Қазақстан аумағында XIV – XV ғасырларда саяси ерікті тұрақты бірнеше мемлекеттер туды және олар қазақ хандығының және үш жүз құрамында қазақ халқының қалыптасуына негіз болды. Алтын орданың тарихын зерттеушілер Көк Орда, Ақ Орда деген терминдердің шығуын Жошы ұлысының әр бөліктері деген пікірді ұстанады. Бірақ Ақ, Көк Орданың туу кезеңі туралы әр түрлі қайшы пікірлер айтылуда. Батудың Алтын Орданы басқару кезеңінде енші жерлер, облыстар Жошыдың басқа ұлдарының меншігінде болған. Ақ Орда – Шибанда, Көк – Орда-Еженде Жошылықтардың генеологиясы бойынша оның үлкен ұлы Орда-Ежен Бату ханның келісім берген. Орда-Ежен еншілікке әкесінің резиденциясын Ертістің бойында Алакөл көлінің жанында орналасқан Көк Орданы алды. Осы оқиғаға байланысты Үтеміш қожаның аңызын келтіре кету керек: Шыңғысхан Жошының мұрагерлік мәселесін қарастырғанда Орда-Еженге көк түсті киіз үй қойған, соған байланысты Көк Орда.
Ақ Орда: Берке ханның өлімінен кейін 1266-67жж Абул Гази жазғандай, Меңгі-Темір хан таққа отырып, ұлыста тәртіп орната бастады. Ақ Орда орналасқан аймақты ол Шибан ханның ұлы Бахадур ханға еншілікке берді.
Көк Орда термины ресми атау ретінде Жошының тірі кезінде қолданылған:
1. оның ордасын, Алакөл маңайындағы білдіру үшін;
2. бұл термин Жошының ұлдары Орда-Ежен ұрпақтарының иеліктерін білдіру үшін;
3. Көк Орда жошылықтардың сол қанаттың ханзадалары деп атаған Ақ Орда.
а) Ақ Орда сөзтіркесі алғаш рет 1266-67 жылдардағы оқиғаларды сипаттауда Алтын Орда ханы Меңгі-Темірдің билегенге дейін болғанын білдіреді;
б) Ақ Орда термині Шибан ұрпақтары иеліктеріне қатысты, себебі олардың географиялық орналасуы Алтын Орданың алғашқы хандарының жеке сарайлары мен Орда- Ежен иеліктерінің аралықтарында болды. Орда-Ежен иеліктері алғашқыда Жошы ұлысының ең шығысында орналасты;
в) Ақ Орда ханзадалары Жошылықтардың әскерінің оң қанатына кірді. Ұлыстар – Шыңғысхан династиясының билеушілер мүшелерінің меншік иеліктері, өсуіне және өз бетімен бөлінуіне қарай мемлекеттікті білдірді.
Көк Орда және Ақ Орда XIV ғасырдың екінші жартысында Өзбек ұлысына орын беріп, кейіннен бұл ұғым Жошы ұлысында қолданылмады.
Ақ Орда аумағы XIV ғасырдың ІІ-ші жартысында Алтын Ордадан тәуелділігінің әлсіреуіне қарай біртіндеп қалыптасты.
Орда-Ежен ұлысы алғашқыда Ертіс маңайынан Жетісудың солтүстік-шығыс жағында орналасты. XIV ғасырда Орда-Ежен билеушілері өз биліктерін Шибанға да жүргізді, яғни қазіргі Қазақстанның барлық аумағына, Жетісудан басқа. Жетісу Шағатайлар мемлекеті құрамына кірген. Ақ Орданың саяси орталығы Қазақстанның оңтүстігіне ауысты. Астанасы Сығанақ қаласы болды.
Ақ Ордада түркі тілдес тайпалар қоныстанған, сондай-ақ шығыс далаларынан қоныс аударған түркі тілдес моңғол тайпалары: қыпшақтар, найман, үйсін, арғын, қарлұқ, керейт, қаңғы, қоңырат, маңғыттар т.б.
Көшпелі аудандарда малға жеке меншік болғанда жайылымдарға билік ету ірі ақсүйектерге берілген, сондықтан олар жайылымдардық да меншік иелері болды, сөйтіп олар барлық қауымдастық иелігін де меншіктенді. Сондай-ақ, кейбір басылымдарда Ақ Ордада инджу, мильк, сайургал ақсүйектерінің жер иеленудің мұрагерлік түрін қолданғаны туралы айтылған. Қарапайым көшпенділер мен егіншілерді пайдаланудың әр түрлері орын алған, ол үшін пайдасына алым салық төлеген. Малшылар – зекет төлеген, етпен, яғни соғым, сыбаға ретінде. Егіншілер – бадж, харадж. Әскер үшін тагар жиналған. Мұсылман дінбасылары вакф жерлерін иеленген.
Мемлекет басына Орда-Ежен ханы тұрды, оған Жошының жер иелері бағынатын және өз жер иеліктерінде және қол астындағы тайпаларға әкімшілік саяси билікті жүзеге асыратын ірі көшпелі ақсүйектер (бек, әмір, бағадурлар) кірді.
Қоғам ақ сүйек, қара сүйекке бөлінді. Ақ сүйек – билеуші төбелтоп – ақсүйектер – диуанхан кеңесін құрайды. Ұлыс билеушілері хан атынан билік жүргізді, салық жинады және оның бөлігін ханға беріп отырды, соғыс кезінде әскер бөліп отырды. Шаруашылықтың негізгі және бастапқы түрі – көшпелі мал шаруашылығы болды, оңтүстікте – егін шаруашылығы. Қалалар қайта өрлеп, көшпелі және отырықшы халықтардың экономикалық байланысы күшейді. Қол өнер, ақша тауар қатынастары, әсіресе Қазақстанның, оңтүстік қалаларында дами түсті.
Ақ Орданың қалыптасуы басқа да мемлекеттер сияқты Оңтүстік Қазақстан, Жетісу, Дешт-и-Қыпшақ аумақтарын қоныстаған отырықшы егінші, жартылай отырықшы, көшпелі халықтың этникалық топтасуының шарттығы болды.
Біртұтас халық және мемлекеттіктің қалыптасудың тарихи процесінің даму жолында аумақтың саяси бытыраңқылығын жеңу қиын жағдайда өтті.
Ақ Орданың саяси тарихы Шығыс Дешт-и-Қыпшақ аймағын Алтын Орданың билігінен азат ету үшін ұзақ күрестен басталып кейіннен Ақорда хандарының Алтын Орданың ісіне араласуымен жалғасып, соңғы кезеңде Мауараннахра билеушісі әмір Темір және Темір ұрпақтарына қарсы күреске жалғасты.
XIV ғасырда Орда-Ежен ұрпақтары Бату ұрпақтарына бағыныштылықты ең аз шегіне жеткізіп, от аттарынан күміс ақша соға бастады және сол жақ қанаттың сұлтандары ішінен өздерінің Алтын Ордадан хандарынан тәуелсіздігін жариялағандардың алғашқысы Мүбәрәк қажы болды. Ақша соғу мұсылмандар шығысында тәуелсіз билеушінің айрықша құзіреті болатын, сондықтан бұл оқиға Алтын Орда ханы жағынан қарсылық тудырды. Себебі олар үшін ұлыс билеушісі Жошы саналатын.
Алтын Орда ханы Өзбек (1312-1342) Орда-Ежен ұрпақтарын қайтадан бағыныштылыққа қайтарып алуға ұмтылуы, олардың саяси өзіндікке ұмтылуы ел ішінде бүлікшілік туғызды. Бұл күресте Мүбәрәк қажы жеңіліске ұшырады.
Жәнібек ханнан кейін Алтын Ордада (1342-57жж) сарай төңкерістерімен ылаң көбейді. 60 жылдарда мемлекет астанасы Сарайда 4 хан ауысты. Таққа әрқашан Орда-Ежен ұрпақтары шығып отырды. Алтын Ордадан Шығыс Дешт-и-Қыпшақ сұлтандары да бөлінуге тырысты. Ұлыс Ханның (1361-1380жж) билеу кезінде Орда-Ежен иеліктері өзіндікке айналды. Ұрыс ханның сол қанатындағы сұлтандардың билеушісі болып, Жошы ұлысының екі бөлігін біріктіріп бірегей мемлекет құру мақсатын қойды. Ұрыс хан 1374-75 жылдары Сарайды биледі, ал кейіннен өзінің Сығнақтағы ордасына қайтып келді, себебі Еділ бойындағы Мамайды ығыстыра алмады. Орыс хан Астраханьмен Сарайға Маңғышлақ билеушісіне қарсы жорыққа жиналды, Тоқтамыстың әкесі Хаджа ағлам оған бағынбай жорыққа келмеді, сол үшін ол хан бұйрығымен өлтірілді.
Тоқтамыс Мауаранахрдағы Темірге қашты. Сауранда Мауараннахр әскерлері Тоқтамыс бастаған және Ұрысханның ұлы бастаған әскері арасында қақтығыс болды. Темір мен Ұрысханның арасында шайқас болды деген болжам айтылды. Бірақ, кешікпей Ұрыс хан өлді, оның өлімінен кейін әкесінің саясатын балалары жүргізіп, тимуридтармен күресті.
Темір хан Сығанақ тағына Тоқтамысты отырғызбақ болып, оған әр түрлі ықпал көрсетті. Темір оны Ұрысқа қарсы күресте әскермен қамтыды. Сығанақ жаулап алынды, одан кейін Алтын Орданың астанасы – Сарай алынды.
Бірақ 1395 ж Темір өзі Тоқтамысты тақтан түсірді. Темір көптеген қалаларды қиратып, жағып жіберді. Көп ұзамай жоғарғы билік үшін талас басталады. Ол кезеңде доғарғы билік Едіге – әмірдің қолында еді. Бірақ 1419ж таласушылар арасында Ұрыс ханның немересі Барақ-Оғлан болды. Барақ Қүйрүшүқ ошанның – Ұрысханның төртінші баласының баласы еді.
Барақ жоғарғы билік үшін күресті. Өзінің билігін Шығыс Дешт-и-Қыпшақта нығайтып, ол енді Алтын Орда ханы Ұлұғ Мухамедке қарсы күреске Жайық Еділ бойлап Сарайға жетіп оны жаулап алып 1424 жылы өзін билеуші хан деп жариялады.
Барақ Мауаранахр билеушісі Тимур ұрпағы Улугбекпен достық қарым қатынаста болды. Барақ Маңғой эмирімен күреске кірді, одан кейін Ұлығбекке қарсы шығып, Тимурдың жаулап алған жерлерін Сығнақ, Түркістан аймағын қайтаруды талап етіп, Орта Азияға басып кірді. 1428 жылы билік үшін өзара кикілжіңде Барақ аза болды, Ақ Ордадағы билік Шайбаниду Абулхаирға көшті.
Ұрыс ханның және Барақ ұрпақтары XV ғасырдың ІІ -ші тоқсанында өз биліктерін Қазақстанның оңтүстік аудандарында сақтап қалды.
Ақ Орданың мемлекеттік бірлестігі негізінен саяси тұрғыда өз бетімен экономикалық тәуелсіз, өзіндік сыртқы саяси бағдарымен, өзіндік династиялық жүйесі – билеуші – хандық болуы Шығыс Дешт Қыпшақ және Түркістан аумағындағы халықтар мен тайпалардың этникалық топтарының саяси топтасуында XIV-XV ғасырлар тоғысында маңызды роль ойнады.
Моғолстан (ХІV ғ. ортасы - ХVІ ғ. басы)
Оңтүстік шығыс Қазақстан XIV ғасырдың ортасы XVI ғасырдың басында Орта Азияның солтүстік шығысы, Жетісу және Шығыс Түркістанда Шағатай ұрпақтарының мемлекетінің ыдырау нәтижесінде құрылған. Моғолстан мемлекетіне кірді. Тұрақсыз моңғол ұлыстары - әрқилы шаруашылық әлеуметтік саяси, мәдени, тарихи деңгейдегі мемлекеттер – неғұрлым тарихи негіздегі этникалық, шаруашылық, феодалдық иеліктерге бөлінді.
Үгедей және Шағатай ұлыстары аумағында, яғни Алтайдан Сырдарияға дейін, ХІІІ ғасырдың 70-ші жылдары Хайду мемлекеті пайда болды.
XIV ғасырдың ортасында ол ыдырап Батысында, яғни Мауаранахрда әмір Темірдін мемлекеті пайда болады. Моғолстанның шығыс бөлігінде феодал ақсүйектері ірі дулат тойтасының өкілі Болатшаның бастауымен 1347-48ж жаңа мемлекеттің ханы қылып шағатаид Тоғлық Темірді қойды.
Моғолстан деген сөз моғол деген этнонимнен шыққан, бұлай Орта Азия мен Қазақстанда моңғолдарды атаған. Осылайша Шағатай ұлыстарында оңтүстік Шығыс Қазақстанның, Қырғызстан және Шығыс Түркістан аймағы да аталған. Ол жерде түркі және түркіленген монғол тайпалары дулаттар, қаңлылар, керейттер, үйсіндер, аркенуттер, баариндар, арлаттар, барластар, яғни түркі тілдес этносаяси қоғамдастық – жалпы моғұл деген атпен да өмір сүрген.
Бұл тайпалардың Жетісу аумағында тұрған көптеген бөлігі кейіннен Қазақ халқының құрамына кірді, ал тағы бір бөлігі Тянь Шань және шығыс Түркістандағылар – қырғыз бен ұйғырлар құрамына кірді.
Моғолстанда мемлекеттің саяси басшысы және жер меншігінің иесісі – хан болды және ақсүйектердің мемлекеттік кеңесі – бірінші көмекшісі – Ұлықбек.
Жер қоғамдастық пайдалануында болды. Жайылымдарға иелік ету құқы меншіктерінде көп малы бар ірі ақсүйектер қолына көшіп отырды. Халық мемлекет пайдасына алым салық төлеп отырды, әскер жинады.
Моғолстанның саяси тарихы әрқилы феодалдық соғыстарға, өзара тартысқа, әмір Темірмен күреске толы.
Тоғлық Темір (1347-62), Ілияс Қожа Мауаранахрда Шағатайлар билігін қалпына келтіруге ниет жасады. Ал кейіннен Темірдін шабуылын тойтара бастады. Жағдай Мухаммадхан кезінде (1408-1416) тұрақтана бастады. Ол дәуірде Моғолстан Темір ұрпақтарынан тәуелсіз болды, Шу, Талас өзендері алқаптарындағы жерлерді Темір билігінен азат етті. Өзара тартыс кикілжіңдер азайды.
Мемлекетті орталықтандыру мақсатында Мухамедхан Моғолстанға ислам дінін табанды түрде кіргізуге күш салды.
Шығыстан Моғолстан Уәйісхан (1418-28) билеген ойраттар шабуылына ұшырап тұрды. Өзара тартыста улусбек Мір Мұхаммедшах дулат бастаған ақсүйектер тобы жеңіске жетті. Оларды Үәйісханның ұлы Есенбұғы (1433-1462) қолдады. Есенбуғы кезінде 50 жылдарға қарай Жетісуға Шығыс Дешті Қыпшақ елінен қазақтардың бір бөлігі көшіп кетті. Оларды сұлтан Жәнібек және Керей бастады.
Моғолстанның әлсіреуі мен ыдырауына басқа да саяси әлеуметтік себептер болды. Солардың бірі – елдің ұлыстарға бытырауы, Шынғысхан мен шағатай ұрпақтары арасындағы өзара тартыс, басқа хандармен соғыс, халықтардың наразылығы – олардың басқа жерлерге көшуіне себеп болды.
Жүнүс хан (1462-87) жағдай ептеп тұрақтанады. Сайрам, Ташкент қалаларын жаулап алады, бірақ 1472 ж кейін шегінде. 1474 жылы Жүнүс ханның ұлы Сұлтан Ахмадхан Моғолстанның шығыс бөлігінде тәуелсіз иелік негіздеді. Сұлтан Махмудхан (1487-1508) Жетісудағы қазақ хандарымен соғыс жүргізді.
Соңғы билеуші Жүнүс ханның немересі сұлтан Саидхан 1514 жылы шығыс Түркістанда жаңа мемлекет Моғолияны құрды. 60 жылдарда Жетісу қазақ хандығының құрамына кірді.
Көшпелі өзбектер мемлекті (1428-1468 жж.)
Ақ Орда ыдырасымен XV ғасырдың 20-шы жылдарында Қазақстан даласында Шибан ұрпағы Әбілқайырханның билігі күшейді және оның мемлекеті көшпелі өзбектер мемлекеті - Өзбек хандығы деген ат иеленді.
XV ғасырда өзбек ұлысының шекарасы шығыстан батысқа дейін Ертіс пен Еділ аралығын, Сырдарияның орта және төменгі ағысын алып жатты. Оңтүстік Шығыс шекарасы Тарбағатай және Балқаш көліне дейін болды. Өзбек ұлысының аумағы қазіргі Қазақстанның көп бөлігін қамтыды. Жинақы аталу үшін өзбек ұлысының аталуы өзбек сөзінен шыққан. Шығу тегі әзір зерттелмеген. Кейбір зерттеушілер бұл атауды Алтын Орда билеушісі Өзбек ханның (1312-1342) есімімен байланыстырса, басқалардың пікірі бойынша бұл этноним XIV ғасырға дейін туған.
Өзбек ұлысының тарихы Қазақ хандығының тарихи қалыптасуымен тығыз байланысты. Бұл Өзбек ұлысының халқының бір бөлігінің Жәнібек сұлтанның және Керей сұлтанның бастауымен (1458-1462ж) көшіп кетуімен байланысты.
XV ғасырдың 20-шы жылдары Өзбек ұлысы аумағында бірнеше тәуелсіз иеліктер болды. Арал теңізінен солтүстікке қарай Сарысу – Ембі өзендері аралығында Шибан ұрпағы Жұмадық хан иелігі болды, батыста – Маңғыт ұлысы оған Ғази би иелік етті, Шибан ұрпағы Мұстафа хан Атбасарды биледі, Кепек би, Адаб бек – Тура облысында, Ал Тоболда Махмүд Қожа хан иеліктері орналасты.
Осындай саяси жағдайда алға жас Әбілқайыр сұлтан шықты. Бұл тұлға Шығыс Дешт Қыпшақ тарихында маңызды болды.
Әбілқайыр хандығының тарихи мәні (1428-1468) – көшпелі өзбектердің құдіреттігінің негізін қалаумен анықталады. Оның басқаруы кезінде ұлыс халқының арасында бөлінулер орын алды, соның нәтижесінде дала халқы ұлыстың басқа бөлігінен бөлінді.
Әбілқайыр хан – Шыңғысханның Жошы баласының – одан Шибан, Шибаннан Бахадур – Банипал, Бук – Бадакул – Тимур – Пулада, Ибрагим – Давлет шайхтың баласы.
Кухистанидың “Әбілқайырханның тарихы” еңбегінде былай деп жазған: Әбілқайыр 1412 ж айдаһар жылы туған. Ерте ата анасынан айрылып, жетім өскен. Ол Шибанның баласы Жұмадық ханның есігінде жүріп, оның жоғарғы билік үшін күресіне қатысқан. Осы маңғыттармен күрестің нәтижесінде Жұмадық хан қаза болып, Әбілқайыр тұтқындалады, бірақ кейін оны босатқан. Жұмадық ханға жақындығын пайдаланып ол ақсүйектер сеніміне кіреді.
1428 жылы 17 жасында Әбілқайыр хан болып жарияланады. Әбілқайыр көрші елдермен жаугершілік саясатын жүргізіп, өзін хан сайлаған билік басындағылардың көңілінен шығуы керек еді. Мемлекеттің ішкі саяси жағдайы тұрақсыз болды. Әбілқайыр Өзбек ұлысындағы жоғарғы билікке таласқан көптеген Жошы ұрпақтарымен қантөгіс күрес жүргізді. 1430 жылы Әбілқайыр Шайбани ұрпағы Махмүд Қожа ханды бағындыруға жорыққа шықтьы. Махмүдхан Әбілқайырмен соғыста Тоболда талқандалды.
Әбілқайырдың келесі қауамы өзінің Ұлыстағы билігін күшейту бағытында Түқа Темір ұрпақтары Ахмедханмен Махмүдханға қарсы жорығы болды.
1430-31 жылдары Әбілқайыр Хорезмге аттанып, Үргеніш қаласын басып алып, тонады.
Жеңіс Әбілқайырға Дешті-Қыпшақ астанасы Орда – базарға ие болу мүмкіндігін туғызды. Содан кейін аз уақыт ол Сайын тағына қол жеткізді Бірақ көп ұзамай Ахмадхан мен Махмүдхан өз иеліктерін қайтарып алды.
1446 жылы оған қарсы Мұстафа хан шықты. Оның ұлысы Есім мен Атбасарда болды. Бір кездерде ол Әбілқайырмен олақта болған, кейіннен одан қашты. Дегенмен, Мұстафа әскері талқандалды.
1446 жылы Әбілқайыр Сырдария өзенінің бойындағы бірнеше қалаларды Сығанақ, Арқүқ, Созақ, Ақ қорған өзгентті жаулап алды.
Сығнақ хандықтың астанасы болды, оған дейін Тура қаласы, Орда Базар болған. Әбілқайырдың Сырдарияда орнығуы өзбектердің кейінгі тарихында елеулі оқиға болды.
Бірақ, Мұстафаны жеңуі, өз иеліктерін кеңейтуі, Сырдария бекіністерін жаулап алуы Әбілқайырды қалмақтармен қантөгіс соғыстан тоқтата алмады.
Қалмақтар – моңғол ұлыстарының бірінің түркі атауы. Өз аталуы – ойраттар. Ол кезде олар батыста Хангай тауларымен шектенген аумақты мекендеген.
Ойрат бірлестігі XIV ғасырда Моғолстанның шығыс шекараларына қысым жасаған, бірақ онда қалмақтар жетістікке жетпеген. XV ғасырдың 20-30 жылдарында қалмақтар Іле, Ыстықкөлге дейін жеткен. 50 жылдары қалмақтар Сырдарияда пайда болды.
Әбілқайырдың қалмақтармен шайқасы Сығанақ қаласы маңайында 1457 болды. Кухистанидың айтуынша қалмақтардың қолбасшысы Сырдария аумағына тонау мақсатымен жорыққа шығуға ниеттенген. Әбілқайыр кейін шегініп, Сығнақ қабырғасының артына тасаланды. Қалмақтар Түркістан мен Тәшкентті талқандады.
Осы жеңілістен кейін Әбілқайыр хандығының көшпелі халқының бір бөлігі Орысхан ұрпақтары Жәнібек мен Керей сұлтандары бастаған, Моғолстанға қоныс аударып, Шу Талас өзендері алқабында орналасты. Жәнібек пен Керей еріп, халық қоныс аударған соң, Әбілқайыр оларға қарсы 1468 жылы жорыққа шықты, бірақ жолда қайтыс болды. Әбілқайырдың мұрагері Шайх Қайдархан болды, бірақ жуық арада қайтыс болды. Әбілқайырдың немересі Мухамед Шайбани билік үшін табанды күрес жүргізді. Сырдарияның оңтүстік аймақтарында қазақ хандарымен. Мемлекеттің бөліктерінің өзара тығыз байланысының жоқтығы, династиялық өзара тартыс, жер үшін кикілжіңдер, қатардағы қауымдастар – көшпенділердің ақсүйектер құлдығына қарсы наразылығы, Әбілқайыр мемлекетін әлсіретіп, ыдырауға әкелді.
Әбілқайыр мемлекеті қазақ хандығының құрылуының алғышарты болды. Жәнібек пен Керейдің көшіп кетуі – тайпалардың оқшауланған этносаяси құрылымдарға топтасуына себеп болды.
Қазақ хандығының тууына байланысты, шығыс Дешті - Қыпшақ аумағында Әбілқайыр руынан шыққан Шайбанидтер билігі тоқтады. Көшпелі өзбектердің бір бөлігі (қыпшақ, қарлұқ, ұйғыр, қоңырат) және басқалары XV ғасырда Мауаранахрға кетті. Темір ұрпақтарының мемлекетінің әрсіреуін пайдаланып шайбанидтер Орта Азиядағы билікті басып алды. Қазақстан аумағындағы қалған тайпалар қазақ хандарының қол астына кірді.