Ойық жараның бірінші дәрежесінде терінің бозаруы, цианоздануы, ісінуі, зат алмасу үдерісінің бұзылыстарын көрсетеді. Содан кейін эпидермистің бөлінуі жүреді – көпіршіктер пайда болып, алғашында түссіз, содан кейін іріңді қосылыс пайда болады. Беткей некроз (гангрена) дамып, терінің терең қабаттарына, маңындағы тіндерге таралады. Ауру дамуының 4 дәрежесін анықтайды (сурет 61):
1-ші дәреже. Э пидермальді және тері қабаттарымен сипатталады. Науқас терісінде тұрақты қызарумен, көкшіл таңбалар пайда болады. Олар басқан кезде жоғалмайды және сау тіндерге таралмайды. Бұл дәрежеде үдеріс қайтымды және басылуды жойғаннан кейін қанайналым қалпына келеді.
2-ші дәреже. Тері жамылғысының бүтіндігінің терең емес бұзылыстары май шелі қабатына таралғандығы айқын байқалады. Басылған жерлерде тұрақты көкшіл тартқан гиперемия байқалады. Терінің тырналып зақымдалуы, көпіршіктер мен терең емес кратерлер пайда болады.
3-ші дәреже. Тері жамылғысының барлық қабаттарында бұлшықетке дейінгі қабатта толық бұзылыс немесе тіндердің некрозы дамиды. Патологиялық үдеріске бұлшықеттерде шалдыққан. Сұйық бөліністер болуы мүмкін.
4-ші дәреже. Барлық жұмсақ тіндер зақымдалған. Зақымдалған тіндерде – теріде, бұлшықетте, сіңірде (сүйекке дейін) қуыстар пайда болады. Тіндерде жылан көздер мен қуыстар кездеседі.
Сурет 61.
Ойық жараның даму дәрежелері
Науқас денелерінде мәжбүрлі қалпында анықталатын ойықтардың орналасуы (сурет 62).
Арқасында жатқан қалпында (сурет 62 а):
· өкше сүйектерінің дөңес аймағында
· сегізкөз
· құйымшақ
· жауырын
· шынтақ буындарында
· кеуде омыртқаларының қылқанды өсінділерінің үстінде
· сыртқы қарақұс аймағында
Ішімен жатқан қалпында (сурет 62 б):
· сирақтың сыртқы беткейінде
· тізе аймағында
· мықын сүйектерінің қырлары
· қабырға доғасының жиегінде
vkjournal.ru |
а б
Сурет 62.
Ойықтың жиі орналасатын жерлері
а – арқасында жатқан қалпында, б – ішінде жатқан қалпында
Қырымен жатқан қалпында (сурет 63):
· тобықтың латеральді аймағында
· сан сүйегінің үлкен ұршығында
· аяқтарының бір-біріне тығыз қосылған жерінде және ішкі беткейінде.
www.cheb-gb5.med.cap.ru |
Сурет 63.
Қырымен жатқан қалпында пайда болатын ойық жаралардың орналасатын орны
Отырған қалпында
(сурет 64):
·
www.cheb-gb5.med.cap.ru |
· сегізкөзінде
· аяқ басында
· жауырындарда
· тізелерде
Сурет 64.
Отырған қалпында пайда болатын ойықтар орны
Арқасына жатқан қалыпта – ойық жаралардың көп дамитын жерлері. Ішімен жатқан қалпында ойық жаралар даму қаупі аз.
Қырымен жату қалпы кейбір жағдайларда ғана қолданылады, себебі көптеген қолайсыздықтардың дамуымен сәйкес. Қырымен жатқанда қысым қалыпты таралмайды. Басым бөлігі санға келеді. Сонымен қатар, бұл қалып "контрактураның" пайда болуына әкеледі – бұлшықет қозғалысының шектелуі – күндіз бүгілген, түнде отырған қалыппен жалғасады. Әсіресе бүйірімен жатқан қалыптағы әйелдерде – зәр шығару қиындайды. Сонымен қатар, түнімен бір қырында ұйықтау мүмкін емес, науқастың тыныш ұйқысына кедергі келтіреді.