыс көршілерімен қарым қатынасы анықталды. Қазақ ханының билеушілері саяси оқиғаларға көрші аймақтарда Шибан ұрпақтарымен күресті тоқтатпады.

ХҮІ ғасырдың басында Ұрыс хан мен Әбілқайыр хан ұрпақтарының қарым қатынасында жаңа кезең туды: дала кеңістігінде билікке таласқа, саяси-экономикалық жағдай қосылып, ол күреске неғұрлым қатігез, сұрапыл сипат берді.

Мауараннахрды жаулап алған Шибан ұрпқтары енді қазақ хандығының күшеюне жол бермеу мақсатында қазақ хандығының Сырдарияда бекуіне бөгет жасауға тырысты.

Осы мақсатпен Шибан ұрпақтары қазақтармен сауда қатынастарын тоқтату амалын қолдайды. Бірақ экономика саясаты – саудаға тосқауыл қою – оң нәтижесін бермеді. Қазақ билеушілерінің Шибан ұрпақтары иелігіне шабуылдары Мұхаммед Шейбани хан жағынан қарсы әрекет туғызды. Көбінесе қазақ сұлтандарының шабуылына түркістан халқы мен қалалар ұшырады.

1503 жылы қазақ билеушілері Түркістанға шабуыл жасады, бұл кезде Мұхаммед Шейбани Хорасанда Темір ұрпақтарымен соғысып жатқан. Түркістан аумағына Аркук, Узгенд, Сығнақ, Сауран, Созақ, Ясы, Отырар, Ақ-Қорған және басқа қалалар мен қамалдар кірген.

Келесі жылы қазақтар Шибан ұрпқтарының аумағына тағы шабуыл жасады. Мұхаммед Шейбани Түркістанға қала үшін шайқасқа түсіп, Мұрындық ханға шабуыл жасады. Бұл жорық қазақтардың жортуылдарын тоқтату үшін қолданылды.

1508 жылы қазақ сұлтаны Ахмад 50 мың қолмен Самарқанд пен Бұхараға жорыққа шықты. Шейбани бұл кезде Хорасанда соғысып жатқан. Бұл туралы хабар алған ол Мауараннахрға бет алды. Ол қазақтарға қатты соқтығыс жасап, өзінің Иранның шахы Ысмаилдың алдында қауыпсіздігін қамтамасыз еткісі келді. Ахмад сұлтан кейін қайтты, бірақ жолай көптеген мұсылмандарды тұтқынға алды.

Мұсылмандардың тұтқынға алынуы және олардың құлдыққа айналуы қазақтардың қасиетті соғыс ашуына әкелді, ал Мауараннахр ғалымдары жасаған ғазауат негізінде қазақтарды дінсіз халық деп жариялап, мұсылмандарды құлдыққа сатуға жол берді деп кіналады, Шейбани хан оларға жорыққа шықты.

Шейбани ханның негізгі күші Сырдария жағалауынан Аркүк қаласына келді. Аркукте болып, азық-түлік жинап, Шейбани Узгендке бет алды. Одан кейін Сығнаққа қарай қозғалды. Қазақ жеріне басып кірген Шейбани әскерлері Қара абдал жеріне – қазақ қыстақтарының орталығына келді. Қара абдал Дәнші сұлтанның иелігі еді. Қазақтар Шейбани әскерімен соғыста жеңіліске ұшырады. Дәнші Сұлтан ұлысы талан таржыға түсті. Мұрындық ханның қыстақтары және Қасым ханның тұрақтары Қара абдалдан 15 күндік жерде болатын. Шейбани келесі соққыны Дәнші сұлтан ұлысына бағыттады.

Сөйтіп қазақтардың көптеген қыстақтарын талан жаражға салып, өзінің жеңісімен мақтанып Шейбани өз әскерін қайта Сығанаққа бұрды. Шейбанидың бір жарым айлық жорығының нәтижесінде қазақтардың қыстақтарының орнында көптеген мал мен байлық басып алынды.

Шейбанидың үшінші жорығы осылай жеңіспен аяқталып, оған даңқ пен байлық әкелді. Төртінші жорық 1510 ж басталды, оның мақсаты- қазақ сұлтандары тарапынан туған қауіптен құтылу. Әскердің басында өзі Мұхаммед Шейбани болды. Әскер Қасым сұлтанның Сығнақтың қасындағы тұрағына шабуыл жасады. Қасым хан Шейбани әскерін талқандады. Бұл қазақтардың ірі жеңісі еді.

1510 ж Мұхаммед Шейбани Хорасанда Иран шахымен шайқаста қаза тапты. Қазақтардың Шейбаниды жеңісімен Қасым сұлтанның дала кеңістігіндегі беделі арта түсті. Ол Жәнібектің ұлы еді. Әуелде ол Мұрындық ханға бағынышты болды. Қасым хандықта, ынталылық өз қолында болғанмен, ол ақылды саясаткер ретінде өте сақ болды. Мұрындық хан мен Қасымханның күндестігі Қасымның жеңісімен аяқталды.

Мұрындық 1511 жылы Мауараннахрға кетті. Жоғарғы билік Жәнібек ұрпақтарына көшті. Шейбанидің өлімінен кейін Қасым хан өз билігін Оңтүстік Қазақстанда күшейтуге кірісті. Көп ұзамай Қасым ханның билігіне ең оңтүстік аймақ Сайрам көшті. Енді ол Ташкентті жаулап алуға ниет білдірді. Ал шейбанидтер аумағы екі мемлекетке бөлінді: Мауараннахрда орталығы Самарқанд кейіннен Бұхарада, және хандық (арабшахтың ұрпақтары) орталығы Үргеніш, кейіннен Хиуада Моғолстан билеушісі Сұлтан Саид 1514 жылы Қашғарға басып кіріп шығыс Түркістанда жаңа мемлекет Могулия мемлекетін құрды. Орталығы Жаркент.

Осындай түрде өзгерген Орта Азиядағы саяси жағдай қазақ хандығына да әсерін тигізді.

ХҮІ ғасырдың 20 жылдарында Қасым хан өз үстемдігін қазақ аймағының кеңістігінде түгелдей орнатты. Оңтүстікте хандық шекарасы Сырдарияға дейін жетіп Түркістан қаласының бір бөлігін қамтыса, оңтүстік шығыста Жетісудың бір қатар алқабын алып жатты, ал солтүстік және солтүстік шығыста Ұлытау мен Балқаш көлін, солтүстік батыста Жайық өзені бассейндарын алып жатты. Қазақ хандығы біртіндеп халықаралық қатынастарға кірісе бастады. Қазақ хандығымен елшілік қатынасқа біріншілердің бірі болып Москва мемлекеті – Василий ІІІ басқарған кезде 1505-1533 жылдарда ұлы князь Қазақтар этникалық қауымдастық ретінде Батыс Еуропаға да танылды. Шибан ұрпақтарларымен қарым-қатынас шиеленесуде болды. Негізгі күрес Ташкент үшін болды (1516-1517 ж) Қасым хан жақсы адамдарды жақсы көрді, адам тани білді, әскери талабымен ерекше көзге түсті, жеке батылдығымен және соңынан басқаларды ерте білу ерекшелігімен оқшауланды. Ешқашан хан билігі, оның кезіндегідей мықты болған емес, ешбір қазақ хандары өз қол астына осынша көп халықты миллионнан астам адамды жинаған емес. Халық аңызы оның есімімен “Қасым ханның қасқа жолы” деген заңдылықтардың қалыптасуын байланыстырады. Бірақ, өкінішке орай, олар жазылмаған, сондықтан біздің заманымызға дейін жетпеген.

Дәрістің негізгі ұғымдары: Халықтық, жүз, ру, Жәнібек пен Керей, Қазақ хандығы.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-11-12; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 586 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Ваше время ограничено, не тратьте его, живя чужой жизнью © Стив Джобс
==> читать все изречения...

2196 - | 2142 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.01 с.