Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Стандартты диета жүйесі




Соңғы он жылдықта заманауй диетологияда диетаның нөмірлік жүйесіне көзқарас өзгерді. Певзнер бойынша диета жүйесі ескірген болып саналады, себебі ол ұжыммен тамақтандыруға арналған және ол науқастың өзіне емес оның ауруының моделіне негізделген.

Стандартты диетаның жаңа жүйесі бұрынғы қолданыстағы диета жүйесінен мынадай айырмашылығы: негізгі тағам құрамы, тағамның энергиялық құндылығы, дайындау технологиясы, орташа тәуліктік мөлшері бойынша ерекшеленеді. Бұрынғы қолданыстағы диетаның нөмірлік жүйесі (№№1-15диеталар) бірігіп асқыныстарға, аурудың ауырлық дәрежесіне, аурудың кезеңдеріне байланысты әртүрлі аурулар кезінде тағайындалатын стандартты диета жүйесіне кіреді.

Стандартты диета жүйесін стационар жұмысына енгізу белгілі бір ауруы бар нақты науқасты диетамен емдеуге жеке қолдануға мүмкіндік береді (кесте 11).

Стандартты диетаның негізгі варианты

Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гастрит, асқазан және он екі елі ішек жарасының ремиссия кезеңі. Іш қатумен жүретін ішектің созылмалы аурулары. Жедел холецистит және гепатит, жазылу сатысы. Бауырдың функциональды жеткіліксіздік белгілері бар созылмалы гепатит. Созылмалы холецистит, өт-тас ауруы. Подагра, зәрқышқылды диатез, нефролитиаз, гиперурикемия, фосфатурия. Қантты диабет 2-ші тип, семіздіксіз немесе артық салмақсыз. Қан айналым жүйесінің бұзылыстары бар жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары. Гипертониялық ауру. Жүректің ишемиялық ауруы, жүректің тәж артериясының, ми, шеткері тамырларды атеросклерозы. Жедел инфекциялық аурулар. Қызба кезеңі.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетның келесі түрлерінің орнын басады: № 1, 2, 3, 5, 6, 7, 8, 9, 13, 14, 15.

 

Кесте 11.

Стандартты диета жүйесі

 

Стандартты диета варианттары Стандартты диетаның белгіленуі Нөмірлік жүйедегі бұрынғы қолданыстағы диета
1. Негізгі ДНВ (диетаның негізгі варианты) 1, 2, 3, 5, 6, 7, 9, 10, 12, 13, 14, 15
2. Механикалық және химиялық қорғау ҚД (қорғаушы диета) 1б, 4б, 4в, 5п (вариант 1)
3. Ақуыз мөлшері жоғары (жоғары ақуызды диета) ЖАД жоғары ақуызды диета) 4 э, 4аг, 5п, (вариант 2), 77в, 7е, 9б, 10б
4. Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета) ТАД (төмен ақуызды диета) 7б, 7а
5. Калориясы төмен КТД калориясы төмен диета) 8, 8ас, 9а, 10с

 

Механикалық және химиялық қорғайтын

диетаның стандартты варианты

Қолдануға көрсеткіш: Жедел гастрит, қышқыл ортасы сақталған немесе жоғарылаған созылмалы гастрит, шамалы өршу сатасы. Асқазан және он екі елі ішектің ойық жарасы, өршу және тұрақсыз ремиссия кезеңі. Гастроэзофагеальды рефлюкс ауруы. Шайнау аппараты қызметінің бұзылуы. Жедел панкреатит, өршу сатысының басылуы. Созылмалы панкреатит, өршу сатысы. Жедел инфекциялық аурулар және операциядан кейінгі (ішкі мүшелерге емес) жазылу кезеңі.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: 1б, 4б, 4в, 5п (1-ші вариант).

Ақуыз мөлшері жоғары

(жоғары ақуызды диета) стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш: ойық жара ауруы бойынша асқазан резекциясынан кейінгі 2-4 айда демпинг синдромы, холецистит, гепатит. Асқорыту мүшелерінің функциональды жағдайының бұзылуымен жүретін созылмалы энтерит. Глютенді энтеропатия. Созылмалы панкреатит, ремиссия кезеңі. Созылмалы гломерулонефрит, бүйректің азотты шығару қызметінің сақталуымен. 1 және 2 типті қантты диабет, семіздіксіз және бүйректің азотты шығару қызметінің бұзылуынсыз. Ревматизм белсенділік үдерісі шамалы, қанайналым белгілерінің бұзылуынсыз. Ревматизм, өршу сатысы. Өкпе туберкулезі. Іріңді үдерістер. Әртүрлі этиологиялы анемия. Күйік аурулары.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: №4э, 4а,г, 5п (2 вариант), 7в, 7г, 9б, 10б, 11, 1Р.

Ақуыз мөлшері төмен (төмен ақуызды диета)

стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш: Созылмалы гломерулонефрит бүйректің азотты шығару қызметінің шамалы бұзылуымен, шамалы азотемия.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: №7б, 7а.

Калориясы төмен (төменгі калориялы)стандартты диетаның варианты

Қолдануға көрсеткіш:Арнайы тамақтану режимін қажет ететін асқорыту, жүрек-тамыр және басқа да жүйелердің аурулары бойынша асқыныстар жоқ алиментарлы семіздіктің әртүрлі дәрежесі. Семіздікпен жүретін 2 типті қантты диабет. Артық дене салмағы бар адамдардағы жүрек-қан тамыр жүйесінің аурулары.

Аталған диетаның бұл варианты М.И.Певзнер бойынша диетаның келесі түрлерінің орнын басады: №8, 8а, 8-0, 9а, 10с.

Арнайы диета

Медицина тәжірибесінде М.И.Певзнер бойынша емдік диетаның номенклатруасына кірмейтін және «Емдеу-алдын-алу мекемелерінде емдік тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша инструкциялар» қолданылады.

Емдік тамақтандыру әртүрі аурулардың емдеу комплексіне медикаментті терапиямен қатар бір сатыға кіреді, ал кей жағдайда адамның толық жазылуына маңызды әсер етеді, сондықтан науқас адам үшін дұрыс және теңестірілген тамақтану режимін ұйымдастыру өте маңызды.

 





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 1245 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Так просто быть добрым - нужно только представить себя на месте другого человека прежде, чем начать его судить. © Марлен Дитрих
==> читать все изречения...

2443 - | 2197 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.007 с.