Лекции.Орг


Поиск:




Категории:

Астрономия
Биология
География
Другие языки
Интернет
Информатика
История
Культура
Литература
Логика
Математика
Медицина
Механика
Охрана труда
Педагогика
Политика
Право
Психология
Религия
Риторика
Социология
Спорт
Строительство
Технология
Транспорт
Физика
Философия
Финансы
Химия
Экология
Экономика
Электроника

 

 

 

 


Ауыз қуысы күтімі




Ауыз қуысының күтімін барлық науқастарға жүргіземіз, ауыз қуысында микроорганизмдер жиналады. Әлсіреген немесе қызбасы бар науқастардың аузының шырышты қабатында, тістерінде өңез пайда болады, ол жабысқақ шырыштан және эпителий жасушаларынан тұрады, сонымен қатар шіріген немесе ыдыраған тағам қалдықтары, бактериялар жиналады. Нәтижесінде кариес, қабыну үдерістері (стоматит), қызыл иектің қабынуы (гингивит) және т.б. дамиды. Науқастар жайсыздықты сезінеді: көңіл-күйі бұзылып, тағам қабылдағанда ауырсыну пайда болып, сілекей ағу, ауыздан жағымсыз иіс пайда болады және тәбет төмендеп ауыз кебеді, ауыз бұрышында жарық дамиды (хейлит).

Жалпы режимдегі науқастар ауыз қуысының туалетін өз беттерінше атқарады. Әрбір науқас тағам қабылдағаннан кейін немесе ұйқыдан кейін тістерін тазалауы керек. Тіс тазалау үшін тіс эмалін қатайтатын фтор қосылған тіс пастасын қолданады. Тіс шөткесі иекті жарақаттамайтын жұмсақ болуы керек, әлсіреген науқастарға мақта немесе дәке тампондарын қолданады. Ауыз қуысын шаю үшін 0,5% натрий гидрокарбонат ертіндісін (ас содасы ертіндісі) немесе 0,9% натрий хлорид ертіндісін (физиологиялық ертінді) қолданамыз. Ауыз қуысын түймедақ, шайқурай және шалфей тұнбаларымен шайған пайдалы. Ауыз қуысын тазалауды аяқтағанда тілді де шөткемен тазалап, өңезді алған жөн.

Ауыз қуысының қабыну үдерісі кезінде аппликациямен емдейді: қабынған шырышты қабатқа дезинфицирленген ертіндіге малынған зарарсыздандырылған майлықты күніне бірнеше рет 3-5 минутқа қояды. 20 грамдық Жане шприці немесе арнайы груша арқылы дәрілік заттармен ауыз қуысын шаяды. Бұл үшін шпатель арқылы ұртты тартып, ауыз қуысын жуады(сурет 70).

 

 

palliativ.ru  


Сурет 70

Ауыз қуысының күтімі

 

Тіс протезі бар науқастар түнгі уақытта протезді шешіп қояды және оны мұқият сабынмен жуып, таң атқанша жеке ыдыста сақтайды, ал таңертеңгілік уақытта ағынды сумен шайып, киеді. Жағдайы ауыр науқастардың ауыз қуысын мейірбике немесе туыстары күніне екі рет өңдеп тазалайды. Ауыз қуысын әлсіз ас содасы немесе арнайы антисептикалық ертіндісімен (фурацилин, риванол) резеңкелі баллон көмегімен жуып отыру қажет. Науқас қалпы – басын алдыға қарай еңкейту (сұйықтықтың тыныс жолдарына түсіп кетпеуі үшін), ауыз бұрышын тарту (жақсы ағып кетуі үшін). Жағдайы өте ауыр науқастарда ауыз қуысын Жане шприці арқылы шаю қолданбайды, себебі жоғарғы тыныс алу жолдарының аспирация қаупіне байланысты.

Егер науқас ес-түссіз болған жағдайда ауыз қуысының күтімін күндіз және түнде де әрбір 2 сағат сайын жүргіземіз. Еріндердің кебуінің және хейлиттің алдын алу мақсатында ерінге фурациллин ертіндісіне малынған (1:5000) дәке майлығын салып қоямыз

Ауыз қуысының күтімінің алгоритмі:

Жабдықтар: клеенка, резенкелі қолғап, сумен стакан, тіс пастасы, жұмсақ тіс шөткесі, вазелин, зарарсызданған дәке түйіршіктері, шайынды суды жинайтын ыдыс, қоқыс салатын қап;

Іс-шараның орындалуы:

1. Науқасқа іс-шараның барысын түсіндіру.

2. Науқасты дұрыс қалыпқа отырғызу: 45° градусты бұрышпен арқасына; қырымен немесе ішімен жату (немесе арқасында), басын бүйірге қарату.

3. Науқас мойыны мен кеудесін клеенкамен жабу, иек астына астауша қою.

4. Қолды жуып, қолғап кию.

5. Науқасты қолымен ыдысты ұстап тұруын, аузына суды жинауын және шаюды жүзеге асыруын өтіну.

6. Тіс шөткесін суға малып, оған тіс пастасын жағу.

7. Тіс тазалауды жүргізу. Әрбір тісті иегінен бастап, азу тістерінен кескіш тістерге қарай тазалау (тісті жоғарғы жақтан бастап тазалаған дұрыс). Ретпен ішкі, шайнау тістерін және тістердің сыртқы беткейін тазалайды. Іс-шараны екі рет қайталайды.

8. Науқасқа тілін шығаруын өтіну (немесе ауыздан абайлап зарарсызданған дәке майлығымен тарту).

9. Тілді антисептикалық ертіндіге малынған дәке түйіршіктерімен тіл түбірінен ұшына қарай бағытта сүрту

10. Дәке түйіршіктерін ауыстырып ұртты және тіл астын, қызыл иекті сүрту.

11. Науқасқа ауызын сумен шаюға көмектесу (немесе груша баллонымен шаю).

12. Иегін сүрту, науқас еріндеріне май жағу, жарықты 1% бриллиант көгі ертіндісімен өңдеу.

13. Ыдысты, клеенканы жинау, қоқысты қапқа салу және дезинфекцияға жіберу.

14. Резенкелі қолқапты шешу, қолды жуу.

Тіс протезінің күтімі (науқастың есті):

Тіс протезі иектің жиі тітіркену, афтозды стоматиттердің және саңырауқұлақты ауруларының себебі болып табылады. Сондықтан оны үнемі өңдеп отыру керек. Кешкі мезгілде жүйелі тазалап отыру маңызды. Түнгілік уақытта протезді шешіп, мұқият тазалап, құрғақ ыдысқа салады. Протезді стаканда сақтау дұрыс емес, себебі протездің беткейінде орналасқан микробтар/саңырауқұлақтар ылғалды ортада жақсы сақталады.

Жабдықтар: сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, протез тістерді салуға арналған ыдыс, тіс пастасы, тіс ысқыш, ерінге жағуға жақпа, дәке салфеткасы, су құйылған стақан, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Пациентке емшара барысын түсіндіру.

2. Пациенттен басын қырына бұруын өтіну.

3. Сүлгіні пациенттің кеудесі мен иегіне дейін жабу.

4. Қолды жуу, қолғап кию.

5. Пациенттің иегінің астына астаушаны қою.

6. Пациенттен бір қолымен астаушаны ұстап тұруды, ал екінші қолымен суы бар стақаннан суды аузына толтырып аузын шаюды өтіну.

7. Пациенттен тіс протездерін шешуді өтіну. Егер пациент өз бетімен шеше алмаса салфетканың көмегімен оң қолдың үлкен және сұқ саусақтарымен тіс протездерін шешу.

8. Протездерді арнайы ыдысқа салу.

9. Пациенттен ауыз сумен шаюды өтіну.

10. Салфетканың көмегімен ауыз қуысын өңдеуге көмектесу: тісін, тілін, таңдайын, ұртының ішкі бетін, қызыл иектерін тіл асты аймағын тазалау.

11. Қолданған салфеткаларды қоқыс салатын қапқа салу.

12. Пациенттен ауызын шаюын өтіну.

13. Пациенттің иегін сүрту.

14. Тіс протездері салынған ыдысты қабыршаққа салу.

15. Шүмекті ашу, судың температурасын реттеу.

16. Ысқышпен және тіс пастасымен тіс протездерінің барлық бетін тазарту.

17. Ағынды суық сумен тіс протездерін және ыдысты шаю.

18. Тіс протездерін түнгі уақытқа сақтау үшін ыдысқа салу немесе пациентке қайта кигізу.

19. Қолғапты шешу, оларды арнайы қоқыс салуға арналған ыдысқа тастау.

20. Қолды жуу.

Есі жоқ жағдайдағы пациенттің ауыз қуысының күтімі:

Жабдықтар: 2 сүлгі, резеңкелі қолғап, астауша, су құйылған стақан, дәке салфеткасы, лейкопластырь, қайшы, шпатель, жұмсақ тіс ысқыш, вазелин (ерінге жағуға жақпа), ыдыс, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Пациентке емшара барысын түсіндіру.

2. Ағаш шпательге салфетаны орау және оны лейкопластырьмен бекіту.

3. Ауыз қуысын шаюға арналған антисептикалық ерітінді құйылған ыдыс.

4. Пациентті бір жақ қырына жатқызу, пациенттің беті жастықтың қырынан шығып тұру керек.

5. Пациенттің басының астына сүлгіні жаю.

6. Екінші сүлгіні ашып кеудесіне жаю.

7. Астаушаны пациенттің иегінің астына қою.

8. Күш көрсетпей жайлап пациенттің аузын ашу.

9. Төменгі және жоғарғы жақ тістерінің арасына ауызды кеңейткішті салып, және абайлап жоғарғы және төменгі жақ тістері арасын ашамыз.

10. Тістердің арасына ағаш шпательді салып қою, ауызы ашық тұру үшін.

11. Сұқ саусаққа салфетканы орып үлкен саусақпен қысып тұрып фурациллиннің 0,02% ерітіндісіне немесе 2 пайызды натрий гидрокарбонаты ерітіндісіне малу.

12. Таңдайды, ұрттың ішкі бетін, тістерді, қызыл иекті, тіл, еріндерді салфетка былғанғанша сүрту.

13. Қолданған салфеткаларды қоқыс салуға арналған қапқа салу.

12. Пациенттің тісі жұмсақ ысқышпен тазалау (тіс пастасын қолданбай).

13. Еріндерін вазелинмен майлау

14.Сүлгілерді жинау.

15. Пациентті шалқасына жатқызу.

16. Қолғапты шешу, қолды жуу.

Шаш күтімі

Өзін күте алатын науқастар шаштарын өздері күтеді. Ол үшін күнделікті шашын тарап отыру керек (өзінің жеке тарағымен шашын тарау қажет) және аптасына 1 реттен кем емес сусабынмен жуу қажет.

Жағдай ауыр науқастардың шашына медицина қызметкері немесе туыстары күтім жасайды. Ер адамдардың жеке гигиенасын сақтау мақсатынды шашын өте қысқа етіп қияды, ал әйелдердің шашын күнделікті тарап отырады. Инфекциялық аурулары бар науқастардың шашын олардың келісімімен тақырлап алып тастайды.

Жатқан науқастың шашын тарау үшін оның басын алдымен бір жағына одан кейін екінші жағына бұрады. Шашты тістері жиі тарақпен жұлмай тарайды, шаштың түбінен емес ұшынан бастап тарайды және біртіндеп түбіне қарай көтеріледі.

Шатысқан шашты тарау үшін тістері сирек тарақ қолданылады. Ондай тарақтар басты зақымдамайды және ауырсыну тудырмайды. Тарақтарды таза ұстау керек, спиртпен, сірке қышқылымен сүрту және ас содасы немесе нашатыр спиртімен тазалау қажет (сурет 71 а).

www.doctor911.ru
lib.podelise.ru
lib.podelise.ru
lib.podelise.ru
lib.podelise.ru
lib.podelise.ru

а lib.podelise.ru б

lib.podelise.ru
lib.podelise.ru
Сурет 71

а – науқастың шашын тарау, б – кереуетте науқастың басын жуу

Жағдайы ауыр науқастың басын 7-10 күнде 1 рет төсегінде жуады. Ол үшін науқастың басын арта шалқайтып төсектің бас жағына қойылған шараға шашын батырып жуады. Кейбір ауруханаларда бұл мақсатта арнай арнай кереуеттер қолданылады - арқасы көтерілетін (сурет 71 б).

Жабдықтар: жылы суы бар суқұйғыш. Таза шара, жайма, сусабын, сүлгі, шаш кептіргіш, шаш тарайтын тарақ, медициналық қолғап, алжапқыш, қоқыс салатын қап.

Емшараны орындау:

1. Орындалатын емшараның барысын пациентке таныстыру.

2. Қолды жуу, алжапқыш және қолғапты кию.

3. Пациенттің басын қарап, шашын дұрыстау.

4. Пациентті шалқасынан жатқызып, жастығын алып, желке-мойынның астына жапқыш төсеу.

5. Пациенттің иығының астына басын көтеретін жастықша салу және шара қою.

6. Науқастың басын шалқайтып шараның үстіне қарай жақындатады.

7. Басына суқұйғышпен жылы су құйып шашын сулайды.

8. Шамалы сусабын тамызып басын шашын көпіртіп жуады.

9. Құлақтарының артын және шашын мұқият жуады.

10. Басына таза су құйып сабын көпіршіктерін жуады.

11. Шашын таза сумен шаяды.

12. Шашын, құлағын таза сүлгімен сүртеді.

13. Шаш кептіргішті қолданып шашын кептіреді.

14. Жай және абайлап шашын тарайды.

15. Шараны алып, жайманы жинайды, суды төгіп сүлгіні кір жаймаларға арналған қапқа салады.

16. Таза тыс кигізілген жастыққа науқасты жатқызады.

17. Алжапқыш пен қолғапты сүртіп қоқыс салатын қапқа тастайды.

18. Қолды жуады.

Жағдай ауыр науқастарды күту бойынша заманауй технологиялар пациенттің жағдайын және медициналық емшараларды орындауды едәуір жеңілдетеді.

Пациенттің басын жуу бойынша осындай әдістерді қолдану сусыз арнайы сусабындарды қолданумен жүзеге асырылады. Сусабынның құрамында бас терісін және шашты тазартатын белсенді заттар бар. Бұл сусабынды шашқа жаққаннан кейін 2-3 минуттан соң ерітіліп оңай сүртіледі. Осыдан соң шашты құрғақ сүлгімен сүртеді.

Бұдан басқа су қолдану арқылы төсекте басты жууға арналған арнайы үрленген қауызшалар бар. Қауызшалар тез үрленеді пациенттің басын бір қалыпты ұстап тұрады, иыққа күш түсірмейді, оның мойынға арналған арнайы ойығы бар (сур. 72-73).

 

 

baldinelli.prom.ua
domachnixlopot.net

 

 


Сурет 72 Сурет 73

Басты жууға арналған үрленген қауызшаларды қолдану

Көз күтімі

Жүретін науқастар таңертең өздері жуынады. Жағдай ауыр науқастардың көзін күту аса маңызды. Егер науқастың көзінен кірпіктерін жабыстыратын іріңді бөліністер бөлінсе оны зарарсыздандырылған мақталы немесе дәкелі тампондарды дезинфекциялық ерітіндіге (фурацилин ерітіндісі 1:2000, риванол) малып сүртеді.

Әр көзді бөлек тампондармен кірпіктерін және қабақтарын көздің сыртқы бұрышынан ішіне қарай бағыттап сүртеді. Көзін жуған сұйықтық ағу үшін науқас өзі иегінің астына астауша ұстап тұрады. Көзді 4-5 рет тампондарды ауыстырып сүртеді. Емшараның соңынан аққан ерітіндіні құрғақ тамондармен құрғатып сүртеді.

Көзде қабыну үдерістері болса дәрілік заттарды көзге тамызады немесе көзге арналған жақпаларды жағады.

 

 

Көзге тамшы тамызу (инсталляция) (сур. 74)

Жабдықтар: көз тамшылары құйылған құты, стерильді пипетка, мақта тампоны.

youhave.ru

 


Сурет 74

Көзге тамшы тамызу

 

Емшараны орындау:

1. Қолды жуу, қолғап кию.

2. Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну.

3. Сол қолдың үлкен саусағымен мақталы тампонды қысып ұстау, төменгі қабақты төмен тарту, сол қолдың сұқ саусағымен жоғарғы қабақты ұстап тұру.

4. Пипетканың ұшын кірпікке және қабаққа тигізбей (пипетканы көзден 1,5 см алыста ұстау), 1 тамшы ерітіндіні қабақпен көз алмасының арасындағы кеңістікке көз саңылауының ішкі бұрышынан 1 см қашықтықта тамызады.

5. Көзден аққан көз тамшыларын құрғақ тампонмен құрғатып сүрту.

6. Көз тамшыларын екінші көзге осындай реттілікпен тамызу.

7. Пипетканы залалсыздандырылған ерітіндісі бар ыдысқа салу.

 

Көзге жақпа жағу (сур. 75)

Жабдықтар: жақпа, зарарсыздандырылған шыны таяқша, мақта тампоны.

 

 

socmedservis.ru

 


Сурет 75

Көзге жақпа жағу

 

Емшараны орындау:

1. Қолды жуу, қолғап кию.

2. Пациентті отырғызу немесе жатқызу, басын шалқайтып көзін жоғары қаратуын өтіну.

3. Жақпаны күрекшемен зарарсыздандырылған шыны таяқшаға жағу.

4. Үлкен саусақпен науқастың төменгі қабағын төмен тарту.

5. Күрекшені қабаққа параллельді ұстап күрекшенің ұшындағы жақпаны көз алмасының төменгі жағына жағу. Кейде жақпаны тікелей тюбиктен қысып жағуға болады.

6. Көзді жұмғызып сыртынан жайлап уқалау арқылы жақпаны жаю.

7. Артық жақпаны мақта шаригімен сүрту.

8. Қолғапты шешіп, қолды жуу.

 

Мұрын күтімі

Өзін күте алатын науқастар мұрын қусын өздері күтеді. Жағдайы ауыр және төсекте жатқан науқастардың мұрын қуысында тыныс алуды нашарлататын және жағдайын ауырлататын шаң, кір жиналады, сондықтан мұрын қуысына күтімді бекеттегі мейірбике жүргізеді.

Мұрын қуысындағы қабыршықтарды тазалау (сурет 76)

Емшараны орындау:

1. Мензуркаға вазелин майын құю (немесе глицерин).

2. Турунданы пинцетпен алып майға батырып шамалы сығады.

3. Мұрын жолдары жақсы көріну үшін пациенттің басын шалқайтады.

4. Турунданы мұрын қуысына айналдыра енгізіп 1-3 минутқа қалдырады.

5. Турундны айналдыра қозғалтып мұрын қуысынан қабыршақтармен қоса алады.

6. Емшараны қайталау.

 

dic.academic.ru

 

 


Сурет 76

Мұрын қусындағы қабыршықтарды алу

 

Мұрын қуысына тамшы тамызу

Мұрынға тамшыны (немесе эмульсияны) алдын-ала жылытқан күйде науқасты отырғызып немесе шалқасынан жатқызып тамызады. Тамшыны пипетка арқылы тамызады.

Жабдықтар: зарарсыздандырылған пипетка, вазелин майы (немесе глицерин).

Емшараны орындау:

1. Тамызатын мұрын қуысына қарама-қарсы жаққа науқастың басын шамалы шалқайту.

2. Пациенттің мұрнының ұшын саусақпен жоғары көтеру.

3. Мұрын қанаттарына тигізбей мұрын қуысына тамшы тамызу.

4. Тамшы тамызған жаққа басын бұру.

5. 1-2 минуттан кейін екінші мұрын қуысына тамшы тамызу.

6. Пипетканы дезинфекциялық ерітінді бар ыдысқа салу.

Лақ күтімі

Сау құлақты күту оны үнемі жылы сабынды сумен жуумен жүзеге асырылады. Құлақты үшкір заттармен тазалауға болмайды (оның ішінде сіріңке шиімен) себебі құлақ жарғағын немесе есту түтігінің қабырғасын жарақаттауы мүмкін. Наууқастың сыртқы есту жолдарын құлақ тығындары толып қалмау үшін аптасына 2-3 рет тазалап отыру қажет.

Құлаққа тамшы тамызу

Жабдықтар: пипетка, құлақ тамшылары құйылған құты, стерильді мақта.

Емшараны орындау:

1. Тамшыны адамның дене температурасына дейін жылыту.

2. Науқастың басын дәрі тамызатын құлаққа қарама-қарсы бұру.

3. Пипеткаға қажетті мөлшерде тамшы сору.

4. Сол қолмен науқастың құлақ қалқанын артқы және жоғары қаратып тарту, ал оң қолмен есту жолдарына пипеткамен тамшы тамызу.

5. 15-20 минут пациент осы қалыпта жата тұру қажет (сұйықтық құлақтан ағып кетпеу үшін)

6. Сыртқы есту жолына мақта тампонын тығындау.

Құлық тығындарын алу

Құлық есту мүшесінің дұрыс жұмыс істеуі үшін қажет, ол құлаққа бактериялар, вирустар, саңырауқұлақтар енгуінен қорғайды, өлген эпителийді сыртқа шағарады. Қалыпта жағдайда құлақ құлығы жиналған кірмен қоса шайнау, жұтыну кезінде өздігінен шағарылады. Құлақ жиналған кезде құлық тығындары пайда болады.

Құлқтың тығындалу себептері болуы мүмкін:

· Бездердің күшті жұмыс істеуінен құлық көп мөлшерде бөлінеді.

· Құлақ түтігінің құрылысы – тар немесе иілген.

· Мақталы таяқша, есту аппараттары, құлаққа киетін құрылғылардан ішкі есту түтігінің терісінің зақымдалуы.

· Басынан кешкен аурулар – отит, синуситтер.

· Үнемі шаңдатылған орындарда болу.

Егер құлық тығындысы есту түтіген толық жауып қалмаса адам оны сезбейді. Есту түтігі және барабанды жарғақ 70%-дан төмен кішірейсе құлақтың бітелу сезімі аутофония (құлағынан өзінің дауысын есту), естуінің нашарлауы байқалады. Құлық тығындары барабанды жарғақты қысқанда құлақтан шу естіледі, рефлекторлы жөтел пайда болады, кей жағдайда басының айналуы, құлақта ауырсыну сезімі байқалады.

Есту жолдарын жуу

Құлық тығындарын алу үшін алдымен құлаққа 3% сутегінің асқын тотығын тамызып тығында жұмсарту керек. Емшара кешке жатарда орындалады, ұйықтағанда құлық жақсы жұмсарады және жеңіл алынады (сур. 77).

Жабдықтар: пипетка, мақта тампоны, сутегінің асын тотығы.

aniramia.ru

 


Сурет 77

Лақ тығынын алу

Емшараны орындау:

1. Пациенттің басын тазаланатын құлаққа қарама-қарсы бұру.

2. Құлақ қалқанын артық және жоғары тарту (сыртқы есту жолы түзуленеді).

3. Сыртқы есту жолына бірнеше тамшы 3% сутегінің асқын отығын тамызу және есту түтігін мақтамен тығындау.

4. Таңертең құлақтағы құлық жұмсарғаннан кейін Жане шпирціне жиналған жылы сумен құлақты жуу жүргізіледі (су құлаққа қатты ағынмен енгізіледі)

5. Егер құлық толық шықпаса екі күннен кейін қайталауға болады.





Поделиться с друзьями:


Дата добавления: 2016-10-23; Мы поможем в написании ваших работ!; просмотров: 4138 | Нарушение авторских прав


Поиск на сайте:

Лучшие изречения:

Самообман может довести до саморазрушения. © Неизвестно
==> читать все изречения...

2487 - | 2330 -


© 2015-2024 lektsii.org - Контакты - Последнее добавление

Ген: 0.008 с.